Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:48, дипломная работа
Міндеттері ретінде :
− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
− ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
− «Қызыл Жар» ӨК-не жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын бағалау;
− кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасын бағалау;
− Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің сапасын арттырудың жолдарын қарастыру сияқты мәселелерді зерттеу, баға беру, ұсыныстар жасау болып табылады.
КІРІСПЕ
1. Бөлім. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Нарық жағдайында өндірілетін өнім сапасының ұғымы, мағынасы
1.2. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің сапасын көтерудің маңызы
1.3. Өндірілетін өнім сапасына әсер ететін факторлар, олардың жіктелуі
2. Бөлім. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУШІ ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ МЕН САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 «Қызыл Жар» ӨК-нің экономикалық жағдайын талдау
2.2 Кәсіпорында өндірілетін өнімнің сапасын бағалау
2.3.Өндірілген өнімнің бәсекелік көрсеткіштерін талдау
3. Бөлім. ӨНДІРІЛЕТІН ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Өнімнің сапасын көтерудің ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктері
3.2. Өнімнің сапасын көтеруде кәсіпорындардың өзара байланыстарын жетілдірудің маңыздылығы
3.3. Өндірілетін өнімнің сапасын көтеруде инновация, маркетинг жүйелерін жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
Кесте бойынша есепті жылы өнімді өткізу көлемі өткен жылға қарағанда 1250.7 мың тг. немесе 96.9 %–ға кемігенін байқаймыз. Сондай-ақ кәсіпорынның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерінің берілген кестеде өткен 2003 жылға қарағанда есепті 2004 жылы кемігенін байқаймыз. Мысалға : өнімнің өзіндік құны өткен 2003 жылы есепті 2004 жылмен салыстырғанда 30315.6 мың тг-ден 30946.6 мың тг-ге, яғни 102.1 %-ға, жалпы табыс -1881.7 мың тг немесе 81.1%-ке, өнім рентабельділігі 8.4%-ға артқанын, жұмысшылар -44 адамға, еңбек өнімділігі 116%-ға, еңбек ақы қоры –126.6 мың тг немесе 98.1%-ға, жұмысшылардың орташа 1 айға еңбек ақысы 4.5 мың тг. немесе 117.7%-ға, негізгі қорлардың орташа жылдық құны 61762.8 мың.тг. немесе 116%-ға, қор сиымдылығының 140.0%-ға артып, ал қор қайтарымдылығының 78.1%-ға кемігенін көреміз. Оның басты себебі болып егістік көлемдерінің артуы және өнімділіктің жоғарылауы, өнімнің нарықтық бағасының төмендеуі және өндірістің айналым құралдарына бағаның жоғарылауы болып отыр. Бұны график түрінде былай көрсетуге болады.
2002-2003 жж. көрсеткіштердің (1-өнімді өткізу көлемі, 2-өнімнің өзіндік құны, 3-жалпы табыс) өзгеруі;
5. Сурет
2002-2003 жж. көрсеткіштердің (1-негізгі қызметтен түскен табыс, 2-таза табыс, 3-еңбек ақы қоры, 4-еңбек өнімділігі) өзгеруі;
6. Сурет
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріс тиімділігін көтерудің маңызды факторларының бірі болып оларды негізгі қорлармен қажетті мөлшерде қамтамсыз ету және толық пайдалану болып табылады. Келесі әрекет кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерінің нәтижелерін біртіндеп талдау. Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері, оның нарықтағы белсенділігі мен сенімділігінің маңызды сипаттамасы болып табылады. Ол кәсіпорын иелігіндегі мүлік пен оның қаржылану көздерімен анықталады.
Талдауды негізгі қорларды пайдалану тиімділігін бағалаудан бастаймыз.
2. Кесте - Негізгі қорлардың жағдайы мен пайдалану тиімділігін талдау.
Р/с |
Көрсеткіштер |
өлшем |
2003 |
2004 |
Ауытқуы |
өзгеру |
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Өткізілген өнім көлемі |
мың.тг |
40 287,1 |
39 036,4 |
-1 250,7 |
96,9 |
2 |
Негізгі қордың |
мың.тг |
386 233,7 |
447 996,5 |
61 762,8 |
116,0 |
3 |
Жұмысшылар саны |
адам |
267 |
223 |
-44 |
83,5 |
4 |
Қор қайтарымдылығы |
тг. |
0,1 |
0,1 |
0,0 |
83,5 |
5 |
Қор сиымдылығы |
тг. |
9,6 |
11,5 |
1,9 |
119,7 |
6 |
Қормен қарулану |
мың.тг |
1 446,6 |
2 009,0 |
562,4 |
138,9 |
Кесте берілгендері бойынша негізгі қорлардың орташа жылдық құны есепті жылы 61732.8 мың тг. немесе 116% өскен.
Қор қайтарымдылық деңгейі есепті 2004 жылы өткен 2003 жылмен салыстырғанда 0.02–ге азайып, ал қор сиымдылығы керісінше 1.9 -ге немесе 119.8 %-ға көтеріліп 11.5 тг-ні құрады. Кәсіпорынның қормен қарулану деңгейінің де өткен 2003 жылмен салыстырғанда есеспті 2004 жылы 562,4 немесе 138,9%-ға өскендігін көруге болады.
Нарық жағдайында негізгі қорлар кәсіпорын үшін маңызды тетік болып табылады. Олардың деңгейі, тозуы және тиімділігі кәсіпорынның соңғы қаржылық нәтижелерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұдан әрі негізгі өндірістік қорлардың құрамын және құрылымын қарастырамыз. Бұл бізге кәсіпорынның еңбек құралдарымен қаншалықты қамтамасыз етілгенін көрсетеді.
Кесте - Негізгі өндірістік қорлардың құрамы мен құрылымы
Р/с |
Көрсеткіштер |
2003 |
2004 |
Ауытқуы | |||
мың тг. |
%-дық үлесі |
мың тг. |
%-дық |
(+;-) |
өзг. | ||
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Жер |
65,4 |
0,0 |
70,6 |
0,0 |
5,2 |
108,0 |
2 |
Ғимарат, |
35 266,0 |
9,1 |
33 764,6 |
7,5 |
-1 501,4 |
95,7 |
3 |
Машина, |
302 469,2 |
78,3 |
310 936,4 |
69,4 |
8 467,2 |
102,8 |
4 |
Тасымалдау |
25 689,3 |
6,7 |
49 242,9 |
11,0 |
23 553,6 |
191,7 |
5 |
Тағы |
22 743,8 |
5,9 |
53 982,0 |
12,0 |
31 238,2 |
237,3 |
6 |
Барлығы |
386 233,7 |
100,0 |
447 996,5 |
100,0 |
61 762,8 |
116,0 |
Кестеде белгіленгендер бойынша кәсіпорында негізгі өндірістік қорлардың құрылымында біршама өзгерістер болғанын көреміз.
Сонымен жер, ғимарат–құрылыс, машина-жабдықтар және тасымалдау құралдарының құны есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше 5.2 мың тг, -1501.6 мың тг, 8467.2 мың тг, 23553.6 мың тг-ге жоғарылаған. Басқа да өндірістік қолар есепті жылы 31238.2 мың тг–ге дейін жоғарылады, бұл осы қорлар санының көбеюіне байланысты. Үлестік салмақта да елеулі өзгерістер болды, мәселен, ғимарат құны өткен жылмен салыстырғанда есепті 2004 жылы 4.3%-ға төмендесе, ал жер, тасымалдау құралдарының және жабдықтар құны сәйкесінше 107.9%-ға, 191.7 %-ға және 102.8%-ға өскен.
Бұл бөлімді талдауды біз мөлшерленетін және мөлшерленбейтін айналым қорларының жағдайын жыл басына және жыл соңына талдаудан бастаймыз.
Кесте - Айналым қорларының жағдайын талдау, млн.тг.
Р/с |
Көрсеткіштер |
өлшем |
2003 |
2004 |
Ауытқуы | |
(+;-) |
өзг. | |||||
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Материалдар |
мың.тг |
131 405,6 |
120 905,7 |
-10 499,9 |
92,0 |
2 |
Аяқталмаған |
мың.тг |
172 556,2 |
161 694,0 |
-10 862,2 |
93,7 |
3 |
Дайын өнім |
мың.тг |
9 062,4 |
8 632,3 |
-430,1 |
95,3 |
4 |
Тауарлар |
мың.тг |
10 512,8 |
9 940,1 |
-572,7 |
94,6 |
5 |
Тағы |
мың.тг |
53,0 |
52,5 |
-0,5 |
99,1 |
6 |
Барлығы |
323 590,0 |
301 224,6 |
-22 365,4 |
93,1 |
Кесте мәліметтерінен 2004 есепті жылы кәсіпорынның айналым қорларының айтарлықтай кемігенін байқауға болады. Оның өзгеруіне материалдардың -10500 мыңға, аяқталмаған өндірістің -10862.2 мыңға, дайын өнім көлемінің -430.1 мыңға, тауарлардың -572.7 мыңға, жалпы айналым қорларының -22365.4 мыңға кемуі себеп болады. Жалпы ксіпорынның экономикалық көрсеткіштерінің төмендеуінің себептерін қорытынды бөлімде толық атап көрсетеміз.
Кәсіпорынның жұмысын сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі өнімнің өзіндік құны болып табылады. Өнімнің өзіндік құнының жалпылаушы көрсеткіштері ретінде толық өзіндік құн, өнімнің жеке түрлерінің калькуляциялық бірліктерінің өзіндік құны, өнімнің бір теңгеге кеткен шығындар қолданылады. Талдауды өнімнің өзіндік құнын жалпы бағалаудан бастаймыз.
Кесте - Өнімнің өзіндік құнын жалпы бағалау
Р/с |
Көрсеткіштер |
өлшем |
2003 |
2004 |
Ауытқуы | |
(+;-) |
өзг. | |||||
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Өткізілген |
мың.тг |
40 287,1 |
39 036,4 |
-1 250,7 |
96,9 |
2 |
Өнімнің |
мың.тг |
30 315,6 |
30 946,6 |
631,0 |
102,1 |
3 |
Өткізілген өнімнің |
тенге |
0,75 |
0,79 |
0,04 |
105,4 |
Кесте мәліметтері толық өзіндік құнның есепті жылы 631 мың тг-ге, немесе 102 %-ға өскендігін байқатады. Өткізілген өнімнің көлемі есепті 2004 жылы –1250.7 мың тг-ге төмендеп, 39036.4 мың тг-ні құрады.
Тауарлы өнім көлемінің өзіндік құн көлемінен есепті 2004 жылы артып кетуіне байланысты осы мезгілде 1 тг. кеткен шығындары 0.79 тг-ні құрап, өткен 2003 жылмен салыстырғанда 0.04 теңгеге өскен.
Келесі кестеде өнімді өндіруге кеткен шығындар сметасына талдау жүргізіледі.
Р/с |
Шығындар сметасы |
2003 |
2004 |
Ауытқуы | |||
мың тг. |
%-дық үлесі |
мың тг. |
%-дық |
(+;-) |
өзг. | ||
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Шикізат пен негізгі |
16 800,0 |
55,4 |
16 486,0 |
53,3 |
-314,0 |
98,1 |
2 |
Көмекші материалдар |
5 048,0 |
16,7 |
6 155,7 |
19,9 |
1 107,7 |
121,9 |
3 |
Сырттан алынатын отын |
187,5 |
0,6 |
179,9 |
0,6 |
-7,6 |
95,9 |
4 |
Сырттан алынатын энергия |
29,0 |
0,1 |
31,1 |
0,1 |
2,1 |
107,2 |
5 |
Еңбек ақы |
6 789,5 |
22,4 |
6 662,9 |
21,5 |
-126,6 |
98,1 |
6 |
Еңбек ақыдан аударымдар |
1 357,9 |
4,5 |
1 332,9 |
4,3 |
-25,0 |
98,2 |
7 |
Амортизациялық аударымдар |
31,1 |
0,1 |
42,3 |
0,1 |
11,2 |
136,0 |
8 |
Басқа да ақшалай |
72,6 |
0,2 |
55,8 |
0,2 |
-16,8 |
76,9 |
9 |
Барлығы |
30 315,6 |
100,0 |
30 946,6 |
100,0 |
631,0 |
102,1 |
Информация о работе Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару («Қызыл Жар» ӨК-і мысалында)