Оқушы қызығушылығын арттыруда педагогикалық технологиялардың алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 12:42, курсовая работа

Описание

Тенологияның негізгі бөлімі ол соңғі технологияларды падалана отырып, қарапайым процесті ол алдын-ала жобаланған, өнімнің негізгі қасиеттері мен анықтаудың құралдары анықталғанда осы процесті жүргізу үшін жағдайлар мақсатты бір қалыптасып және ол «жіберілсе» ғана технология статусын алады.
Қай оқу технологиясы болмасын ол оқушы қызығушылығын арттырып, сабақ түсіндіруге тиімді болуы тиіс. Сабақта әр оқушы жұмыс жасуы тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................................3

Тақырыбы: Оқушы қызығушылығын арттыруда педагогикалық технологиялардың алатын орны

1.1 Педагогикалық технолиялар жайлы теориялық негіз......................................4

1.2 Қазіргі мектептегі педагогикалық технологиялардың маңызы.......................21

1.3 Оқушы қызығушылығын арттыруда педагогикалық технологиялардың маңызы жайлы іс- тәжәрибе.................................................................................. ...29

ҚОРТЫНДЫ...............................................................................................................32

Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................33

Работа состоит из  1 файл

Әсем қаралды.doc

— 242.50 Кб (Скачать документ)


Мазмұны

 

 

КІРІСПЕ ........................................................................................................................3

Тақырыбы: Оқушы қызығушылығын арттыруда педагогикалық технологиялардың алатын орны

1.1 Педагогикалық технолиялар жайлы теориялық негіз......................................4

1.2 Қазіргі мектептегі педагогикалық технологиялардың маңызы.......................21

1.3 Оқушы қызығушылығын арттыруда педагогикалық технологиялардың маңызы жайлы іс- тәжәрибе.................................................................................. ...29

ҚОРТЫНДЫ...............................................................................................................32

Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

             Тақырыптың  көкейкестілігі

Педагогикалық технологиялар негізінен оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру, оған сабақты барынша түсінікті етіп түсіндіруге арналған. «Технология» терминінің түсінігі «шеберлік жөніндегі ілім». Яғни педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – технологиялық тіл ретінде қарастырылады. Ал педагогикалық әрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның жаңғырып іске асырылуы.

Педагогикалық технология кешенді, білімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.

Педагогикалық технологиялар  көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асырылуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жәнет.б.), екіншісі – тәжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов және т.б.).

Педагогикалық технологияның түрлері:

      Дәстүрлі (қайта жасау-репродуктивті) технология;

      Дамытушы оқу технологиясы;

      Бағдарламаластырылған оқу технологиясы (БОТ);

      Проблемді оқу технологиясы;

      Модульді оқу технологиясы;

      Шоғырластырылған (концентрлі) оқу технологиясы;

      Қашықтан оқу технологиясы.

Оқу технологиялардың басқа да түрлері баршылық: әр деңгейлі оқу, толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу технологиясы және т.б.

Тенологияның негізгі бөлімі ол соңғі технологияларды падалана отырып, қарапайым процесті ол алдын-ала жобаланған, өнімнің негізгі қасиеттері мен анықтаудың құралдары анықталғанда осы процесті жүргізу үшін жағдайлар мақсатты бір қалыптасып және ол «жіберілсе» ғана технология статусын алады.

Қай оқу технологиясы болмасын ол оқушы қызығушылығын арттырып, сабақ түсіндіруге тиімді болуы тиіс. Сабақта әр оқушы жұмыс жасуы тиіс.

Қазіргі мектептерде педагогткалық технологиялардың маңызы оқушының пәнге деген қызығушылығын барынша арттыру, сабақты толығымен меңгеріп, белсенділік танытуында.

№20 мектепте жүргізген іс-тәжірибемде педагогикалық технологиялардың маңызын, оның тиімді қолданылуын, бірнеше сабақтардың көрсетілуімен баяндалған. Мұнда басты мәселе оқушыға және мұғалімнің таңдап алған технологиясына баса назар аударылады.

 

 

 

      1 ОҚУШЫ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

1.1    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАЙЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ                                                                                                                                     

           НЕГІЗ

«Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберлігі, өнердегі амалдардың жиынтығы».

Мектептегі жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға көмектеседі.

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдерге іске асады:

І кезең – оқып үйрену;

ІІ кезең – меңгеру;

ІІІ кезең - өмірге ендіру;

ІУ кезең – дамыту.

Жаңа технологияның алғы шаттары:

-оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

-оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.

Оның ғылыми - әдістемелік, оқыту - әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарын мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысып, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңдейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет.

        Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты.

Оқу тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдісі (Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин); оза отырып оқыту (С.Лысенкова); іс-әрекетті бағалау (Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту(В.Шаталов); шаралап оқыту; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: бала ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық  күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдық және шығармашылық икемдігін дамыту; әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.

Білім беру саласындағы инновациялық бағыттың қажеттілігін анықтайтын себептер қазіргі таңда бүкіл халыққа белгілі:

- білім беру жүйесінің жаңаруы, яғни, жоғару оқу орындарының несиелік (кредиттік) оқу жүйесіне көшуі және орта білім беру жүйесінің он екі жылдыққа өтетіндігі;

- білім берудің ізгілендірілуі;

- мүғалім мен оқушыға қойылатын талаптың жаңа тұрғыдан қарастырылуы, яғни, оқушы тек білім тұтынушы ғана емес, ортақ іс-шара субъектісі де.

 

 

 

 

Қазіргі технологияда білімді меңгерудің шығармашылық деңгейіне жету үшін Білім жүйесі пайдаланылады.

 

Білім жүйесі.

 

 

Оқушы іс-әрекеті

Білім

Қабылдайды, түсінеді, ойлайды.

Түсінік

Түсінеді, көрсетеді, жазады.

Қолдану

Жаңа мәселені шешеді, бұрынғы білімді пайдаланады.

Анализ

Саластырмалы, ашады, талдайды, ойлайды, т.б.

Синтез

Продуктивті, шығармашылық жұмыстар құрастырылады.

Баға (сыни баға)

Бағалайды, талқылайды.

 

Яғни, І. Оқушылық деңгейде бала мүғалім көмегімен амал-әрекет жасайды. Алдыңғы мақсатты шешуге ұмтылады, бұрынғы білімдерін пайдаланады.

ІІ. Алгоритмдік деңгейде мақсат пен шешілуге тиіс жағдаят анық, оқушы бұрынғы білімдерін пайдалана отырып мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс істейді.

ІІІ. Эвристикалық деңгейде мақсат анық, бірақ жағдаят түсініксіз, оны оқушының өзі толықтырады, табады, шешеді. Бұнда да бұрынғы білім көмекке келеді. Оқушы жаңа хабар, білімді өз ізденісімен ала алады. Бұл деңгей - өнімді деңгей.

ІУ. Шығармашылық деңгейде мақсат жалпылама, анық емес. Оқушы оны анықтайды, жаңа нәрсені табады, өз бетінше жаңа дүние әкеледі.

Шығармашылық деңгейге жету оңай емес. Қазіргі технологияда «миға шабуыл», дебат, модель, жоба жасату, қорғату, оқу, жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасан қалыптастыру жиі қолданылады.

Дамыта оқыту тікелей баланы (субъекті, объекті) жан-жақты оқыта отырып (жеке басын, дүниетанымын, ойлауын,т.б.) оқытуға негізделеді.

Дамыта оқыту мақсаттары:

- оқушы субъекті, яғни, ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, тәрбиелей алады;

- баланың қабілеін, дарынын дамытуға ықпал жасайды;

- білім дайын күйде ұсынылады, бала - тыңдаушы, мүғалім ақпарат беруші емес, керсінше, бала – зеттеуші, ізденуші, жаңалық ашушы. Олардың дағды іскерлігі белгілі бір мәселе, жағдаятты шешу арқылы қалыптасады. Демек, мұғалім – оқушы іс-әрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші ғана;

- дамыта оқытудағы басты іс-әрекет – диалог, пікірлесу, пікірталас;

- дамыта оқытудағы мұғалім қызыметі – диалогты ұйымдастырушы, бағыт беруші, балалардың іс-әрекетін, ынтымақтастығын бір бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы.

Оқушыларды сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге, пікір таластыруға тек тесттік бақылау кезінде емес, оқыту барысында, күнделікті сабақта, тіпті сабақтан тыс жұмыстарда(үйірме, факультативтік сабақ,т.б.) қалыптастырып ұйрету қажет. Ұстаздың рөлі тек емтихан алып, баға қоюмен шектелмейді, сабақты бере білу мен оқушыларды еңбекке баулып, тәрбиелеу және пәнге қызығуын арттыруымен айқындалады. Ал оқушы білімінің сапасы – мүғалім біліктілігі мен білімінің, іскерлігінің айнасын бағалауы қажет. Сондықтан мүғалімнің берген білімін оның өзі емес, басқалардың бағалағаны жөн.

Осыған орай, педагогикалық қызыметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отырған өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын болашақ мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби дайындаудың ең көкейкесті аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекетің нәтижесі болып табылады.

Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар.

Қазіргі кезеңдегі психологиялық педагогикалық әдебиеттер ғылыми-технологиялық процесстің жетістіктері мен білім беру саласына «жаңа компьютерлік технологияларды» енгізумен бірге келген «технология» деген ұғым жиі кездеседі. Ғылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт ХХ ғасырдың , 60-шы жылдарына АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі ауқытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.

Барлық жасалған және қазіргі күні адамның қолданып жүрген технологияларды екі түрге бөлуге болады: өндірістік және әлеуметтік, өндірістік технологияларға үлгі ретінде табиғат шикізатын қайта өңдеу технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп бастапқы материалды өнім «шығуында» белгілі бір алдын ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен қайта өңдеу процесі деп айтады.

Әлеуметтік технология деп, онда бастапқы соңғы нәтиже болатын адам болады, ал негізгі оның көрсеткіші өзгеріп тұратын бір немесе бірнеше оның қасиеттері болады. Әлеуметтік технологияға классикалық үлгі ретінде жұмысшыларды оқыту қызмет етуі мүмкін. Әлеуметтік технология ол өндірісте қолданылатын технологиядан принципиалды түрде өзгешелігі бар. Әлеуметтік технологиялар ұйымдастыру мен жүзеге асыру жағынан өте күрделі және оралымды. Әлеуметтік технология бұл өте жоғары деңгейдегі ұйымдастырылған технологиялар деуге болады, себебі адам әлеуметтік технологияның объектісі, ал ол өте тым көп жақтылы жүйе. Оған күші мен бағыты әртүрлі болатын соны көп сыртқы әсерлер ықпал етеді, кейде олар қарама-қайшы болады, осыған орай көбінесе әсерлер қандай қаншалықты тиімді болатындығын алдын ала айтуға қиын. Сондықтан әлеуметтік технологияны өндірістік технологияның анықтамасында мүмкін болатындай белгілі бір дәл таңдап алынған полцесстердің жиынтығы деп айтуға болмайды. Өндірістік технологияны дамыту арқылы тым жоғары нәтижелерге жетуге деген ұмтылушылықты білім беру саласында тастап кетпейді аттап кетеді. Педагогикалық іс-әрекет саласына «технология» деген сөздікті  енгізу «индустриялдық» технология (Ф.Б.Гильбрейт, Ф.У.Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағында ғалымдар (В.П. Беспалько, П.И.Пидкасистый және т.б.) қолдайды. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-әрекетін (Т.А.Ильина) ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.

Информация о работе Оқушы қызығушылығын арттыруда педагогикалық технологиялардың алатын орны