Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:48, дипломная работа
Міндеттері ретінде :
− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
− ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
− «Қызыл Жар» ӨК-не жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын бағалау;
− кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасын бағалау;
− Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің сапасын арттырудың жолдарын қарастыру сияқты мәселелерді зерттеу, баға беру, ұсыныстар жасау болып табылады.
КІРІСПЕ
1. Бөлім. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Нарық жағдайында өндірілетін өнім сапасының ұғымы, мағынасы
1.2. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің сапасын көтерудің маңызы
1.3. Өндірілетін өнім сапасына әсер ететін факторлар, олардың жіктелуі
2. Бөлім. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУШІ ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ МЕН САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 «Қызыл Жар» ӨК-нің экономикалық жағдайын талдау
2.2 Кәсіпорында өндірілетін өнімнің сапасын бағалау
2.3.Өндірілген өнімнің бәсекелік көрсеткіштерін талдау
3. Бөлім. ӨНДІРІЛЕТІН ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Өнімнің сапасын көтерудің ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктері
3.2. Өнімнің сапасын көтеруде кәсіпорындардың өзара байланыстарын жетілдірудің маңыздылығы
3.3. Өндірілетін өнімнің сапасын көтеруде инновация, маркетинг жүйелерін жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан бидайы жергілікті
агроклиматтық жағдайларға
Осыған байланысты клейковинаның
көрсеткіштерін бағалаудың әдістері мен
құралдарын дайындау, осы саланы зерттеумен
айналысатын институттар
Институттардың шығармашылық топтарымен – еңбек өнімділігін күрт жоғарылатып қана қоймай, сонымен бірге нәтижелердің обьективтілігін және өндіріс мәдениетін жақсартатын механизирленген клейковина жуу құралы («МКЖң) жасалынды. Бұл құралдар (МКЖ-1; МКЖ-2) 1980 жылдан бері қолданыста кеңінен тараған.
Осы салада жұмыстарды жалғастыру көп ұзамай өз нәтижесін тағы алға тартты, АН ҚР институттары мен бірлесе отырып бидай сапасын бағалауға арналған отандық инфрақызыл «Бидай талдағыш НаНң; калибрлеу теңдеулері және уақытша жұмыс істеу методикасы; оң нәтижелі лабораториялық сынақтар жүргізілді.
Қазіргі кезде бидай өнімдері әлемдік нарықтарда алатын орындары алдыңғы қатарда, сондықтан өнім сапасын бақылап, реттеу әрқашан жоғарғы деңгейде жүргізіледі. Мәселен 1990 жылдардың аяғына дейін бидай сапасын анықтау ТМД-елдерінде жасалған құралдар (МКЖ-1, МКЖ-2, У1-ЕТК, ИДК-1, ЦКИБ-1М және т.б.) арқылы жүргізілісе, бүгінгі таңда олардың орынын әлемдік ең үздік құралдар (ИТ «Nyr systemң, MW «CASң және т.б.) басты. Жалпы тек бидайдың өзі жыл сайын Қазақстанның ЖІӨ-нің 161,5 млрд.теңгесін құрайды. Сондықтан бұл саланы дамытуда қол жеткізген нәтижелері БСҰ-на кіруде жасалған алғашқы қадамдар деп білеміз.
2.3.Өндірілген
өнімнің бәсекелік
Қай тауардың болмасын бәсекелік қабілеті оның тұтынушы қызығушылығына ие және осы сұранысты қанағаттандыратын көрсеткіштерінің жиынтығымен анықталады, ал белгіленген шектен шығатын басқа көрсеткіштер бағалауда есепке алынбауы тиіс, яғни өндірушіге әсер ететін көрсеткіштерге тұтынушы мән бере қоймайды. Осылайша тұтынушыны өнімнің жобаланып, өндіріліп, тасымалданып, нарыққа түсуіне дейінгі жағдайлар қызықтырмайды, ал қызығушылық тудыратыны, өнімнің тұтынушылық құрамы. Мысалға, егер басқа барлық сипаттамларды сақтай отырып, өндірушінің өндірістегі материал сиымдылықты, еңбек сиымдылықты төмендетуіне қол жеткізсе, онда бұл өнімнің сапасы міндетті түрде жоғарылайды, бірақ тұтынушы қызығушылығы, өндірістік шығындарды және материалдық шығындарды төмендетумен байланысты өнім бағасы төмендемесе еш өзгеріссіз болады.
Бәсекелік қабілетті
бағалауда талданып отырған және
бәсекелес өнімнің
Сапа тұрғысынан алғанда қолдану саласында ғана емес сондай-ақ конструктивті және технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тек бір текті өнімдерді слыстыруға болады.
Ал бәсекелестік тұрғысынан алғанда, есепті ретінде нақты бір сұранысты қанағаттандыру алынатындықтан, элементтік базасына, атқаратын функциясына, дайындалу технологиясына байланысты әртекті бірақ, сол бір сұранысты түрлі жолдармен қанағаттандыратын өнімдерді салыстыруға болады.
Заңи күші бар норамтивтік құжаттарға сәйкес орындалған сапа талдауы өнімге бәсекеқабілетті баға деңгейін бермейді. Бұл өнімді өткізу кезінде анықталады, яғни сатып алушы әрекетіне тәулді.
Сатып алушы әрекетінің үлгісі сатып алушы әрекетінің кей функцияларымен – Z, сатып алушы қалауымен (кей жағдайда рационалды емес) – D, сыртқы ортаның көптеген факторларымен) – X, сатып алушының мінез-құлқымен – Y, анықталмаған фактор мәнімен – Q, түсіндіріледі:
Z = f(D,X,Y,Q)
Тұтынушы үшін сапа міндетті сипаттама болғанымен, белгілі бір өнімді сатып алу шешімін қабылдау үшін жеткіліксіз. Басқаша айтқанда бәсекелік қабілет тек тауардың үздік сипаттамларымен ғана емес, ал клиенттің сатып алуына бағытталған тартымдылығымен де сипатталады. Тұтынушының тәкаппарлығы осыған негізделген: ол обьективті қателескен жағдайда да шешімді өзі қабылдайды. Бизнес тарихында эксперттердің жоғары бағаларын алған тауарлар тұтынушылардың дәл сол тауарға деген селсоқтық танытулары туралы мысалдар аз емес. Атап өтетін жәйт, тауардың ерекшеліктерінің жиынтығымен анықталатын сапасы мен бәсекелік қабілеті әр салада көрініс табуы мүмкін. Тауар сапасы – жобалау және өндірілу аясында қалыптастырылып, оны қолдану үрдісінде, яғни тұтыну аясында байқалады. Өнімнің бәсекелік қабілеті оны сату нәтижесінде анықталады, немесе ұсыныс аясында. Осылайша «сапаң мен «бәсекелік қабілетң категориялары әр түрлі ортада көрініс табады.
Өнімнің сапасы өзгермеген жағдайда да оның бәсекелік қабілеті кәсіпорынның бәсекелестік ортасымен анықталатын түрлі факторларға әсер етіп, өзгеріп отырады.
Осылайша бәсекелік қабілет екі ғылыми пән ұштастығында жатқан кешенді мәселе болып табылады:
- техникалық пән - квалиметияның;
- экономикалық пән – маркетингтің;
Сондықтан өнімнің бәсекелік қабілетін талдау мен бағалау мәселесі осы екі ағымға сәйкес теориялық және қойылма аппаратты қолдану негізінде шешіліп, келесі мәселелердің шешімдерін қарастырулары керек:
- өнімді өткізу жағдайы, фирмалар және бәсекелес тауарлар жайлы мәлімет жинау мақсатымен нарық мониторингін ұйымдастыру;
- өнім сапасы көрсеткіштерінің өндірушіге де тұтынушыға да қолданыста біркелкі жүйесін жасау;
- зерттеліп отырған мәселенің жалпылама үлгісін құрастыру, соның ішінде бәсекелік қабілетке әсер ететін және олардың байланыстарын анықтайтын көптеген факторлардың құрылуы;
- өнімнің бәсекелік қабілетін мөлшерлік бағалауда жалпы әдістердің қалыптасуы, осы мәселеге қатысты жекелеген әдістерді, алгоритмдер мен шешімдер үрдісін дайындау;
Осы мәселелер шешімдерін ауыл шаруашылығы өндірісіне ендіру, ауыл шаруашылық саласына негізделген моделдерін құру бұл салада өндірілетін өнімдердің бәсекелік қабілетін көтерудің негізін қалаушы факторы болып табылады.
Біз ашық нарықтық экономика құрудамыз, сондықтан бәсекелік қабілет мәселелері шешілмей экономикалық дамуда оң нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес.
Бүгінгі таңда Қазақстан ірі ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірушісі және оларды экспорттаушы болып табылады. Қазір біздің негізгі бағытымыз ауыл шаруашылық өнімдерінің және басқа сала өнімдерінің өткізу нарықтарын кеңейту үшін БСҰ-на мүше болу. Бұл үшін барлық саладағы өндірілетін өнімдердің жоғары сапалы және бәсеке қабілетінің өте жоғары болуы шарт. Сондықтан, біз өндірістерге әлемдегі соңғы жетістіктерді, жаңа технология, жаңа құрал-жабдықтар, жаңа ұйымдастырушылық-басқарушылық әдістер енгізуіміз керек. Бұл үшін ең алдымен қаржы көздері қажет, қазіргі кезде негізгі қаржы көздері болып – шетелдік және отандық инвестициялар, мемлекет тарапынан бөлінетін субсидиялар мен дотациялар табылады. Қазіргі кезде инвестицияларды тартудың басым бағыттары болып: өнеркәсіптік, өңдеуші және ауыл шаруашылығы табылады.
Өңдеуші және тамақ өнеркәсіптері өнімдерінің бәсекелік қабілетін анықтау үшін келесі формула ұсынылады :
ТҚДқ Бб СҰДқ
БҚқ = * *
ТҚДб Бқ СҰДб
Мұндағы: БҚқ- қарастырылып отырған тауардың бәсекелік қабілет көрсеткіші;
ТҚДқ және ТҚДқ- қарастырылып отырған және бәсекелес тауарлардың тұтыну құнының деңгейін бағалау;
Бб және Бқ- қарастырылып отырған және бәсекелес тауардың бағасы;
СҰДқ және СҰДб- салыстырылып отырған тауарлардың сатылуының ұйымдастырылу деңгейін баллмен бағалау.
Әрбір бағаланып отырған бұйымға эксперттермен 0-ден 10-ға дейін баға қойылады. Егер ТҚД 10-ға тең болса, онда тауардың бүкіл тұтыну қасиетінің деңгейі бұл қасиеттерге тұтынушымен қойылған талаптардың деңгейіне толығымен сәйкес келеді.
БҚД квалиметрия ережелеріне сәйкес, орташаланған геометриялық шамалар ретінде анықталады.
БҚД = q1 m1* q2 m2 *…* qn mn
q1, q2,….,qn – бұйымның жекелеген тұтыну қасиеттерінің баллдық бағасы;
m1, m2,….,mn – тұтыну қасиеттерінің салыстырмалы маңыздылығының коэффициенті.
Нарықта тауарды таңдай отырып, сатып алушы тек оның бағасы мен тұтыну қасиеттеріне ғана қызықпайды. Ол үшін маңызды рөлді тауардаң сатылуының ұйымдастырылу деңгейі де атқарады. Ол негізінен сатуды ұйымдастыру орны мен уақыты көрсеткіштері.
СҰД = b1 n1 * b2 n2 *…* bp np
b1 b2……bp – тауардың сатылуын ұйымдастыру деңгейін сипаттайтын әр түрлі көрсеткіштердің баллдық бағасы;
n1 n2……np - тауардың сатылуын ұйымдастыру деңгейінің көрсеткіштерінің салыстырмалы маңыздылығының коэффициенті.
Сатып алушы А тауарын және басқа бәсекелестердің тауарларының бәсекелік қабілет деңгейін, бағасын және сатудың ұйымдастырылу деңгейін салыстырады, және осы салыстыру негізінде бір тауарды қалайды.
1.1-ші формуладан бәсекелік қабілетті арттырудың негізгі бағыттары шығады. Бұл бағыттарды үш топқа бөлуге болады : техникалық, экономикалық және ұйымдастыру.
Техникалық бағыт ең алдымен өнімді дайындау технологиясын, дәмін, иісін, сіңімділігін және т.б.-ны жетілдірумен байланысты.
Экономикалық бағыт бағалық саясатпен тікелей байланысты. Мұнда мәселе бағаның төмендеуіне әкелетін бағалық бәсеке жайлы болады. Фирмалар кейде нарықта қалу үшін ғана бағаны тауардың өзіндік құнынан төмендетеді де шығынға ұшырайды. Бұл одан да көп шығын болдырмай жәнеуақыт жеңуге жол беретін соңғы шара. Уақытты ұту өндірісті қайта құруға, жаңа технология енгізуге жәнешығындарды қысқартуға жол береді.
Нақты өнімнің бәсекелік қабілет деңгейін арттыру үшін өндіруші :
- сату бағасын төмендетеді;
- өнімнің сапасын және тұтыну қасиеттерін арттырады;
- тауардың сатылуын ұйымдастыру деңгейін жақсартады.
Бағаны белгілі деңгейге дейін төмендетуге болады. Өзара байланысты үрдістердің байланысы келесідей : бағаны төмендету – сату көлемін ұлғайту - өнімді көп мөлшерде шығару - өнімнің өзіндік құнын шартты тұрақты шығындар есебінен және озық технологияны пайдалану арқылы төмендету – пайданы көбейту.
3. Бөлім. ӨНДІРІЛЕТІН ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Өнімнің
сапасын көтерудің
Көп салалы экономика жағдайында жергілікті агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы ұйымдастыру-экономикалық тетіктерін басқару аспектілері толық жетілмеген болды.
Ауылдық жерлердегі барлық ұйымдастырушылық-құқықтық шаруашылық түрлерінің дамуына әсер ететін негізгі фактор, салааралық қатнастарды мемлекеттік реттеу тетігінің қалыптасу тиімділігі, ауыл шаруашылығындағы өндірушілер мен өнеркәсіптік қор өндіруші салалар арасындағы өнім айырбасының баламалылығы, сонымен қатар инновациялық кәсіпкерлікті ынталандыру болып табылады.
Қазіргі жағдайда, ішкі ортаның тез өзгеру қарқынына байланысты «өткеннен келешеккең принципі негізінде шешім қабылдау, басқару шаралары мен қалыптасып қалған өндірістік-экономикалық жағдайлардың сәйкес келмеуіне әкелуі мүмкін, ал бұл мәселе өз кезегінде күрделі негативті нәтижелерге алып келуі мүмкін. Оперативті басқарудың концептуалды негізі болып «келешектен осы шаққаң принципі бойынша шешім қабылдау идеясы қызмет етеді, бұның методологиялық негізі ретінде жүйелі талдау саналады. Бұл жерде эвристикалық әдістер қолданылады, бұл дегеніміз келешек жағдайлар сценарийін жасауды жетілдіру, эксперттік бағалауларды қолдану, сонымен бірге стохастикалық программалау және имитациялық моделдеу, түрлі мөлшердегі және типтегі ақпараттық жүйелерді де пайдалану.
Жүргізілген реформалар барысындағы жағымсыз аспектілердің бірі ретінде ауыл шаруашылық өндірушілері сатып алатын материалды-техникалық ресурстарға және өткізілетін ауыл шаруашылық өнімдеріне баға диспоритеті болып табылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді жоғары тиімділікпен дамыту перспективасы көбіне қайта өңдеуді ұйымдастыру көлеміне және ауыл шаруашылық дайын өнімін сақтау және өткізуге байланысты. Сондықтан да қазіргі кезде өткір проблемалардың бірі болып ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер ынта-жігерін интеграциялау саналады. Қатнастар өзара экономикалық және моральдік қызығушылықтарын қанағаттандыру принципі негізінде құрылады.
Сондықтан да нарықтық жағдайда шаруашылық етудің экономикалық тетігінің бір элементі ретінде аграрлық өндірісті бағдарламалау, өндірісті қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу және өткізу болып табылады.
Ауыл шаруашылығының маңызды артықшылығы ретінде негізгі өндіріс құралы болып жер, табиғи ресурс және ұлттық байлық ретінде пайдаланылуы жер өңдеудің ғылыми – негізделген жүйесі есебінде іске асырылуы тиіс.
Информация о работе Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару («Қызыл Жар» ӨК-і мысалында)