Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 07:04, лекция
Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндірілетін өнімнің өсуі және инфляция мен жұмыссыздық кезеңіндегі төлем балансы, айырбас курсы туралы түсінік береді. Сонымен бірге макроэкономика экономикалық өзгерістерге, оның ішінде экономикалық-қаржылық саясатқа, тұтыну мен қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға жалақы мен баға өзгерістеріне, ақша қорына, мемлекеттік бюджетке баса назар аударады. Қысқаша айтқанда экономиканың дамуы барысындағы әр-алуан пікір-таластарды, бүгінгі таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңінен қарастырады. Тұрмысқа қажетті тауарлардың көлемін, ұлттық экономиканың әрекеттестігін анықтайды.
Макроэкономикалық теорияның маңызы
Макроэкономикада экономикалық моделдердің қолданылуы
«Қор-ағын» түсініктері
Толассыз айналым үлгісі. Экономиканың негізгі субъектілері
Шетелдегі бюджет салық саясаты. Жоғарыдағы жағдайды шетел мемлекеттері жасады деп қарастырайық. Ол әлемдік қордың клемін азайтады, соның арқасында пайыздық мөлшерлемелерді көтереді. Оның көтерілуі ішкі инвестициялық пайызды төмендетеді. I-төмендеуі S-I қисығын оңға жылжытады, соның нәтижесінде NX көлемі үлкейеді.
ε
S2-I S1-I
ε
2
ε
1
NX2 NX1
NX
2 сурет. Шетелдегі бюджет салық саясаты
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Төлем балансы қалай анықталады?
2. Ағымдағы шот деген не?
3. Капитал қозғалысының есебі деген не?
4. Ресми резервтер деген не?
5. Капиталдың халықаралық ағымы қалай есептеледі?
6. Сатып алушылық қабілетінің паритеті деген не?
7. Бірдей баға заңы деген не?
8. IS және LМ қисықтарына айырбас курсының әсері қандай?
9. Төлем балансы қалай анықталады?
10. Ағымдағы шот деген не?
11. Капитал қозғалысының есебі деген не?
12. Ресми резервтер деген не?
13. Капиталдың халықаралық ағымы қалай есептеледі?
14. Сатып алушылық қабілетінің паритеті деген не?
15. Бірдей баға заңы деген не?
16. IS және LМ қисықтарына айырбас курсының әсері қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер: /2/, /5/, /7/.
Тақырып 10. Экономикалық өсу (1 сағат)
1. Соңғы жылдары көптеген
мемлекеттерде жан басына
Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ. ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ өсуі немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі.
Экономикалық өсудің факторлары немесе қайнар көздері мыналар:
Экономикалық өсудің екі типі болады. Экономиканың өндіріс факторларының ескі техника негізінде сан жағынан молайуы - өндірістің экстенсивті типі деп аталады. Экономикалық өсудің экстенсивті факторларына мыналар жатады:
Ал өндірісті дамыту факторларының сан есебінен емес, олардың сапалық өзгеру нәтижесі негізінде өсуі экономикалық өсудің интенсивті типі деп аталады. Экономикалық өсудің интенсивті факторларына мыналар жатады:
Қазіргі кезде дамыған барлық елге экономикалық өсудің интенсивті типі ортақ. Оның басты себептері мыналар: табиғаттың шексіз және түпсіз болмайтындығы; сандық өсу жолының мүмкіндігі аз және өте тиімсіздігі; қазіргі заманның бөлінбейтін біртұтастығының әсері; әлемдік байланыстың тереңдеуі және күшейуі және т.б.
Интенсивті даму жағдайында
өндірілетін өнім көлемі мен сапасы
өсіп қана қоймайды, сонымен бірге
қоғам мүшелерінің жағдайы
2. Өндіріс факторлары мен шығарылған өнім көлемі арасындағы байланыс өндіріс функциясы арқылы ипатталады. Тұрақты масштаб әсері бар өндіріс функциясы былай өрнектеледі: У= F(K,L) және кез-келген z > 0 үшін: zУ= F (zK, zL). Онда, егер z = 1/L, онда У/L = F( K/L, 1) У/ L = у; К/L = к деп белгілеп, жоғарыдағы функцияны былайша өрнектейміз:
у = f (k)
Бұл функция еңбек өнімділігі пен капиталмен қаруландыру арасындағы тәуелділікті көрсетеді.
Солоу үлгісіндегі жиынтық
сұраныс инвестиция және тұтынумен
анықталады:
у = і + c.
Мұндағы і – бір жұмысбасты адам басына шаққандағы инвестиция, с – бір жұмысбасты адам басына шаққандағы тұтыну. Табыс қор жинағының нормасына байланысты тұтыну мен қор жинағының арасында бөлінеді. Тұтынуды төмендегідей өрнектеуге болады:
c = (1 – s) y
s – қор жинағы
y = c+i = (1-s) y+i
бұдан і = s · y
Тепе-теңдік жағдайында инвестиция қор жинағына және табысқа пропорционалды болады.
Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік шарты төмендегідей өрнектеледі:
f(к) = c + i немесе f(к) = i/s
Тауар нарығындағы ұсынысты өндіріс функциясы анықтайды, ал капиталдың жиналуын өндірілген өнімге деген сұраныс анықтайды.
Өнім көлемінің динамикасы капитал көлеміне тәуелді. Капиталдың қоры екі себепке байланысты өзгереді:
Капитал көлемі
инвестиция мен капиталдың
Инвестиция қордың қарулануы мен жинақ нормасына тәуелді, бұл экономикадағы ұсыныс пен сұраныстың теңдігінен туындайды: I = s · f(к).
к-ның кез келген мәні үшін, жинақ нормасы өнімді инвестиция мен тұтынуға бөледі (1-сурет).
Y
f(k)
с
у і
1 K
Сурет 21. Капиталдың қорының азаюы
y = f(к), і = s · f (к), с = f (к) - s · f (к)
Амортизация төмендегідей жағдайларда ескеріледі: жылдағы капиталдың тұрақты бір бөлігі ығысып отырады (d - ығысу нормасы), онда ығысу көлемі капитал көлеміне пропорционал болады және мынаған тең: d · к
Инвестицияның және ығысудың капитал қорының динамикасына әсерін төмендегідей өрнектеуге болады:
Dк = i – dк
немесе инвестиция мен қор жинағының теңдігінен төмендегіні алуға болады:
Dк = s · f(к) - dк
Солоу үлгісін жетілдіру үшін, екі алғышартты қарастырамыз.
Біріншісі – экономикалық өсуге халықтың санының өсуінің әсері
Екіншісі – технологиялық прогресстің әсері.
Халықтың саны тұрақты n қарқынымен өседі. Бұл қормен қаруландыруға инвестиция және ығысумен қатар әсер ететін жаңа фактор болып есептеледі Халықтың санының өсуі ығысу сияқты қормен қаруландыруды төмендетеді. Халық саны өскенде қормен қаруландыру тұрақты болу үшін, халық қандай қарқынмен өссе, капитал соншалықты өсуі керек.
Солоу үлгісіндегі технологиялық прогрессті ескеру өндіріс функциясының берілген түрін өзгертеді. Өнгдіріс функциясы төмендегідей бейнеленеді:
Y=F(K,L·E)
Мұндағы Е – еңбектің тиімділігі, ал (L·E) – тұрақты Е тиімділігі болған кездегі бірлік еңбектің саны.
Неғұрлым Е үлкен болған сайын, осы берілген жұмысшылар соғұрлым өнімді көп өндіреді.
Технологиялық прогресс еңбектің тиімділігінің өсуі Е, тұрақты g қарқынымен өседі деп жорамалданады. Демек, Солоу үлгісі бойынша бір адам басына шаққандағы өнімнің өсуі немесе өмір деңгейінің үздіксіз өсуінің бір ғана шарты болып технологиялық прогресс есептеледі.
Сонымен, технологиялық прогресс қарқыны g, халықтың өсуі қарқыны п жағдайында тұрақты қалыпты жалпы өнім өндірудің өсу қарқыны (g + n) тең болады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Экономикалық өсу немен өлшенеді?
2. Ұзақ мерзімді өсудің Солоу моделі деген не?
3. Модельдің графиктік көрінісі қалай сипатталады?
4. Капиталдың қорлануы немен өлшенеді?.
5. Халық санының өсуінің экономикалық өсуге әсері қандай?
6. Технологиялық прогрестің
экономикалық өсуге әсері
7. Ашық экономикадағы өсу неге байланысты?
Ұсынылатын әдебиеттер: /4/, /8/, /9/.