Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 07:04, лекция
Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндірілетін өнімнің өсуі және инфляция мен жұмыссыздық кезеңіндегі төлем балансы, айырбас курсы туралы түсінік береді. Сонымен бірге макроэкономика экономикалық өзгерістерге, оның ішінде экономикалық-қаржылық саясатқа, тұтыну мен қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға жалақы мен баға өзгерістеріне, ақша қорына, мемлекеттік бюджетке баса назар аударады. Қысқаша айтқанда экономиканың дамуы барысындағы әр-алуан пікір-таластарды, бүгінгі таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңінен қарастырады. Тұрмысқа қажетті тауарлардың көлемін, ұлттық экономиканың әрекеттестігін анықтайды.
Макроэкономикалық теорияның маңызы
Макроэкономикада экономикалық моделдердің қолданылуы
«Қор-ағын» түсініктері
Толассыз айналым үлгісі. Экономиканың негізгі субъектілері
Модельді құруда мынадай үш тұжырымдамаға сүйенеміз:
C = C (Y - T)
Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдікті былай өзгертеміз:
NX = (Y - C – G) – I
NX = S* - I (r*)
Кіші ашық экономикада (әлемдік пайыз мөлшерлемесі жағдайында) елдегі қор жинағы мен инвестициялар арасындағы айырма ағымдағы шот сальдосын, осыған сәйкес капитал қозғалысы сальдосын да анықтайды.
Елдің ашық экономикадағы іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс табады. Төлем балансы бұл белгілі уақыт аралығындағы елдің барлық сыртқыэкономикалық қызметін бейнелейтін статистикалық құжат.
Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
1. Ағымдағы операциялар:
сауда, табыс қозғалысы,
2. Капитал қозғалысынаң балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар – тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
3. Қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі;
Ашық экономикада, жабық экономикадағы сияқты қаржы нарығы тауар нарығымен тығыз байланысты. Осы байланысты көрсету үшін төмендегі негізгі макроэкономикалық тепе-теңдікті пайдаланамыз:
Y= C + I + G + NX
Y - C - G = NX+ I
Жоғарыда қарастырылғандай, Y - C – G дегеніміз ұлттық жинақ ақша (мемлекеттің қор жинағы) (S)
S = I + NX
(I – S) + NX = 0
Осы теңдеудің әрбір
бөлігінің өз аты бар. NX – тауарлар
мен қызметтің халықаралық
Мысалы, ағымдағы шотты есептеу:
Ағымдағы шот = (тауар экспорты + қызмет көрсету экспорты + шетелден келген факторлық табыс) – (тауар импорты + қызмет көрсету импорты + шетелдік инвесторларға төлемдер)
Тауарлар экспорты мен импортын көрсететін төлем балансының бір бөлігі сауда балансы деп аталады. Елдің экспорттық операциялары елдің импортынан артық болған жағдайда сауда балансын активті (оң), ал кем болған жағдайда пассивті (теріс) сальдолы деп атаймыз.
Қызмет көрсету экспорты: туризм, тасымалдау, байланыс, телерадиокоммуникация.
Шетелден келген факторлық табыстар: инвестицилардан табыс, әскери базаны, дипломатиялық ұйымдарды ұстау, гуманитарлық көмек, субсидиялар.
(I – S) – капитал қозғалысының есебі. (38)
Капитал қозғалысы мемлекеттік және жеке капиталдың кіруі мен шығуын көрсетеді.Экономикалық мазмұны бойынша бұл операциялар тікелей инвестициялар және қоржындық инвестициялар болып бөлінеді.Тікелей инвестициялар шетелдерде кәсіпорындар салуға және оны сатып алуға жұмсалады. Қоржындық инвестициялар шетелдік компаниялардың бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсалады.
Ол сыртқы инвестицияның
ішкі қаражат жинақтаулардан
артылғанын көрсетеді.
Капитал қозғалысының есебі = капитал түсімі – капитал кетімі
Егер (I–S) оң шама болса,
инвестициялар елдің жинақтаған
қаражатынан артылады, яғни инвесторлар
инвестициялық жобаларды әлемдік
қаржы нарығынан алынған
Капитал қозғалысының есебі мен ағымдағы шот балансы капиталды қаржыландыратын қорлар ағымы мен тауарлар мен қызметтің халықаралық ағымының бір медальдың екі жағы екенін көрсетеді. Бір жағынан, егер біздің қаражат жинақтауымыз инвестициядан артылса, артылған қаражат шетелге қарыз беру үшін қолданылады. Оларға қарағанда біз тауарлар мен қызметтерді артық шығарсақ (NX оң шама) қарызды қолдану оларға қажет. Екінші жағынан, егер біздің инвестициялар қаражат жинақтаудан артық болса, инвестиция шетелден қаржыландырылады.
r
оң сальдо r* NX
|
Сурет 22. Капитал қозғалысының есебі
2. Валюта бағамы деп бір елдің валютасын екінші елдің валютасына айырбастағандағы валюталардың қатынасын айтамыз. Мысалы, 130 тенге = 1S.
Валюта нарығына байланысты негізгі түсініктер:
Девальвация – ұлттық валютаның құнсыздануы. Ол ұлттық валюта бағамының шетел валюталарына немесе халықаралық ақша өлшемдеріне қарағанда төмендеуінен көрініс табады. Девальвация себептері – инфляция, төлем балансының тапшылығы.
Ревальвация – ұлттық валютаның басқа елдердің валюталарына қатысты бағамын жоғарылату.
Дефляция – артық ақша жиынының бір бөлігін айналыстан әдейі алу. Үкімет салықты көбейту, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатудың есептік мөлшерлемесін арттыру, валюталық реттеуді күшейту, т.б. арқылы инфляция қарқынын бәсеңдету мақсатымен жүргізеді.
Деноминация – елдегі ақша айналысын тәртіпке келтіру, есептеу мен есеп айырысуды оңайлату мақсатында ескі ақша белгілерін белгіленген ара салмақ бойынша жаңа ақша белгілеріне айырбастау арқылы ұлттық ақша өлшемін ірілендіру.
Қазіргі кезде валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі әдіс бар:
Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам сұраныс пен ұсыныс әсерінен қалыптасады. Валютаның еркін айналымдағы бағамына мынадай факторлар әсер етеді:
Тағайындалатын валюта бағамы әдісінде мемлекет валюта бағамын тұрақтандырып отырады. Ол мынадай жолдармен іске асады:
Валюта бағамдарының мынадай үш түрі қолданылады:
1. Алтын стандарт. 1879-1934 жылдар аралығында қолданылды. Әр ел валютасындағы алтын құрамын өзі тағайындайды және алтын салмағының қатынасы валюталық бағамды білдіреді. Мысалы доллар – 25 гр, фунт – 50 гр, сондықтан 1 фунт 2 долларға айырбасталады.
Алтын стандарты дүниежүзілік шаруашылықта маңызды роль атқарды. Кез-келген банк валютаны алтынға айырбастауға міндетті болғандықтан, артық ақша басып шығару, яғни инфляция болмады. Бірақ 1-ші дүниежүзілік соғыстың басталуы алтын стандартын ұстап тұруға мүмкіндік бермеді. Себебі елдер зор көлемдегі әскери шығындарын қосымша ақша басып шығарумен жапты. Осыған байланысты көптеген елдер,соның ішінде Ресей ақша стандартынан бас тартты. (Соғыстан кейінгі жылдары көптеген елдер алтын стандартын қайта ендіруге тырысты. Мысалы Англия 1925 жылы валютаны алтына айырбастауға шешім қабылдады, бірақ 1931 жылы төлем қабілетінің жетіспеуіне байланысты одан бас тартты.) Осылай алтын дүниежүзілік төлем құралы қызметін атқаруын тоқтатты.
2. Бреттон-Вуд валюталық жүйесі. 1944 жылы АҚШ-тың Бреттон-Вуд қаласында болған халықаралық басқосуда «әсер етілетін байланған валюта бағамы» туралы келісімге қол қойылды. Осы конференцияда Халықаралық Валюта қоры құрылды. Бұл жүйеде доллар ең мықты валютаға айналып, дүниежүзілік ақша ролін атқарды. (Доллардың үстемдігі 20-жылдай мерзімге созылды. Еуропа елдерінің дамуымен байланысты доллармен қатар басқа валюталарға сұраныс өсті. )
3. Реттеулі ауытқымалы валюта бағамы. Бұл жүйе қазіргі кезде қолданылып келе жатқан бірден-бір жүйе. 1971 жылғы Ямайка келісімінен кейін елдер арасындағы валюта қатынастары ауытқымалы (жүзбелі) айырбас бағамымен жүзеге асатын болды. Валюта бағамы сұраныс пен ұсыныс мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады.
Экономистер валютаның бағамын екіге: атаулы және нақты бағамға бөледі.
Атаулы бағам - екі елдің валюталарының айырбас бағасы. Мысалы 130 теңгені 1 долларға айырбастаймыз.
Нақты бағам – ол екі елдегі тауар бағасының қатысы. Басқаша айтқанда ол елдің ішінде шығарылған тауар бағасын басқа елдегі шығарылған тауар бағасына салыстыра көрсетеді.
Нақты бағам = атаулы бағам * (өз елінде өндірілген тауар құны / шетелде өндірілген тауар құны)
Валюта курсына әсер ететін мемлекеттің әрекетін тікелей және жанама деп екіге бөлуге болады. Валюта курсын тікелей реттеу – бұл дисконттық саясат жүргізу, валюталық интервенция және валюталық шектеу. Дисконттық саясат – бұл мемлекеттің валюта курсын реттеу мақсатында оның қалыптасуына әсер ететін нарық күштерін реттеуге бағытталған әрекеті. Мысалы валютаның бағамын өсіру мақсатында Орталық Банк есептеу мөлшерлемесін өсіреді. Ол шетел капиталының кірісін ұлғайтады.
Валюталық интервенция – бұл Орталық Банктің шетел валюталарын сату және сатып алуы арқылы ұлттық валюта курсына әсер етуге бағытталған әрекеті. Орталық Банк өз елі валютасын сыртқы нарықта сатады: сату айырбас бағамын төмендетеді, ал сатып алу -өсіреді.
Валюталық шектеу – ұлттық және шетел валютасымен жүретін операцияларды реттеуге бағытталған, экономикалық, құқтық, ұйымдастырушылық шаралар жүйесі (валютаны еркін сатуға тыйым салу, шетелге валюта аударуды реттеу…)
Валюта курсын жанама реттеуге ақша эмиссиясы, ақша-несие және қаржы саясатының шаралары жатады.
3. Таза экспорт пен нақты бағамның қатынасын біз келесі графиктен көре аламыз.
ε
О
NX
1 сурет. Елдің ішіндегі бюджет салық саясаты
Елдің ішіндегі бюджет салық саясаты.Егерде мемлекет ұлттық қордың көлемін мемлекеттік сатып алу арқылы қысқартатын болса, нақты бағам қалай өзгереді? Ұлттық қордың кемуі S-I көлемін қысқартады, ал ол NX көлеміне әсер етеді. 2-суретте ол жағдай қарастырылған. Суреттен көріп отырғанымыздай, қордың азаюы ұлттық валютаның ұсынысын төмендетеді. Ол өз кезегінде нақты бағамды өсіреді. Соның нәтижесінде елдің тауарлары қымбаттап, таза экспорт көлемі төмендей береді. Немесе басқаша айтқанда, S-I қисығы солға жылжып, оған тең нақты валюта бағамы көтеріледі. Соның нәтижесінде NX төмендейді.