Макроэкономикаға кіріспе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 07:04, лекция

Описание

Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндірілетін өнімнің өсуі және инфляция мен жұмыссыздық кезеңіндегі төлем балансы, айырбас курсы туралы түсінік береді. Сонымен бірге макроэкономика экономикалық өзгерістерге, оның ішінде экономикалық-қаржылық саясатқа, тұтыну мен қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға жалақы мен баға өзгерістеріне, ақша қорына, мемлекеттік бюджетке баса назар аударады. Қысқаша айтқанда экономиканың дамуы барысындағы әр-алуан пікір-таластарды, бүгінгі таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңінен қарастырады. Тұрмысқа қажетті тауарлардың көлемін, ұлттық экономиканың әрекеттестігін анықтайды.

Содержание

Макроэкономикалық теорияның маңызы
Макроэкономикада экономикалық моделдердің қолданылуы
«Қор-ағын» түсініктері
Толассыз айналым үлгісі. Экономиканың негізгі субъектілері

Работа состоит из  1 файл

Курс лекции. Макроэкономика.doc

— 345.00 Кб (Скачать документ)

 ∆ Y/∆G қатынасы  мемлекеттік шығындар мультипликаторы  деп аталады.

Мультипликатор қор  жинақтаудың шекті бейімділігіне  кері пропорционалды болады:    

                 1     1                (24)

   мр  =                  мрс + мрс = 1                мр =


                  мрs            1 - мрс

Мультипликатор теориясымен  акселерация принципі тығыз байланысты. Акселерация принципі дегеніміз  сатулар мен ұлттық табыстың өсуіне байланысты инвестицияларға сұранымның өсуін көрсететін процесс. Акселерация ауқымын анықтау үшін экономистер акселерация коэффициентін қолданады. Акселерация коэффициенті өскен табыстың әрбір доллары инвестицияны өсіретін сандық көбейткіш.

Jt=a∙( Jt -Jt-1)

Jt-соңғы кезеңдегі ұлттық табыстың көлемі

Jt-1- алдыңғы кезеңдегі ұлттық табыстың көлемі

a- акселерация коэффициенті

Jt -Jt-1-табыстың өскен көлемі

Салық мультипликаторының механизмі мемлекеттік шығындар мультипликаторы сияқты салық көлемінің  бір өзгерісіне тұтынудың көп қатар өзгерісін көрсетеді.

 

5. Экономика тұрақтылығының деңгейі тікелей циклдік бюджет тапшылығы мен артықшылығы көлеміне тәуелді, бұл жағдай жиынтық сұраныс тербелісінің дағдылы «амортизаторы» қызметін атқарады.

Циклдік тапшылық (артықшылық) – мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (артықшылығы), іскерлік белсенділіктің құлдырауы (өрлеу) жағдайында мемлекеттік трансферттердің өсуі (азаюы) және салық түсімдерінің азаюының (өсуі) дағдылы жүзеге асуымен байланысты болады.

Циклдік өрлеу кезеңінде Ү2 >Y0 үлкен болады, сондықтан салық салымдары дағдылы өседі, ал трансферттік төлемдер дағдылы төмендейді. Нәтижесінде бюджет артықшылығы өседі және инфляциялық дүрлігіс төмендейді .

Циклдік төмендеу кезеңінде  Ү2 <Y0 , сондықтан салық дағдылы түрде төмендейді, ал трансферттер өседі. Қорыта айтқанда, салыстырмалы түрде өнім көлемі мен жиынтық сұраныс өскенде бюджет тапшылығы құлдырауды шектейді.

Табыс деңгейі неғұрлым үлкен болған сайын, соғұрлым мемлекеттен  алынатын салық мөлшері жоғары және трансферт төмен болады.

 

         G,T T


    Бюджет 


  тапшылығы  


 


 G=const



 Бюджет


 артықшылығы


                                                                                                                             G




 


              Y1 Y0   YY

 

Сурет 20. Бюджет тапшылығы мен артықшылығы

Егерде ағымдағы табыстың динамикасынан тәуелсіз мемлекеттік  шығындарды (G) тұрақты деп жорамалдасақ, сол жағдайда да экономика тұрақтылығының деңгейі жоғары болады. Т' жағдайында циклдік бюджеттік тапшылық және артықшылық көп болады. Сондықтан да Т жағдайымен салыстырғанда, жиынтық сұраныстың төмендеуі мен өсуіне кіріктірме тұрақтандырғыш басымдау әсер етеді. Сол мезгілде экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы бюджет-салық саясатының ұзақ мерзімдік мақсаттарына – экономика әлуетінің өсуі мен өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге ынтаны бекіту мақсаттарына қарама-қарсы келеді.

 Мемлекеттік бюджеттің  тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:

- ақша-несие эмиссиясы;

- займ шығару;

- мемлекетке түсетін  салық мөлшерін көбейту.

Тапшылықты жою үшін ақша эмиссиялау жағдайында сеньораж пайда болады. Сеньораж – ақша шығару арқылы мемлекеттің табатын пайдасы. Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша массасының су қарқыны жоғары болған жағдайда орташа баға деңгейі өседі.

Инфляция деңгейінің жоғарылауы жағдайында Оливер-Танзи әсері пайда болады. Инфляцияның өсуіне байланысты экономикалық ынта бұзылады, салықты уақытында төлемеу орын алады, себебі өткен уақытта ақша құнсызданады, бұдан салық төлеушілер ұтады. Мұның салдарынан мемлекеттегі тапшылық, қаржы жүйесінің жалпы тұрақсыздығы өседі.

Егерде мемлекеттік  бюджет тапшылығы мемлекеттік займ шығару арқылы қаржыландырылса, онда пайыз  мөлшерлемесі өседі, ол жеке секторларға  берілетін инвестицияны төмендетеді. Бұл таза экспорттың төмендеуіне, тұтыну шығындарының азаюына алып келеді. Осыдан ығыстыру әсері пайда болады. Мемлекет қарызының өсуіне байланысты инвестиция көлемінің қысқаруы ығыстыру әсері деп аталады. 

 

6. Бюджет – салық саясаты (қазыналық (фискальный) саясат) – мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (қазыналық экспансия) – бұл саясат қысқа мерзімді кезеңде экономикадағы циклдік құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекет шығындарды (G) өсіріп, салық мөлшерін төмендету арқылы немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Ұзақ мерзімдік кезеңде  салықты төмендету саясаты, факторларының  ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлуеттің өсуіне алып келуі мүмкін. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенді  салық реформасының жүргізілуіне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы Орталық банк жүргізетін тежеуші ақша-несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың құрылымын оңтайландырумен байланысты.

Тежеуші бюджет-салық  саясаты (қазыналық шектеу) – экономикадағы цикілдік өсуді тежеу мақсатын көздейді. Бұл саясатты жүзеге асыру үшін, мемлекеттік шығындар төмендеп (G), салық мөлшері (Т) жоғарылайды немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады. Қысқа мерзімдік кезеңде бұл шаралардың нәтижесінде, өндірістің құлдырауы және жұмыссыздық деңгейінің өсуі салдарынан болған сұраныс инфляциясын төмендетуге мүмкіндік береді.

Ұзақ мерзімдік  кезеңде  өспелі салық «сынасы» жиындық ұсыныстың  төмендеуіне және құлдыраушылық  механизімін ашуға негіз болуы  мүмкін. Бұл құбылыс әсіресе төмендегі жағдайларда кездеседі: мемлекеттік шығындардың азаюы бюджеттің барлық баптарында пропорционалды қысқарып, жүзеге асырылып отырса және еңбек нарығының инфрақұрылымына мемлекеттік инвестиция  берілуінде басымдылық болмаса.

Мемлекеттік шығындарды тиімсіз басқарумен қатар ұзақ уақытқа созылған құлдыраушылық экономикалық әлуеттің бұзылуына әсерін тигізеді. Мұндай жағдай экономиканың өтпелі кезеңінде жиі кездеседі.

 Дискрециялық қазыналық саясат – үкіметтің арнайы шешімі бойынша салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың көлемін мақсатты бағытта өзгерту. Бұл шаралар төлем балансының жағдайын, инфляция қарқынын, өнім көлемін, жұмысбастылық деңгейін өзгертуге бағытталған.

Дискрециялық  емес қазыналық саясат – жиынтық табыстың циклдік тербелістерінің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы өзгеруі. Жалпы ұлттық өнімнің өсуі (төмендеуі) кезеңдерінде мемлекет бюджетіне түсетін таза салық салымдарының дағдылы түрде өсуін (төмендеуі) дискрециялық емес саясат қарастырады.

Бұл саясат экономикадағы  тұрақтылыққа әсерін тигізеді. Таза салық  түсімі – бюджетке түсетін жалпы  салық мөлшері мен үкімет тарапынан  берілетін трансферттің арасындағы айырма. Дискрециялық қазыналық саясат экономикадағы құлдырау кезеңінде  жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты түрде мемлекеттік шығындарды өсіре отырып, немесе салық мөлшерін төмендетіп мемлекеттік бюджетте тапшылық құрылады. Экономиканың өрлеу кезеңінде сәйкес түрде мақсатты түрде бюджет артықшылығы құрылады.

Үкіметтің дискрециялық саясаты ішкі уақытша кешеуілдеумен байланысты болады, өйткені мемлекеттік шығындар құрылымының және салық салымы пайыз мөлшерлемесінің өзгерістері парламентте ұзақ уақыт талқылауға түседі.

Дискрециялық емес қазыналық  саясатта бюджет артықшылығы және тапшылығы дағдылы түрде пайда болады, ол экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы арқылы мүмкін болады.

Кіріктірме  тұрақтандырғыш – үкіметтің экономикалық саясатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің циклдік амплитудасын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік. Өркениетті, дамыған мемлекеттерде мұндай тұрақтандырғыш ретінде үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы бөлуге қатысу жүйесі алынады.

Экономиканың «кіріктірме  тұрақтандырғышы» дискрециялық қазыналық саясаттың уақытша кешеуілдеу мерзімі ұзақтығының проблемасын салыстырмалы түрде қарағанда әлсіретеді, жұмсартады, өйткені бұл механизмдер парламенттің қатысуынсыз да жұмыс істейді.

 

Өзін-өзі  тексеру сұрақтары

1. Тауарлар мен қызметтерді өндіру және бөлу шарттары қандай?

2. Ұлттық табысты өндіріс  факторлары бойынша бөлу бағыттары  қалай анықталады?

3. Негізгі макроэкономикалық  теңдестіктер деген не?

4. Ұлттық табысты өндіріс  факторлары бойынша бөлу немен  анықталады?

5. Тұтыну функциясы деген не?

6. Кейнстік тұтыну теориясы.қалай анықталады?

7. Классикалық мектептің тұтыну функциясы теориясыерекшелігі неде?

8. Тұтынудың орташа және шекті бейімділіктері қалай есептеледі?

9. Инвестициялар анықтамасы?

10. Инвестициялар мен нақты процент нарқы арасындағы байланыс мәні неде?

11. Мемлекеттік қор жинағы деген не?

12. Мемлекеттік және жеке сектор арасындағы байланыс қандай?

13. Бюджет тапшылығы неге байланысты туындайды?

14. Бюджет тапшылығын толықтыру жолдары қандай?

15. Мемлекеттік борыш деген не?

16. Мемлекеттік борышты өтеу туралы теориялар қандай?

17. Дискрециялық  қазыналық саясат деген не?

18. Дискрециялық емес қазыналық саясат деген не?

 

Ұсынылатын әдебиеттер: /5/, /6/, /7/.

 

Тақырып 5. Жиынтық сұраныс пен  жиынтық ұсыныс. АД- АS үлгісі (2 сағат)

  1. Жиынтық сұраныс түсінігі
  2. Жиынтық ұсыныс түсінігі
  3. Қысқа және ұзақ мерзімдік кезеңдегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс  тепе-теңдігі
  4. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзгеруі

 

1. Жиынтық сұраныс – тұтынушы сұранысына ие болатын өндірілген өнім саны мен баға арасындағы байланыс. Немесе жиынтық сұраныс дегеніміз кез-келген мүмкін болатын баға деңгейінде тұтынушылар, кәсіпорындар мен үкіметтің сатып алатын нақты өнімінің көлемі (Нақты ЖҰӨ). Жеке тауар нарығындағы секілді жиынтық сұраныс пен баға деңгейінің арасында тығыз байланыс бар. Неғұрлым баға деңгейі төмен болса, соғұрлым елде өндірілетін тауарлар мен қызметтердің көп бөлігін тұтынушылар, кәсіпорындар және үкімет сатып алады. Ал баға деңгейі жоғары болса, оны тұтыну да қысқарады. Баға деңгейі мен өнім өндіру арасындағы осы байланысты графикте былай көрсетуге болады.

Баға 

деңгейі

 

 

 

                                                                                 АД

 

 

                                                   Нақты өндіріс көлемі

 

Сурет 3. Жиынтық сұраныс қисығы

Баға деңгейі мен  өнім көлемі арасындағы кері байланыстың  болуының мынадай себептері бар:

Процент мөлшерлемесінің  тиімділігі. Егер елдегі баға деңгейі өсетін болса ақшаға сұраныс өседі, себебі тауарлар алу үшін тұтынушылар ақшаны көп қажет етеді. Ал ақшаға сұраныстың өсуі сол ақшаны пайдаланғаны үшін төленетін ақыны – процент мөлшерлемесін өсіреді. Процент мөлшерлемесі жоғарылаған сайын сатып алуға мүмкін болатын тауарлар саны азаяды. Яғни баға деңгейінің өсуі процентті де өсіреді, ал ол өз алдына өндірістің нақты көлемін қысқартады.

Байлықтың тиімділігі. Елдегі баға деңгейінің өсуі тұрғындардың жинаған байлығының құнын түсіріп жібереді. Тұрғындар кедейленуіне байланысты тұтыну шығындарын қысқартады.

Импорттың тиімділігі. Елдегі баға деңгейінің өсуі шетелмен салыстырғанда өсетін болса экспорт көлемі қысқарады. Шетелдер жағынан елдің тауарына деген сұраныстың азаюы өндіріс көлемін қысқартады.

Жиынтық сұраныс қисығына баға деңгейінен басқа мынадай факторлар  әсер етеді, және олардың әсерімен жиынтық  сұраныс қисығы қозғалады:

  • Орталық Банк ақша ұсынысын қысқартқан жағдайда жиынтық сұраныс қисығы солға жылжиды;
  • Салықтағы өзгерістер жиынтық сұраныс қисығын қозғалтады;
  • Субсидиялар мен жеңілдетілген несиелердің енгізілуі және т.б.

 

2. Жиынтық ұсыныс – бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілген қызметтер мөлшерін көрсетеді. Баға деңгейінің жоғары болуы өндірістің көлемін ұлғайтуға ынталандырады, ал баға деңгейінің төмендеуі өндірісті қысқартуға әкеледі. Бұл байланысты графикте былай көрсетеміз:

 

баға                                                                  АS


деңгейі


 

 

 

                                          нақты өндіріс көлемі

 

Сурет 4. Жиынтық ұсыныс қисығы

 

Суретте АS қисығы 3 түрлі жағдайда көрініс алып тұр. Біріншісі көлденең сызықпен көрсетілген. Ол кейнстік кесінді деп аталады. Кейнстік кесінді жұмыссыздық жағдайындағы ұсыныс қисығын бейнелейді. Кейнстің көзқарасы бойынша ресурстарын толық пайдаланбай отырған экономикада өндіріс көлемінің ұлғаюы баға деңгейіне байланыссыз болады. Фирмалар жұмыссыздықты пайдаланып ағымдағы еңбек ақысына керекті жұмыс күшін жалдайды. Осыған байланысты олар көрсетілген баға деңгейінде сұранысты қанағаттандыра алады.

Информация о работе Макроэкономикаға кіріспе