Оқушы қызығушылығын арттыруда педагогикалық технологиялардың алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 12:42, курсовая работа

Описание

Тенологияның негізгі бөлімі ол соңғі технологияларды падалана отырып, қарапайым процесті ол алдын-ала жобаланған, өнімнің негізгі қасиеттері мен анықтаудың құралдары анықталғанда осы процесті жүргізу үшін жағдайлар мақсатты бір қалыптасып және ол «жіберілсе» ғана технология статусын алады.
Қай оқу технологиясы болмасын ол оқушы қызығушылығын арттырып, сабақ түсіндіруге тиімді болуы тиіс. Сабақта әр оқушы жұмыс жасуы тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................................3

Тақырыбы: Оқушы қызығушылығын арттыруда педагогикалық технологиялардың алатын орны

1.1 Педагогикалық технолиялар жайлы теориялық негіз......................................4

1.2 Қазіргі мектептегі педагогикалық технологиялардың маңызы.......................21

1.3 Оқушы қызығушылығын арттыруда педагогикалық технологиялардың маңызы жайлы іс- тәжәрибе.................................................................................. ...29

ҚОРТЫНДЫ...............................................................................................................32

Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................33

Работа состоит из  1 файл

Әсем қаралды.doc

— 242.50 Кб (Скачать документ)

Дамыта оқыту идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдері арасында кең қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір таласты болып жүр. Себебі, оқушылардың бәрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере алмайды. Солар ішінде тума жайсаң қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда әбден күйзеліске түседі. Сондықтан барша шәкірттерді теңдей шапшаң және күрделілік деңгейінде оқытып, тәрбиелеуге болмайды.

Бағдарламастырылған оқу технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқу процесінің басқару жүйесін жақсарту (П.Я.Гальперин, Л.Н.Ланда, А.М.Матюшкин және т.б.).

БОТ бастауын берген американдық психологтар мен дидакттар (Н.Краудер, Б.Скиннер, С.Пресси).

БОТ – бұл аранайы жабдықтар, бағдарламаластырылған оқулық, ерекше оқу-машинасы, ЭВМ және т.б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама бойынша орындалатын өзіндік жеке-дара оқу техтехнологиясы. Бұл технология әрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңнейі және т.б.) оқуына мүмкіндік береді.

БОТ-ның өзіне тән сипат белгілері:

- оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі;

- әр бөлшекті игеруге арналған нақты әрекеттерді орындау нұсқаулары жүйесінің берілуі;

- әр бөлшек игерілуінің тексерілуі;

- қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалуымен оқушы материалдың ендігі жаңа бөлшегін алып, келесі оқу қадамын іске асыруға өтуі;

- дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек түсініктемелерін алуы;

- қадағалау тапсырмаларының нәтижесі хатталып, оқушының өзіне де (ішкі кері байланыс), педагогқа да (сырттай кері байланыс) белгілі болуы.

Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-әрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік және дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы және басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов және т.б.).

Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады және оның шешу әдіс-тәсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен әдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайлығын тексеру тәсілдерін белгілейді әрі талқылайды, дәйектейді, нәтжелерін талдайды, пікір жүргізеді, дәлелдейді.

Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, ептілік және дғдылар жүйесін меңгеруге жәрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нәтижесінің бекінуін қамтамасыз етеді. Кемшілі: жоспарланған нәтижеге жету көп уақытты талап етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жүйелі басқару қиын.

Шоғырластырлыған (концетрлі) оқу технологиясы педагогикада ежелден танымал пәнге шомдыру әдісіне негізделген (П.Блонский, В.Ф.Шаталов, М.П.Шетинин және т.б.). 

Бұл технология жақтастарының пікірі: оқудың дәстүрлі сынып-сабақтық жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға сәйкес берілетін оқу мазмұны бөлім, тақырып, параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына шартты дербестенген ауқымды ұсынылады. Осыдан оқушылардың жеке пәндерден алатын білім, ептілік, дағдылары жай қалыптасады. Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен, оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы кемиді. Бір дәрістіңекіншісінен алшақты болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне ұмтылады.

Пәндердің тұрақты ауысып баруынан олардың бірде-біріне тереңдеп ене алмайды. Бір пәннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт сарп етеді, ендігі сабақ өткендігі көлеңкелейді, сонымен әр өткен сабақ өз құндылықтарын жойып барады. Әр дәріс оқушы үшін – жаңа жүктеме, мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сәйкес бала икемделіп, оқу іс-әрекеттерін орындауы шарт. Албұл енді қалыптасып жатқан жас буынға шаруа емес.

Шоғырластырылған технология оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не аптаға межеленіп, қатар өтілетін пәндер саны кемітіледі. Мұндай технология оқу – оқыту процесін адам қабылдауының табиғи психологиялық ерекшеліктеріне жақындастыра түседі. Сабақта игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт аралығында оқушы басқаларына алаңдамай,тек сол пәнмен ғана шұғылданып, толық шомуы қажет.

Қашықтан оқу технологиясы – бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар және интернет жәрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бәріне үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады (әсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден қалғандарға, т.с.с.).

Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: әр деңгейлі оқу, толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) және т.б.

Оқу тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдісі (Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин); оза отырып оқыту (С.Лысенкова); іс-әрекетті бағалау (Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту(В.Шаталов); шаралап оқыту; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы.

Негізінен жаңа педагогикалық технологияға ынтымақтастық педагогикасы білім беруді ізгілендіру технологиясы, мәселелік оқыту технологиясы, түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы,  деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы және жобалап оқыту технологиясы кіреді.

Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты – талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі.  Ынтымақтастық педагогикасының ерекшеліктері мына төменгідей:

- мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы – оқушы. Оқушы да субъект, мұғалім де субъект;

- оқушының жеке басына ізгілікті қарым-қатынас;

- оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.

Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.Амонашвили. Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізгі мақсаты – баланы азамат епіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

Мәселелік оқыту технологиясының негізгі мақсаты – оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың  танымдық және шығармашылдық икемділіктерін дамыту. Мәселелік оқыту технологиясының ерекшеліктері мынандай:

- оқушының белсенділігін арттыру;

- оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;

- оқушы материалды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгеріледі.

Тірек белгілері арқылы технологияның негізін қалаған В.Шаталов болды. Бұл оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты көздейді:

- білім, білік, дағдыны қалыптастыру;

- барлық баланы оқыту;

- оқытуды жеңілдету.

Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:

- үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тірек қолдану;

- жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;

- әр оқушының жобасының жарыялығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;

- оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Жаңашыл ресейлік  мұғалім С.Лысенкова оза отырып оқыту технологиясының авторы болып табылады. Бұл технологияның негізгі мақсаты – барлық баланы табысты оқыту. Бұл оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:

- оқу материалдарының бірізділігі мен жүйелілігі;

- саралау, әр оқушыға барілетін тапсырманың қолайлығы;

- бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оқайлату әдісін қолдану: сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қарастырылады;

- бірте-бірте  толық дербестікке жету;

- сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру: түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас;

- оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау;

- үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай (әркім өз орындай алатын жағдай да ғана) береді;

- білім, білік, дағдыны дамыта меңгеру;

- түсіндіруді қабылдау.

Міндетті  нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы  төмендегідей ерекшеліктерге ие:

- білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;

- оқушыларға берілген тапсырманың саралануы: тапсырма оқушының күші жетілгендей және қолайлы болуы шарт;

- білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизімі ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасауы тиіс;

- оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру;

- оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден  кем емес білім алуға ерікті.

Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудың негізгі мақсаты – оқушының  өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.

Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.

Модулдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың тәсілдері мен әдісі бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты – оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.

 

Қазіргі мектептерде  Қазақстанның саналы азаматын тәрбиелеу. Білім беру саласына жаңа көзқарас, жаңа ағым, жаңа сапалық деңгейге көтереміз. Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.

Осының ішінен «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясына тоқталамыз.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол мынандай құрылым:

- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

- үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығуынан тұратын, үйренушінің сезіміне негізделген құрылым.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады.

1.Қызығуды ояту.

2.Мағынаны тану.

3.Ой-толғаныс.

Осы кезеңдер ұтылды өткізіліп, нәтижесінде:

- оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі;

- басқаларды тыңдап кез келген жауапқа силастық, түсіністікпен қарайды;

- өз ойын топ алдында ашық айтып, қорғай біледі;

- керек кезде өз көзқарасын өзгертіп, дамуын қамтамасыз етеді;

- оқушының оқу мотивациясы өзгереді;

- өз бетінше ізденеді;

- ең басты сабаққа қызуғышылығ артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады.

Оқушы енді тек дайын білімді қабылдаушы, есте сақтаушы ғана емес, ол өз бетінше ізденуші, жеке тұлға, алған білімін өмірде қолданушы.

Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты       міндеттерінің бірі – оқушыға тиянақты білім беру. Ол үшін мектеп мұғалімдері оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өзіне таңдап алады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық ұлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Дәстүрлі оқыту үрдісін басқасы басты. Ол балаға оқу қызыметінің субъектісі ретінде, яғни, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін-өзі тануға және өзін-өзі дамытуға бағытталған. Жаңаша оқыту технологиясы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім беру арқылы дамуын қояды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл педагогтерге өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.

Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімін арттырып, оқушының білімге ынтасын көтере білудің маңызы ерекше. Осы бағытта қазақ тілі бірлестігінің пән мұғалімдері жаңа технологияның үрдістерін өз сабақтарында кең қолданылды. Атап айтқанда, олар – сын тұрғысынан ойлау, модулдік оқыту технологиялары, т.б.

Қазіргі кезде кез келген мектептерде информатика пәнін алатын болсақ, информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар айналасында сауатты болу керек.

Мектептегі информатика пәнінің мұғалімі – мектеп өміріндегі компьютерлік технологияларды қлданатын сарапшы.

1.Жалпы компьютерлік желілер мен өз аймағындағы ғылыми-оқыту желісін пайдалану.

2. Оқушылармен бірге бағдарламалау ортасында (нысанды бағдарламалау, гипермәтіндік және мультимедиялық технологиялар) жаңа әдістерді пайдаланып, мектеп өмірінде  қолданылатын бағдарламалық құралдар құру.

Информация о работе Оқушы қызығушылығын арттыруда педагогикалық технологиялардың алатын орны