Макроэкономикаға кіріспе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 07:04, лекция

Описание

Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндірілетін өнімнің өсуі және инфляция мен жұмыссыздық кезеңіндегі төлем балансы, айырбас курсы туралы түсінік береді. Сонымен бірге макроэкономика экономикалық өзгерістерге, оның ішінде экономикалық-қаржылық саясатқа, тұтыну мен қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға жалақы мен баға өзгерістеріне, ақша қорына, мемлекеттік бюджетке баса назар аударады. Қысқаша айтқанда экономиканың дамуы барысындағы әр-алуан пікір-таластарды, бүгінгі таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңінен қарастырады. Тұрмысқа қажетті тауарлардың көлемін, ұлттық экономиканың әрекеттестігін анықтайды.

Содержание

Макроэкономикалық теорияның маңызы
Макроэкономикада экономикалық моделдердің қолданылуы
«Қор-ағын» түсініктері
Толассыз айналым үлгісі. Экономиканың негізгі субъектілері

Работа состоит из  1 файл

Курс лекции. Макроэкономика.doc

— 345.00 Кб (Скачать документ)

Р

 

Р3

 

Р2

 

Р1

 

                    U3             U2                 U

 

 

Сурет 1. Филлипс қисығы

 

Бұл қисық сызық жоғарғы  жұмыссыздық жағдайында инфляцияның  төмен болатынын көрсетеді. Және керісінше жұмыссыздықтың азаюы  жиынтық сұранымды арттырады, бағаның  өсуіне итермелейді.

Егер жұмыссыздықтың U1 деңгейін мемлекет жоғары деп тапса, оны төмендету мақсатында фискальдық және ақша-несие саясатын жүргізе отырып, жаңа жұмыс орындарын жасауға ұмьылады. Жұмыссыздық деңгейі V2-ге дейін төмендейді, бірақ инфляция P1-ден P2 – ге көтеріледі

 

Өзін-өзі  тексеру сұрақтары

1. Жұмыссыздыққа әсер етуші факторлар қандай?

2. Инфляция деген не?

3. Баға динамикасы  неге байланысты?

4. Инфляция шығындарына  не жатады?

5. Күтілетін және болжанбайтын инфляция деген не?

6. Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс қандай?

7. Филлипс қисығы нені сипаттайды?

Ұсынылатын әдебиеттер: /6/, /7/, /9/.

 

 

Тақырып 4. Ұлттық табыс: өндіру және бөлісу. Тұтыну (2 сағат)

 

1. Өндіріс факторлары. Өндіріс функциясы

2. Ұлттық табысты өндіріс  факторлары бойынша бөлу

          3. Тұтыну функциясы. Тұтынуға шекті бейімділік

4. Инвестициялар және салым түрлері. Инвестиция функциясы.

5. Бюджет тапшылығы және артықшылығы. Бюджет тапшылығын қаржыландыру тәсілдері

6. Бюджет –салық саясатының мақсаты, құралдары

 

 

1. Фирмалардың өндірісінің көлеміне екі көрсеткіш: өндіріс факторлары және өндірістік функция әсер етеді.

Өндіріс факторлары – тауарлар мен қызметтер өндіруге қажетті ресурстар (еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік). Өндіріс факторларының шығарылатын өнім көлеміне әсерін анықтау үшін өндірістік функция қолданылады:

Y = F ( K, L)                                   (5)

Өндіріс функцияларының көпшілігі өндіріс ауқымының тұрақты тиімділігі қасиетін иемденеді. Егер өндіріс факторларының өсуіне байланысты алынатын өнім де сол шамаға өссе, өндірістік функцияның осы қасиеті орындалады:

zY = F (z K, zL)                             (6)

 

2. Экономикадағы өндірістің жалпы көлемі ондағы табыстың жалпы көлеміне тең. Өндіріс факторлары мен өндірістік функция тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемін анықтайтын болғандықтан, осымен қатар олар ұлттық табыстың да мөлшерін анықтайды.

Ұлттық табыстың бөлінуі өндіріс  факторларына қойылатын бағаға байланысты. Ал бұл баға өз алдына нарықтағы  сұраныс пен ұсынысқа байланысты қойылады. Фирма өнімін Р бағасымен  сатады, жұмысшыларына w жалақысын төлейді  және капиталды r аренда бағасына жалдайды. Табыстың бөлінуін анық көрсету үшін капитал тек үй шаруашылығына тиесілі деп қарастырамыз. Яғни үй шаруашылығы капиталды арендаға береді, өзінің жұмыс күшін сатады.

Фирманың мақсаты пайда табу. Оның пайдасы былай есептеледі:

П = P*Y – WL –RL                                                   (7)

Пайданың өндіріс факторларына қалай байланысты екенін анықтау  үшін өндірістік функцияны қолданамыз:

Y = F ( K, L)                       

 П = P* F ( K, L)   – WL –RL                                    (8)

Бұл теңдеу пайданың өнім бағасына, өндіріс факторларының бағасына және олардың санына байланысты екенін көрсетеді.

Фирма пайдасын максималдау  үшін еңбектің шекті өнімі нақты  жалақыға тең болғанша жұмысшыларды жалдайды:  

MPL =W /  Р                                                                  (9)        

W /  Р –нақты жалақы.

Осы зерттеулерге сүйене отырып, экономикадағы ұлттық табыстың бөлінуін түсіндіруге болады. Егер экономикадағы барлық фирмалар жетілген бәсекелестік нарығында қызмет етсе, онда әрбір өндіріс факторына  жалпы өндірілетін өнім көлеміне ол қанша үлес қосады, сонша келеді. Басқаша айтсақ, әрбір жұмысшының нақты жалақысы MPL, капитал иесіне қондырғыны пайдаланғаны үшін төлем MPК. Жалақығы төленетін жалпы шығын MPL* L, капитал иелерінің жалпы табысы MPК* К.

Фирма өндіріс факторлары үшін төлем жасағаннан кейін өзінде қалатын табыс экономикалық пайда деп аталады. Экономикалық пайда мынаған тең:

Экономикалық пайда =Y -  ( MPL* L)  + (MPК* К).      (10)          

  Y = ( MPL* L)  + (MPК* К) + экономикалық пайда

Осыдан ұлттық табыстың жұмысшылардың табысына, капитал иелері табысына және экономикалық пайдаға бөлінетінін көруге болады.

Егер өндірістік функция  өндіріс ауқымының тұрақты тиімділігін  иемденетін болса, экономикалық пайда 0–ге тең болады да, өндіріс факторлары үшін төлемнен соң ештеңе қалмайды. Бұл Эйлер теоремасының тұжырымдамасы. Бұл теорема бойынша:

F ( K, L)  = ( MPL* L)  + (MPК*  К)                                     (11)

Егер әрбір өндіріс  факторына оның шекті өнімі берілетін  болса, онда өндіріс факторлары үшін төленетін барлық төлемдер жалпы өндірілген өнімнің көлеміне тең. Басқаша айтқанда, өндіріс ауқымының тұрақты тиімділігі және бәсеке болса, экономикалық пайда нольге тең.

 

3. ЖҰӨ құрылымындағы шығындар үлкен 4 топқа бөлінеді:

    • Тұтыну (С)
    • Инвестициялар (I)
    • Мемлекеттік сатып алу (G)
    • Таза экспорт (NX)

Тұтыну – бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің жиынтығы, олар мынадай топтарға бөлінеді:

    • Қысқа мерзімді қоладнылатын тауарлар
    • Ұзақ мерзімді қоладнылатын тауарлар
    • Көрсетілген қызмет

Экономикада өндірілген өнімдердің басым бөлігі тұтынуға жұмсалады. ЖҰӨ-ні үштен екі бөлігі тұтынуға келетін болғандықтан, тұтыну жайлы  шешімдер қабылдау экономиканың маңызды  сұрақтарының бірі.

Табыстың салық төлемдерін өтеуден  қалған бөлігі қолда бар табыс деп аталады.

Yd = Y-T             Yd – қолда бар табыс.                           (12)

Табыс тек тұтынуға жұмсалмайды, оның белгілі бір бөлігі қор жинақтауға қолданылады:

Тұтыну (С) + Қор жинағы (S ) = Табыс (Y)                     (13)

Дж.М.Кейнс өзінің ілімінде тұтынуды екі факторға (объективті және субъективті) тәуелділігін көрсетті.Объективті факторға байлық запасын, табыстар деңгейін, бағаларды, өтімді активтерді жатқызды.Субъективті факторға адамдардың тұтынуға психологиялық бейімділігін жатқызды.

Тұтыну деңгейі жеке байлыққа (W) және қолда бар табысқа (Yd) оң тәуелді. Табыстың өсуімен тұтыну деңгейі де өседі. Олардың  арасындағы байланыс тұтыну функциясы деп аталады:

С = C (W,Yd)                                                                        (14)  

Тұтыну мен қор жинақтау мәселесін зерттеу барысында  Дж.М.Кейнс мынадай психологиялық  факторлардың әсерін атап көрсетті.

Біріншіден, табыс деңгейі өске сайын адамдардың тұтынуға жұмсайтын  шығыны да өседі, бірақ табыс деңгейінің өсу қарқыны мен тұтыну шығындарының өсу қарқыны бірдей болмайды. Табыс өскен сайын тұтыну шығындарының өсу қарқыны азаяды, ал қор жинақтау қарқыны өседі. Тұтыну мен қор жинақтаудың өсу және кему қарқынын көрсету үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:

мрс = ∆C / ∆Y                                          (15)      

мрс - тұтынудың шекті бейімділігі

 

мрs = ∆S / ∆Y                                          (16)     

мрs– қор жинағының шекті  бейімділігі

 

мрs + мрс = 1                                             (17)

 

Кесте  2

Тұтыну мен қор жинағының  шекті бейімділігін есептеу

 

Табыс (Y)

         Тұтыну

мрс

Қор жинағы (S)

мрs

1000

1100

1200

1300

1400

1000

1090

1170

1240

1290

-

0,9

0,8

0,7

0,5

0

10

30

60

110

-

0,1

0,2

0,3

0,5


 

Екіншіден, тұтынудың орташа бейімділігі  деп аталатын тұтынудың табысқа қатынасы табыстың өсуімен бірге азаяды. Кейнстің пікіренше қор жинақтау – байлықтың белгісі, сондықтан байлар кедейлерге қарағанда табысының көп бөлігін жинақтауға жұмсайды.

арс  =C/Y     тұтынудың  орташа бейімділігі

арs  =S/Y     қор  жинағының орташа бейімділігі

Кейнс табыс тұтынуды анықтайтын басты фактор деп санады, және процент нарқының роліне мән бермеді.Ал классикалық мектептегі экономистердің пікірі бойынша жоғары  процент нарқы қор жинақтауды ынталандырады.

 

4. Инвестициялық шығындар ұлттық экономика деңгейінде ұлғайған ұдайы өндірісті бейнелейді. Инвестиция – бұл жаңа құрылысқа, жабдықтауға, жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды ұлғайту мен техникалық қайта жабдықтауға, тұрғын-үй, мәдени тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар. Инвестиция немістің «invesition» деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салыған капитал мөлшерін көрсетеді. Фирамалар да, үй шаруашылығы да инвестициялық тауарларды иеиденеді. Фирмалар капитал запасын ұлғайту үшін және ескілерін жаңарту үшін инвестициялық тауарларды сатып алады. Үй шаруашылығының жаңа үйлер сатып алуы да инвестицияның бір бөлігі. АҚШ-та ЖҰӨ-нің 15-процентке жуыған инвестициялар құрайды.

Инвестиция теориясын  ағылшын экономисті ДЖ.Кейнс өзінің «Еңбекпен қамтудың, проценттің және ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде қарастырады, онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиіді сұрсныстың басты факторы ретінде анықтайды. Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.

Инвестициялық шығындар үш түрге бөлінеді. Кәсіпорындардың негізгі қорларына жұмсалатын инвестициялар (өндірістік инвестициялар)– кәсіпорындармен өзінің өндірістік қызметінде пайдаланылуға алынатын ғимараттар, құрылыстар және қондырғылар. Мұндай инвестициялар қолданбалы капиталдың көлемін ұлғайту немесе тозығы жеткен капиталды қалпына келтіру үшін құйылады.

Тұрғын  үй құрылысына жұмсалатын инвестициялар құрамына тұру үшін және жалға беру үшін алынатын үйлерге жұмсалған шығындар жатады.

Тауарлы-материалдық  қордағы  инвестицияларға сақтауда тұрған тауарлар, материалдар мен шикізаттар, аяқталмаған өндіріс және дайын бұйымдар жатады

 Инвестиция динамикасын  анықтайтын факторлар мыналар:

  1. Инвестицияға қаржы жұмсау ең алдымен сол инвестиция жұмсаудан алынатын пайда нормасына байланысты. Егер алынатын пайда инвестицияға жұмсалатын шығынды өтемесе, инвестиция жасау тиімсіз;
  2. Инвестицияға елдегі пайыз мөлшерлемесі әсер етеді. Пайыз мөлшерлемесі өсуі инвестицияны тежесе, пайыз мөлшерлемесінің  төмендеуі инвестицияны жандандырады;
  3. Инвестиция салық салу деңгейіне байланысты. Салық нарқының өсуі инвестицияны тежейді және керісінше;
  4. Инфляция. Инфляция кезінде ақшалар құнсызданады, сондықтан кез келген инвестор тәуекелге бара бермейді, ақшаларын өндіріске құюдан тартынады.

Инвестициялар тұрақсыздығының  негізгі факторлары:

    1. Құрал-жабдықтардың ұзақ мерзім жұмыс істеуі;
    2. Инновациялардың тұрақсыздығы;
    3. Экономикалық күтулердің өзгергіштігі;
    4. ЖҰӨ циклдік ауытқулары.

Инвестиция негізінен  пайыз мөлшерлемесіне байланысты болады. Нақты пайыздық мөлшерлемені үлкейту инвестиция тартымдылығын азайтады. Бұл байланыс инвестиция функциясымен сипатталады:

    I = I(r)

Кейнстің теориясы бойынша  мультипликатор деп, инвестиция мөлшерінің өзгеруіне байланысты табыс мөлшерінің өсуін көрсететін коэффициентті айтады. Мультипликатор дәл сөзбен аударғанда «көбейтуші» деген мағынаны білдіреді. Мультипликатор теориясының мағынасы мынада: инвестицияны ұлғайту ұлттық табысты да  ұлғайтады және ұлттық табыстың өсуі инвестицияның өсуімен байланысты болатын оның алғашқы өсіміне қарағанда көп болады. Яғни экономикаға енгізілген инвестиция ұлттық табыстың бірнеше есе өсуін әкелетін тізбекті реакцияны әкеледі. Мыс. инвестицияның   1000 долл өсуі осыған сәйкес ұлттық табыс мөлшерінің 1000долл өсімін әкелмейді, Ұ.Т 2000 долл,3000 долл және одан да көп, яғни еселенген түрде өседі.

                                                    Ұ.Т-тың өсуі                                   (23)

     Мультипликатор (мр) =                             


                                               Инв. өсуі             

Информация о работе Макроэкономикаға кіріспе