Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:48, дипломная работа
Міндеттері ретінде :
− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
− ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
− «Қызыл Жар» ӨК-не жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын бағалау;
− кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасын бағалау;
− Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің сапасын арттырудың жолдарын қарастыру сияқты мәселелерді зерттеу, баға беру, ұсыныстар жасау болып табылады.
КІРІСПЕ
1. Бөлім. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Нарық жағдайында өндірілетін өнім сапасының ұғымы, мағынасы
1.2. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің сапасын көтерудің маңызы
1.3. Өндірілетін өнім сапасына әсер ететін факторлар, олардың жіктелуі
2. Бөлім. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУШІ ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ МЕН САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 «Қызыл Жар» ӨК-нің экономикалық жағдайын талдау
2.2 Кәсіпорында өндірілетін өнімнің сапасын бағалау
2.3.Өндірілген өнімнің бәсекелік көрсеткіштерін талдау
3. Бөлім. ӨНДІРІЛЕТІН ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Өнімнің сапасын көтерудің ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктері
3.2. Өнімнің сапасын көтеруде кәсіпорындардың өзара байланыстарын жетілдірудің маңыздылығы
3.3. Өндірілетін өнімнің сапасын көтеруде инновация, маркетинг жүйелерін жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
- өнімді белгілі бір тасымалдау құралынан орташа түсіру уақыты;
Транспортабелділік
Материалдық және еңбек шығындарын бір мезгілде, тасымалдау жұмыстарындағы адам саны мен біліктілік деңгейін және де уақыт факторын есептеуге мүмкіндік беретін бағалық көрсеткіштер транспортабелділікті неғұрлым толық және жан-жақты бағалауға көмектеседі.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер
өнімнің патенттік
Өнеркәсіптік бұйымның патенттік-құқықтық деңгейі 2 көрсеткіштермен бағаланады, олар: патентпен қорғалғандық (патент қабілеттілік) көрсеткіші және патенттік тазалық көрсеткіші.
Патенттік қорғалғандық көрсеткіші – бұйымды жасап шығаруда, оның құрамына қатысатын, шетелдерде де өндіруші елде де патентпен және авторлық құқықтармен қорғалған отандық өнертапқыштар жаңалықтары мен идеяларының саны мен алатын орнын сипаттайды.
Патенттік тазалық көрсеткіші – бұйымның ішкі және сыртқы нарықтарды еш кедергісіз өткізілуін сипаттайды.
Экологиялық көрсеткіштері
- қоршаған ортаға өнімді тұтынғанда
немесе пайдаланғанда пайда болатын
зияны әсерлер деңгейін сипаттайды.
Өнімнің экологиялылық
- энергия көздері (жанар май, көмір, газ) ретінде пайдаланылатын өнімдердің құрамындағы зиянды заттар (элементтер, қышқылдар, металдар және т.б.) мөлшері;
- өнімді тұтынғанда немесе эксплуатациялағанда, тасымалдағанда, сақтағанда зиянды сәулелердің, газдардың, бөлшектердің шығарылу мүмкіндігі;
- атом энергиясын игеріп, пайдалану үшін зерттеулер жүргізетін атом электростациялары мен басқа да обьектілер қызметінің радиоактивтілігі;
- түрлі саладағы транспорт құралдары мен басқа да машиналар, агрегаттардың дыбыс, діріл, энергетикалық әсер ету деңгейі;
Әртүрлі обьектілер бойынша барлық экологиялық көрсеткіштер сәйкес нормативтік құжаттар мен актілерде (заңдар, стандарттар, құрылыс норамлары мен инструкциялар) жарияланады.
Қауіпсіздік көрсеткіштері - өнімді жөндеуде, сақтауда, тасымалдауда тұтынушы немесе эксплуатациялаушы адамды механикалық, электрлік, температуралық, улы және жарылғыштардан, акустикалық шудан, радиоактивтік сәулеленуден қауіпсіздендіретін өнімнің артықшылығын сипаттайды.
Әр кәсіпорында өндірілетін өнім сапасына ішкі және сыртқы сияқты түрлі факторлар әсер етеді.
Ішкі факторларға кәсіпорынның аталған сапаға сәйкес өнім өндіру қабілетімен, яғни кәсіпорынның қызметімен тікелей байланысты факторлар жатады. Оларды келесі топтарға бөлуге болады:
- техникалық;
- ұйымдастырушылық;
- экономикалық;
- әлеуметтік-психологиялық;
Техникалық факторлар - өнім сапасына тікелей әсер етеді, өйткені жаңа технологияны, жаңа материалдарды, неғұрлым сапалы шикізатты пайдалану – бәсеке қабілетті өнім өндірудің материалдық негізі.
Ұйымдастырушылық факторлар
– еңбек пен өндірісті
Экономикалық факторлар - өнімді өндіру және өткізу шығындарымен, баға саясаты және персоналды жоғары сапалы өнім өндіруге экономикалық ынталандыру.
Әлеуметтік-психологиялық факторлар – салауатты жұмыс жағдайын қалыптастыруға, өз кәсіпорынының тауарлық маркасына берілгендік, оны мақтан ету, жұмыскерлерді моральдік ынталандыруға айтарлықтай әсер етеді, осының барлығы бәсеке қабілетті өнім өндірудің маңызды құрамдас бөліктері.
Нарықтық қатынас жағдайында сыртқы факторлар өнім сапасының қалыптасуына әсер етеді. Сыртқы немесе қоршаған орта қай кәсіпорынның болмасын қызмет етуінің маңызды бөлігі болып табылады. Сыртқы ортаның барлық әсерлерін жеке-жеке мынадай: экономикалық, саяси, нарықтық, технологиялық, бәсекелестік, халықаралық және әлеуметтік факторларға бөліп көрсетуге болады.
«Қызыл Жар» ӨК–гі 1995 жылдың 27 наурызында аудандық әкімшіліктің басшылығының пәрменімен ұйымдастырылған.
Бұл кәсіпорын толық түрде өзін-өзі қаржыландыратын, пайда табуға мақсатталған мекеме.
«Қызыл Жар» ӨК–гі заңды тұлға болып табылады. Өзіндік басшысы, мөрі, тауарлық белгісі бар.
«Қызыл Жар» ӨК–нің негізгі қызметі ауыл шаруашылығында егіншілік саласымен айналысып қана қоймай оны жинау, сақтау, тазалау, өңдеу, жөнелту сияқты сонымен қатар асыл тұқымды мал өсірумен айналысып, мыңға жуық адамды еңбекпен қамтиды.
Қызмет түрлері шет елдердегі, сондай-ақ өзіміздегі ауыл шаруашылық өнімдеріне жоғары сұраныстың болуына орай туындаған.
«Қызыл Жар» ӨК –нің жағдайы біршама тұрақты.
Бұл кәсіпорын Алматы Облысы әкімінің нөмірі
159-1958-ӨК 28.01.99 жылғы бұйрығымен тіркелген.
«Қызыл Жар» ӨК–гі серіктестік болып табылатындықтан басқару жүйесі белгіленген кәсіпорын жарғысына байланысты бекітілген.
Кәсіпорынның жоғарғы брасқару органына – жылына төрт рет маусымдық есеп беріледі. Кәсіпорынның ағымды өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін кәсіпорын басшылығы жүзеге асырады.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы деп орындалатын технологиялық процестерге тәуелді кәсіпорындарды бөліктерге бөлу процессін айтамыз.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы – бұл өзара байланысқан негізгі, көмекші және қызмет етуші шаруашылықтардың жиынтығы. Жалпы кішігірім кәсіпорын цехқа және жұмыс орнына бөлінеді.
«Қызыл Жар» ӨК–нің өндірістік құрылымы келесі нұсқада көрсетілген.
«Қызыл Жар» ӨК–нің өндірістік құрылымы
«Қызыл Жар» ӨК–гі |
3. Сурет
Кәсіпорынның меншігін басқару органы ретінде кәсіпорын басқармасы құрылған, ол жеті бөліктен тұрады. Кәсіпорын басқармасының қызметін ревизиялық комиссия бақылайды.
Қазіргі нарық жағдайында еліміздің кез-келген кәсіпорыны сияқты «Қызыл Жар» ӨК–гі де жүйелі жұмыс жасауға әрекет етуде.
Кәсіпорынның басқару құрылымы келесі нұсқада көрсетілген.
Тазалау цехтарында әр тараптан алынған тапсырыстарды орындау, сұрыптау цехі, орамалау цехі және қоймалар негізгі өндірістің жүйелі жүруіне ықпал етіп отырады.
Кәсіпорынның даму тарихында айтып өткеніміздей басқару жүйесі басқарма кеңесінен тұрады. Тікелей басшылықты директор атқарады. Өндірістік бөлім өнімді өндіру процесімен, кадрлар бөлімі мамандарды тіркеумен, өнімді өткізу және жабдықтау бөлімі дайын өнімге қажетті материалдармен, шикізаттармен қамтамасыз етумен және дайын өнімді өткізумен айналысады.
Бухгалтерлік есеп бөлімінің міндеті – серіктестіктің жұмысына бақылау жасап, есепке алып, күнделікті қорытынды мәлімет шығару, шаруашылық жоспарының орындалуын бақылау, экономикасын, шаруашылық есептің түбегейлі нәтижесін көрсету. Мысалы: серіктестіктің шаруашылық қажетіне жаратылатын (жарайтын) заттарды, тауарларды, ақшалай қаржыларды кәсіпорындар мен мекемелер арасындағы қарым-қатнастар туралы мәліметтерді есепке алады.
«Қызыл Жар» ӨК–нің қызметінің мақсаты: пайда түсіру және салымшылар мен инвесторларды пайдалана отырып өндіріс көлемін ұлғайту, әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады.
Серіктестіктің негізгі қызметі: егін егу, жинау, тазалау, өңдеу, түрлі өнім түрлерін өндіру және орамалау. Ірі кәсіпорындарға, ұжымдарға, шаруа қожалықтарына қызмет көрсету болып табылады.
- «Қызыл Жар» ӨК–нің қызметінің құрамына кіретіндар:
3 астық қабылдау пункті. Мұнда жергілікті аймақтардан астық қабылдау және өңдеуге жіберілгенге дейін сақтау.
- «Қызыл Жар» ӨК–нің астық тазалау, өңдеу, қайта өңдеу және орамалау зауыты бар. Бұл зауытта астық қабылдау пунктерінен түскен астық түрлерін өңдеу нәтижесінде 4 түрлі өнім шығарады. Өнім түрлері:
- «Қызыл Жар» ӨК –не қарасты «Ақ Дәнң цехы. Бұл цехта техникалық және өндірістік астықтан халық тұтынуына қажетті азық–түлік өнімдерін (ұн, ұн өнімдері, бақша дақылдары өнімдерін), сонымен қатар мал азығы дайындалады.
Серіктестікте табиғи монополия заңдылығына сәйкес жыл сайын аудиторлық, қаржылық тексерулер жүргізіледі, оның нәтижесі басшылардың жалпы жиналысында жарияланады.
«Қызыл Жар» ӨК–нің басқару органдары мен жауапкершілігі. Серіктестіктің басқару органдары болып төмендегілер табылады:
- директорлар кеңесі;
- қоғамды басқарушылар.
Бірінші қаржылық қол таңба қою құқығына ие тұлғалар:
- президент;
- бас қаржы директоры;
- экономикалық сұрақтар бойынша атқарушы директор.
Бухгалтерлік есепті жүргізу және 2-ші қаржылық қолтаңба қою құқығына ие тұлға:
- бас есепші.
Бөлімшелерде 1-ші қолтаңба қою құқығы бар бас директорларға және оның қаржы сұрақтары бойынша орынбасарына берілген.
«Бухгалтерлік есеп туралы» заңы мен 1.С.-7.7-Кәсіпорын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес қоғамның Президенті келесілерге жауапты болады:
- бухгалтерлік есеп және есеп беру директоры қызметіне маманды тағайындау;
- бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру, есептілік және салық есебі жүйесіне, сонымен қатар есеп саясатының қабылдануы;
- ішкі қабылдау тәртібін арнауға;
- есеп саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Ендігі кезекте, кәсіпорынның мәлімерттерін пайдалана отырып өндірістік-шаруашылық қызметіне талдау жасаймыз.
Кәсіпорынның негізгі қызметі тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады, бұл орайда негізгі көрсеткіштер ретінде өнімді өткізу көлемі, өнімнің өзіндік құны, жалпы табысты және жұмысшылардың еңбек өнімділіктері болады.
Сондықтан кәсіпорын жұмысын талдауды өнімді және қызметті шығару көрсеткіштерін зерттеуден бастайды.
1.Кесте – Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері
Р/с |
Көрсеткіштер |
өлшем |
2003 |
2004 |
Ауытқуы |
өзгеру |
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Өткізілген өнім көлемі |
мың.тг |
40 287,1 |
39 036,4 |
-1 250,7 |
96,9 |
2 |
Өнімнің өзіндік құны |
мың.тг |
30 315,6 |
30 946,6 |
631,0 |
102,1 |
3 |
Жалпы табыс |
мың.тг |
9 971,5 |
8 089,8 |
-1 881,7 |
81,1 |
4 |
Кезең шығындары |
мың.тг |
11 337,1 |
13 260,6 |
1 923,5 |
117,0 |
5 |
Негізгі қызметтен |
мың.тг |
8 624,9 |
6 702,3 |
-1 922,6 |
77,7 |
6 |
Таза табыс |
мың.тг |
-1 365,6 |
-5 170,8 |
-3 805,2 |
378,6 |
7 |
Өткізілген өнімнің |
тенге |
0,8 |
0,8 |
0,0 |
105,4 |
8 |
Өнім рентабельділігі |
% |
-3,3 |
-11,7 |
-8,4 |
356,8 |
9 |
Жұмысшылар саны |
адам |
267,0 |
223,0 |
-44,0 |
83,5 |
10 |
Еңбек өнімділігі |
мың.тг |
150,9 |
175,1 |
24,2 |
116,0 |
11 |
Еңбек ақы қоры |
мың.тг |
6 789,5 |
6 662,9 |
-126,6 |
98,1 |
12 |
1 жұм-ға орт. |
мың.тг |
25,4 |
29,9 |
4,4 |
117,5 |
13 |
Негізгі қордың |
мың.тг |
386 233,7 |
447 996,5 |
61 762,8 |
116,0 |
14 |
Қор қайтарымдылығы |
мың.тг |
0,1 |
0,1 |
0,0 |
83,5 |
15 |
Қор сиымдылығы |
мың.тг |
9,6 |
11,5 |
1,9 |
119,7 |
Информация о работе Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару («Қызыл Жар» ӨК-і мысалында)