Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 13:47, методичка
Біздер бірқатар елдердің, оның ішінде Ұлыбритания, Швеция, Польша Ресей сияқты елдердің, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың цифрлық контентін дайындау тәжірибелеріне шолу жасап талдадық. Біздер әлемде танымның әр түрлі саласы үшін көптеген қарапайым және күрделі компьютерлік бағдарламалар дайындалынатынын байқадық.
Біздер тапқан ресурстардың көпшілігі ағылшын тілінде дайындалынған. Бір жағынан бұл жақсы, өйткені бала кемік сияқты жаңа сөздерді, жаңа білімдерді және оған сол немесе басқа ойын қай тілде, қандай дәрежеде екенігіне қарамастан сіңіре береді. Сонымен, ағылшын тілімен танысу және оны үйрену аралық түрде болады.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………….…
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМДІК КОНТЕНТТІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ …………………………………….
2. ҮЙРЕТУШІ БАҒДАРЛАМАЛАР …………………………………….
2.1. Үйретуші ойындардағы парасаттық пен танымдық дамыту …………
2.2. Компьютерлік ойындардың көмегімен математиканы пропедевтикалық оқыту ……………………………………………….
2.3. Үйретуші ойындарда сөйлеуді дамыту ………………………………..
2.4. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды мектепке дайындау …..
3. ДАМЫТУШЫ БАҒДАРЛАМАЛАР …………………………………..
3.1. Көркемдік тәрбие ……………………………………………………….
3.2. Музыкалық тәрбие ……………………………………………………...
3.3. Дене тәрбиесі ……………………………………………………………
3.4. Шығармашылық тәрбие ………………………………………………...
3.5. Компьютерлік сауаттылық ……………………………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ КОНТЕНТІН ӘЗІРЛЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІНЕ САРАПТАМАЛЫҚ ШОЛУ
Алматы, 2012
Ұлттық ақпараттандыру орталығының
Ғылыми кеңесі ұсынған
Пікір айтушылар:
С.Т. Мухамбетжанова, педагогика ғылымдарының докторы, доцент
Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытудың цифрлық контентін
әзірлеу саласындағы шетел
Осы сараптамалық
шолу «Білім беру жүйесін әдіснамалық
жасақтау» - «Білім беруді ақпараттандыру
саласындағы оқу-әдістемелік
Сараптамалық шолу шетелдегі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын іске асыратын қолданбалы бағдарламалық жасақтаманың әр түрлі типтерінің, оның ішінде CD-де де, Ғаламтор арқылы іске асырылатын үйретуші және дамытушы компьютерлік ойындардың да сипаттамасын қамтиды.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………… |
4 | |
1. |
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ |
6 |
2. |
ҮЙРЕТУШІ БАҒДАРЛАМАЛАР ………………… |
9 |
2.1. |
Үйретуші ойындардағы |
9 |
2.2. |
Компьютерлік ойындардың көмегімен математиканы пропедевтикалық оқыту ………………………………………………. |
10 |
2.3. |
Үйретуші ойындарда сөйлеуді дамыту ……………………………….. |
12 |
2.4. |
Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды мектепке дайындау ….. |
16 |
3. |
ДАМЫТУШЫ БАҒДАРЛАМАЛАР ………………………………….. |
19 |
3.1. |
Көркемдік тәрбие ………………………………………………………. |
20 |
3.2. |
Музыкалық тәрбие ……………………………………………………... |
20 |
3.3. |
Дене тәрбиесі …………………………………………………………… |
22 |
3.4. |
Шығармашылық тәрбие ………………………………………………... |
23 |
3.5. |
Компьютерлік сауаттылық …………………………………………….. |
24 |
ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………… |
26 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………... |
53 |
КІРІСПЕ
Жек тұлғаны қалыптастырудың елеулі факторы болып санала отырып, білім беру мазмұны бір мезгілде жалпы өркениеттік дамуда маңызды рөл атқарады. Үшінші мыңжылдықта білім беруді ізгіліктендірумен және технологияландырумен әрі ақпараттық-қатынастық технологиялардың қарқынды дамуымен байланысты білім беру саласы түбірлі өзгерістерді бастан кешіруде. Бүгінгі күннің әлеуметтік мәдени жағдаяты мектепке дейінгі білім берудің алдына жаңа ақпараттық кеңістікке бейімделуге қабілетті әлеуметтік белсенді тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудің әмбебеп инновациялық технологияларын іздестіру міндетін ұсынады.
Мектепке дейінгі жас – азаматтық сапалардың алғы шарттары қаланатын кездегі тұлғаның қалыптасуындағы маңызды кезең, баланың адамдардың әлеуметтік шығу тегінен, нәсілдік пен ұлттық қатыстылығынан, тілінен, жынысынан және діни құлшылық етуінен тәуелсіз оларды еркін таңдауға, құрметтеу мен түсінуге қабілеттілігі мен жауапкершілігі қалыптасады. Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі білім берудің алғы шарты тек белгілі бір білім жинағын қалыптастыру ғана емес, және де тұлғаның базалық қабілеттерін, оның әлеуметтік және мәдени машықтарын, экологиялық түрде мақсатқа лайықты мінез-құлық негіздерін, салауатты өмір салтын дамытуға саяды. Осы кезде осы кезеңде баланың білгілі бір білімдік бағдарламамен өмірдің әр түрлі салаларынан білім алудың шығармашылық тәсілін меңгеру үшін жағдай туғызу өте маңызды болады.
ЮНЕСКОНЫҢ анықтамасы бойынша, мектепке дейінгі білім беру – бұл балалардың тууынан бастай және оның бастауыш мектепке түсуімен аяқтай отырып – денсаулық, тамақтану және гигиена аспектілерін қамти отырып, балаларды тірі қалуға, дамытуға және оқытуға мүмкіндік туғыза алатын әрекеттерге саятын, кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту. Балаларды ерте жастан қалыпты өмір сүру деңгейіне жеткізуге бағытталған дамыту амалдары есейгендерді дамыту болашағы көзқарасы тұрғысынан да өте маңызды. Бұл амалдар дендері сау, әлеуметтік және экологиялық түрде жауапты, парасаттық түрде дамыған және экономикалық түрде өнімді болуға көмектеседі.
Дамыған елдердегі мектепке дейінгі білім берудің қазіргі заманғы үрдістері балалардың толық бағалы даму құқықтарын қамтиды. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы психологиялық дамытудың байланыстық, парасаттық, эмоциялық-жігерлілік пен қозғалыс жақтарын белсенді етуге бағдарланады, музыкамен, ырғақпен, театрландырылған бейнелеу, көркемдік-сөйлеу іс-әрекеттерімен айналысатын уақытты арттырады. Бұл баларлардың мүмкіндіктерін барынша іске асыруға, қазіргі заманғы әлеуметтік мәдени ортаға бейімделуге мүмкіндік береді.
Білім беруді, оның ішінде мектепке дейінгі білім беруді, ақпараттандыру жағдайында балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту, пәндік-дамытушы ортаны кеңейту үшін жаңа болашақтар ашылады.
Осы кездегі маңызды міндет балалық
іс-әрекеттердің негізгі түрін ақпараттық-
Біздер бірқатар елдердің, оның ішінде Ұлыбритания, Швеция, Польша Ресей сияқты елдердің, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың цифрлық контентін дайындау тәжірибелеріне шолу жасап талдадық. Біздер әлемде танымның әр түрлі саласы үшін көптеген қарапайым және күрделі компьютерлік бағдарламалар дайындалынатынын байқадық.
Біздер тапқан ресурстардың көпшілігі ағылшын тілінде дайындалынған. Бір жағынан бұл жақсы, өйткені бала кемік сияқты жаңа сөздерді, жаңа білімдерді және оған сол немесе басқа ойын қай тілде, қандай дәрежеде екенігіне қарамастан сіңіре береді. Сонымен, ағылшын тілімен танысу және оны үйрену аралық түрде болады.
Соңғы уақытта мектепке дейінгі білім беруде және орыс тілінде цифрлық білімдік контент айтарлықтай кеңіді. Соңғы уақыт ішінде Ресейдің компьютерлік базары балалар үші алуан түрлі дамытатын ойындармен толықты, дайындаушылары: «Акелла», «БУКАСофт Балаларға», «БУКАШКА», «1С», «Магна Медиа», «Нью Медиа Дженерейшн», «Жаңа Диск» («Чебурашкалар үшін хат», «Қиялдаушылар. Талантты дизайнер», «Мен және менің денем», «Қызықты ғылым. Бүкіләлемдік тарих», «Динозаврлармен серуендер», «Жануарлар туралы сұрақтар»), «Медиа Арт», «Медиахауз», «Компьютер және балалық шақ" ("Климат", "Карнавал", "Есеп", "Аяз") бірлестіктері; "Никита" фирмасы ("Әліп-би", "Суреттерді жина", "Жұпты таңда ", "Цирк"); Жаңа ақпараттық технологиялар орталығы ("Компьтердегі кемпірқосақ" бағдарламалар бумасы); КУДИЦ ("Әліппе еліне саяхат "); Кирилл мен Мефодий" ("Көңілді әліп-би") және б.
Қазіргі уақытта көптеген шетел порталдарында әр түрлі дамытушы және үйретуші балалар ойындары ұсынылады. Оларды флэш онлайн (flash on-line) ойындарының санатына жатқызуға болады. Олар балалардың үйде, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар мекемелерінде өз беттерімен де, педагогтың бақылауымен де білім алумен айналысуына көмектеседі.
Баланы ертерек дамыту үшін баламалы және инновациялық цифрлық білімдік контенттің кең спектрінен біздер өз назарымызды үйретуші және дамытушы бағдарламаларға жұмылдырдық.
Шетелде мектепке дейінгі оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізіне «парасатты қалыптастыратын, «табиғи әуестікпен» оқыту мен дамыту процесін белсенді ететін белгілі бір орта жағдайында балалардың өзін-өзі іске асыратыны» туралы С Пейперттің идеясы жатады [1].
Баланың ерте дамуында дербес компьютерлердің әлуеттік мүмкіндіктері көптеген жылдар бойы оны пайдалануды жақтаушылардың арасында да, оның қарсыластарының арасында да талқылау пәні болды.
Біздің әріптестер компьютерлік ойындардан пайданы неден көрді және неге оларды жай дидактикалық немесе мазмұндық ойындармен алмастыруға болмайды?
Осыдан 10 жыл бұрын АҚШ-тың (http://nces.ed.gov/ecls) Білім беру статистикасы бойынша «Early Childhood Longitudinal Study-Kindergarten Class of 1998-99 (ECLS-K)» Ұлттық орталығы жүргізген және мектепке дейінгі жастағы 12 929 баланы қамтыған зерттеу нәтижелері компьютерді аса шебер пайдаланатын балалар қарым-қатынас жасау мен оқытуда әлеуметтік машықтарды аса жақсы және мінез-құлық мәселелерін аз демонстрациялады [2].
Кіші жастағы балаларға
білім беру мәселелері бойынша Ұлттық
бірлестік (NAEYC) компьютерлік технологиялар
ерте балалық шақта тұлғалықты дамыту
үшін кең мүмкіндіктер ұсынатынын,
балаларды оқыту сапасын
Балаларды оқытуда компьютерлік ойындарды пайдаланудың әлеуметтік салдары «төтенше оң» болып саналады [3-5]. Сондай-ақ зерттеулер компьютерлер кіші жастағы балалардың тілі мен сөйлеу іс-әрекетінің дамуына құнды қолдау ұсынатынын көрсетті [5].
Балалар бақшасында компьтерлерді жиірек пайдалану, алдыңғы зерттеулерде сендірілгендей, әлеуметтік мінез-құлықтың теріс көрінісіне әкелмегенін байқау маңызды болады.
Балалар бақшасында компьютер заттық-дамытушы ортаны байытушы және түрлендіруші элемент болып саналады да ақпараттық-қатынастық технологияларды дамытушы сипат үшін мүмкіндік жасайтынын мамандар атап өтеді. Баланың жасына және қолданылатын бағдарламаларға байланысты компьютер ойын бойынша қарсы пікірлі адамның рөлін атқара алады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту кезінде табысты қолдануға болатын балалардың көру мен есту қабылдауы, ықылас білдіруі, есте сақтауы, сөздік-логикалық ойлауы және т.б. сияқты әр түрлі психикалық қызметтерін дамытуға бағытталған әр түрлі компьютерлік құралдар бар.
1986 жылдан бастай отырып, «Компьютер және балалық шақ» бірлестігінің (Ресей) мамандары дамытушы және үйретуші компьютерлік ойындарды пайдалану бойынша көптеген институттардың мамандарымен ынтымақтастықта ұйымдастырған және жүргізген ғылыми зерттеулерінде ақпаратты берудің мультимедиалық тәсілінің арқасында келесі нәтижелерге қол жеткізді:
Ерте жастағы балалар
Балаларға арналған ойындар – әлемді танудың және өзін-өзі дамытудың жалғыз ғана тәсілі. Ойын – бұл танымдық іс-әрекет, ол оны қоршайтын табиғат пен әлеуметтік ақиқат туралы баланың ойлауының өзіне тән практикалық формасы болып табылады. Ақиқатты бейнелеудің ойындық құралдарының ерекшеліктерінің арқасында бала ойында алғаш рет абстракты ойлауға тартылады.
Компьютерлік ойындарды оқу процесінде оқытудың дәстүрлі әдістерімен және педагогикалық инновацияларымен үйлесімді түрде жүйелі пайдалану жағдайы кезінде дайындығы әр түрлі деңгейдегі балаларды оқытудың тиімділігі айтарлықтай артады. Осы кезде бірнеше технологиялардың бірмезгілдік ықпалының салдарынан білім беру нәтижесінің сапалық жақсаруы болады.
«Компьютерлік технологияларды меңгерген мектеп жасына дейінгі бала «санада ойлауға» аса дайын болады да, мектепке баратын балалардың ойлауына қойылатын негізгі талаптардың бірі болып саналады. Мектеп жасына дейінгі балаларда ақпараттық қоғамдағы өмірге құлшыныстық, парасаттық пен операциялық дайындықтардың алғы шарттары қалыптасады.