Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:48, дипломная работа
Міндеттері ретінде :
− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
− ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
− «Қызыл Жар» ӨК-не жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын бағалау;
− кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасын бағалау;
− Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің сапасын арттырудың жолдарын қарастыру сияқты мәселелерді зерттеу, баға беру, ұсыныстар жасау болып табылады.
КІРІСПЕ
1. Бөлім. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Нарық жағдайында өндірілетін өнім сапасының ұғымы, мағынасы
1.2. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің сапасын көтерудің маңызы
1.3. Өндірілетін өнім сапасына әсер ететін факторлар, олардың жіктелуі
2. Бөлім. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУШІ ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ МЕН САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 «Қызыл Жар» ӨК-нің экономикалық жағдайын талдау
2.2 Кәсіпорында өндірілетін өнімнің сапасын бағалау
2.3.Өндірілген өнімнің бәсекелік көрсеткіштерін талдау
3. Бөлім. ӨНДІРІЛЕТІН ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Өнімнің сапасын көтерудің ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктері
3.2. Өнімнің сапасын көтеруде кәсіпорындардың өзара байланыстарын жетілдірудің маңыздылығы
3.3. Өндірілетін өнімнің сапасын көтеруде инновация, маркетинг жүйелерін жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғарыда атап өткеніміздей кәсіпорын қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін өндірістегі технологиялық үрдістерді жетілдіруіміз қажет. Ол үшін ең алдымен инновациялық жаңашылдықтар керек.
«Инновацияң - термині технологияға байланысты дамып келе жатқан түрлі қызмет түрлерімен түсіндіріледі. Анықтамасына қарай инновация – нарықта бұрын соңды болмаған бір – жаңашылдық. Ол жаңа технологияны пайдаланатын өндіріс үрдістерінде немесе басқару жүйелерінде, жаңа өнімде көрініс табуы мүмкін. Мұндай даму – жаңа нарықпен, өндіріс диверсификациясымен және жаңа ұйымдастырушылық құрылыммен байланысты болуы мүмкін.
Қазақстанның қарқынды даму экономикасында инновациялық қызметтің жандануы көптеген өндірістік және коммерциялық мәселелерді шешу құралы болып табылатын – инновацияларға деген шаруашылық етуші субьектілердің сұранысының артуымен түсіндіріледі. Жаңашылдықтарға деген қажеттілік тұтынушылардың төлем қабілетті сұранысы түрінде көрінеді. Ол экономикалық жағдайлармен, қажеттіліктің қанағаттану деңгейімен, тұтынушы мүмкіндігімен түсіндіріледі. Жаңашылдықты тұтынушының мойындауы, оны неғұрлым тиімді түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Ендірілген жаңашылдықтарды қоғамның мойындауы ауқымы, сатып алушылардың өнім сапасына деген талаптарымен, табыс деңгейімен, ұлттық дәстүрмен және тұрғындардың әдет-ғұрыптарымен, алдын-ала анықталған қоғамдық сұраныстың қалыптасуына септеседі. Инновацияларға кәсіпкерлердің қызығушылық танытуы келешектегі жаңашылдықтарды өткізуден алынатын табысты бөлудегі үлесімен түсіндіріледі. Жаңашылдықтар саласының таралу мүмкіндігі нақты инвесторлардың инвестицияларды ұлттық экономиканың негізгі даму секторларының басым бағыттарында шоғырландыра алуына тәуелді.
Өндірістің инновациялармен
қанығуы жолындағы
Жаңашылдықтардың таралу жылдамдығына жаңашылдық тиімділігі, оның алдыңғы өніммен немесе кәсіпорынның шаруашылық ету параметрлерін жақсартуға мүмкіндік беретін әдіспен салыстырмалы прогрессивтілігі, сонымен қатар жаңашылдықтарды игеру үшін тартылған инвестициялардың өтелімдік уақыты әсер етеді. Осылайша Қазақстан экономикасының дамуын анықтаушы болып ғылым жағынан ұсыныс емес, ал жаңашылдыққа деген сұраныс табылады.
Жаңа инновациялардың пайда болуы мен олпрды өндіріске ендіру көп жағдайда айтарлықтай қаржылық салымдарды талап етеді. Кәсіпорынның технологиялық деңгейін жоғарылатудың ең тиімді әдісі болып қолда бар патенттерді лицензиялау, лицензия пакетін құру болып табылады. Бұл бағытта аумақтық орта кәсіпорынға инновацияларды іздестіру мен қолдау жөнінен мамандандырылған консалтингтік ұйымдар көмектесе алады. Жақсы лицензия пакеті мен оларды ендіру деңгейіне байланысты кәсіпорын бәсекелестік күресте айтарлықтай артықшылықтарға ие болады. Ұсақ және орта фирмаларға ендіру нәтижелерін жалдап, патенттерден көршілес аумақтардан қарымта алған тиімдірек болады. Өйткені патенттердің көп бөлігі шектеусіз пайдалану үшін лицензияланады, сондықтан қайта сатылуы мүмкін. Қазақстан бойынша таралған мұндай лицензиялардың түрлері көп.
Инновациялық фактордың
басқа құрамасы болып ірі корпорациялармен
технологиялық нарықты
Инновацияны пайдалану патенттік құқықты нақты түсінбейінше мүмкін болмайды. Сондықтан кәсіпорын басшыларына патентке немесе лицензиялауға өтініш толтыруға заңды-консалтингтік фирмалар немесе мамандандырылған инновациялық орталықтар айтарлықтай көмек бере алады. Бұған, патенттік немесе лицензиялық келіспеушіліктерді шешуде тыныштық немесе ұтылмау жағдайы белгілі деңгейде тәуелді болады. Өйткені келіспеушіліктердің көпшілігі патенттік құжаттың толтырылуы немесе мүлдем толтырылмауы жағдайынан туындайды. Тіпті соңғы жағдайдың, егер басқа фирма немесе жеке тұлға патентті бұрын алып қойған болса ең негативті салдары болуы мүмкін.
Инновациялық фактор
жеке кәсіпорындар мен холдингтерге
ғана таралып қоймай, сонымен қатар
облыстардың технологиялық
Инновациялық қызмет – шаруашылық етудің динамикалық типінің маңызды белгісі. Бұл нарықтық ортаның даму сипатымен, кәсіпорындар арасында бәсекелестік күрестің шиеленісуімен, өндірілетін өнімнің өмірлік циклінің қысқаруымен алдын ала анықталған.
Біз өз зерттеулерімізде
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп,
сатумен айналысатын
Талдау көрсеткендей инновациялық қызмет әлі де жаңадан қолға алу деңгейінде, өйткені осы саладағы жоғарғы басшылықтың қолда бар нәтижелермен қанағаттанып, инновациялық қызметті ұйымдастыруда жүйелендірілген жұмыстардың атқарылмай жатқандығы байқалады. Осы кәсіпорын аумағында жүргізілген стратегиялық талдау рентабелділіктің басқа көрсеткіштері өсуге қабілетті болғанына қарамастан соңғы жылдардағы атқарылған жұмыстардан сату рентабельділігінің төмендегенін көрсетеді. Мұндай жағдай тұрақта нарықтық коньюктураны ұстап тұру үшін сапаны, өндірістің жабдықталу параметрлерін төмендету кезіне сипат алады. Кәсіпорынның жалпы проблеммаларын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді. Біздің пайымдауымыз бойынша бұл кәсіпорын жағдайында инновациялық қызмет: біріншіден, нақты мүмкіндіктердің (квалификациясы жоғары мамандардың, төлем қабілетті сатып алушылардың, бәсекелестердің алдында бағалық басымдықтың болуы) күшеюі; екіншіден, қауіп деңгейінің төмендеуіне (бәсекелестермен баға деңгейінің төмендеуі, түрлі себептермен басқа марка өнімдерін қалауына байланысты сұраныстың төмендеуі, жеткізушілер өнімдерінің сапасының төмендеуі, кредиттік ресурстарды тартудың қиындауы) және осының нәтижесінде әлсіз жақтардың әсерін азайту. Бірақ бұл үшін:
сервистік қызмет сапасын қадағалайтын жүйені ендіру қажет.
Қорытынды.
Дипломдық жұмысты орындау барысында біз сапаның өнімнің бәсекелік қабілеті мен өндіріс тиімділігіне үлкен әсер ететініне көз жеткіздік. Сапа - әр түрлі факторлардың жүйелі айқындалуын көрсететін синтетикалық көрсеткіш болып табылады. Бұл түсінік өнімнің құрамын және сипаттамаларын білдіреді.
Тауар сапасын арттыру стратегиясын дайындауда қозғалыстағы сапа көрсеткіштерінің тұрақты болмайтындығын ескерген жөн. Тауардың сапасын көтеру стратегиясы элементтерінің бірі болып сериясы 9000 ИСО халықаралық стандарттарының негізінде құрылуы қажет сапаны басқару жүйесі табылады.
Тауардың сапасын
көтеру стратегиясын жүзеге асырудағы
кері байланысының маңызды элементі
болып олардың сертификациялану
Дипломдық жұмысты орындау барысында біз тауардың сапасына ішкі және сыртқы секілді факторлар топтары әсер ететіндігін анықтадық. Сыртқы факторлар ішкі факторлар секілді өндірілетін өнім көлеміне тікелей әсәр етеді, сондықтан сапа көрсеткіштері келесі негізгі талаптарға сай болулары керек:
Кәсіпкерлік стратегиясына жаңаша көзқарас - сапаның тұтынушының талаптарын қанағаттандыратын сонымен қатар өндіріс шығындарын төмендетудің ең тиімді құралы екендігін түсіндіреді.
Дипломдық жұмыстың орындалуы барысында статистикалық, ақпараттық және т.б.мәліметтерді, шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері мен ұсыныстарын пайдалана отырып сапаны басқару мен сапаны көтерудің теориялық мәніне толық сипаттамлар жасалып,тәжірибелік тұрғыдан бірнеше зерттеулер жүргізіліп, бірқатар талдаулар жасалынды. Негізінен бұл зерттеулер мен талдауларда: кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын анықтау, кәсіпорын өндіретін өнімінің жергілікті бәсекелес кәсіпорын өнімдерімен салыстырылып маркетингтік талдаулар (анкеталық сұраулар жүргізу, эксперттік баға беру) жасау арқылы өндірілетін өнімнің беделін, сапасын, жағымдылық қасиеттерін, бәсекелік қабілетін және т.б.анықтау; кәсіпорынның ұйымдасу түрі мен оған бірқатар ұсыныстар келтіру және өндірілетін өнім сапасын анықтау (ҚР МемСТ-на сәйкестігін) сонымен қатар ҚР-ның Президентімен және Үкіметімен ұйымдастырылып жатқан шаралардың орындалу тәртібімен танысу қарастырылды.
БСҰ-на мүше болу қарсаңында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен олардың нәтижелері деназардан тыс қалған жоқ. Өнімнің сапасын арттыру жолында бір-бірімен сабақтас әр сала кәсіпорындарының тізбектелген жүйесін құру мен осы шараларды ұйымдастыруға қолайлы жағдайлар туғызу үшін қай саланың қай жағынан қолдауды қажет ететіндігі анықталып, ұсыныстар жасалды.
Ауыл шаруашылығындағы өндірілетін өнімнің сапасын арттыруда басты рөлге ие болатын өндірістің қызметін әлеуметтік және экономикалық ұйымдастыру жұмыстары мен өндіріске қазіргі заман талабына сай инновациялық жетістіктерді енгізу екенін ескеру қажет. Өйткені ауыл шаруашылығы өндірісінде жоғары білікті мамандардың жетіспейтіндігі, мұндағы жұмыскерлер жалақысының қала жұмыскерлерімен салыстырғанда 3 есеге дейін төмендігі, сондықтан білікті мамандар түгілі университет қабырғасынан жаңа түлеп ұшқан жас мамандардың ауыл шаруашылығына аса қызығушылық танытпайтындығы, кәсіпорын қызметін шығынға ұшыратпай, экономикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру қажеттілігі, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі техника, құрал-жабдықтарының 70 пайызға жуығы бәсеке қабілетті өнім өндіруге жарамсыз кешегі күн құралдары екенін, ал жоғары сапалы өнім өндіруге заман талабына сай жаңа құрал-жабдық қана емес сәйкес материалдар мен сапалы шикізаттың болуы шарт екені баршамызға белгілі.
Информация о работе Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару («Қызыл Жар» ӨК-і мысалында)