Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару («Қызыл Жар» ӨК-і мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:48, дипломная работа

Описание

Міндеттері ретінде :
− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
− ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
− «Қызыл Жар» ӨК-не жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын бағалау;
− кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасын бағалау;
− Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің сапасын арттырудың жолдарын қарастыру сияқты мәселелерді зерттеу, баға беру, ұсыныстар жасау болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Бөлім. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Нарық жағдайында өндірілетін өнім сапасының ұғымы, мағынасы
1.2. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің сапасын көтерудің маңызы
1.3. Өндірілетін өнім сапасына әсер ететін факторлар, олардың жіктелуі

2. Бөлім. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУШІ ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ МЕН САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 «Қызыл Жар» ӨК-нің экономикалық жағдайын талдау
2.2 Кәсіпорында өндірілетін өнімнің сапасын бағалау
2.3.Өндірілген өнімнің бәсекелік көрсеткіштерін талдау
3. Бөлім. ӨНДІРІЛЕТІН ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Өнімнің сапасын көтерудің ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктері
3.2. Өнімнің сапасын көтеруде кәсіпорындардың өзара байланыстарын жетілдірудің маңыздылығы
3.3. Өндірілетін өнімнің сапасын көтеруде инновация, маркетинг жүйелерін жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ

Работа состоит из  1 файл

Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару.doc

— 698.50 Кб (Скачать документ)

БСҰ-на мүше болуда көптеген қатнастардан айтарлықтай шығын  шегетініміз анық, атап айтқанда: шетел  тауарларының Қазақстан нарықтарына  бірден лап қойып, толтыруы ғана емес, сонымен бірге бұл лап қоюды реттеп отыратын ұлттық шаралар жүйесін шектейді. БСҰ-на мүше болып, шек аралар ашылған соң, осы күнге дейін орасан зор еңбек сіңіріп, әртүрлі қолайлы жағдайлар жасап, дамытып келе жатқан отандық тауар өндірушілердің бірден тығырыққа тірелетінін елестету қиынға соқпайды. Оның үстіне БСҰ-на мүше болуда, сыртқы нарықтарға шығудың қолайлылығымен байланысты алынуы көзделіп отырған тиімділік өзінің оң нәтижелерін тек алыс перспективада ғана көрсетеді. Сондай-ақ, біз бәсекеқабілетті тауар өндіруімізбен қатар, БСҰ-ның күрделі жүйесінде біздің құқықтарымызды қорғай алатын тимді механизм болған жағдайда ғана оң нәтиже туралы сөз қозғауға болады. Отандық өндірушілер тауарлар мен қызметтер аясында таныстырылуы немесе өзімен елдегі жұмыссыздықтың жоғарылауы мен мемлекеттік бюджет табыстарының төмендеуін ілестіретін, отандық нарықтарды бөтен өндірушілердің иемденуі, өзіндік қызығушылықтарды білікті қорғау стратегиясына тәуелді. Кедендік кеңістіктің либерализациясы жағдайында көптеген Қазақстандық өндірушілер басқа көршілес елдер нарықтарындағы бәсекелестік түгілі ішкі нарықтағы ұстап отырған позициясынан да айырылып қалуы әбден мүмкін. БСҰ-ға мүше көршілес Қырғызстан нарығын мысалға алсақ: жергілікті моральдік және физикалық тозған, кешегі күн технологиясымен өндірілген тауарлары шек араның ашықтығынан ішкі нарыққа лап қойған тауарлармен бәсекелестікке түсе алмағандығы бірден байқалады. Мәселен біздің «Рахатң КФ-ның өнімдеріне Москвалық және отандық өнімдермен салыстырғанда сұраныс жоғары, себебі тасымалдау шығындарының төмендігі, яғни бағаның да төмендігі мен өнім сапасының жоғарылығында. Сонымен қатар елдің сатып алу қабілетінің өте төмендігі байқалады. Халықтың кедейлігі бірден көзге түседі. Қырғызстандағы бүгінгі жағдайлар – бұл ел басшылығының біліксіз саясатының зардабы, оның ішінде БСҰ-на мүше болу мәселесі де бар. Сондықтан бізге көршілес елде орын алған қолайсыз жағдай туралы біраз ойлану керек. Мәселен біздің өңдеуші өнеркәсіпті алайық – сүт өңдеу кешені. Бүгінгі таңда отандық тауар өндірушілерді жүктеу үшін шикі сүттің 80% Қырғызстаннан әкелінеді. Қазіргі кезде отандық ауылшаруашылық өндірушіні көтеруде бірқатар шаралар атқарылуда. Біз өзіміздің сүт зауыттарының жұмысын отандық шикізатқа бағыттап, қайта құрғымыз келсе, Қырғызстанмен шекараны жауып, кедендік кедергілер қоюымызға болады. Ал егер  БСҰ-ға кірсек, біз мұндай шараларды жүзеге асыра алмаймыз, өйткені БСҰ-на кіру Қазақстаннан белгілі бір міндеттемелерді қабылдауын талап етеді. Қазірдің өзінде БСҰ-на мүше болмай тұрып, біздің бидай мен болаттың экспорттық арналарын қысып, тарылтып отыр. Ал біз БСҰ-на кіргенде не болмақ?

Мысалы: кейінгі кездері  АҚШ-ы Ауғаныстанға гуманитарлық көмек  ретінде деп көп мөлшерде бидай  апарып жатыр. Ауғандықтар неге біздің бидайды алмайды?  Күні бүгін Қазақстан элеваторларында құны тоннасына 55 АҚШ долл.құрайтын  3,5 млн.тонна бидай еш айналымсыз, бос жатыр. Біз алушы табылса сол бидайды тіпті 50 доллардан болса да сатар едік. Міне осыдан республикадағы бидайдың асыра өндіріліп жатқандығын көруге болады. Сондықтан осы жылдың 10 сәуірінде болған жиналыста Президент айтқандай «Кәсіпкерлікті дамытудың негізгі мәселелерінің бірі болып жалпылама маркетингтік зерттеулерді есептеуң болып табылады. Басқа мысал: күн сайын Өзбекстан шекарасы арқылы 1000 тонна ұн шығарылады. Ұн негізінен алыпсатарлар арқылы жүреді. Заң жүзінде біздің Өзбекстанмен ондай сауда-саттыққа бара алмаймыз, өйткені ақшамызды қайтарып ала алмаймыз. Бұл бізге қалыптасқан өткізу нарықтарын күшейтіп, Орталық-Азия аумағына интеграцияны дамыту керек деген сөз. Әлемдік нарыққа интеграция оңай шешім бере қоймайды. Дамыған елдерге мықты бәсекелестер керек емес, әлемдік нарықта орын үшін күресіп сонымен бірге дамыған елдердің БСҰ-на кірген елдің бәсекелес өнеркәсібін өз қолына алуын (мықтының әлсізді бағындыруын) да бақылап отыру керек.

Қазақстанның шикізат  ресурстарына (мұнай, газ және т.б.) және алғашқы өңдеуден өткен өнімдеріне сұраныстың артуы қолайлы фактор болып табылады. Бірақ Қазақстанға  нарықтағы дайын өнім бағасымен  салыстырмалы  түрде алғанда шикізатты сатудан түсетін түсім өте аз. Қазақстан мұнайды сатудан жылына 7 млрд.доллар табыс алса, Ресей сүт өнімдерін сатудан жылына  9 млрд.доллар табыс алады. Осы орайда біз, алдымен бәсеке қабілетті өнім өндіруді үйреніп, содан кейін ғана БСҰ-на мүше болу керек деген тұжырымға қайта ораламыз. Көршілердің қателіктерін қайталамайық.

БСҰ-ы бәсекелік қабілеті өте жоғары тауарлар, әсіресе жоғары технологиялар мен қызмет саласында, өндіретін дамыған елдер үшін тиімді болуы мүмкін. Өкінішке орай Қазақстан әлі мұндай тауар өндірушілер сапына кірмейді. Бізді өндірген өнімдерімізбен Батыста ешкім күтіп тұрған жоқ, бізге Қазақстанның ішінде және ТМД-ы ауқымында қалыптасып қалған өткізу нарықтарын сақтап, дамыта беріп, содан кейін ғана біртіндеп БСҰ-на кіруге дайындалуымыз қажет. Көптеген жоғары дамыған елдер БСҰ-на кіруге бірнеше ондаған жылдар бойы дайындалғаны тарихта бар. Қытайда бұл – 15 жыл уақыт алса, ЕЭО мүшелеріне бірлескен экономикалық кеңістік құруға 35 жыл қажет болды. Сондықтан біз БСҰ-на кіруге қаншалықты жақсы, талпыныспен дайындалған сайын, әлемдік экономикада соншалықты жоғары орын иемдену мүмкіндігі арта түседі. Ал қазір бізге бар ынта-жігерді жинап мыналарға бағыттауымыз керек:

- Консалтингтік-маркеитнгтік орталықтар құруға;

- Экономиканың өнеркәсіптік секторын, ірі, кіші және орта бизнесті технологиялық қайта құру, алдыңғы қатарлы технология негізінде жоғары технологиялық өндірісті игеру;

- Өнімнің сапасын және бәсекеқабілеттілігін арттыру;

- Шикізатты өндіруден бастап, жоғары тауарлы дайын өнім өндірісіне дейінгі аяқталған өндірістік циклді қалыптастыру;

- Өндірісті, инновацияны, менеджментті дамыту тұрғысынан тиімді корпоративтік құрылымдар құру қажеттігі;

- Ақпараттық технологияларды кең көлемде ендіру, осының негізінде өзара байланысқан қызмет пен тауарлар нарығын құру;

Болашақта еліміздің  қолайлы жағдайда дамуында дайын, отандық, бәсеке қабілетті өнім экспорты мөлшерін болмашы жоғарылатқан жағдайда біз  БСҰ-ның құрамына тек шикізат  дайындаушы ретінде ғана емес, ал терезесі тең әріптес ретінде кіруге мүмкіншілік алған болар едік. 

1.3. Өндірілетін  өнім сапасына әсер ететін  факторлар, олардың жіктелуі

Сипатталатын белгілерінің құрамы мен құрылымын анықтаудың негізгі бағыттары, өнім сапасының  деңгейін бағалайтын көрсеткіштер классификациясынан көрініс табады.

Мөлшерленуіне қарай  натуралды бірліктермен (килограмм, метр, балл, көлемі шектеусіз), сондай-ақ бағалық бірліктермен сипатталалды.

Сапа деңгейінің бағалануына  байланысты – базалық және қатысты  көсеткіштер.

Анықталу стадиясына байланысты – болжамды, проектілі, өндірістік, эксплуатациялық көрсеткіштер.

Сипатталатын белгілеріне  байланысты – бірліктік және кешенді (топтық, жалпылама, интегралды) болуы  мүмкін. Бірліктік және кешенді сапа көрсеткіштері, сізді, обьектінің (жүйенің) сыртқы ортамен қатынасының қызықтыруына тәуелді түрлі топтарға біріктіріледі. Мұндай топтастырылу үлгісі кестеде көрсетіледі.

№ р/с

Сапа  
функцияларының топталу ортасы

Сапа  
көрсеткіштері топтары

1

Заттық ортасы

функционалды  белгілерінің көрсеткіштері

2

Уақытылы заттық ортасы

сенімділік  көрсеткіштері

3

Кеңістікті заттық ортасы

транспортабельділік көрсеткіштері

4

Өндірістік-технологиялық  ортасы

технологиялық-ұйымдастырушылық  
деңгейінің көрсеткіштері

5

Экономикалық қатнастар  ортасы

экономикалық  көрсеткіштері

6

Экологиялық қатнастар  ортасы

экологиялық көрсеткіштері

7

Қауіпсіздік қатнастар  ортасы

қауіпсіздік көрсеткіштері

8

Эргономикалық қатнастар  ортасы

эргономикалық көрсеткіштері

9

Эстетикалық қатнастар  ортасы

эстетикалық көрсеткіштері

10

Патенттік-құқықтық қатнастар ортасы

патенттік-құқықтық көрсеткіштері

11

Нормативтік орта

стандарттау көрсеткіштері

12

Нарықтық қатнастар  ортасы

бәсекелік қабілетінің  көрсеткіштері


 

Көрсеткіштер топтарын талдаған кезде лоардың арасындағы белгілі бір корреляцияны байқауға болады. Мысалға, өнімнің энергия сиымдылығы сияқты, өндірістің технологиялық деңгейінің көрсеткіші экономикалық және экологиялық көрсеткіштер топтарымен өте тығыз байланысты.

Өнімнің сапасы, оның құрамын  анықтаушылардың мөлшерін өлшеу  негізінде бағаланады. Қазіргі заманда сапа көрсеткіштерінің сәйкес топтары арқылы өнімнің (тауардың) құрамын келесі топтар бойынша классификациялау өте кең тараған: пайдалану бағытының көрсеткіштері, сенімділік, технологиялық, стандарттау және унификациялау, эргономикалық, эстетикалық, транспортабельділік, патенттік-құқықтық, экологиялық және қауіпсіздік көрсеткіштері.

 Пайдалану бағытының  көрсеткіштері өнімнің қай салада, қай жағдайда қолданылатынын  көрсетіп қана қоймай, осы өнімді  пайдаланудан алынатын тиімді  эффектті да айқындайды. Бұл көрсеткіш бағаланып отырған өнімнің көмегімен белгілі уақыт аралығында қандай көлемде өнім өндірілетінін немесе өндірістік қызмет көрсетілетінін айқындайды.

Пайдалану бағыты көрсеткіштері  тобына келесі топшаларды жатқызуға  болады: классификациялық, техникалық тиімділік, функционалдық, құрылымдық және де құрамы мен құрылымдық.

Сенімділік көрсеткіштері. Сенімділік өнеркәсіптік өнімнің негізгі  көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Әр түрлі құндылықтардың жұмыс интенсивтілігі мен күрделілік режимдері үздіксіз өсіп, атқарылатын функцияларға жауапкершілік жоғарылайды. Жауапкершілік деңгейінің жоғарылауына байланысты сенімділікке деген талаптар да өседі. Машиналар мен басқа да құрал жабдықтардың сенімділік деңгейінің жеткіліксіздігіне байланысты, олардың жөнделуі мен эксплуатациясындағы жұмыс қабілеттілігін ұстап тұру шығындарымен қатар өндіріс шығындары да артады. Құндылық сенімділігі көінесе эксплуатациядағы температура, ылғалдылық, қысым, радиация, механикалық ауыртпалық және де басқа жағдайларға тәуелді.

Технологиялылықтың  көрсеткіштері еңбек өнімділігін  жоғарылату үшін қабылданған құрастырушылық-технологиялық  шешімдердің тиімділігін сипаттайды, өнімді дайындауда немесе жөндеуде нақ  осы технологиялылық арқылы өнім өндіру қарқыны, материал шығындарды, өндірістің технологиялық дайындығы, өнімді дайындау мен пайдалану кезінде кезінде еңбек құралдары мен уақытты рационалды бөлу деңгейі анықталады.

Унификациялау және стандарттау  көрсеткіштері - өнімнің стандартты, унифицирленген және нақты құрамдас бөлшектермен қаныққандығы, сонымен бірге, басқа өнімдермен салыстырғанда унификациялану деңгейі. өнімнің барлық бөліктері стандартты, унифицирленген және нақты бөліктерге бөлінеді. Стандартты және унифицирленген бөлшектер пайызы қаншалықты жоғары болған сайын өнім өндірушіге де өнімді тұтынушыға да соншалықты тиімді. Стандарттау және унификациялау көрсеткіштеріне келесілерді жатқызуға болады:

- обьектінің стандартталу коэффициенті

- обьект бөлшектерінің жоба аралық унификациясы

- обьектінің құрамдас бөліктерінің қайталанымдылық коэффициенті.

Өнімнің эргономикалық  көрсеткіштері тұтынушының осы  құндылықпен өзара қатнасын, оның құндылықты пайдаланған кездегі  адамның гигиеналық, физиологиялық, антропометрлік және психологиялық  талаптарына сәйкестігін көрсетеді. Мұндай көрсеткіштерге мысалы: адамның тракторды жүргізуге қажетті күш қуаты, велосипед рулінің орналасуы, жарықтылық, жылулылық, ылғалдылық, шу, діріл, шаң-тозаң, жанатын заттардағы түтін мен будың концентрациясын кіргізуге болады.

Сапаның эргономикалық  көрсеткіштері обьектінің қойылатын эргономикалық талаптарға сәйкестігін анықтаған кезде пайдаланылады. Мысалға: формасына, өнімнің түсі мен оның құрастырылған элементтеріне және т.б.

Өнім сапасының эргономикалық  көрсеткіштері жұмыс істеген  адам мен қолданылатын затқа әсер ететін факторлардың барлығын қамтиды.

Өнім сапасының эргономикалық  көрсеткіштері келесі түрлерге жіктеледі:

- Гигиеналық көрсеткіштер - адамның осы бұйымды қолдануда, өмірлік және жұмыс қабілеттілігіндегі гигиеналық жағдайлармен сәйкестігін анықтағанда пайдаланылады.

- Антропометрлік көрсеткіштер – адам денесі және де басқа бөліктер көлемі мен формасына сәйкестігін анықтағанда пайдаланылады.

- Физиологиялық және психофизиологиялық көрсеткіштер – адамның физиологиялық талаптарына және оның сезім мүшелерінің жұмыс қабілетінің ерекшеліктеріне (адамның жылдамдығы мен әл-қуаты, сонымен бірге есту, көру, тактильді сезуіне) сәйкестігін анықтаған кезде пайдаланылады.

- Психологиялық көрсеткіштер – өнеркәсіптік бұйымдарға қойылатын инженерлік-психологиялық талаптарында, еңбек психологиясы және жалпы психология талаптарында көрініс табатын адамның психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестігін анықтаған кезде пайдаланылады.

Эргономикалық көрсеткіштер деңгейі, арнайы дайындалып баллмен  өлшенетін өнеркәсіптің арнайы саласына мамандандырылған - эксперттермен анықталады.

Транспортабелділік көрсеткіштері - өнімді пайдаланбай немесе тұтынбай тасымалдауға қолайлылығын сипаттайды. Транспортабелділік көрсеткіштеріне  мыналарды жатқызуға болады:

- өнімді тасымалдауға орташа дайындау уақыты;

- өнімді тасымалдауға дайындауда орташа еңбексиымдылық;

- өнімді белгілі бір тасымалдау құралына орташа орналастыру уақыты;

- тасымалдау құралының көлемін пайдалану коэффициенті;

Информация о работе Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару («Қызыл Жар» ӨК-і мысалында)