Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:48, дипломная работа
Міндеттері ретінде :
− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
− ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
− «Қызыл Жар» ӨК-не жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын бағалау;
− кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасын бағалау;
− Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің сапасын арттырудың жолдарын қарастыру сияқты мәселелерді зерттеу, баға беру, ұсыныстар жасау болып табылады.
КІРІСПЕ
1. Бөлім. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Нарық жағдайында өндірілетін өнім сапасының ұғымы, мағынасы
1.2. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің сапасын көтерудің маңызы
1.3. Өндірілетін өнім сапасына әсер ететін факторлар, олардың жіктелуі
2. Бөлім. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУШІ ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ МЕН САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 «Қызыл Жар» ӨК-нің экономикалық жағдайын талдау
2.2 Кәсіпорында өндірілетін өнімнің сапасын бағалау
2.3.Өндірілген өнімнің бәсекелік көрсеткіштерін талдау
3. Бөлім. ӨНДІРІЛЕТІН ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Өнімнің сапасын көтерудің ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктері
3.2. Өнімнің сапасын көтеруде кәсіпорындардың өзара байланыстарын жетілдірудің маңыздылығы
3.3. Өндірілетін өнімнің сапасын көтеруде инновация, маркетинг жүйелерін жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
Кері жағдайда топырақтың құнарлылығы төмендеп, оның өнімділігі азайып, соңғы кезекте еңбек өнімділігі, материалдық және қаржылық қорларды негізсіз жұмсау болып табылады.
Жоспарлау ауыл шаруашылығында белгілі бір принциптер негізінде жүзеге асырылады. Олар кез-келген әлеуметтік-экономикалық қатнастарда қолданылуы мүмкін, ал басқалары бұл қатнастардың қайта қалыптасуы болып табылатындықтан аграрлық саясаттың өзгеруіне байланысты өз қызметін тоқтатады. Жоспарлау мемлекеттік реттеу әдісі ретінде, нарықтық экономикасы дамыған елдерде кеңінен қолданылады.
Мақсатқа бағытталған жоспарлауға жататын сілтеме ретінде мыналарды атауға болады: Оның құрылымындағы көпжақтылықтың қалыптасуы мен жеке меншік формаларының өзара қарым-қатнасы; АӨК-гі экономикалық қатнастардың қайта қалыптасуы, АӨК-нің өзінің халық шаруашылығының басқа да салаларымен қарым-қатнасы, АӨК және мемлекет арасындағы қарым-қатнастар. Басқаша айтқанда әңгіме негізінен салааралық қатнастар жөнінде болып отыр, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасындағы өзара алмасу эквиваленттілігі және т. с. с.
Жоспарлаудағы басты мәселені салалық аспектіге бұруға тура келеді. Бұл шаруашылық қызметпен тікелей байланысты, жеке өнім түрлерін (астық, сүт, киім, т.с.с.) өндірумен айналысатын өндірісті дамыту, қолдау, ішкі нарықты қорғау, экспортты немесе импортты ынталандыру сияқты экономикалық шаралар жүйесін анықтау. Ауыл шаруашылық өндірісінде, мысалға, жоспарлауға өзіндік тәсіл керек, бұл оның өндірісі балансына негізделген, қолдану (тұтыну), өсудің болжамды мүмкіншіліктерін бағалау, өндіріс көлемін қысқарту қажеттілігі, мақсаттар мен міндеттерге адекватты шаралар жүйесін анықтау.
Дәнді дақыл өндірісіндегі және оны өткізудегі қалыптасқан жағдайлар оның сыртқы және ішкі нарықтардағы өткізілуін қажет етеді. Мұндай бағалау ауыл шаруашылық өнімдерін сұраныс және ұсыныс нарықтарындағы өзін-өзі реттеуді толықтырып отыратын экономикалық шаралардың дамытылуына қажет етіледі. Нарықтық қатнастар жоспарлаудың нысандары мен әдістеріне, сондай-ақ,оның негізін құраушы принциптеріне әсер етеді.
Дәнді дақылдарды өндірудегі жоспарлауда төрт кезекті этапты ескерген жөн: нарықтағы қызмет бағдарламасының негізділігі; өнімді және шикізатты өндірушілердің мақсаттары мен міндеттерін анықтау; өндірістің дамуын жүзеге асыру; нарықтағы тұтынушылардың төлемқабілетті сұранысын қанағаттандыратын өнімді және шикізатты өндіру есебінен табысты анықтау.
Кәсіпорын жоспары жоспар-бағдар (болжау) болып табылады, оның жүзеге асырылуы бәрінен бұрын коллектив жұмыскерлерінің қызығушылықтарымен ынта-жігерін ұйымдастыруға бағытталған.
Бұл болжамдар мазмұнының негізіне мыналар кіруі керек: болжамданатын, ағымдағы, орта және ұзақ уақыт даму тенденцияларын (өндірістің даму қарқыны, өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдері көлемінің, құрылымдық сәйкестілігі, материалдық және басқа да базалармен жабдықталуы және т.т.б.) айқындау және бағалау; өндірістік-экономикалық және әлеуметтік дамудың стратегиясы мен тактикасын дамыту, экономикалық дамуының негізі реттегіштерінің параметрлерінің және сандық өлшемін анықтау және орнату, шаруашылық етудің экономикалық механизмінің құраушыларын-мемлекеттік және басқа да инвестициялар бағасын, қарыздар, несиелер және т.б.
Егін шаруашылығы саласының дамуына мемлекеттік әсер ету механизмін 5-6 жылға құру қажет, бұл уақыт аралығында ол қайта қаралмауы керек. Бұл қарастырылып отырған саланың барлық субьектілерінің өндірістік-шаруашылық қызметін тұрақты жүргізуін тұрақтылыққа ие болуына және де ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шараларды өз кезегінде жүргізуге мүмкіндік тудырады.
Егін шаруашылығындағы экономикалық жағдайларды талдау нәтижелерін қарастыра отырып мынадай тұжырым жасауға болады: агронарықтың тұрақтанып одан әрі дамуына бағытталған, егін шаруашылығымен айналысатын субьектілерді қолдап олардың экономикалық қызығушылықтарын қорғайтын мемлекттік реттеу моделі керек. Бәрінен бұрын астық өндірісін ең қолайлы табиғи-экономикалық жағдайлары бар ауыл шаруашылық аудандарға орналастырылуын қадағалау керек, бұл өз кезегінде негізгі ресурстар мен капиталдың экономикалық серпілісін жоғарылатуға, экономиканың аграрлық секторындағы ауыл шаруашылық емес функцияларын дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді. Астық өндірістік қайта ұйымдастыру тұтыныс пен тепе-теңдікке алып келіп сонымен қатар егін шаруашылығы саласының нарықтық бәсеке қабілеттілігін айқындауы керек.
3.2. Өнімнің сапасын көтеруде кәсіпорындардың өзара байланыстарын жетілдірудің маңыздылығы
Жоғары сапалы астық өндіру мәселесінің кең қанат жаюымен қатар, оны Қазақстанда өндіру, өңдеу және өткізудің экономикалық өзара қарым-қатнастардың прогрессивті формаларын іздестіру қажеттілігін алдын-ала айқындайды.
Ауыл шауашылығы саласындағы осындай өзара қарым-қатнастарды зерттеп, тәжірибе жүргізу бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы, ауыл шаруашылығы өнім өндірушілері мен өңдеуші кәсіпорындар, сауда ұйымдары, аралас сала кәсіпорындары арасында интеграция үрдістері жылдамырақ жүретін кооперацияларды дамыту болып табылады.
Осыған байланысты АӨК-гі кооперациялар келесі бағыттар бойынша дамуы тиіс: ауылшаруашылық, өндірістік кооперациялар, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кооперациялар, жабдықтау-өткізу және де несиелік, сақтандыру формалары және т.т.б.
Кооперациялар тиімділігі көбінесе оның қалыптасу сатысындағы дамуын реттейтін және кең қатнастар жүйесі қалыптасатын салааралық кооперацияның қызметі арасында экономикалық қатнастардың қаншалықты негізделгеніне тәуелді болады. Ол халықшаруашылығы экономикасының аралас салалы ауыл шаруашылығының барлық формаларын және бірінші кезекте агроөнеркәсіптік өндірістің жалпы құрамын қамтиды.
Агроөнеркәсіптік кооперация тек қана тік типтегі қатнастарды қамтиды және тік интеграция формасы болып табылады. Ол ауылшауашылық өнімін өндіруге қолайлы жағдай жасау мен оны тұтынушыға жеткізуге дейін бір техникалық сатыда бір-бірінен кейін жүретін салалардың жинақталуы (астық өндіретін шаруашылықтар, астық тазалау кешендері (элеваторлар) және жеңіл және тамақ өнеркәсібі үшін астық және астық өнімдерін өткізу).
Атап өтетін бір жәйт, өндірістің капиталистік тәсілі жаңа, жоғарғы синтез – жер өңдеу кеңесі және оларға қарама-қарсы дамитын формалар негізіндегі өнеркәсіптің материалды алғышарттарын шығарады.
Агроөнеркәсіптік кооперацияның обьективті негізі болып өндіргіш күштердің даму деңгейі, қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы, ауыл шаруашылығының экономиканың басқа да салаларымен өзара қарым-қатынастарының кеңейуі табылады. Бір-бірімен тәуелділіктері арта түседі, ал жалпы соңғы нәтиже агроөнеркәсіптік интеграцияның барлық тізбектерінің бірқалыпты дамуына тәуелді болады.
Итеграция формалары олардың қаралу дәрежесіне тәуелді: аудан, облыс және республика, сонымен қатар біріктірілетін салалардың технологиялық және ұйымдастырушылық бірлігі дәрежесіне (егін шаруашылығы) де байланысты.
Кооперация - өндірісті ұйымдастырудың бірнеше шаруашылық етуші субьектілердің жалпы өндірістік-эканомикалық мақсаттарға жету үшін өз еріктерімен ұйымдасуын түсіндіретін арнайы формасын анықтайды.
Арнайы ұйымдастырушылық форма ретінде кооперацияның бірқатар өзіне тән белгілері бар, солардың негізгілері болып мыналар табылады :
- шаруашылық етуші субьектінің бірігудің тиімділігі мен ортақ мақсаттылықты терең эканомикалық түсіну негізінде кооперация өз еркімен қосылуы;
- кооперативті ұйымның өз бетімен шаруашылық етушілігі мен өзін өзі басқарушылығы;
- өз есебінен өзінің қауіп-қатеріне және тәуекеліне байланысты қызмет етуі (жалпы қор, мүлік, өзін өзі қаржыландыру, құрамындағылардың материалдық жауапкершілігі және т.с.с.).
Ауыл шауашылық кооперация аграрлы өндірістің, дамуына негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Кооперацияның дамуы экономикалық обьективті заңдар негізіндегі заңды үрдіс.
Нарыққа өту жағдайында бұл саладағы интеграция мен кооперацияны кеңейту қажеттілігі бірқатар артықшылықтармен түсіндіріледі : меншік формасының ауысуы, өндірістік, жерлік қатнастардың өзгеруі, аграрлық секторда шаруашылық қызметті басқару жүйесі. Бұндағы тауар өндірушілер мен өңдеушілер және агросервистік кәсіпорындар арасында туындайтын өзара түсінбеушіліктер тәжірибе көрсеткендей, кооперация және интеграция принциптері бойынша көп нұсқалы бірігулері себебінен тез шешімін тауып отырады.
Аграрлық нарықты қазіргі кездегі реформалауға байланысты біріктіру үрдісі жүйелі қатнас түрінде жүреді. Сондықтан ауылшаруашылық өндірісінің нарықтық жағдайларға бейімделуінде олардың кооперация және интеграциялануы негізінде шаруашылық етуі меншіктің концептуалды формасының құрылуы өте маңызды болып табылады. АӨК-гі акционерлеу тиімділігі көбінесе кооперациялау және интеграция негізіндегі негізделген және біркелкі, тұрақты салалар арасындағы қатнастар мен салалық және салааралық өндіріс деңгейінде қалыптасқан қатнастардың ерекшеліктерімен анықталады.
Егін егумен айналысатын шаруашылықтар мен астық өңдеу зауыттары арасындағы біріктірулер шаруашылық етудің неғұрлым жеңіл жүйесі болып табылады. Ол кәсіпорындар арасында еңбек нәтижелерін, қорлар мен табысты әділ бөлуге мүмкіндік тудырады.
Келешекте егін шаруашылығындағы экономикада өндірістің кооперация және интеграциясының екі формасы дамуы керек : көлденең (горизонталды), шауашылық ету формасы әртүрлі дәнді дақыл өсірумен айналысатын кәсіпорындармен ұсынылған: тік (вертикалды), егін егетін шаруашылықтардың бірігуі түрінде, олардың бөлімшелерінің астық өңдеу зауыттарымен. өндіріс кооперациясы мен интеграциясының осы аталған екі формасының ішінде анықтаушы рөлге, өндіріс ауқымы мен номенклатурасын, өндірістік қызмет нысанын, өндіріс мерзімін және т.с.с. анықтайтындықтан дәнді дақыл өсіруші шаруашылықтар ие.
Экономикалық қатнастардың барлық жүйесін қаржылық, ақпараттық және тауарлы ағымдар төмендетеді, олардың бірлесіп және нақты өзара әсерлесуінен шаруашылық ету нәтижесі тәуелді болады.
Тік кооперацияның құрылу механизмі дәнді дақыл өндірушілерді, астық өңдеу зауыттарын, олардың ұйымдастыру-шаруашылық құрылымын, шаруашылық ету механизмін жасауды анықтауы керек. Ол үшін бизнес-жоспар құрылады, онда астық өндірушілер мен астық өңдеу зауытының коллетивтерінің өзара экономикалық қарым-қатнастарын құру қарастырылады.
Айта кететін бір жәйт, жекешелендірудің нәтижесінде астық өңдеу зауыттары жекеменшік кәсіпорындарына айналды. Сондықтан ауыл шаруашылық өнім өндірушілері астық өңдеу зауыттардың экономикалық қатнастарын реттеудің нақты құқықтарға ие бола алған жоқ. Осыған байланысты ашылған зауыттардың кейбіреуі астық өнімдерін оптималды өңдеу принципі бойынша айтарлықтай шығындар шегуде.
Сондықтан осы жағдайдың себебі экономикалық қатнастардың жетілмегендігі, астық өндірушілер мен астық өңдеу зауыттарының арасындағы айырбас үрдісінің эквиваленттілігінің бұзылуы болып табылады. Олардың астықты өткізуден алынатын тиімділікте ортақ мақсаттары жоқ : өнім өндіруші алынған астықты астық өңдеу зауытына өткізеді, өңдеуден кейін өзі тауарлы биржа арқылы сатып алушыға сатады. Бұл жағдайда зауыт коллекиві өңделген өнім сапасына ең алдымен астық дәнінің сапасына ешқандай жауапкершілік артпайды.
Астықты өңдеу, астық өңдеу зауытының шығындарын жабуы мүмкін болатындай, келісімді, өзара тиімді есепті бағамен жүруі тиіс. Өзара есептесу ретімен формасы келісім шартқа сәйкес : астықтың түрлі сұрыптарымен жүргізілуі керек.
Бұл өзара қарым-қатнастағы мұндай әдіс келісім шарттағы, жеткізілетін астықтың сапасы жөнінен техникалық талаптармен стандарттарға сәйкес келмегендіктен салынатын айыппұл санкциясы туралы бапты алып тастауға сондай-ақ астықтың сақтауына кететін шығындардың белгілі мөлшерін, артынша барлық шығындарды қысқартуға мүмкіндік туғызады.
Егін шаруашылығы саласының тиімділігін жоғарылатуда жеңіл өнеркәсіп және тамақ өнеркәсібімен келісім негізінде дара қарым-қатнас құру қажеттілігі туындайды.
Несие-қаржылық кооперациялар өз кезегінде кооперативті аграрлық экономика жүйесін құрайтын басқа әртүлі кооперациялардың даму катализаторы болуы керек.
Қаржы-несиелік кооперативтердің негізгі міндеттері мен мақсаттары : өз мүшелеріне табыссыз негізде несие-қаржылық қызмет етуді ұйымдастыру, арзан несие алу, пайлық капитал құру үшін кооператив мүшелерінің ақшалай қаражаттарын біріктіру, халық ақшалай қаражаттарын қаржылық қызмет көрсету, сақтау және т.с.с. үшін құрал болып табылады.
Несие кооперативтері ауыл шаруашылығындағы өндіруші күштердің құрылуының барлық әдістерін іске асыруға мүмкіндік береді : айырбас механизмінің меншік қатнасы; жұмысшыларды ынталандыруды жетілдіру; кәсіпкерлікті қалыптастыру және ынталандыру; инвестициялық ресурстардың тапшылығы.
Серіктес бөліктердің мақсатты несиесі ауыл шаруашылығын қаржыландырудың негізгі көзі болуы мүмкін. Қазақстанда ауыл шаруашылық несие кооперациясы жүйесін құру аграрлы сектордағы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіншілік беретін қалыпты жағдай болады :
- ауыл тұрғындарын қажетті несие ресурстарымен және қаржылық қызмет көрсетумен қамтиды;
- әлеуметтік қызмет көрсету және ақылы қызмет көрсету мәселесінің біртіндеп шешілуі;
- коллективті жауапкершілікті қаржылық институт ретінде кооперативтің несие алу мүмкіншілігін жоғарылату үшін қолдану;
- мемлекеттің қолдауымен құрылатын салық салу және жарғылық капиталдың қалыптасуына ерекше тәртіп орнататын нормативті және заңды актілердің қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілік деңгейін жоғарылату.
3.3. Өндірілетін өнімнің сапасын көтеруде инновация, маркетинг жүйелерін жетілдіру жолдары
Қазақстан экономикасының
реформалану үрдісі халық шаруашылығының,
сонымен қатар ауыл шаруашылығы
өнімдерінің бәсекелік
Информация о работе Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару («Қызыл Жар» ӨК-і мысалында)