Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 13:47, методичка
Біздер бірқатар елдердің, оның ішінде Ұлыбритания, Швеция, Польша Ресей сияқты елдердің, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың цифрлық контентін дайындау тәжірибелеріне шолу жасап талдадық. Біздер әлемде танымның әр түрлі саласы үшін көптеген қарапайым және күрделі компьютерлік бағдарламалар дайындалынатынын байқадық.
Біздер тапқан ресурстардың көпшілігі ағылшын тілінде дайындалынған. Бір жағынан бұл жақсы, өйткені бала кемік сияқты жаңа сөздерді, жаңа білімдерді және оған сол немесе басқа ойын қай тілде, қандай дәрежеде екенігіне қарамастан сіңіре береді. Сонымен, ағылшын тілімен танысу және оны үйрену аралық түрде болады.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………….…
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМДІК КОНТЕНТТІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ …………………………………….
2. ҮЙРЕТУШІ БАҒДАРЛАМАЛАР …………………………………….
2.1. Үйретуші ойындардағы парасаттық пен танымдық дамыту …………
2.2. Компьютерлік ойындардың көмегімен математиканы пропедевтикалық оқыту ……………………………………………….
2.3. Үйретуші ойындарда сөйлеуді дамыту ………………………………..
2.4. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды мектепке дайындау …..
3. ДАМЫТУШЫ БАҒДАРЛАМАЛАР …………………………………..
3.1. Көркемдік тәрбие ……………………………………………………….
3.2. Музыкалық тәрбие ……………………………………………………...
3.3. Дене тәрбиесі ……………………………………………………………
3.4. Шығармашылық тәрбие ………………………………………………...
3.5. Компьютерлік сауаттылық ……………………………………………..
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………...
Өнімнің қадір-қасиеттері деп бағдарламамен кешенді дыбыстық пен көрермендік өзара әрекеттестікті атауға болады. Бала бірмезгілде жабайы және үй жануарларының және құстардың суретін көреді және шығаратын дыбыстарын естиді (2-сурет), мысалы мысықтың бейнесі мен мияулауы және т.б.
2-сурет. YDP «Сөйлейтін суреттер» бағдарламасынан ойындардың үзінділері. Жұбын табыңдар. |
Осы қосымша бағдарламадан ойындардың басқа сериясы «Natural sounds. ZOO animals» («Табиғат дыбыстары. Хайуанаттар бағы») балаларға хайуанаттар бағындағы жануарлар қандай дыбыстар шығаратынын тыңдау мүмкіндігін береді: «Суреттегі жануарға бас, тыңда, ол саған не айтқысы келеді, оның дыбысын қайталап көр, жаз да өзіңді тыңдаңыздар» (3-сурет, а). Кері тапсырма болуы мүмкін: жануар шығаратын дыбысы бойынша балаға оны табу ұсынылады. «Жұбын тап» ойындар типологиясының кездейсоқтық элементтері, жаңалықтары, күтілмегендері бар, өйткені ойындарды қайталау кезінде жануарлардың дыбыстары енді басқа ретпен беріледі (3-сурет, ә), ал бұл маңызды психологиялық-педагогикалық қасиет.
3-сурет. YDP «Сөйлейтін суреттер» бағдарламасынан ойындардың үзінділері. Табиғат дыбыстары. |
Осындай ойындардың көмегімен қоршаған
орта, әлеуметтік-тұрмыстық
Осы ойында мынадай да тапсырма бар: «Жазуды тыңда да оған сәйкес келетін суретті алып кел» - орман қалай шуылдайды, құстар қалай сайрайды жазуы беріледі. Мынадай тапсырмалардың, балалар сарқыраманы, құстардың сайрауын немесе жапырақтардың сыбдырын тыңдағанда, психо-эмоциялдық жай-күйін бекітуге оң ықпалы бар болады.
Көптеген компьютерлік ойындар ойындық пен дидактикалық міндеттерді біртіндеп күрделендіру қағидасы бойынша құрылады. Мысалы, «Сөйлейтін суреттер» қосымша бағдарламасының тапсырмаларында заттарды көрсетілген ретпен орналастырыңыздар» (4-сурет, а). Екінші тапсырма енді күрделілеу: тек заттарды дұрыс орналастыру ғана емес, оның астындағы жазуларды да дұрыс орналастыру керек (4-сурет, ә).
|
|
а)
4-сурет. «Сөйлейтін суреттер» қосымша бағдарламасындағы күрделігі бойынша әр түрлі деңгейлі тапсырмалардың мысалы |
Ашық түсті және тірі кейіпкерлер көңілді және таңылмаған формада білім алуға көмектеседі, оған көп қызықты және пайдалы ақпарат айтады. Балада тұлғааралық қатынасты игеру үшін негіз сияқты компьютерлік бағдарламаның ойдан алынған батырлары бар қатынас моделін меңгеру мүмкіндігі пайда болады.
Мәселен, «Сөйлейтін суреттер» балаға жатғаламшарлықтың тілін тыңдауды ұсынады. Ол үшін оған әшекейлерді жинау және олардың әрқайсысына басу қажет. Тапсырманы орындағаннан кейін алынған жатғаламшарлық адамсымақ мынадай үзінділерді айтады: «Сені көргеніме қуаныштымын», «Кешіріңіз!, «Жақында көрісеміз», «Рахмет».
YDP «Сөздегі ойындар» қосымша бағдарламасы балаға ойлануды ұсынады: осы балалардың арасында қандай әңгіме бола алады: «Сұрақтарды тыңдаңыздар да жауаптарды табыңыздар» (тек бір ғана дұрыс сұхбат). Дұрыс жауаптан кейін анимацияда сұхбат ойналады.
Балада дұрыс сөйлеу қалыптасады, бала тартымды графикаға бағдарлана отырырп, өзін-өзі бақылау әдісін іздейді.
«Қара да айт» – интерактивтік аудио- мен бейнематериалдар бойынша оқитын және жеке әріптерді дыбыстармен бірлестірудің орнына тұтас сөздерді есте сақтай және тани отырып, оқуды үйренетін балалардың сөздік қоры мен қатынастық қабілеттерін дамыту үшін арналған. Бағдарлама сізге қызықты интерактивтік және көңілді суреттардің көмегімен баланы жаңа сөздермен таныстырудың бірегей мүмкіндігін береді. Ойында сөздік қорды дамыту үшін әрқайсысында күрделілік дәрежесі әр түрлі бірқатар тақырыптық жаттығулары бар 30 санатқа бөлінген мультимедиалық материалдар жинағы бар.
Қосымша бағдарламада ишара тілідерін және ерінмен оқу машықтарын меңгеру бойынша бейнероликтер бар, олардың көмегімен балалар ишаралар тілінің негіздерін оқиды және әр түрлі сөздерді айтуды сүйемелдейтін еріннің қимылымен танысады; одан басқа балаларға, кім нашар тыңдайды, соларға толеранттық қатынастың негіздері беріледі.
Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеуін дамыту безендірілген тақпақты жаттау кезінде де болады. Мәселен, YDP «Сөйлейтін суреттер» қосымша бағдарламада «Тақпақты тыңда, еске сақтауға және қайталауға тырыс. Жазып ал да өзіңді тыңда» деген тапсырма бар. Тақпақты есте сақтау үшін кәртішкені басып алуға болатындығы, электрондық пен дәстүрлі оқытуды үйлестіру кезінде үлкен мәні барлығы маңызды болады.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін орыс тіліндегі – http://www.diagora.ru. «Ойынхана» ойын порталы орыс тілінде сурет-тақпақ ұсынады. Тақпақтың әрбір жолына немесе үзіндісіне тақпақты «көру түрінде» қабылдауға көмектесетін анимацияланған мағыналы безендіру ұсынылады. Анимацияланған суреттердегі тақпақтың екі нұсқасы бар: бірінші нұсқа – бұл түйінді үзінділерінде анимацияланған безендірулері бар тақпақтың толық мәтінінің жарияланымы. Екінші нұсқада бала суретті егжей-тегжейлі қарай алуы, ал ата-аналар оны түсіндіре алуы немесе суреттің тақырыбына бүлдіршінмен әңгімелесе алуы үшін әрбір үзіндіде тоқтап тұру мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ мұнда «ҚАЙТАЛАУ» батырмасының көмегімен үзіндіні қайталау мүмкіндігі қарастырылған.
«Мектепке дайындық» деп аталатын YDP бірлестігінің мектепке дейінгі жастағы ересек балаларға арналған қосымша бағдарламада баланың қалыпты дамуы үшін қажетті пәндер мен машықтардың бірін қамтитын көптеген тартымды жаттығулар бар. Оны тілдік және моторлық машықтарды, есту мен көру қабылдауларын, сондай-ақ математиканы оқытуды дамыту мен жаттықтыру үшін пайдалануға болады.
Мысалы, өте танымдық тапсырма: «Фильмді қара және бақыла, күн мен ай аспанда қалай қозғалады». Содан кейін тапсырма күрделенеді: «Күн мен айдың аспандағы қозғалысының тізбегін қалпына келтір». Бұл тапсырманың ерекше тартымдылығы сонда, егерде бала қажет етсе, онда тақтаның сол жағында орналасқан аспаптар көмегімен клипті тоқтатуға және суретті салып алуға болады.
Жаттығулар сериясы уақытты қабылдауды дамытуға бағытталған: «Суреттерді ретімен маусым бойынша орналастырыңдар, көктемнен бастаңыздар»; «Әр түрлі маусымда адамдар не киеді? Суреттерге қараңыздар да әрбір маусым үшін лайықты киімдерді таңдаңыздар»; «Суретке ұқыпты түрде қараңыздар, жазуды тыңдаңыздар және суретте сіз жылдың қай маусымының белгілерін көріп тұрғаныңызды анықтаңыздар»
«Мектепке дайындық» қосымша бағдарламасының тапсырмалары сондай-ақ ұқыптылықты, логикалық ойлауды: «Жазуларды тыңдаңыздар. Егерде хабарда шындық ақпарат бар болса, онда күлімдеп тұрған бет бейнені басыңыздар, егерде жоқ болса, онда мұңайып тұрған бет бейнені басыңыздар». Мынандай сөйлемдер дыбысталады: «Қар жазда жауады. Қыс жаздан кейін түседі. Жапырақтар ағаштан көктемде түседі, Қыста аяз болады. Жаз – жылдың ең жылы мезгілі». Дұрыс жауаптар кезінде жылдың сол немесе басқа уақытын безендіруші сурет ашылады – ойынның жаңа сеанстары кезінде сөйлем де, суретте алмасады.
Мұндай ойындар көрнекілік-
Көзбен қабылдау қабілеттілігі, көзбен көру ұқыптылығы және жад мынадай тапсырмалардың көмегімен дамиды: «Суретке қара. Әлбетте бола алмайтынды көрсет (5-сурет)»; «Өрт сөндіру мәшинесіне қара. Қандайда бір элементі жоқ орынды көрсет»; «Қараңыздар және бас киімдері бірдей қар тазалағыштарды белгілеңіздер»; «Суретке қараңыздар және айырмашылықтарды табыңыздар. Содан кейін оларды оң жақтағы суретте белгілеңіздер»; «Балаларға киілген құлақшынға қараңыздар. Оларға түсі бойынша сәйкес келетін мойынорағышты таңдаңыздар» және т.б.
|
|
5-сурет. |
YDP ресурстарының маңызды артықшылықтарына суреттерді қара-ақ нұсқада басып шығаруға және түрлі түсті бояды пайдалануға болатындығы жатады.
Барлық мысалдар мен тапсырмалар бүлдіршіндер үшін өте маңызды логикалық пен ассоциативтік ойлауды дамытады. Осыдан ережені қолдана білу, қорыту мен салыстыру байланысты болады. «Салмақты емес 3 сабақпен» бала өз уақытының бір бөлігін күн сайын сабақтарға арнауға әдеттенеді және оқу алғашқы көзқарасқа қарағанда әлдеқайда қызықты екендігін түсінеді.
Осы серияның «Шығармашылық және ойлап
табу» шығарылымында мектеп жасына
дейінгі балалар нағыз
YDP бірлестігі дайындаған
|
|
6-сурет. Мектеп жасына |
Осы кезде әзілқойлық қошеметтеуші түсініктемелер естіледі: «О, иә сен күштісің!», «Бұл үлкен жұмыс болған!», «Уф, сен орындап шықтың!», «Бұл керемет!», «Бұл керемет жұмыс болған!», «Е! Сен шынайы ақылгөйсің!», «Бәрекелд! Бұл өте жақсы жұмыс!», «Ғажайып!», «Тамаша!», «Ғажап!», «Сен мұны керемет жасадың!». Мұндай қошамет оқуға ерекше оң психоэмоциалдық көңіл-күйдің, көтеріңкі қызығушылықтың пайда болуына, оның тиімділігіне мүмкіндік туғызады.
Балалар осындай бағалауды күтеді, оған достық сүйішпеншілік сипатта көңілді түрде реакция жасайды. Осындай көтермелеу кезінде балаларда өз күштеріне сенімділік пайда болады. Балалар аз шаршайды, жұмыс қабілеттілігін және б. ұзақ сақтайды.
Дамытушы бағдарламалар – бұл «ашық» типтегі ойындық бағдарламалар, олар мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дамуына мүмкіндік туғызады және балаларды өзіндік шығармашылық ойындарға оятады, қиялды және елестетуді дамытады. Оларда берілген айқын мақсат жоқ – олар шығармашылық үшін, баланың өзін-өзі көрсетуі үшін аспаптар болып саналады. Шығармашылық қабілеттерінің – музыкалық, көркемдік және т.б. – дамуы болады.
http://www.coloring4all.com/
7-сурет. «Тасбақаны боя» ойыны
Балалар басқатырғышы бар, нүктелерді (нүктені нүктеге) тізбекті жалғастыруы бар тегін онлайн-бояулар балаларға маңызды машықтарды дамытуға көмектеседі. Мұндай бояуларда ондаған түрлі түсті безендірулер, оның ішінде барлық балаларға сүйікті мультфилм жұлдыздары, жануарлар, гүлдер және көптеген басқалар бар. Балалардың көпшілігі мүндай тартымды іс-әрекетке кіріспесе тұра алмайды.