Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 12:42, курсовая работа
Тенологияның негізгі бөлімі ол соңғі технологияларды падалана отырып, қарапайым процесті ол алдын-ала жобаланған, өнімнің негізгі қасиеттері мен анықтаудың құралдары анықталғанда осы процесті жүргізу үшін жағдайлар мақсатты бір қалыптасып және ол «жіберілсе» ғана технология статусын алады.
Қай оқу технологиясы болмасын ол оқушы қызығушылығын арттырып, сабақ түсіндіруге тиімді болуы тиіс. Сабақта әр оқушы жұмыс жасуы тиіс.
КІРІСПЕ ........................................................................................................................3
Тақырыбы: Оқушы қызығушылығын арттыруда педагогикалық технологиялардың алатын орны
1.1 Педагогикалық технолиялар жайлы теориялық негіз......................................4
1.2 Қазіргі мектептегі педагогикалық технологиялардың маңызы.......................21
1.3 Оқушы қызығушылығын арттыруда педагогикалық технологиялардың маңызы жайлы іс- тәжәрибе.................................................................................. ...29
ҚОРТЫНДЫ...............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................33
Шетелдік педагогикада «педагогикалық техника» және «педагогикалық технолгия» терминдері бір-бірінің орнына қолданыла береді. Сөйтіп ол аталған сол ұғымдардың мән-мағынасын ашуды қиындатады. Мысалы, Teaching Technique (педагогикалық техника), Technology of Teaching (оқыту технологиясы) , Educational Technology (педагогикалық технология) , Maneuvers of Teaching (оқыту маневрі) , Tacties (тактика) және т.б.
Көптеген шетелдік ғалымдар технология деп оқытудың объективтік факторларының жиынтығын (ғимарат, құрал-жабдық, дидактикалық материалдар, техникалық құралдар, бағдарламаланған оқыту құралдары және т.б.) қандай да бір үдерісте нәтижеге жету құралы ретінде қарастырылады. Мәселен, поляк педагогы Ф.Янушкевич оқыту технологиясының мағынасына былай анықтама берген: « оқыту технологиясы деп ғылыми ұстанымдаржүйесі қолданыс табатын бағдарламаланған оқыту үдерісін айтады және оқу мақсатына жетуге бағытталған оқу тәжірибесінде қолданылады, көбіне оқытылатын пәнге емес, оқушылырға бағытталады, оқыту әдістері мен тәсілдерін сынақтан өткізуге, эмпирикалық талдау жасауға және оқытуда аудивизуальды құралдарды кеңінен қолдану талап етеді, оқыту теориясын оның практикасымен өзара бірбікте қарастырады.»
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойфнша, педагогикалық технология дегеніміз - бүкіл оқыту үрдісі және бір-біріне өзара әсерін, білім берудің формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.Кларин «Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деп жазды. [9]
Оқыту үдерісінің құрлысын мемлекеттік білім стандарты анықтайды. Мемлекет білім стандартына сәйкес білім мазмұны нақтыланады.білім мазмұны сәйкесінше оқыту мақсатын белгілейді. Оқыту мақсатына сәйкес мұғалім мен оқушының іс-әрекеті анықталады. Педагогикалық технология мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің ара жігін анықтауға алып келеді. Оқыту әдістемеде көбіне мұғалімнің іс-әрекетіне жете тоқталатын болса, ал педагогикалық технология оқушы іс-әрекетін сабақтың әр кезеңінде ашып көрсетуге жүгінеді.
Болашақ мұғалімнің педагогикалық технологияны меңгеру үдерісі төрт кезеңнен тұрады.
І кезеңде болашақ педагогтер өз бетінше сабақ жоспарын құруды үйренеді:
- сабақтың технологиялық картасын құру;
- оқушы мен мұғалімдер әрекетін бөліп көрсету.
ІІ кезеңде өзінің жеке авторлық сабақ жоспарын – сабақтың технологиялық бағдарламасын жасайды:
- сабақтың мақсат міндеттерін, формасын, таңдалған іс-тәсілдерін, алынған технологияны ғылыми тұрғыда негіздеу;
- сабақтың технологиялық картасын жасау және оны дәлелдеу;
- сабақтың нәтижелігін негіздеу.
ІІІ кезең. Микросабақ беру(студенттік дәрісханада сабақ өту).
ІУ кезең. Микросабақты талдау, педагогикалық технологияға қажетті түзетулер енгізу. Микросабақ барысында мұғалімнің әрекетіне талдау жасау, болашақ мұғалімнің кәсіби біліктілік дәрежесіне баға беру.
Осыған орай, педагогикалық қызыметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отырған өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын болашақ мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби дайындаудың ең көкейкесті аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекетің нәтижесі болып табылады.
Педагогикалық процесс әлеуметтік жүйелердің жеке бір бөлігі ретінде, ол өзін-өзі ұйымдастырушылық пен өзін-өзі жөнге салуға қабілетті. «Адам-адм» жүйесіне тән және оның жеке бір бөлігі «ұстаздар-оқушылар» тиімді қызмет атқарылуының өлшемі ретінде адамның өзі болады, себебі, әлеуметтік жүйелерде тұлға жүйе жасаушы фактор болады. Егер адамның өзін-өзі жүзеге асырудағы және тұлға ретінде өз орнын табу (ол бұл ұстаздарға да, оқушыларға тең қатысты) мұқтаждылықтары қанағаттандырылса, онда өндіріс қызмет атқаруы тиісті «адам-адам» жүйесі қызмет күйзеліске ұшырайды. Демек, педагогикалық еңбекті технологиясын жетілдіре түсу проблемасы басқа да кәсіби іс-әрекет аймақтары сияқты көкейкесті болады.
Сонымен, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы мынадай мазмұнды логикалық тізбекке сан түзейді. Біртұтас педагогикалық процестің теориясын білу ұстаз іс-әрекеті объектісінің идеалдық моделі-нақтылы оқу-тәрбие мекемелерінің іс жүзіндегі процестің жағдайын диагностикалау өлшеу әдісімен меңгеру – іс-әрекет объектісінің теориясын нақтылы процестің өзгерту жағдайын тұтасымен немесе оның аяқталған формасын, ситуациясын моделдеу (жобалау) үшін әрекет тәртібін анықтау (ұстаздар мен оқушылар іс-әрекеттерінің алгоритімі).
Жалпы оқытудың типтерін, түрлерін, стиллдерін (яғни технологияларын) таңдап алу білім беру саласынан, білім беру парадинмасынан дидактикалық концепциялардан неше оқыту теориясынан, оқытудың мақсаттары мен міндеттерінен, жеке тұлғалық кәсіби мүмкіншіліктерден, ұстаздың бейімділігі мен жоғары бағалауына байланысты.
Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технолонгиясы» және «тәрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мән-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінгі педагогикалық техноология оқу және тәрбиелеу педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты педагогі іс-әрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мәні «оқу технологиясы», «тәрбие технологиясы» ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба: Әрі сол жобанын дәл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко және т.б.), екіншісі – тәжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н:Лысенкова, В.Ф.Шаталов және т.б.).
Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?
Мұндай ғылымдық мәні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский де дәріптеген. Ұлы педагог – ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нәтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектерінен үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нәрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дәл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жобаларды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек». [13]
Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз әрекеттегі механизмге сәйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. әсіресе, техникалық процесстің әрқилы теориялық және практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский және т.б.).
Осы заманғы дидактикада әр қилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - әр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалықтар қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.
Дидактикада оқу технолгиялары төмендігей сипаттарымен жәктеліп, топтастырылады:
- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пән әдістемелік, бөлімдік (модульдік);
- философиялық негізі: ғылыми және діни, гуманистік және әміршіл-әкімшіл (авторитарлы);
- тәжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы); іс-әрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;
- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік және дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-әрекеттік (оперативті –ақыл-ой әрекеттері әдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тәжірибелік әрекеттер қалыптастыру).
- дәстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы іс-әрекетінің белсенділігін көтеру және жеделдестіру технологиясы; мұғалім және оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияландыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология және т.б.
Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйысдастыру формасының қолдануына, дәл кезеңде қажет болған әдістерге және басқа да негіздемелерге тәуелді келеді.
Оқу технологиясын оқу әдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы – оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болды. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына және педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал әдістеменің соңғы тиімді нәтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге, әдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі әдістемесі бар. Егер ол әдістеме шынайылық, сенім, сәйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.
Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу технологиясын жете білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны әрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.
1.2.Қазіргі мектептегі педагогикалық технологиялардың маңызы.
Қазіргі орта мектептерде көбінесе оқудың дәстүрлі (қайта жасау – репродуктивті) технологиясясы қолданылады. Ол - білім, ептілік және дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтпелі жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалауын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған. Оның мәні: жаңаны игеру - бекіту – қадағалау – бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технолгия негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін және оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама (парадигма) алыннады. Осыған орай оқу-оқытудың басты әдістері ретінде 1) көрнекілік және онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекшісі іс-әрекеттері түрлеріне – тыңдау мен есте қалдыру, 3) бастысы талап және тиімділіктің негізгі көрсеткішіне – игерілгене-игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту аптілігі алынады. Мұғалім қызметтері – түсіндіру, әрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау және реттеу, түзету.
Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар – үнемділігі, күрделі материалдарды түсінуді жеңілдетуі, білім-тәрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дәстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді – оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.
Дамытушы оқу технологиясы мектеп тәжірибесіне енген оқу іс-әрекеттері арасындағы аса танымды (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин және т.б.).
Ғалымдар дәлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мәні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос-жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, әсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу және тәрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.
Зерттеулер нәтижесінде (Л.В.Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дәлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану – басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, әрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бәсеңдейді.
Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны және оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, әрі тереңдейді, жетекші рөл теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.
Дамытушы технология талаптарының бірі – оқу ілгерілі және жедел қарқынды жүруі, өткендерді жиі әрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық дейгейінде өтуге мүмкіндік бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі – іс-әрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді (Д.Б. Эльконин).
Дамытушы технология идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің әрқилы жағдайларында оқушылардың қажет болғанды өзінше танып, содан өздігінен жауап әрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді. Жауап әрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз әрекеттерін сезіну мен түсінуі, оқу іс-әрекеттерінің тәсіл, әдістерін өзінше байкап, тануы.
Рефлексиялық әрекет-қимылдар әрқашан өзіндік қадағалау және бағалаумен тығыз байланысты болатындықтан дамытушы технология шарттарына орай оларға да көп мән беріледі.
Информация о работе Оқушы қызығушылығын арттыруда педагогикалық технологиялардың алатын орны