Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару («Қызыл Жар» ӨК-і мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:48, дипломная работа

Описание

Міндеттері ретінде :
− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
− ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
− «Қызыл Жар» ӨК-не жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын бағалау;
− кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасын бағалау;
− Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің сапасын арттырудың жолдарын қарастыру сияқты мәселелерді зерттеу, баға беру, ұсыныстар жасау болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Бөлім. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Нарық жағдайында өндірілетін өнім сапасының ұғымы, мағынасы
1.2. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің сапасын көтерудің маңызы
1.3. Өндірілетін өнім сапасына әсер ететін факторлар, олардың жіктелуі

2. Бөлім. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУШІ ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ МЕН САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 «Қызыл Жар» ӨК-нің экономикалық жағдайын талдау
2.2 Кәсіпорында өндірілетін өнімнің сапасын бағалау
2.3.Өндірілген өнімнің бәсекелік көрсеткіштерін талдау
3. Бөлім. ӨНДІРІЛЕТІН ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Өнімнің сапасын көтерудің ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктері
3.2. Өнімнің сапасын көтеруде кәсіпорындардың өзара байланыстарын жетілдірудің маңыздылығы
3.3. Өндірілетін өнімнің сапасын көтеруде инновация, маркетинг жүйелерін жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ

Работа состоит из  1 файл

Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару.doc

— 698.50 Кб (Скачать документ)

 

     Кесте берілгендері бойынша кәсіпорынның шығындары есепті жылы 631 мың тг. немесе өткен 2003 жылмен салыстырғанда 2.1%-ға көп екендігін байқаймыз. Шығындар сметасының барлық тармақтары өзгеріске ұшырады.

      Шығ ындардың жалпы сомасы шығаратын өнім көлеміне, құрылымына, өзгермелі немесе тұрақты шығындар деңгейіне байланысты өзгереді деп есептеуге болады.

      Шығындардың артуының басты себебі:  егістік жерлердің көлемінің ұлғаюы, тиісінше жаңа астық қабылдау пункттерін ашу қажеттілігінің туындауы, техникалық құрал-жабдықтар санының артуы, тұқым көлемінің, тыңайтқыштар мен  жанар-жағармай бағасының жоғарылауы, энергияға кеткен, сондай-ақ маусымдық жұмысшылар санының артуы, есепті 2004 жылы өткен 2003 жылмен салыстырғанда астықтың нарықтық бағасының (бидай: 2003ж. 198.5 АҚШ долл.–1тонн., 2004ж.–145 АҚШ долл.–1тонн.) айтарлықтай төмендеуі және т. б. болып табылады.

     Ендігі кезекте өнім рентабельділігін талдаймыз.

Кесте  - Өнім рентабельділігін талдау.

Р/с

Көрсеткіштер

өлшем  
бірлігі

2003

2004

Ауытқуы  
(+;-)

өзгеру  
қарқыны %

А

1

2

3

4

5

6

1

Өткізуден алынғын таза табыс

мың.тг

-1 365,6

-5 170,8

-3 805,2

378,6

2

Өткізілген өнімнің  
өзіндік құны

мың.тг

30 315,6

30 946,6

631,0

102,1

3

Кезең шығындары

мың.тг

11 337,1

13 260,6

1 923,5

117,0

4

Өнім рентабелділігі

мың.тг

-3,3

-11,7

-8,4

356,8


 

      Кесте берілгендері бойынша байқағанымыздай есепті жылы кәсіпорынның рентабельділігі теріс мәнге ие болды, яғни кәсіпорын жұмысы  тиімсіз болды. Оның өзіндік себептері: өнімді және басқа да өткізулерден алынған пайданың төмендеуі, яғни есепті 2004 жылы өткен жылмен салыстырғанда 3805.2 мың тг-ге төмендеуі немесе 278.6%-ға кемуі, сондай-ақ толық өзіндік құнның, яғни дайын өнім бағасының көтерілуі есепті 2004 жылы өткен жылмен салыстырғанда 631 мың тг-ге өсуі немесе 102.1%-ға көтерілуіне байланысты болды. Соның нәтижесінде есепті 2004 жылы өткен жылмен салыстырғанда өнім рентабельдігі  айтарлықтай өскен жоқ.

      Бұл бөлімді талдау еңбек ресурстарын пайдалануды жалпы бағалаудан басталады.

8. Кесте  - Еңбек ресурстарын пайдалануды жалпы бағалау

Р/с

Көрсеткіштер

өлшем  
бірлігі

2003

2004

Ауытқуы  
(+;-)

өзгеру  
қарқыны %

А

1

2

3

4

5

6

1

Өткізілген  
өнім көлемі

мың.тг

40 287,1

39 036,4

-1 250,7

96,9

2

Жұмысшылар саны

адам

267

223

-44

83,5

2,1

соның ішінде  
жұмысшылар

адам

213

167

-46

78,4

3

Еңбек ақы қоры

мың.тг

6 789,5

6 662,9

-126,6

98,1

4

1 жұм-ның орт. 
еңбек өнімділігі

мың.тг

189,1

233,8

44,6

123,6

5

Өнім көлеміндегі  
еңбек ақы қорының  
үлес салмағы

%

16,9

17,1

0,2

0,0

6

1 жұм-ға орт. 
еңбек ақы

мың.тг

25,4

29,9

4,4

117,5


 

      Бұл кесте мәліметтері бойынша байқағанымыздай өнімді өткізу көлемі өткен жылмен салыстырғанда есепті 2004 жылы 1250.7 мың  тг-ге кеміді. Бұл шикізат көлемінің азаюына  байланысты болды.

      Өнім көлемінің артуына байланысты бір қызметшінің еңбек өнімділігі есепті 2004 жылы өткен 2003 жылмен салыстырғанда тиісінше 44,6 мың тг-ге немесе 23,6%-ға жоғарылады. Бұның себебі өнім өндіру көлемінің жоғарылауына және жұмысшылар санының кемуіне байланысты болды.

      Өнім көлеміндегі еңбек ақы қорының үлес салмағы есепті 2004 жылы өткен 2003 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 16.9%-дан, 17.1%-ға, яғни 0.2%-ға жоғарылады, 1 қызметшінің орташа айлық еңбек ақысы 17.5%-ға өсіп, өткен жылмен салыстырғанда есепті 2004 жылы  29,9 мың тг-ге тең болып, 4,4 мың тг-ге өсті, яғни әрбір жұмысшы маусым кезінде жоғары еңбек ақы алып отырды.

      Астық өнімдерінен түскен табыстың төмендеуінің бірнеше себептері болды: олардың қатарына әлемдік нарықтағы астық өнімдері мен шикізаттарына деген сұраныстың артуы, мемлекеттің астық түрлері мен өнімдерін экспорттауға шектеу қоюы, ал ішкі нарықтағы айтылған өнім бағасының төмен деңгейде сақталуы, соның ішінде әлемдік сән үлгілеріндегі ауыл шаруашылық өнімдерінен жасалған тауарлардың алдыңғы шепте болуы қосымша өткізулерден алынған табыстың жоғарылауына себеп болды, сондай-ақ кейбір мемлекеттердегі астық алқаптарының табиғи зардаптарға ұшырауы елдегі астық өнімдеріне айтарлықтай сұраныс тудыруына қарамастан жоғарыдағы жағдайларға байланысты шаруашылықтар өнімдерін жоспарланған деңгейдегіден әлдеқайда арзан бағамен сатуына, алға қойған мақсаттарына толықанды жете алмауына себеп болды.

Ауыл шауашылығында айта кететін, басты мәселелердің бірі мемлекетіміздің Халықаралық Сауда Ұйымына мүше болуына  байланысты елімізде қай салада болмасын қызмет етуші, яғни өнім өндіруші немесе қызмет көрсетуші нарық субьектілерінің өндірген өнім (көрсетілген қызмет) сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аса қатал ден қойылуы.  Сондай–ақ Президентіміздің 2003–2005 жалдарды ауыл жылдары деп жариялауы, ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын қадағалайтын, сапаны арттыруға тікелей себепкер болатын мекемелердің ашылуына немесе қайта жандануына үлкен мүмкіндік туғызды.

      Ары қарай «Қызыл Жар» ӨК–нің өзіндік қаржыларын талдаймыз.

 

Кесте  - «Қызыл Жар» ӨК –нің өзіндік қаржыларын талдау

Р/с

Көрсеткіштер

2003

2004

Ауытқуы

мың тг.

%-дық үлесі

мың тг.

%-дық  
үлесі

(+;-)

өзг.  
қар-ы,%

А

1

2

3

4

5

6

7

1

Жарғылық қор

465,0

-2,0

387,5

-2,2

-77,5

83,3

2

Бөлінбеген өткен жылғы  табыс

-32 154,1

139,3

-20 888,0

118,8

11 266,1

65,0

3

Жалпы табыс

9 971,5

-43,2

8 089,8

-46,0

-1 881,7

81,1

4

Таза табыс

-1 364,6

5,9

-5 170,8

29,4

-3 806,2

378,9

6

Барлығы

-23 082,2

100,0

-17 581,5

100,0

5 500,7

76,2


 

      Берілген кесте мәліметтерінен байқап отырғанымыздай, өзіндік қаржы көздерінің жиыны 2004 жылы -17 581,5 мың тг. шығынды болып отыр. Бұл көрсеткіштің теріс мәнге ие болуына, ең алдымен, бөлінбеген табыстың және жалпы табыстың кемуі әсер етті. Ол шамалар өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше –11 266,1 мың тг-ге және -1 881,7 мың теңгеге төмендеген.

Ендігі кезекте «Қызыл Жар» ӨК-нің айналым қорларына талдау жасаймыз. Кәсіпорынның айналым қорларын, мысалдағы кәсіпорынның жылдық балансындағы активтік бөлімінің: ұзақ мерзімді активтері және ағымдағы активтері сияқты көрсеткіштеріне сүйене отырып зерттеуге болады.

Кесте. Кәсіпорынның активтерін талдау.

№  
р/с

Кәсіпорын активтері 

2003 жыл

2004 жыл

Ауытқуы

мың.тг

%

мың.тг

%

мың.тг

%

1

Ұзақ мерзімді активтер:

635 494,1

38,6

480 407,8

31,0

-155 086,3

75,6

1,1

Материарды емес активтер

47,7

0,0

47,7

0,0

0,0

100,0

1,2

Негізгі құралдар

618 002,6

97,2

447 996,5

93,3

-170 006,1

72,5

1,3

Аяқталмаған құрылыс

17 443,8

2,7

32 363,6

6,7

14 919,8

185,5

1,4

Ұзақ мерзімді  
дебиторлық борыштар

 

0,0

 

0,0

0,0

 

2

Ағымдағы активтер:

1 010 220,3

61,4

1 067 067,2

69,0

56 846,9

204,5

2,1

Тауарлы-материады  
запастар

285 991,0

28,3

301 172,1

28,2

15 181,1

105,3

2,2

Дебиторлық борыштар

704 896,5

246,5

698 899,8

65,5

-5 996,7

99,1

2,3

Ақшалай қаражаттар

19 332,8

2,7

66 995,3

6,3

47 662,5

346,5

 

Барлығы

1 645 714,4

100,0

1 547 475,0

100,0

-98 239,4

 

 

      «Қызыл Жар» ӨК–нің айналым қорлары да негізгі қорлары да есепті жылы біршама төмендегенін  көруге болады.

      Ағымдағы активтері 56 846,9 мың тг-ге өсіп, оның ішінде материалдық айналым қорлары 15 181,1 мың тг, ақшалай қаражаттар 47 662,5 мың тг-ге өсіп, кәсіпорынның барлық қаржылары өткен жылмен салыстырғанда -98 239,4 мың тг-ге кеміген. Негізгі шығын ұзақ мерзімді активтер есбінен болып отырғанын көруге болады.

      Нарық жағдайында «Қызыл Жар» ӨК–гі өндірілетін өнім және көрсетілетін қызмет түрлерін біршама түрлендірген. Ал өндіріс процесіне қажетті заттарды арнайы сауда дүкендері мен сауда базарларынан сондай-ақ арнайы тапсырыспенен жасатады.

      Ал мұндай процесс, өз кезегінде еңбек сиымдылығы жоғары жұмысқа жатады. Бұл процестерді дұрыс жолға қою қажетті материалдармен дер кезінде қамтамасыз етіп отырудың бірден-бір жолы.

      «Қызыл Жар» ӨК–гі негізінен жергілікті халықтың, сондай-ақ шет мемлекеттер тапсырыстарымен жұмыс істейді, яғни көп мөлшерде астық егіп, оны жинап, кептіріп, тазартып, сұрыптап, өңдеп отандас кәсіпорындар мен шет мемлекеттерге сатады. Соңғы кездердегі қиыншылықтарға бой алдырмай, қызметін жалғастыру бұл кәсіпорынға да өз әсерін тигізді. Жылдан-жылға шығаратын қызмет пен өндірілетін өнім көлемі жоғарылап жұмысшылардың еңбек өнімділіктері артты. Шығындылық деңгейі артты. Соңғы екі жылдағы мәліметтер көрсеткіштері осы жағдайды көрсетеді. Мәселен 2003 жылы өнімді өткізу көлемі 40 287,1 мың тг. Болса 2004 жылы бұл шама 39 036,4 мың тг-ні құрап, -1 250,7 мың тг. кеміген. Толық өзіндік құн 30 315,6 мың тг.-ден 30 946,6 мың тг.-ге дейін өсті. Шығын көлемі де сәйкесінше -3 805,2 мың тг-ге өсті.

      Міне осындай талдаулар нәтижесі, жаңа ұсыныстар мен шаралар тобын енгізуді қажет етті.

Нарықтық экономиканың қай саласында болмасын қызмет етіп, негізгі мақсаты табыс табуға бағытталған, кез-келген кәсіпорын кызметі, маркетингтік зерттеулерді аса қажет етеді. Осы орайда біздің мысалдағы «Қызыл Жар» ӨК-нің қызметі оң нәтижеге қол жеткізуге бағытталған нарық субьектісі ретінде атқарылып жатқан шаралар жиыны мен осы мақсатта келешекте атқарылатын жұмыстар жүйесімен қысқаша таныстырып өткенді жөн көрдік.

Жоғарыда аталып отырған  кәсіпорын қызмет саласы бойынша  ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге және өңдеуге бағытталған. Ауыл шаруашылық өнімдерінің 90%-ы тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларымен тығыз қызмет ететінін, бұл саланың өндірген өнімдері барынша алғашқы тұтыну заттары немесе сол заттарға шикізат ретінде пайдаланылатынын ескере отырып, өнім өткізуде нарық сегменттері арасында жоғары сұранысқа ие болатыны баршамызға белгілі. Сонда да болса кездесетін қиыншылықтар реті аз емес. Мәселен:

Информация о работе Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару («Қызыл Жар» ӨК-і мысалында)