Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 13:47, методичка
Біздер бірқатар елдердің, оның ішінде Ұлыбритания, Швеция, Польша Ресей сияқты елдердің, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың цифрлық контентін дайындау тәжірибелеріне шолу жасап талдадық. Біздер әлемде танымның әр түрлі саласы үшін көптеген қарапайым және күрделі компьютерлік бағдарламалар дайындалынатынын байқадық.
Біздер тапқан ресурстардың көпшілігі ағылшын тілінде дайындалынған. Бір жағынан бұл жақсы, өйткені бала кемік сияқты жаңа сөздерді, жаңа білімдерді және оған сол немесе басқа ойын қай тілде, қандай дәрежеде екенігіне қарамастан сіңіре береді. Сонымен, ағылшын тілімен танысу және оны үйрену аралық түрде болады.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………….…
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМДІК КОНТЕНТТІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ …………………………………….
2. ҮЙРЕТУШІ БАҒДАРЛАМАЛАР …………………………………….
2.1. Үйретуші ойындардағы парасаттық пен танымдық дамыту …………
2.2. Компьютерлік ойындардың көмегімен математиканы пропедевтикалық оқыту ……………………………………………….
2.3. Үйретуші ойындарда сөйлеуді дамыту ………………………………..
2.4. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды мектепке дайындау …..
3. ДАМЫТУШЫ БАҒДАРЛАМАЛАР …………………………………..
3.1. Көркемдік тәрбие ……………………………………………………….
3.2. Музыкалық тәрбие ……………………………………………………...
3.3. Дене тәрбиесі ……………………………………………………………
3.4. Шығармашылық тәрбие ………………………………………………...
3.5. Компьютерлік сауаттылық ……………………………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………...
Көптеген цифрлық білімдік ресурстарды музыкалық тәрбиеге де пайдалануға болады.
Оған YDP бірлестігі дайындаған «Сөйлейтін суреттер» ойындарының кейбір тапсырмалары жатады. Мысалы, балаларға өздерінің өзіндік меншікті саздарын құрастыруды ұсынатын «Композитор бол. Нотаны дыбыс қатарына апар. Алынған сазды тыңдау үшін баста батырмасын бас»» өте шығармашылық тапсырма. Бала жоғарғы дыбыс қатарында ноталарды басқан кезде, олар дыбыс шығарады – бала дыбысты және дыбыс қатарындағы ноталардың көріну орналасуын еске сақтайды. Әрбір нотаны қанша қажет болса сонша орын ауыстыра алады (8-сурет), ал алынған сазды тыңдауға болады. Осы ойынның басқа тапсырмасында фортопианода «ойнауды» ұсынады. Бала виртуальдық пернелерді баса және сазды жаза алады (8-сурет, а).
Сондай-ақ оркестрдегі әрбір аспаптың шығаратын дыбысымен танысу мүмкіндігін береді. Аспаптар тобының кескінін басқан кезде аспаптың атауы және оның шығаратын дыбысы пайда болады (8-сурет, ә).
8-сурет. YDP «Сөйлейтін суреттер» ойынынан үзінді |
Шығармашылық қабілеттерін қолдану балаға алғашқы жағдаяттың шегінен шығуға және оны түрлендіру процесінде жаңа өнім жасауға мүмкіндік береді.
«Лого-Ырғақ» — музыканы түсіну мен дайындаудың шығармашылық процесіне балаларды тартуға мүмкіндік беретін мүзыка көмегімен балаларға ойнауға және оқып білуге мүмкіндік беретін бірлестіктің басқа өзіндік ерекше өнімі. «Лого – Ырғақ» сөйлеу машықтарының дамуы мен терапиясы және сөйлеудің дамуының тежелуіне жол бермеу үшін музықалық терапияның элементтерін пайдаланады.
Бағдарлама есту-моторолық үйлесімін және дыбысқа сезімталдықты, сондай-ақ сөйлеу жылдамдығымен жұмыс істеуді дамытуға көмектеседі. Ол сондай-ақ моторлық, естушілік және музықалық-сөйлеу машықтарын ынталандыру есебінен баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етумен байланысты бірқатар қосымша қызметтерді орындай алады және бастапқы музыкалық білім алу үшін қосалқы материалдармен қызмет етеді.
Өнімнің беделіне баланың
жеке тәжірибесінің негізінде
Мәселен, «Лого-Ырғақ» - «Auditorz activities, diversification of rate» (Әр түрлі деңгейдегі есту жаттығулары) қосымша бағдарламалар бөлімінің мынадай тапсырмалары бар: «Оң жағында, сол жағындағыдай, шапалақтайтын қол бейнеленген. Бірдей жазуларды табыңыздар да жұптастырыңыздар» (9-сурет).
«Лого-Ырғақ» бағдарламасы сондай-ақ өзіне балаға өзіндік сазды іріктеу мен дайындауға, ойын процесінде нотаның гаммасы мен ұзақтығы сияқты ұғымдармен танысуға мүмкіндік беретін виртуальдық пернені енгізеді (9-сурет). Метроном екпінді есептейді – баяу, орташа, тез.
|
|
9-сурет. YDP «Лого-ырғақ» ойынынан үзінді |
Дыбысқа сезімталдықты үйрету сондай-ақ ойындық формада да болады. Балаларға дыбыстарды мұқият тыңдаңыздар ұсынылады: «Егерде сіз жоғары дыбысты естісеңіз, онда «жоғары» тілшікті басыңыз, егерде сіз төменгі дыбысты естісеңіз, онда «төмен» тілшікті басыңыз. Дұрыс жауаптар кезінде кейіпкер бір біріне кездесуге қарай қозғалады (10-сурет).
|
|
10-сурет. «Лого-Ырғақ» бағдарламасының үзіндісі |
Дененің қабілеттілігін дамытуға «Лого-Ырғақтың» басқа қосымша бағдарламасы – «Locomotive Exercises, Jamping & Leaping Exercises» (Қозғалыс жаттығулары, секірістер, жүгірістер). Балаларға дене жаттығуларын орындаудың және үлгі бойынша қозғалыстарды орындаудың жазбалары бар бейнені қарап шығу мүмкіндігі ұсынылады, мысалы:
«Келіңіздер жақсы секіруді үйренелік. Ол үшін бірінші жаттығуды жасалық. Келіңіздер оны бірге жасалық. Бейнедегі қызға қараңыздар да қозғалысын қайталаңыздар. Өкшені еденнен ажыратпаңыздар, сіздің денеңіз түзу болуы тиіс. Сонымен, балалармен бірге байқап көрелік, осы жаттығуды қайталаңыздар»;
«Тексеріп көріңіз, тек бір аяқта ғана секіре аласыз ба? Неге сізге оң аяқта ғана секіріп көрмеске, содан кейін – тек сол аяқта ғана? Бейнеге қараңыз да секіріңіз – құба-құп».
11-сурет. YDP «Лого-Ырғақ» ойынының үзіндісі
Моторлық машықтарды дамытуға бағытталған басқа бағдарлама – YDP «Мектепке дайындық» қосымша бағдарламасы. Онда мынадай жаттығулар бар: «Сіз итпен серуендеп жүрген баланың суретін көресіз. Сіз ит сияқты солай қозғала аласыз ба? Көрсетіңіз»; «Мысықтың жон арқасы қандай, көрсетіңіз. Фотоға қараңыз, жаттығуды қайталаңыз» және т.б.
YDP бірлестігінің «Қара және айт» қосымша бағдарламасында дыбысы бар суретті қызықты тарихтарды дайындауға арналған «Қуақыларды дайындаушы» деген баурап әкетуші интерактивтік модуль бар. Бұл модульде бала жинақтан таңдай алатын ұсынылған сән-салтанаты, сипаттамалары, дыбыстары бар қуақыларды дайындауға болады. Жасалған суреттерді баспаға шығарып алудың да маңызы зор.
12-сурет. YDP «Қара және айт» бағдарламасының үзіндісі. Қуақыларды дайындаушы
Компьютерлік біліктерді дамытуға өзіндік бағытталған бағдарламалар ерекше орын алады. Әрбір баланың келешектегі өміріне компьютер міндетті түрде қажет болады. Ал қазірше компьютер әлемі олар үшін жұмбақ әрі түсініксіздік. Бала тышқан мен пернені басқарудың әліппесін неғұрлым ерте меңгерсе, солғұрлым келешекте компьютерді ол солғұрлым тез меңгеретін болады. Сондықтан біз компьютерді басқару машықтарын дамытуға; ойын бағдарламаларының интерфейсін түсіне білуді дамытуға; қолдардың ұсақ моторикасын дамытуға; компьютердің құрылысы туралы білімдерді толықтыруға бағытталған бағдарламаларға назар аудардық.
Мұндай бағдарламаға CD-дағы «Minsting Kunskap för livet och i skolan» (Өмір сүру мен мектеп үшін шағын білімдер), басып шығарушы Levande Bocker, жеткізуші Knowledge Adventure швед өнімін жатқызуға болады. Ол 2-ден 4 жасқа дейінгі Швециядағы ең кіші балалар үшін жасалған көп емес бағдарламалардың бірі болып саналады. Бұл компьютермен бірінші кездескен бала үшін өте жақсы ойын. Оқытудың басты мақсаты компьютермен таныстық және оны басқарудың алғашқы біліктерімен қаруландыру, баланың компьютермен үйлесімін және өз қабілеттілігіне сенімділігін бекіту. Тышқанның көмегімен бала көрсеткен кез келген орын, және тіпті пернетақтада кез келген пернеге әрбір жанасу кездейсоқ таңдау әдісімен алынатын қандайда бір анимацияны шақырады. Бағдарламада сондай-ақ алуан түрлі жаттығулар бар: «жасырынбақ ойын», «итті тамақтандыр», әліпбимен, цифрлармен, формалармен таныстық, музыкалық аспаптардағы ойын және ән жинағы. Бала суреттер мен дыбыстарды біледі және оларды қайталау арқылы іс-әрекеттің әр түрлі түріне зауқы ауады.
Abrakadabra (өндіруші - LaraMeara Program AB, жеткізуші» - LaraMera AB) – бұл да компьютермен бірінші кездесу кезіндегі 2-4 жастағы ең кіші оқушыға арналған бағдарлама. Оқытудың негізгі мақсаты көру қабылдауы машықтарын, тілдік дамытудың ерте әдісін дамыту болып саналады. Бағдарламада пернені немесе тышқанның батырмасын басып, бала кезең бойынша дайындайтын әр түрлі отыз суреттер композициясы бар. Композиция аяқталған кезде одан дыбыстық сүйемелдеуі бар анимация ойналады. Жаттығуда күрделіліктің үш деңгейі бар болады. Мұнда оқытудың дәстүрлі әдістерімен үйлестіруге болады. Компьютерлік бағдарламаның көмегімен балалар сондай-ақ басқа материалдарда, мысалы, қағазда. папье-машада жасалына алынатын фигураларды, реңктерді, ақыр соңында, ортақ қоршамды жасайды
Орыс тіліндегі «Бүлдіршіндер үшін компьютер. Компьютерде ойнауды үйренеміз» (өндіруші «Бука») дискісі бүлдіршіндерді қызықты да құпиялы компьютерлік әлемге шақырады. Көңілді қонжық балаға алғашқы компьютерлік машықтарды бекітуге көмектеседі. Бағдарламаның ашық және көркем безендірілуі баланың орнықты қызығушылығын қалыптастыруға көмектеседі және оған қыруар ләззат алып келеді, ал компьютерді басқаруды меңгерудің дұрыс таңдалынған әдістері балаға тезірек өсуге және дамуға мүмкіндік береді. Қызықты шағын ойындар компьютерлік тышқан мен пернетақтаны меңгерудің машықтарын бекітуге мүмкіндік туғызады. Бағдарламада реакцияны, түстік түйсікті, логиканы дамытуға тапсырмалар ұсынылған. Бағдарламаның ерекшелігі ойынға өз фотографияңды енгізу мүмкіндігі болып саналады. Бүлдіршін ойында таныс дидарды немесе оның сүйікті үй өсірілімін көргенде, бүлдіршінді жағымды сыйлық күтіп тұрады! Бағдарлама басқаруда қарапайым, ешқандай ерекше машықтарды талап етпейді, демек тіпті ең кіші сәби, 2 жастан бастап, онда ойнай алады. Күрделі емес тапсырма балаға компьютерде жұмыс істеудің тек бастамасын ғана үйретпейді, кеңістік ойлауды, зейінді, бақылаушылықты, моторды дамытады.
«Монтессори жүйесі бойынша балаларды ерте дамыту» сериясының бағдарламасы (өндіруші «Руссобит») кіші жастағы балалардың тұлғалығын дамытуға бағытталған. Осы курстың міндеттері баланың ой-өрісін – білуге құмарлығын, логикасын, моторикасын, түрлі түсті сезуін, заттардың формасы мен мөлшерін – дамыту болып саналады. Бағдарламадағы ашық түсті анимациялар, динамикалық суреттер мен бояулы фотографиялар түсіндіретін түсініктемелермен сүйемелденеді, осыдан оқыту процесі аса қызықты және танымдылықты болады. Тышқанмен және пернемен жұмыс істеудің бастамасын үйретуге балалар үшін бағдарламада «Түс», «Форма», «Мөлшер» тақырыптары бойынша танымдық материалдардың жинағы бар. Бағдарламада ата-аналар баланың қабілетіне қарай тапсырманы таңдай алатын баптау режімі қарастырылған. Бағдарманың ерекшелігі үйретуші материалдарды баспаға шығаруға болатындығы болып саналады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Демек, шетелдегі мектепке дейінгі мекемелердегі цифрлық білімдік контенттің негізгі түрлері компьютерлік ойындар болып саналады. Олар CD-де де, Ғаламтор бойынша онлайнда да пайдаланылатын бола алады.
Ең кіші жастағы, 2 жастан бастап, балалар үшін дамытушы ойындар бар, алайда ойындардың көпшілігі дегеменде мектепалды жастағыларға және балаларды мектепке дайындауға бағытталған.
Кейбір компьютерлік ойындар мен бағдарламалар қандайда бір белгілі білікті немесе машықты қалыптастыруға бағдарланған, алайда олардың көпшілігі кешендік сипатта болады.
Егерде мектепке дейінгі білім берудің цифрлық білімдік контенттінің бағытталушылығын қорытатын болсақ, онда оның мына бағыттарға бағытталғандығы туралы қорытынды жасауға болады:
Компьютерлік ойындардың көпшілігі ойындық пен дидактикалық міндеттерді біртіндеп күрделендіру қағидасы бойынша құрылады. Цифрлық білімдік контент бала үшін эксперименттеудің, модельдеудің, топтастырудың, салыстырудың қызықты формасын қамтамасыз етеді.
Компьютерлік
Сонымен, цифрлық білімдік контент баланың тұлғалығын одан әрі оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру үшін жақсы негіз болып табылады.
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
АО «Национальный центр информатизации»
АНАЛИТИЧЕСКИЙ ОБЗОР ЗАРУБЕЖНОГО ОПЫТА
В ОБЛАСТИ РАЗРАБОТКИ ЦИФРОВОГО КОНТЕНТА ДОШКОЛЬНОГО ВОСПИТАНИЯ И ОБУЧЕНИЯ
Алматы, 2012
Рекомендовано Ученым советом
Национального центра информатизации
Рецензенты:
Мухамбетжанова С.Т., доктор педагогических наук, доцент
Аналитический обзор зарубежного опыта в области разработки цифрового контента дошкольного воспитания и обучения. – Алматы: АО «НЦИ», 2012. – 56 с.
Настоящий аналитический
обзор подготовлен в
Аналитический обзор включает описание различных типов прикладного программного обеспечения, реализующего содержание дошкольного воспитания и обучения за рубежом, в том числе обучающие и развивающие компьютерные игры, реализуемые как на CD, так и через Интернет.