Макроэкономикаға кіріспе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 07:04, лекция

Описание

Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндірілетін өнімнің өсуі және инфляция мен жұмыссыздық кезеңіндегі төлем балансы, айырбас курсы туралы түсінік береді. Сонымен бірге макроэкономика экономикалық өзгерістерге, оның ішінде экономикалық-қаржылық саясатқа, тұтыну мен қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға жалақы мен баға өзгерістеріне, ақша қорына, мемлекеттік бюджетке баса назар аударады. Қысқаша айтқанда экономиканың дамуы барысындағы әр-алуан пікір-таластарды, бүгінгі таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңінен қарастырады. Тұрмысқа қажетті тауарлардың көлемін, ұлттық экономиканың әрекеттестігін анықтайды.

Содержание

Макроэкономикалық теорияның маңызы
Макроэкономикада экономикалық моделдердің қолданылуы
«Қор-ағын» түсініктері
Толассыз айналым үлгісі. Экономиканың негізгі субъектілері

Работа состоит из  1 файл

Курс лекции. Макроэкономика.doc

— 345.00 Кб (Скачать документ)

Ақшаның қор жинау құралы ретіндегі қызметіне басты назар аударатын теориялар ақша сұранысының қоржындық теориялары деп аталады. 

3. Алыпсатарлық (жалдаптық)  дәлел. Адамдар ақшаны пайда табу үшін акция, облигация түрінде ұстауы мүмкін. Пайыз мөлшерлемесінің жоғары болуы облигация құнының төмендеуіне (облигация құны = бағалы қағаз бойынша алынатын табыс / пайыз мөлшерлемесі), соған байланысты облигацияға сұраным өсіп, ақша массасына сұранымның қысқаруына әкеледі.

Елдегі пайыз мөлшерлемесі  мен  ақша сұранысы арасындағы кері пропорционалды байланыс 1б суретінде МD2   қисығы арқылы көрсетілген.


r МD1 r                МD2                            r                      МР

 

 

 

 

 

               M M                                  M

Сурет 11. Пайыз мөлшерлемесі  мен  ақша сұранысы арасындағы байланыс

Ақшаға деген  жалпы сұраным 1в суретінде МD қисығымен көрсетіледі.                DD  = МD1 +  МD2     

Экономистер банктер белгілейтін  процентті номиналды процент  нарқы (i), оның сатып алу қабілетіне байланысты процент нарқын нақты  процент нарқы (r) деп атайды. Егер инфляция деңгейін * деп белгілесек, бұл үш көрсеткіш арасындағы байланысты былай көрсетеміз:

r = i - *                                                                                 (21)

Бұл теңдеуді былай өзгертіп жазуға болады:

i = r + * *                                                                               (22)                                                                    

Бұл теңдеу американ экономисті Ирвинг Фишер (1867-1947) құрметіне Фишер теңдеуі деп аталады. Теңдеу номиналды процент нарқы екі себепке байланысты өзгеретіні көрсетеді: нақты процент нарқының өзгерісі және инфляция деңгейі.

Ақшаның сандық теориясы және Фишер  теңдеуі ақша массасының өсуі номиналды  процент нарқына қалай әсер ететінін көрсетеді. Ақшаның сандық теориясына байланысты ақша массасының 1%-ке өсуі инфляция деңгейінің де 1%-ке өсуіне әкеледі. Фишер теңдеуіне сәйкес , инфляция деңгейінің 1%-ке өсуі номиналды процент нарқын 1%-ке өсіреді.

Инфляция деңгейі мен номиналды  процент нарқы арасындағы қатынас Фишер тиімділігі деген ат алды.

 

 

6. Ақша ұсынысы Мs екі қосындыдан тұрады: банк жүйесінен тыс қолда бар ақша және экономикалық агенттер қажет кезде мәміле жасау үшін қолданатын депозиттер.

Ақша ұсынымы мынадай себептерге байланысты анықталады:

  • Ақшаны эмиссиялаумен орталық банк айналысады. Ақша нарығына ұсынылатын ақшаның мөлшері елдің саяси шешімдеріне көбірек тәуелді болады.
  • Елдегі жүргізіліп жатқан ақша – несие саясатына байланысты.
  • Елдегі ақша ұсынымының өзгеруіне шетелге шығарылатын және шетелден келетін валюта мөлшері де әсер етеді. Шетелден келетін валюта кететін валютаға қарағанда көп болса, елдегі төлем құралының массасы өседі және керісінше. Ал ол өз алдына елдегі процент нарқына байланысты. Оның жоғары болуы шетел валютасын ішке тартады.

 

3.

r

                           MS1                           MS

r1

 

r0                                                 MD

                                                             M

 

Сурет 14. Ақша нарығындағы сұраныс  пен ұсыныс

Суретте ақша нарығындағы сұраныс (MD) пен ұсыныс (MS) көрсетілген. Ақша нарығындағы тепе-теңдік r0 нүктесіне сәйкес пайыз мөлшерлемесінде орнығады. Енді мысалы Орталық банк ақша ұсынымын азайтсын. Ақша ұсынымы қисығы Мs солға жылжиды. Ақша ұсынымының қысқаруы уақытша ақшаға деген тапшылықты туғызады. Тұрғындар мен фирмалар ақша тапшылығын қолдағы облигацияларды сату арқылы толықтыруға тырысады. Ол облигациялар ұсынымын арттырып, оның құнын түсіреді. Мысалы, облигация құны 1000 долл, 50 долл табыс (5%). Облигация құны 667 долл түссін. Облигациялар тартымдылығы өсіп, ақшаға сұраныс төмендеп, пайыз мөлшерлемесі өседі.

Ақша массасының өсуі орталық банктің  эмиссиялау (жаңа ақша шығару) қызметіне  ғана байланысты емес, сонымен бірге  ақша массасы коммерциялық банктердің несие берудегі әрекетіне байланысты да өсіп отырады. Коммерциялық банктер несие берген кезде ақша массасы ұлғаяды, ал несиені қайтып алған кезде ақша массасы азаяды. Коммерциялық банктердің жаңа ақша жасау процесін мына мысалмен түсіндіруге болады. Банктің активі 100 мың долл.  Орталық банктің нормативі бойынша міндетті резерв нормасы 10 %. Яғни банктің 10 мың долл. резерв қорында сақталады, 90 мың долл. несие ретінде оны тұтынушыларға беріледі. 90 мың долл. айналымдағы ақша массасына қосылады. Жаңа ақша жасау процесі осымен аяқталмайды. Товарлар мен қызметтерге жұмсалған бұл ақшаны екіншілері қайтадан басқа банктерге салуы мүмкін. Осы банк салынымның 10% резерв қорына жұмсайды, қалған 81 мың долл. несие ретінде ұсынылады..  Ақша массасы 90 + 81 = 171 мың долл. өсті. Келесі сатыда осылай несие беру жалғасады. 100+81+72…= 1млн. долл. Осылай міндетті резерв нормасы 10% болған жағдайда алғашқы 100 мың долл. еселеніп көбейіп, банк депозитін 1 млн долл. дейін өсіреді. Ақша массасының ұлғаюын банк мультипликаторы (m) сипатайды:

             1

m = * 100                 r – міндетті резерв нормасы      (19)


                   r

Мультипликатор міндетті резерв нормасына  кері пропорционалды. Міндетті резерв нормасы 5% төмендесе мультипликатор 20-ға тең, яғни 20 есе көп өсім әкеледі.

Банк депозиті жүзді банк резервінің  мөлшеріне бөлгенге тең болады. Алдыңғы  қарастырған мысалдар үшін банк депозиті 100:10=10 болатындығы көрініп тұр. Онда жалпы ақша айналымындағы қаржыны  есептеу үшін бастапқы салынған ақша осы мультипликаторға көбейтіледі. Біз қарастырған мысал үшін 100 мың * 10 = 1млн.

 

7. Ақша  саясаты – бұл жиынтық  сұранымды реттеу мақсатымен  Орталық Банктің несие жағдайы  мен ақша айналымына әсер етуге  бағытталған іс - әрекетінің жиынтығы. Ақша саясатының негізгі мақсаты несие және ақша айналымы жағдайына әсер ету арқылы экономиканы реттеу болып отыр, басқаша айтқанда, жұмыссыздық пен инфляцияны болдырмау мақсатымен өндірістің жоғарғы деңгейде болуына ықпал жасау.

Орталық Банк банкнот эмиссиясында ғана емес, сонымен қатар ақша саясаты сферасында да маңызды құралдары немесе тәсілдері мыналар: ашық нарықтағы операциялар, есепті проценттік саясат, міндетті резервтер нормасын өзгерту.

Ақша несие саясатының басты  бағыты – ашық нарықтағы операциялар  болып табылады. Бұл операциялардың мәні – айналымдағы ақша мөлшерін реттеу мақсатымен бағалы қағаздар нарығындағы операциялар, яғни мемлекеттік облигацияларды сату және сатып алу болып табылады. Ол былайша жүзеге асады. Орталық Банк облигациялардың бір бөлігін сатып алады. Комерциялық банктердегі несиелік ақша массасы ұлғаяды. Ол ұдайы өндіріс процесін қиындатады.

Есепті – проценттік саясаттың  мәні банк проценттерінің деңгейін реттеу болып табылады. Орталық банктің  есептеу мөлшерлемесін өзгерте  отырып мемлекет жеке, комерциялық банктердің қарыз процентін өзгертуге түрткі болады. Есептеу мөлшерлемесі – бұл орталық банктің басқа банктерге беретін қарыз проценті. Есептеу мөлшерлемесінің өсуі инвестициялық белсенділікті шектейді, ол оның арзандауы – іскерлік белсенділікті көтермелейді.

Ақша несие саясатының келесі жолы – міндетті резервтер нормасын өзгерту. Комерциялық банктердің депозиті ерікті салыным және міндетті ақша салынымдарынан (міндетті резервтер) тұрады. Міндетті резервтер Орталық банкте сақталады  және оның мөлшерін Орталық банк белгілеп отырады. Орталық банк міндетті резервтер нормасын арттыра отырып, комерциялық банктердің несие қаражатын шектейді, ал олардың мөлшерін азайту комерциялық банктердің несие қаражатын ұлғайтады.

Сонымен бірге ақша – несие саясатының мынадай қосымша әдістері бар. Егер инфляция деңгейі қатты көтеріліп, ақша өте құнсызданса, мемлекет көп жағдайда ақша реформасын жасайды. Ескі ақша айналыстан шығып, айналымға жаңа ақшаның керекті мөлшері шығарылады.

Орталық банктің ақша саясатын жүргізу  механизмі мынандай сатылардан тұрады: 1) Орталық банк ақша саясатын жүргізу құралдары мен тәсілдерін қолдана отырып, ақша массасын ұлғайтады.  2) банк депозиттерінің мультипликациялық ұлғаюы жүзеге асырылады. 3) ақша ұсынымының көбеюінен несие арзандайды, яғни процент нарқы төмендейді. 4) несие процентінің төмендеуі нәтижесінде инвестиция жанданады. 5) инвестицияның жандануына байланысты өндіріс ұлғаяды, табыс өседі, жұмыссыздық азаяды.

Осыдан ақша ұсынысы мен іс белсенділігінің  деңгейінің арасында тура пропорционалды байланыс бар екендігіне көз жеткізу қиын емес. Ақша ұсынымы көбейгенде онымен бірге тұтынушылар мен кәсіпорындардың шығындары өседі. Одан құлдырау кезінде ақша ұсынысын көбейтсе, экономиканы сауықтыруға мүмкіндік туатындығы шығады. Ал керісінше, экономика өрлеу кезінде болса, ақша ұсынысын кеміту, сұранымды азайтып, бағаны төмендетеді.

 

8. LМ қисығы ақша нарығындағы  тепе-теңдікті көрсетеді. LМ қисығының  графигі – ақша ұсынысының (МS) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен  табыстың арасындағы тура арасындағы байланысты көрсетеді.

    r                              MS                                                                                                            LM


 

                              E2

   r2                                                                                                                                         r2


                         E1              MD2

    r1                                                                                                                                          r1


                                              MD1   

 

                                                                                             Y1          Y2         Y

Сурет 16. LМ қисығының графигі

Мысалы, Y1 ұлттық табыс өндірілсін. Оның көлемі ақшаға деген сұранысты анықтайды, ол  МD арқылы көрсетілген. Егер ақша ұсынысы МS көрсетілсе, ақша нарығындағы тепе-теңдік Е1 нүктесінде орнығады. Яғни табыстың  Y1 мәніне r1 процент мөлшерлемесі сәйкес келеді. Табыс мөлшерінің  Y1 –ден    Y2–ге өсуі ақшаға деген сұранысқа тек пайыз мөлшерлемесі әсер етпейді, сонымен бірге табыс та әсер етеді. Табыстың өсуіне байланысты тауарларды сатып алу да көбейеді, ақша сұранысы артады. ақшаға деген сұранысты өсіреді, демек пайыз мөлшерлемесін  r1-ден r2-ге өсіреді. Неғұрлым табыс жоғары болған сайын, пайыз мөлшерлемесі де жоғары болады. Осылай табыс мөлшерін өзгерту арқылы ақша нарығында тепе-теңдікті орнықтыратын бірнеше пайыз мөлшерлемелерін анықтауға болады. Осындай ақша нарығында тепе-теңдікті орнықтыратын табыс пен процент мөлшерлемелеріне сәйкес нүктелер жиынтығынан LМ  қисығын тұрғызуға болады.

Қорытынды:  LМ қисығы пайыз мөлшерлемесі мен табыс арасындағы тура байланысты көрсетеді.Неғұрлым табыс көп болған сайын пайыз мөлшерлемесі де жоғары.

 

9. Модельдегі тепе-теңдік IS және LМ  қисықтарының қиылысында болады. IS және LМ қисықтарының қиылысуында  бір мезгілде тауар нарығында,  әрі ақша нарығында тепе-теңдік  орнығады. Экономистер «IS-LМ» моделін экономикалық саясаттағы өзгерістердің ұлттық табысқа әсерін анықтау үшін пайдаланады. Мысалы:

 

 





 

 

 

G ­ ÞY ­ÞC­ ÞY ­ÞMD ­ÞR­ ÞI ¯ÞXN¯ ÞY¯

 

Сурет17. Салық-бюджет саясатының тепе-теңдікке әсері






 

 

 

MS ­ ÞR¯ ÞI ­ ÞY ­ ÞYd ­ ÞC­

 

Сурет 18. Ақша  саясатының тепе-теңдікке әсері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзін-өзі  тексеру сұрақтары

1. Кейнсиандық крест  үлгісінің мағынасы неде?

2. Мемлекеттік шығындар  мультипликаторын есептеу жолы  қандай?

3. IS-LМ және АД-АS моделдері арасындағы байланыс қандай?

4. IS-LМ моделінің мәні  неде?

5. IS-LМ моделінің өзгерісіне  не әсер етеді?

6. Моделді сипаттайтын  негізгі теңдеулерді ата?

7. Кейнсиандық крест.  Жоспарланған шығындар деген  не?

8. Ақша функциясы немен анықталады?

9. Ақша агрегаттары деген не?

10. Ақшаның сандық теориясы?

11. Ақша нарығы және Фишер теңдеуі қалай есептеледі?

12. Ақша ұсынысы немен анықталады?

13. Ақша нарығындағы теңдестік деген не?

14. LM қисығы өзгерісіне не әсер етеді?

15. Ақша массасының ұлғаюы неге байланысты?

16. Кейнсиандық крест мәні неде?

Ұсынылатын әдебиеттер: /6/, /8/, /10/.

 

 

Тақырып 7. Ашық экономика. Айырбас  бағамы (2 сағат)

 

1. Төлем балансы, ағымдағы шот, капитал қозғалысының есебі

2. Айырбас бағамы: негізгі түсініктер. Айырбас бағамына әсер ететін факторлар

3. Айырбас бағамының  IS және  LM қисықтарының орналасуына  ықпалы

 

1. Ашық экономикадағы экономикалық агенттер әрекетін түсіндіру үшін модель құру қажет. Модельде біз қарастыратын экономика кіші ашық экономика деп аталады. Кіші ашық экономиканың ерекшелігі оның үлесі әлемдік нарықта шамалы болады, әлемдегі пайыз мөлшерлемесіне де әсері шамалы. Кіші ашық экономика әлемдік пайыз мөлшерлемесін берілген деп қарастырады.

Информация о работе Макроэкономикаға кіріспе