Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 07:04, лекция
Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндірілетін өнімнің өсуі және инфляция мен жұмыссыздық кезеңіндегі төлем балансы, айырбас курсы туралы түсінік береді. Сонымен бірге макроэкономика экономикалық өзгерістерге, оның ішінде экономикалық-қаржылық саясатқа, тұтыну мен қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға жалақы мен баға өзгерістеріне, ақша қорына, мемлекеттік бюджетке баса назар аударады. Қысқаша айтқанда экономиканың дамуы барысындағы әр-алуан пікір-таластарды, бүгінгі таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңінен қарастырады. Тұрмысқа қажетті тауарлардың көлемін, ұлттық экономиканың әрекеттестігін анықтайды.
Макроэкономикалық теорияның маңызы
Макроэкономикада экономикалық моделдердің қолданылуы
«Қор-ағын» түсініктері
Толассыз айналым үлгісі. Экономиканың негізгі субъектілері
Жеке табыс – адамдардың өздерінің жеке қажеттерін өтеуі үшін қанша ақша мөлшері керек екендігін көрсететін көрсеткіш. Жеке табыс мынаған тең:
Жеке табыс = Ұ.Т.
- әлеуметтік сақтандыруға салынған салымдар
- корпорация пайдасы
- таза процент
+ трансферттік төлемдер
+ дивидендтер
Жеке табыс сомасынан салықтық және салықтық емес төлемдерді алып тастасақ қолда бар табыс шығады.
4. Ж.Ұ.Ө. мөлшері
ақшалай өлшенетіні білгілі.
Енді әр жылда өндірілген Ж.Ұ.Ө. мөлшерін салыстыру үшін, бағаның мөлшерін дәлдеу қажет болады. Себебі баға инфляцияның (бағаның өсуі) және дефляцияның (бағаның төмендеуі) әсерінен өзгеріп отырады. Баға индексін қолдана отырып, бағаны осы өзгерістерден тазалауға болады. Инфляцияның әсеріне байланысты қайта есептелінген, дәлденген Ж.Ұ.Ө. нақты Ж.Ұ.Ө. деп аталады.
Индексті есептеу үшін есептеп шығару нүктесі - «тұтыну қоржыныны» туралы мәліметтің болуының маңызы зор. «Тұтыну қоржыныны» 300 – ге жуық, халық көбірек тұтынатын тауарлар мен қызмет түрлері кіреді ( азық – түлік, дәрі–дәрмек, киім және т.б.). Баға индексін анықтау үшін ағымдағы жылдың «тұтыну қоржынының» мөлшерін мен базалық жылдың «тұтыну қоржынының» мөлшеріне бөлеміз.
ағымдағы жылдың «тұтыну
Баға индексі =
базалық жылдың «тұтыну қоржынының» мөлшері
Немесе баға индексі Ласпейрес индексі типінде есептелінеді.
Pit Pºi - і игілігінің бағасы, базалық (0)және ағымдағы( t) кездердегі.
Qºi - базалық кезеңдегі - і игілігінің саны
Баға индексі номиналды Ж.Ұ.Ө.– ді нақты Ж.Ұ.Ө. –ге айналдыруға мүмкіндік береді:
Номиналды Ж.Ұ.Ө.
Нақты Ж.Ұ.Ө. =
Баға индексі
Номиналды Ж.Ұ.Ө.- ді нақты Ж.Ұ.Ө. –ге бөлу арқылы баға өзгерісін немесе инфлияция көлемін білуге болады. Ол баға индексі немесе Ж.Ұ.Ө. – нің дефляторы деп аталады.
Ж.Ұ.Ө.-нің дефляторы =
Баға индексі
Ж.Ұ.Ө. дефляторы Пааше
индексі типінде анықталады:
Кесте 1
Жалпы Ұлттық Өнімді есептеу
Баға және өнім өндіру көлемі Жылдар А-тауарының А-тауарының В-тауарының В-тауарының бағасы көлемі бағасы көлемі
Номиналды Ж.Ұ.Ө. – ді есептеу
2001 (1 * 100) + (2 * 50) = 200 2002 (2 * 150) + (3 * 100) = 600 2003 (3 * 200) + (4 * 150) = 1200 Баға индексін есептеу 2001 (1 * 100) + (2 * 50) : (1 * 100) + (2 * 50) *100= 100 2002 (2 * 100) + (3 * 50) : 200 = 175
Нақты Ж.Ұ.Ө. –ді есептеу 2001 200 : 1 = 200 2002 600 : 1,75 = 343 2003 1200 : 2,5 = 480 |
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық есептеу жүйесіне өту мәселесі немен анықталады?
2. ЖҰӨ және оның қоғам өміріндегі ролі қандай?
3. Қысқа және ұзақмерзімдік кезең ерекшеліктері қандай?
4. ЖҰӨ-ді есептеу әдістері қандай?
5. Таза ұлттық өнім деген не?
6. Ұлттық табыс деген не?, жек табыс деген не?
7. Нақты және номиналды ЖҰӨ қалай есептеледі?
Ұсынылатын әдебиеттер: /1/, /4/, /6/.
Тақырып 3. Макроэкономикалық тұрақсыздық. Жұмыссыздықтың экономикалық циклдары. Инфляция (2 сағат)
1. Экономикалық циклдар және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Әлуетті ЖҰӨ
2. Жұмыссыздық нысандары және оның табиғи деңгейі. Оукен заңы
3. Жұмыссыздық деңгейін реттеу
4. Шығындар инфляциясы. Күткен және күтпеген инфляция. Ұсыныс тітіркенімдері
5. Филлипс қисығы
1. Қоғам қашанда экономикалық өсуге, жұмыссыздықты толық жоюға және баға деңгейінің тұрақтылығына ұмтылады. Экономикалық цикл деп өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу деңгейінің өзгеруін айтамыз. Немесе циклдық даму дегеніміз мезгілімен экономиканың бір күйден басқа күйге ауытқымалы өтіп отыруы. Экономикалық цикл төрт фазадан тұрады: экономикалық дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу.
Дағдарыс фазасы жұмыс белсенділігінің жаппай кемуімен сипатталады: өндіріс көлемі күрт қысқарады, табыс мөлшері азая бастайды, жұмыссыздық деңгейі өседі, инвестиция қысқарады, кәсіпорындар жаппай жабылады.
Тоқыраудың ең төменгі нүктесінде өндіріс және жұмыс орындарыең төменгі деңгейге жетеді: өндірістің қысқаруы тоқтайды, бірақ өспейді, жаппай жұмыссыздық орын алады, бағаның төмендеуі тоқталады, қарыз проценті азаяды, тауар қорлары азая бастайды.
Жандану фазасында өндіріс өседі, жұмыссыздық азаяды және толық жойылады, бағалар өсуі мүмкін, қарыз проценті де өседі, жалақы өсе бастайды, тұтыну тауарларына сұраныс өседі, негізгі капитал толығымен жаңартыла бастайды.
Эономикалық циклдың шың фазасында өндіріс толықтай жұмыс жасайды, жұмыссыздық толық жойылады. Бағалар деңгейі көтерілу беталысына ие болады.
Ресурстармен толық қамтылған жағдайдағы ЖҰӨ Әлуетті ЖҰӨ деп аталады.Немесе толық жұмысбастылық кезіндегі экономика өндіре алатын өнімнің нақты көлемі Әлуетті ЖҰӨ деп аталады. Нақты ЖҰӨ әлуетті ЖҰӨнен ауытқуын, тербелісін төменгі көрсеткіш бейнелейді:
GNP=Y-Yδ/ Yδ
Y – нақты өнім көлемі
Yδ –әлуетті өнім көлемі
2. Қазіргі экономикалық теорияда жұмыссыздықтың үш түрін ерекше бөледі:
Фрикциондық жұмыссыздық – жұмыс күшінің аймақтылық, кәсіптік, жасына қатысты қозғалысымен (жаңа орынға көшуі, басқа кәсіпке бейімделу, оқуы, бала бағу) байланысты.Өзінің мазмұны жағынан фрикциондық жұмысссыздықты өз еркімен болатын жұмысссыздарға жатқызуға болады.
Құрылымдық жұмыссыздық – ол өндірістегі технологиялық және қайта құру өзгерістерімен байланысты орнайды. Ондай өзгерістер жұмысшы күшіне сұраныстың құрылымын өзгертеді. Кейбір мамандықтарға сұраныс жойылып, немесе елеулі қысқарып, жұмыссыздықты орнатады. Жұмысшы күші технологиялық өзгерістерге тез бейімделе алмайды, оларды қайтара дайындау үшін белгілі уақыт қажет болады.
Циклдық жұмыссыздық экономикалық каньюктураның өзгеруімен анықталады. Ол циклдық өрлеу кезінде азайып, дағдарыс тұсында көбейіп отырады.
Батыс экономистері жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейінің болуы заңдылық деп есептейді. Ондай деңгейді Батыс экономистері жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп атайды. кезеңіндегі жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейі деп аталады. Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес. Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды, дәлірек айтқанда толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең. Сондықтан 6-7% жұмыссыздардың болуы жұмыссыздықтың табиғи деңгейі болып табылады.
Жұмыссыздықтың болуы елдің өз мүмкіншілігін толық пайдалануына мүмкіндік бермейді, өндірілетін өнімді азайтады. Макроэкономиканың белгілі зерттеушісі Артур Оукен жұмыссыздық деңгейі мен Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ) арасындағы байланысты математикалық түрде бейнелейтін заңды қорытып шығарды. Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі оның табиғи деңгейінен 1% –ке артылған жағдайда ЖҰӨ көлемі 2,5% төмендейді.
3. Еңбек нарығын реттеудің мақсатты қызметі қазіргі кезеңде еңбек ресурстарына деген сұранысты ұлғайтуға және жұмыс күшінің тиімді ұсынысын қолдауға бағытталады. Сұранысты қалыптастыру саясаты мына шараларды қамтиды: кәсіпорындардағы жұмыс орнын сақтау және жаңа жұмыс орындарын жасау, кәсіпкерлікті дамыту негізінде жаңа жұмыс орындарын жасау, ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыс жасау мүмкіндігі шектеулі тұрғындарды еңбекпен қамтуға жағдайлар жасау. Жұмыс күшін ұсынуды қолдау саясатының шаралары: жұмысшыларды оқыту және қайта оқыту, жұмыс күні ұзақтығын реттеу, жұмыс күшінің қоныс аудару процесін реттеу. Осы аталған шаралардың іске қосылуы мемлекет, кәсіпорын және аймақ деңгейінде қажетті экономикалық механизмдердің іске қосылуын қажет етеді.
Еңбек нарығы сферасындағы мемлекеттің реттеуші қызметі ең алдымен оның құқықтық құралдарды қолдануынан көрінеді.
Қазақстан Республикасының
кадрларға байланысты саясаты заңды
түрде Қазақстан
Қазіргі кезде еңбек
нарығын мемлекеттік реттеудің
негізгі мынадай 4 бағытын көрсетуге
болады: жұмыс орындарын ұлғайту
мен жұмыспен қамтуды ынталандыратын
бағдарламалар жасау; жұмысшы күшін
оқыту мен қайта оқытуға
4.Шығындар инфляциясы - өндіріс шығындарының өсуіне байланысты бағаның өсуі.
Шығын инфляциясының теориясы баға деңгейінің өсуін орташа шығындардың өсуіне әкелетін факторлармен түсіндіреді. Орташа шығынның өсуі өндіріс көлемін қысқартады, ал фирмалар өндіріс көлемін қазіргі баға деңгейімен ұсынуға дайын. Нәтижесінде барлық экономика аумағында тауар ұсынысы мен қызмет ұсынысы азаяды. Бұл ұсыныстың азаюы баға деңгейінің өсуіне әкеледі.
Шығын инфляциясының пайда болуының екі негізгі себебі бар: атаулы төлемақының өсуі және энергия, шикізат сияқты ресурстарға бағаның өсуі.
Төлемақының өсуінен пайда болған инфляция. Шығын инфляциясының теориясы бойынша кейбір жағдайларда бұл инфляцияның шығу себебі кәсіподақтан болуы мүмкін. Бұл былай түсіндіріледі: ұйымдық келісімдер көмегімен кәсіподақтың атаулы төлемақылар мөлшерлемесін қадағалауға мүмкіншіліктері бар. Ірі кәсіподақтар төлемақыны ұлғайтты және мұндай деңгейдегі төлемақыны кәсіподақ қатарына кірмейтін жұмысшыларға тағайындады делік. Егер барлық мемлекет аумағында төлемақының өсуі қандай болса да факторларға байланысты теңессе, орташа шығындар өсіп кетеді. Бұған фирмалар өндірісті және тауар мен қызметті қысқартумен жауап береді. Осы жағдайда атаулы төлемақының өсуі байқалады, бұл инфляцияның түрін төлемақының өсуінен пайда болған инфляция деп атайды, бұл шығын инфляциясының бір түрі.
Инфляция күтілетін және күтпеген болып бөлінеді. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны жоспарлайды. Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады. Егер экономикалық инфляция күтілетін болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп, артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Күтпеген инфляцияда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар нарықта сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды.
Ұсыныс жағынан
болатын сілкіністер – бұл
тауар өндірісін тоқтату
5. Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық ғылымда бұл құбылыс Филлипс қисығы арқылы зерттеледі. Ағылшын экономисті А.В.Филлипс жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің заңдылығын Ұлыбритания елінің 1861-1956 жылдардағы статистикалық мәліметтерін талдай отырып, график түрінде былай бейнеледі.