Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 12:42, курсовая работа
Тенологияның негізгі бөлімі ол соңғі технологияларды падалана отырып, қарапайым процесті ол алдын-ала жобаланған, өнімнің негізгі қасиеттері мен анықтаудың құралдары анықталғанда осы процесті жүргізу үшін жағдайлар мақсатты бір қалыптасып және ол «жіберілсе» ғана технология статусын алады.
Қай оқу технологиясы болмасын ол оқушы қызығушылығын арттырып, сабақ түсіндіруге тиімді болуы тиіс. Сабақта әр оқушы жұмыс жасуы тиіс.
КІРІСПЕ ........................................................................................................................3
Тақырыбы: Оқушы қызығушылығын арттыруда педагогикалық технологиялардың алатын орны
1.1 Педагогикалық технолиялар жайлы теориялық негіз......................................4
1.2 Қазіргі мектептегі педагогикалық технологиялардың маңызы.......................21
1.3 Оқушы қызығушылығын арттыруда педагогикалық технологиялардың маңызы жайлы іс- тәжәрибе.................................................................................. ...29
ҚОРТЫНДЫ...............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер...........................................................................................33
Бірақ, егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте-бірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне әкелетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басшқаша технологиялар ұстаз іс-әрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конституциялар ретінде жасалынады, ғылыми-әдебиеттердегі бар терминдер технологияны жасушалардың дара жеке мәселелерге (поблемаларға) білім меңгеруге бағытталған оқу моделі жағына өлшем жасалған.
Назар аударған: (оқыту технологиясы, ойын технологиясы, тест жасау технологиясы, информативтік- оқыту технологиясы, дистациондық оқыту технологиясы, рейтингілік оқыту технологиясы және т.б.) (Г.К. Селевко).
Шындығында педагогикалық технологияны жасаушылардың назары (терминдік түсініктемелеріне қарағанда) педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар саласына бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі негізінен оқушылардың белгілі бір білім жиынтығын меңгеруге бағытталған. Концепция жасушалардың «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің ерекшеліктерімен ұстаз еңбегінің технологиясының өзгешеліктері арасындағы өзара байланыстардың түрленген түрлерін көрсетудің басылмауы олардың ең осал жері. Егер кәсіби іс-әрекетке жеке өзгерістер енгізілсе еңбек саласында түбегейлі өзгерістерге жету және оның нәтижелеріне аса ықпал жасау мүмкін емес. Бұл тағы да «технология» ұғымының мазмұны туралы айтуға мәжбүр етеді.
Бар және жасалынатын жаңа педагогикалық технологияны бағалаудың негізінде: концептуальдық; Ұстаздық қатысы бар заттық саласының мазмұнын түсіну ұстаздың қатысы бар; ұстаз іс-әрекетінің соңғы парадигмасының нақтылығы; жалпы технология және оның ішінде жеке және педагогикалық технологияның қайда жасалатынымен және қолданылатындығының саласының ұғымына сипаттама болып отыр.
«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne- өнер, шеберлік, кәсіп және logos-ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік процестері жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы, мысалы металдардың технологиясы, химиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және т.б. Бұл осы термин өнімді өндіру процесі барысында жүзеге асырылып шикізатты материалдарды немесе жартылай фабрикаттарды өңдеудің жасаудың, жағдайларын қасиеттерін, формаларын өзгерту әдістерінің жиынтығы ретінде бірқатар басқаша анықталады. Технология ғылым ретінде міндеті-практикада өндіріс процнстерінің ең тиімділерін анықтау мен қолдану мақсатында физикалық және тағы басқа заңдылықтарды анықтау. Міне осыдан бірқатар өте маңызды айқын анықтамалар туады:
- технологияны жасау үшін нақтылы еңбек затының қасиеттерін байланыстарымен қатынастарының жолын сипаттайтын заңдылықтарын білу керек;
- еңбек затын өңдеу тәсілдерін білу;
- еңбек затының жағдайын анықтай білу (диагностика);
- еңбек затының жағдайын өзгерту тәртібін (әрекет тізбегін) жасау.
Негізінен ең алдымен көрсетілген технологияның белгілері педагогикалық еңбектің технологиясы дегеніміз не екенін анықтау береді.
Педагогикалық технологиялар білім беру аймағына қатынасы болады егер білім берудің мақсаты білім жүйелерін меңгеру ретінде анықталса, онда технологиялар да білім беру сияқты білімнің сапасы мен көлемін меңгерумен бағаланады. Бірақ әдеттегі білім беру моделінің дағдарысы педагогикалық негізгі категорияларының бірқатар мазмұнын қайта қарауға әкеледі. ХV ЮНЕСКО –ның басты конференциясында білім беру дегеніміз әлеуметтік көлеміне келген және дербес жетілген тұлғаның қабілеттері мен мінез-құлықтарын жетілдірудің нәтижесі мен процесі деп есептеу қабылданады. Бұл анықтамаға басқа білім беру тұлға мен қоғамның мүддесіне байланысты жүргізілетін педагогикалық ұйымдастырылған әлеуметтендіру процесі деген анықтамада қайшы келмейді.
«Білім беру» ұғымына берілген анықтамалар педагогикалық технологиялар егер олар білім берудің мақсаттарына-біртұтас педагогикалық процестегі тұтас тұлғаның қалыптасуына қызмет еткен жағдайда анықталатындығын көрсетеді. Демек педагогикалық технология егер ол «педагогтар - оқушылар» жүйесінің ерекшеліге оның жағдайының өзгеруі біртұтас педагогикалық поцесс болатындығына негізделе отырып жасалған.
Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көп тараған анықтама В.П. Беспалько ұсынған: ол педагогикалық технология оқу мен тәрбие процесстерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында қоданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық технология қол жеткен жетістіктерді сатылы өлшеу мен қорытынды бағалаудың оъективті мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды. Бірақ бұл анықтамадағы көрсетілген бір-бірімен тәуелсіз және дербес өмір сүруін оқыту және тәрбие процестері болады деген оймен келісу қиын. Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым, және ол біртұтас педагогикалық процеспен байланысты. (Ильин В.С.), демек педагогикалық технологияда осы педагогикалық процестің басты белгісіне сәйкес болуы керек.
Педагогикалық технологияға берілген басқа да анықтама бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада (В.П.Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту поцесін ұйымдастырумен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің моделі (В.М. Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі,білімді меңгерудегі техникалық және адам және олардың өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындылау (Г.К. Селевко). В.Н.Бородовская мен А.А.Реанның көрсеткішіне білім беру технологиялары дегеніміз бұл білім беру процесіндегі ұсаздар мен оқушылардың жүйелілік іс-әрекеттеріне, ол мақсат мазмұн әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады.
Г.М.Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа – ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процнсі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұнымен оқу жоспарымен бағдарламаларында ескерілген іс-әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құрц болады.[1]
В.А. Сластенин бойынша педагогикалық технология деген; ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету. Педагогикалық поцестің белгілі бір принциптердің жүйесі негізінде жасалатындықтан, педагогикалық технология сол принциптерді сыртқы және ішкі іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде қарастырылуы олардың объективті өзара байланысындағы ұстаз тұлғасының тұтасымен көрінетін бірізді жүзеге асыруға бағытталған. Міне педагогикалық технологияның сабақ беру мен тәрбие жұмысының әдістемесімен айырмашылығ , өзгешелігі осыдан тұрады. Егер «әдістеме» деген ұғым оқыту мен тәрбиелеу әдістерін оны жүзеге асырушы әрекетінен тыс тұтас комплексті қолдану процедурасын көрсетеді, онда педагогикалық технология оған ұстаз тұлғасының барлық жақтарымен көптеген көріністерімен қосылуын ұйғарады. Сірә осыдан, қандайда болмасын педагогикалық міндет тек оған сай кәсіби маман ұстаздың жүзеге асыратын технологиялар көмегімен тиімді шешілуі мүмкін. [1]
Демек, барлық педагогикалық технологиялардың негізгі мәні туралы пікірлердің қарама-қарсылықтарына қарамастан оны сабақ беру мен ұстаздаң жоспарланған мақсаттары мен оқушылардың іс-әрекеттерінің жетістіктеріне жету процесі ретінде түсіндіруге болады.
Қандайда болмасын технологияның негізгі бөлігі ол соңғы негізгі жетістікті толық анықтаумен оған жетуді дәлме-дәл бақылау болады. Негізінен, (өндіріс пен әлеуметтік аймақтағы) қарапайым процесс ол алдын ала жобаланған, өнімнің негізгі қасиеттері мен анықтаудың құралдары анықталғанда осы процесті жүргізу үшін жағдайлар мақсатта бір қалыптасып және ол «жіберілсе» ғана технология статусын алады.
Оқытудың дәстүрлі технологиясы. Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп ең алдымен ХVІІ ғасырда дидактика принциптерінде қалыптасқан, Я.А.Коменский негіздеген және қазірге дейін дүниежүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданатын оқытуды класс-сабақтық ұйымдастыру деп түсінеді. Класс-сабақ жүйесі педагогикалық процесстің одан әрі жетіліп ұйымдастырылған дайындау қажеттілігіне байланысты пайда болады, себебі сол ғасырдың ортасында оқуға келушілердің санының көбейе түсуіне байланысты шамамен бір жастағы балаларды оқу топтарына жинақтала бастады.
Соңғы жүз жылдықта класс-сабақ жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған бірнеше зерттеулер жүргізілген. Олар оқу жұмысының ұйымдастырудың мынадай формаларын іздестірумен байланысты болады. Ол сабақтың кемшіліктеріне айталық оның орта оқушыға бағытталуын, оқудағы алға басушылық қорытындыларының мазмұнның біркелкілігі мен орташа шамасы, құрылымының өзгермейтіндігі: үйге берген тапсырманы сұрау, жаңа сабақты баяндау, үйге тапсырма беру. Дәстүрлі сабақтың кемшілігінің нәтижесі, ол оқушылардың танымдық белсенділігіне дауымен және оның дербестігіне тежеу болатындығында.
Дәстүрлі класс-сабақ технологияларының аса көрнекті белгілері ол: біржастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері; кластың бірыңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеу; сабақ оқудың негізгі бірлігі; әрбір сабақ бір оқу пәніне тақырыпқа арналған, себебі класс оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді; сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы кесте (расписание) мұғалімнің басқарушылық рөлі және с.с.
Сонымен, оқушы, оқу күні, сабақтар кестесі, оқу каникулдары, үзілістер – бұл класс сабақ жүйесінің белгілері.
Дәстүрлі оқыту технологияларының концептуалдық негізін Я.А.Коменскйи жасаған педагогика принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, белсенділіктегі сапалылық, көрнекілік теорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.
Оқыту дегеніміз ересек үлкен ұрпақтардан емес өсіп келе жатқан ұрпақтарға білім, білік және дағдыларды, әлеуметтік тәжірибені айтамыз. Бұл тұтас процестің құрамына мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдар кіреді.
Оқытудың мақсаттары бірқатар жағдайларға байланысты тиісті бір құрамдас бөліктен кіргізетін ойнақы өзгерткіш категория болады. Мақсаттың ерекшелігіне сай дәстүрлі оқыту дегеніміз тұлғаны белгіленген қаситеттерімен, тәрбиелеу болып табылады. Мақсаттың мазмұнына байланысты дәстүрлі оқыту тұлғаны дамытуға (жан-жақты дамыту тек қана мәлімдеме ғана) емес көбіне білім, білік және дағдыларды меңгеруге бағытталған. Қазіргі кездегі жалпы мектепе мақсат біршама өзгерген айталық идеологияландыру шығарылып тасталған, жан-жақты үндестірілген даму ұраны тасталған, адамгершілік тәрбиесінің құрамы да өзгерістерге ұшараған, бірақ мақсатты жоспарланған қасиеттер сапалар (оқыту стандарттары) жиынтығы ретінде қарастыру пародигмасы бұрынғы сияқты қалып отыр.
Білім берудің дәстүрлі жалпы мектептің мазмұны бұрынғы кеңес үкіметі жылдарында қалыптасқан, ол елді индустриализациялау міндеттерімен дамыған капиталистік елдердің техникалық деңгейіне қиыншылықпен, жалпы ғылыми-техникалық прогресстің рөлімен және осы күнге шейін технократиялылығымен анықталады.
Дәстүрлі технология ең алдымен авторитарлық педагогиканың талаптарына оқушының ішкі өмірімен өте нашар байланысты ілім болып табылады, ал ол әртүрлі сауалдар мен мұқтаждықтардан тұрады, онда тұлғаның өзіне тән қабілеттерін көрсету үшін жағдайларымен творчестволық көріністері болмайды. Оқыту поцесінің авторитарлығы іс-әрекетті регламентациялаудан көрінеді; оқытуды атқару тәртібінің ықтиярсыз істелетіндігі («мектеп тұлғаны даралайды»); бақылауды бір орталықтандыру; орташа оқушыға бағыттанушылық («мектеп талаптарды өшіруде»). Онда оқушы позициясы ықпал етуге оқыту объектісіне бағынған, оқушы «тиісті» оқушы әлі толыққанды. Тұлға емес, рухсыз «винт» ретінде көрінеді. Ал мұғалімнің позициясы – ол командир, жалғыз инциативті адам, төрешісі («әрқашанда ол дұрыс айтады») жас үлкен адам (ата-ана) оқытады; пәнмен балаға, «жазалаушы оқ» стилі.
Білімді меңгеруге әдістері дайын білімдерді хабарлауға нкгізделеді, оқыту белгілі бір үлгілермен, индуктивті логикамен жеке даралықтан жалпылыққа механикалық есте сақтауға көзбен көргенді мазмұнын айқын беру, репродуктивті еске түсіру елестету.
Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі келесі топтарға жатқызуға болады:
1. Иллюстративті – түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелерді көрсету, еңбек операциялары, экскурсиялар және т.б.) мұғалім түсіндіреді және оқу материалын көрнекті түрде көрсетеді.
2. Репродуктивті әдіс: мұғалім білімді, іс-әрекет тәсілдерін, тапсырмаларды шешуді тәжірибелерді елестету үшін тапсырмалар құрастырады; оқып үйренуші оқу материалдарын белсенді еске түсіреді. (сұрақтарға жауап береді, есеп шығарады және т.б.), сонымен «білім көшірмелерін қалыптастырады».
Сонымен дәстүрлі оқыту технологиясының артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады: ерекшеліктердің жүйелілігі; оқу материалын логикалық дұрыс бере білу ұйымдастырудың анықтылығы; мұғалім тұлғасының оқушыларға тұрақты әсерлі эмоция сезімдік ықпал, жалпы оқу барысында қаржыны орынды жұмсау. Бұл технологияның нашар жақтары мыналар: біркелкілік, табандық құрылым, сабақ ауқытын тиімсіз бөліп тарату, оқушыларды бір-бірімен қатынастардан эзоляциялау, оқушыларда дербестіктің болмауы, енжарлық (немесе көзбоярлықтағы белсенділік); оқушылардың өз іс-әрекетінің нашарлылығы; оқушыларға орташа өлшеммен қарау, индивидуальды оқытудың таза болмауы, нашар қайта байланыс. Бұндай сабақтарда материалдан тек қана хабардар болуын қамтамасыз етіледі, ол ең жоғарғы деңгейге жету үй тапсырмасын орындауға қолданылады.
Сабақ негізгі форма ретінде оқыту-тәрбиелеу професін ұйымдастырудың басқада формаларымен толықтырылуы мүмкін. Олардың бір бөліктері сабақты паралельді дамытады; яғни класс-сабақ жүйесі шеңберінде (экскурсиялар, консультациялар, үй жұмысы, оқу конференциялары, қосымша сабақтар. Жоғары оқу орындарында қолданылатын лекция-семинар жүйесінен алынып пайдаланған. Олар оқушылардың жас ерекшелігін ескеруге бейімделген (лекциялар, семинарлар, практикумдар, зачеттар, экзамендер). Мысалы, лекция-семинар-зачет оқу жүйесінде (формасында) алдымен класқа оқу материалы лекциялық әдіспен беріледі, содан соң семинар, практикалық және лабораториялық сабақтарда талқыланады (меңгеріледі, қолданады) және меңгеру нәтижесі зачеттік формада тексеріледі.
Информация о работе Оқушы қызығушылығын арттыруда педагогикалық технологиялардың алатын орны