Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 13:47, методичка
Біздер бірқатар елдердің, оның ішінде Ұлыбритания, Швеция, Польша Ресей сияқты елдердің, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың цифрлық контентін дайындау тәжірибелеріне шолу жасап талдадық. Біздер әлемде танымның әр түрлі саласы үшін көптеген қарапайым және күрделі компьютерлік бағдарламалар дайындалынатынын байқадық.
Біздер тапқан ресурстардың көпшілігі ағылшын тілінде дайындалынған. Бір жағынан бұл жақсы, өйткені бала кемік сияқты жаңа сөздерді, жаңа білімдерді және оған сол немесе басқа ойын қай тілде, қандай дәрежеде екенігіне қарамастан сіңіре береді. Сонымен, ағылшын тілімен танысу және оны үйрену аралық түрде болады.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………….…
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМДІК КОНТЕНТТІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ …………………………………….
2. ҮЙРЕТУШІ БАҒДАРЛАМАЛАР …………………………………….
2.1. Үйретуші ойындардағы парасаттық пен танымдық дамыту …………
2.2. Компьютерлік ойындардың көмегімен математиканы пропедевтикалық оқыту ……………………………………………….
2.3. Үйретуші ойындарда сөйлеуді дамыту ………………………………..
2.4. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды мектепке дайындау …..
3. ДАМЫТУШЫ БАҒДАРЛАМАЛАР …………………………………..
3.1. Көркемдік тәрбие ……………………………………………………….
3.2. Музыкалық тәрбие ……………………………………………………...
3.3. Дене тәрбиесі ……………………………………………………………
3.4. Шығармашылық тәрбие ………………………………………………...
3.5. Компьютерлік сауаттылық ……………………………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………...
Ұлыбританияның «Білім және әлемді түсіну» оқу бағдарламасының оқу жоспарында (QCA, 2000) мектепке дейінгі білім берудің дәстүрлі мақсаттары үшін жаңа технологиялардың мынадай мүмкіндіктері көрініс тапты:
Балалардың жасымен сәйкес келетін технологияларды пайдаланудың критерийлерін Білімдік қатынастар мен технологиялар бойынша Британдық агенттік (British Educational Communications and Technology Agency - BECTa, 2002) пен DАТЕС (Developmentally Appropriate Technology for Early Childhood – Кіші жастағы балалар үшін дамытатын технологиялар) жобасы сияқты ұйымдар дайындаған болатын.
DАТЕС (www.ioe.ac.uk/cdl/datec) ұсынған критерийлер келесі бағыттарды қамтиды:
- Қосымша бағдарламалар пайдаланушылар үшін мөлдір және түйсікті түсінікті болуы тиіс;
- Технологиялар баланың әрекеттерін қамтамасыз етуі тиіс;
- Бағдарламалық жасақтаманы таңдау күштеу мен таптаурындарды болдырмауы тиіс;
- АҚТ сынып бөлмесіндегі сабақтармен және оқу бағларламаларымен кіріккен болуы тиіс;
-АҚТ-ды пайдалануда ынтымақтастық пен ойындарды мадақтау қажет.
.
Үйретуші бағдарламалар – бұл ойындық формада бір немесе бірнеше дидактикалық есептерді шешуді ұсынатын дидактикалық (жабық) типтегі ойындық бағдарламалар. Бұл ойындар балалардың әріптерді ұғып алуына, жазу арқылы оқу, оқу арқылы жазу машықтарын дамытуға; элементарлық математикалық түсініктерді, жазықтықта және кеңістікте бағдар бойынша түсініктерді қалыптастаруға; экологиялық тәрбиеге мүмкіндік туғызады.
Шетел мамандарының пікірі бойынша компьютерлік ойындарды пайдалану мектеп жасына дейінгі балалардың парасаттық есептерді түсіну мен шешу, сыртқы ойшылдық әрекеттерді ішкі жоспарға ауыстыру қабілеттерін қалыптастыруға; оқу іс-әрекеттерінің машықтарын: оқу танымдық есепті қоя және қабылдай білуді, нұсқауларды тыңдай және ілесе білуді, өз іс-әрекетіңді жоспарлай және алгоритм бойынша жұмыс істей білуді, іс-әрекеттің барысын бақылай және өз іс-әрекетіңнің нәтижелерін бағалай білуді, әрекеттің нәтижесін болжау қабілетін, жоғары психикалық процестерді дамытуды, түйсікті, жад назарын қылыптастыруды қамтамасыз етеді [6-10].
Ақпараттық-білімдік ортаны құру бойынша мектеп жасына дейінгі балалар мен мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін шешімдердің ішінде өзіне оқу мекемелерінде де, үйде де білім алу базарына да бағдарланған оқу материалдарын қамтитын кешенді өнімдердің төтенше қазіргі заманғы желісі болып табылатын «eduSensus», разработанное компанией Young Digital Planet SA (Польша) шешімін атауға блады. «eduSensus» балаларға қабылдау мен сөйлеу машықтарын дамытуға, сондай-ақ тартымды қызықты ойындар процесінде өздерінің сөздік қорларын толықтыруға мүмкіндік беретін төрт мың дерлік тартымды қызықты жоғары интерактивтік ресурстарға қатынас құруды ұсынады [11].
Арнайы дайындалынған екі тұғырнаманың үйлесімі ауқымында балалар, ата-аналар, педагогтар мен денсаулық сақтау қызметкерлері тиімді ынтымақтаса алатын және, шын мәнінде нағыз маңызды, баланың теңгерілген дамуына өзінің барлық зейінін аударатын «eduSensus-қа» кіріккен оқыту үшін толық қызметтік және әмбебап ортаны құруға мүмкіндік береді.
YDP-дан «Step by step» («Қадамнан кейін қадам») бағдарламасы баланың қалыпты дамуы үшін талап етілетін себеп-салдар байланыстарын орнату, көру, есту және кеңістік қабылдау, математикалық ойлау, ойланып толғануға әлеуметтік мінез-құлық пен қабілеттік сияқты негізгі машықтар үшін арналған.
«Қадамнан кейін қадам» балаға ой-өрісті кеңейтуге, алынған білім мен әсерді реттеу мен топтастыруға, логикалық ойлауды және кейбір практикалық машықтарды дамытуға, зейінді шоғырландыруды үйренуге, сөйлеуді меңгеруге және дыбысты тануға мүмкіндік бере отырып, қабылдауды ынталандырады.
Осы бағдарламаның оқу материалы төрт негізгі бөлікке бөлінген – жылдың әрбір уақыты үшін бір-бірден әрбір тақырыпқа ашық безендіру, сондай-ақ басып шығару үшін қосымша материалдар, жадты жаттықтыру үшін кәртішкелер және бояу үшін суреттер, тәрбиешілер мен дәрігер қызметкерлер үшін түсінікті сабақ жоспарлары бар.
Балалардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, тапсырмалардың тұжырымдамасы жазылмаған, ол тек қана дыбысталған. Дыбысталу арнайы иконды басу кезінде ғана естіледі. Осы шолудың ауқымында мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық пен ойшылдық іс-әрекеттерінің бірнеше мысалын ғана келтіруге болады.
«Суреттерді дұрыс ретпен қойыңдар» типіндегі тапсырмаларды орындау кезінде (қыз бала балмұздақ жеп отыр – қыз бала балмұздақты жеп болды; ұл бала шелекке құм салып жатыр – ұл бала құмнан үймешік жасады)» бала себеп пен салдарды тағайындауды үйренеді.
Ең кіші балалар (2 жас) үшін «Суреттерді қалпына келтір» тапсырмасын орындау кезінде көру жады, зейін, елестету, қабылдау, ойлау, көру-моторлық үйлесімінің дамуы сияқты психикалық процестердің дамуы болады.
Кеңістік қабылдауды дамытуға
мынадай тапсырмалар
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктеріне сәйкес бағдарламалар негізінен әлемді танудың бейнелік формаларын – көрнекілік-бейнелік ойлау мен елестету, сондай-ақ қауымдастық, бейнелік, кеңістіктік ойлауды, кеңістікте бағдарлану біліктіліктерін дамытуды қамтамасыз етеді.
пропедевтикалық оқыту
Математиканы пропедевтикалық оқыту, мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлық математикалық түсініктерін дамыту цифрлық білімдік контенттің көмегімен де мүмкін болады.
Мәселен, «Play and learn Nursery school» (швед тілінде) үйретуші ойыны бар диск – баспагер Levande Bocker, жеткізіп беруші – Knowledge Adventure, Швеция – 5 жастағы балалар үшін арналған. Бұл ойын негізінен арифметикаға дайындауға бағытталған. Математика саласында оқыту цифрлармен және олардың тізбектерімен, геометрияның бастапқы негіздерімен таныстықты ұсынады. Бала кеңістіктегі (жақын, алыс, оңжақтан, сол жақтан) және уақыт бойынша (тәулік, күн, ай, жыл) бағдарлауды оқып үйренеді. Әр түрлі есептер бала мен компьютердің арасында белсенді өзара әрекеттестікте шешіледі және қызығушылық пен практикалық біліктердің дамуын шақырады. Бұл ойын математика негіздерінің аздаған бір шама жоғары күрделілік дәрежесіне баланы оқытуда көтермелейді.
«Flying Start First Class» – 5-8 жастағы балалар үшін сол өндірушінің бағдарламасы – кешенді сипатқа ие. Өйткені баланың оқудағы, математикадағы, жаратылыстану ғылымдарындағы және музыкадағы білімдерін дамытуға бағытталған. Бағдарламада салмақ ұғымымен танысу, әр түрлі шамаларды қалай өлшеуді үйрену, ақшаны қалай санау сияқты бірқатар практикалық сәттер бар. Ол сондай-ақ білгілі бір дәрежеде көркемдік, шығармашылық қабілеттерді қозғайды, түс, форма туралы ұғымдарды қалыптастырады. Күрделілік дәрежесі әр алуан әр түрлі жаттығулар бар. Табысты санақ, есептерді шешу, дұрыс таңдау кезінде экранда суреттер аяғына дейн салынады, заттар орын ауыстырады, ойындық жағдаяттар өзгереді, балаға жаңа қиынырақ тапсырмалар ұсынылады. Осы бағдарламаның арқасында сабақтар табысқа жету тілегін тудыратын мәжбүрленбеген сипатқа ие болады, баланың мәселені шешу машықтарын ынталандырады да оған жаңа білімдер мен тәжірибелер береді. Бағдарламада балаға өз жетістіктерін тексеруге мүмкіндік беретін диагностикалық тестілер бар.
Компьютерлік математикалық
Ойындардың басқа бөлігі сөздік қорды толықтыруға және сөйлеуді дамытуға бағыттаған.
Швед бірлестігі Lara Mera & Allemansdata дайындаған «А-дан Я-ға дейін» бағдарламасы 4 жастан жоғары балалар үшін барлығына әліпби әріптерін үйрететін және балаға оқу мен жазудың дайындық оқытуын, сондай-ақ қозғалыстар үйлесімін ұсынатын үйретуші бағдарлама болып саналады. Бағдарлама көру, есту машықтарын дамытады, жад пен жазу үшін қажетті басқа біліктерді және сөздік қорды кеңейтуді жаттықтырады. Әрбір әріп үшін ішінара компьютермен істейтін жұмыстан, жекелей басып шығаруға болатын парақтардан тұратын, іс-әрекеттің он бір түрінен жинақ бар. Баспа жаттығуларын жазу формасындағы оқытудың негізі ретінде сурет салулармен сәйкес келтіруге болады.
«Әріптер еліндегі жақсы әліппе (өндіруші – 1С, Ресей) интерактивтік DVD – бүлдіршіндерді орыс әліп-биінің әріптерін жеңіл ойындық формада тануға, оқу мен жазуға үйрететін, бір жастан жеті жасқа дейінгі балалар үшін арнайы дайындалынған үйретуші бағдарлама. Әліп-биді балалар бақшасында және үйде оқу үшін пайдалануға жарайды. Дискінің мазмұны «Әліп-биді ойлап тапқан Әліп пен Би туралы ертегі» балаларды Әріптердің сиқырлы елімен, орыс әліппесінің әріптерімен және оларды сақтаушылармен, Әліп және Би сиқырлы адамсымақтармен таныстыратын бояулы мультфилмнің 7 сериясын қамтиды. Одан басқа дискіде әріптерді тез есте сақтау және баспа әріптермен жазуды үйрену үшін арнайы бедерленген мәтіндері бар орыс тілінің әрбір әрпінің жазылуын безендіретін 33 үйретуші мультфильм; сөздік қорды кеңейту үшін әріптері бар танымдық ойындар, сондай-ақ өзіндік сабақтар үшін жаттығулар бар. Алынған білімдерді бекіту үшін балалардың ата-аналармен бірге орындайтын сабақтары үшін арнайы тексеру тапсырмалары бар.
YDP бірлестігі дайындаған «Сөзде ойнаймыз» қосымша бағдарламасы негізінен тілді меңгерудің лексикалық, грамматикалық экспрессивтік және прагматикалық аспектілерін дамытуға бағдарланған. Онда балаларға қоршаған ортаны қабылдау мен түсінуді, сондай-ақ өзінің ойлары мен бақылауларын жеке және әлеуметтік деңгейде сипаттап жазуды жеңілдететін интерактивтік сценарилер бар. Бұл бағдарлама тілді меңгеру кезінде пайдалы құрал бола алады; ол сондай-ақ келешекте лингвистикалық сипаттағы мәселелердің пайда болуынан қашуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, «Сөзде ойнаймыз» баланың әлеуметтік және тілдік машықтарын, ойлау машығын, сондай-ақ кеңістік, есіту және фонологиялық қабылдауларының дамуына мүмкіндік туғызады.
Қосымша бағдарламаның бүлдіршіндер үшін мәтінді қосу мен ажырату мүмкіндігі бар айқын аудионұсқауы бар болады.
Осы қосымша бағдарламаның тапсырмаларының ішінде: «Тыңда. Мағынасы бойынша қарама-қарсы сөздерді жалғастыр»; «Әшекейдегі қарсы мәндес сөздерді жалғастыр; «Тыңдаңыздар. Басқатырғыштағы қарама-қарсы сөздерді жалғастырыңдар» және б. бар (1-сурет).
|
|
1-сурет. «Сөзде ойнаймыз» YDP қосымша бағдарламасынан үзінді: «Доминода ойнаңдар.Қарама-қарсы сөздерді табыңыңдар. Қарама-қарсы сөздерді қатар орналастыра отырып, суреттерді экранның оң жағына орын ауыстырыңдар (суреттерді бұруға да болады».
|
YDP бірлестігі дайындаған «Лого-ойындар» қосымша бағдарламасы – бұл балалардың тілінің дамуына, дыбысқа сезімталдығын дамытуға, сондай-ақ ырғақты, жылдамдықты, дыбыс қаттылығын, дауыс ырғағын, сөздің модуляциясы мен екпінін бақылауға мүмкіндік туғызуға бейімделінген жаттығулар жинағы. Қосымша бағдарлама сондай-ақ дыбыстық қабылдаудың, көру-моторлық пен есту-моторлық үйлесімінің дамуына мүмкіндік туғызады. Осы қосымша бағдарламаның қадір-қасиетіне жақсы ойластырылғын ойындық интерфейсті, ашық және әзілдік графикті, сондай-ақ дауыс көмегі кезінде жоғары интерактивтік ойындарды басқару мүмкіндігін жатқызуға болады.
YDP-тан «Сөйлейтін
суреттер» бағдарламасының мінд