Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 09:15, реферат
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан бері бәсекеге қабілетті, өркениетті елдердің тәжірибесінде бар, болашаққа сеніммен қарай алатындай ғылым және білім жүйесін қалыптастыруға ерекше назар аударып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаев білім саласына түпкілікті реформа қажет екендігіне бірнеше рет мән берді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманға білім беру жүйесі керек», - деп атап көрсетті. Елбасының білім жүйесінің материалдық - техникалық базасын жақсартудың, жүздеген мектеп, мектепке дейінгі және кәсіптік - техникалық мекемелерін, жоғары оқу орындарын салудың бастамашысы екенін біз жақсы білеміз
1995 ж. 4 тамызда жоғары оқу орындарын
жұмысының реттеу мақсатында
жаңа нормативтік құжат
1996 жылы РҚ-ның 342 мамандық бойынша жаңа классификациялық бөлімге айрықшаланды.
ІІІ саты (1999-2000 ж.ж.) Білім жүйесін басқарудың айрықша қаржыландыру орталығы 1999 жылдан бастап жоғары оқу орындарында студент контигентіне конкурс негізінде грант және кредиттік бөліп, қабылдау болды.
IV саты (2002 жылдан бастап қазіргі уақытта дейін). Жоғары білім жүйесінің стратегиялық дамуы.
Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады. Осы сияқты қасиеттерді білім алушылардың бойында қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады.
Бүгінгі күні үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие мәселесінің жағдайына сай келетін білім алушыларды тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамасын жасау қажеттілігі туып отыр. Тұжырымдама Қазақстандағы тәрбие саясатының Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары», Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Заңы, Қазақстан Республкиасының «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы, Қазақстан Республкиасының «АҚТҚ ЖҚТБ-ның алдын алу» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Заңы Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы, Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және бақылаусыздық пен панасыздықтың алдын алу» Заңы, Қазақстан Республикасының Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы Заңы, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға арналған Стратегиялық жоспары, 2015 жылға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту Тұжырымдама тәрбиенің жалпыұлттық басымдылық екендігін айқындайды. Ұсынылып отырған тәрбие Тұжырымдамасы білім беру ұйымдарын біріңғай жүйелі басқарудың құрамды жүйесінің элементі болады. Осы дайындалған Тұжырымдамаға сәйкес оны іске асыру жоспары әзірленеді.
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ
Педагогика ғылымы мен оның адам туралы ғылымдар
жүйесіндегі орны
ЖОО-педагогикасы. Педагогика ғылымы V ғасыр біздің эрамызға дейін дамығанмен негізгі ғылыми жүйесі болып ХVII-XVIII ғ. болды.
Педагогика екі грек сөзінен тұрады. «Пайдос» - бала және «аго» - жетектеу. Ежелгі Греция елінде құлдардың бірі баланы мектеп апаратын болған, елі басқа бір құл сабақ берген. Соңғы кезде бұл сөздің мәні «баланы өмірге жетелеу» делінген.
Қазіргі заманда ХХІ ғасырда тек баланы ғана басқарып қоймай, үлкен адамдарға да басшылық керек.
Педагогика адамдарға тәрбие мен білім беретін ғылым. Ғылым негізі 2 міндет атқарады. Педагогика ғылым және педагогика практика.
Ғылым термині екі мағына береді: білім теориясы және үйрену.
Педагогика ғылым болғандықтан өзінді нысаны, зерттеу пәні, заң және заңдылықтары, оны қолдану жолдары, т.б. бар.
ЖОО-педагогикасы – тәрбие туралы ғылым, білім беру және жоғары оқу орнында кәсіби маман дайындау.
5. ЖОО-ның негізгі категориялары.
Негізгі ұғымдары: тәрбие, білім беру, оқыту, педагогикалық жүйе, педагогикалық үрдіс, мұғалім және студент т.б.
ХV ғасыр педагогика ғасырлар дамыуына байланысты оқыту категорияларына оқыту кіре бастады.
«Оқыту – білім беру – тәрбие». Соңғы кезде білім беру дегенде 4 нәрсеге көңіл аударылу керек:
Педагогиканың құндылығы ұғымдарының бірі - білім алу, тәрбие, оқыту. Қазіргі заман педагогикада көбірек педагогикалық жүйеге және педагогикалық процеске көп көңіл бөлінеді.
Педагогикалық жүйе негізгі компоненттері:
Осы педагогикалық жүйе
процеске айналады. Педагогикалық процесс
- жеке тұлғаны жан-жақты жарасымды
дамыту үшін мұғалім мен оқушының,
тәрбиелеуші мен
Мектепте педагогикалық процесс 3 (сопроцесс) тұрады: оқыту, тәрбие, даму. ЖОО-педагогикада осыған ғылыми іс-әрекет кіреді. Оқыту, тәрбие, ғылыми іс-әрекет компоненттері анықталады: мақсаты және міндеті, мазмұны, әдістері, формасы, қорытынды жатады.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ
Педагогикалық әрекеттің мәні құрылымы
Әлем қарқынды өзгеруде. Білім беру жүйесі мен өмір сүрудің жаңа жағдайлары арасында, тіпті өткен жүз жылдықтың ортасында-ақ жік пайда бола бастады, жыл өткен сайын билік құрылымдары мен қоғам жағынан қазіргі мектепке және жоғары білім беруге қанағаттанбаушылық тек үдей түсті. 1968 жылы Ф.Кумбс білім берудегі ғаламдық дағдарыс туралы былай деген: «Әр елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты дағдарыс әр түрде, күшті немесе әлсіз байқалады. Бірақ оның ішкі серіппесі барлық елде бірдей мөлшерде көрінеді».
БҰҰ үкімет басшыларының Халықаралық конференцияларының (Рио-де-Жанейро, 1992 ж.) және 1993 жылы қабылданған мемлекет басшылары мен Еуропалық Одақ үкіметтерінің «Белой книги: вызовы и пути вхождения в ХХІ век» материалдары, Маастрихт шарты (1993 ж.), «ХХІ ғасырдың күн тәртібі» (1998 ж.) бағдарламасы, Болон Декларациясы (1999 ж.), АҚШ-тың Ұлттық комиссиясының «Әлі де кеш емес» баяндамасы (2000 ж.), Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2004 ж.), ЮНЕСКО-ның бағдарламалық құжаттары мен тағы басқа да дереккөздері білім беру жүйесіне қанағаттанатын ешқандай да ел, үкімет, педагогикалық бірлестік жоқ деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
«Мектеп дағдарысы жөнінде - АҚШ, Ұлыбритания және т.б., барлық өркениетті елдерде айтылуда, сонымен бірге дағдарыстың белгілерін ашып көрсету барлық жерде азды-көпті ұқсас: білім беделінің, үлгерім деңгейінің, қызметтегі едәуір сауатсыздық пайызының, мұғалімдер біліктілігінің төмендеуі және т.б.» (И.Я.Лернер, И.К.Журавлев).
Қазіргі уақытта көптеген саяси және мемлекеттік қайраткерлер адамзат өркениетінің сақталуы мен дамуының кепілін білімнен көреді, білім берудің басқа да мемлекеттік үрдістердегі басымдылығын мойындайды. Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін мамандар қорын қалыптастыруымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, ауқымды жаңаша ойлай білетін, қазіргі басқарушыларсыз, біз инновациялық экономика құра алмаймыз», - деп атап көрсетеді.
Қазіргі заманда әлемде білім беру жүйесі мына төмендегідей білім беру моделі қалыптасқан:
Қазақстандық модель: жалпы білім беру мектеп, гимназия, лицей-профессиональдық мектеп, лицей, колледж, училище, университет, институт, академия-магистратура, докторантура.
ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ (ДИДАКТИКА)
Кәсіби оқыту процесінің мәні
Дидактика туралы жалпы түсінік. Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі – оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі əр текті жəне табиғаты жағынан əртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.
Ежелгі жəне ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында “оқу”, “оқу процесі” ең алдымен мақсаты - оқушы болған оқыту қызметін (преподавание) білдірген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті – оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту – оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып- үйрену (учение) ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-əрекетін танытады. Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-əрекет тəсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-əрекетін де , мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-əрекетін де аңдататын болды. Мұғалім мен оқушының бірлікті іс-əрекеті болған оқу процесінің мəні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті əрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу жəне басқару; 5) біртұтастық жəне бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сəйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тəрбиесіне жетекшілік.
Оқу жəне білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мəнін аңдатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нəрсеге үйретудің əмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тəрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас жəне қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету жəне қалай үйрету проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса –қашан, қай жерде, кімді жəне не үшін оқыту қажет деген мəселелерді қарқынды зерттеуде. Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген: оқыту, оқып-үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, əдістері, құрал-жабдықтары, нəтижесі (өнімі). Дидактикалық жүйе жəне оқу технологиясы да осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды анықтама келіп шығады: дидактика- бұл оқу жəне білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, əдістері, құрал-жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нəтижелері жөніндегі ғылым.
Дидактика өз пəні аймағында іске
қосылатын заңдылықтарды
Дидактика барша пəндер бойынша жəне оқу іс-əрекетінің барлық деңгейіне орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту шеңберіне байланысты дидактика жалпы жəне жекеленген болып бөлінеді. Жалпы дидактиканың зерттейтін пəні: оқыту мен оқып үйренуді, оларды туындатқан жағдаяттары мен оларды орындау шарттары жəне соның арқасында жетілетін нəтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту əдістемесі деп аталады. Ол əртүрлі оқу пəндерінің желісін , мазмұнын, оқыту формалары мен əдістерін қарастырады. Əр оқу пəні өз əдістемесіне ие.
Оқу – дидактикалық процесс. Дидактикалық процесс мəнін түсіну үшін «оқу» жəне «оқу процесі» түсініктерінің мəн-мағынасын ажыратып алған жөн. Кейде бұл категориялар теңдестіріле қарастырылады. Іс жүзінде олай емес. «Оқу» түсінігі құбылысты білдіреді, ал «оқу процесі»- бұл процестің уақыт жəне кеңістікте дамуы, оның кезеңдерінің бірізді ауысып баруы.
Ұзақ уақыттар желісінде оқу
процесі негізінен оқыту
Оқу процесі – шынайы болмыстағы қиын да қыстаулы, күрделі процесс. Ол өз ішіне көптеген құрылымы, деңгейі əр текті жəне табиғаты бір-біріне ұқсамаған жағдаяттардың сан қилы байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Сондықтан да «оқу процесі» түсінігіне толық жəне жан-жақты анықтама беру қиындау. Солай да болса, қазіргі педагогика ғылымында «оқу процесі» ұғымына орай келесідей анықтама қабылданған: «оқу процесі – бұл барысында білім беру, игеру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс -əрекет».
Оқу процесі екі тарапты сипатқа ие. Оның құрамы өзара табиғи байланыстағы екі түрлі əрекеттен тұрады: оқыту – мұғалімнің оқу материалын меңгеруге орай ұйымдастыратын оқу-үйрету іс-əрекеттері жəне оқып үйрену – білім меңгеру мақсатындағы оқушының іс-əрекеттері. Бұл екеуі арасындағы байланыстырушы тетік – бірлікті іс-əрекеттерді жанамаластыратын оқу мазмұны.
Оқу негізінде мұғалім үшін осы процесс мазмұнының базалық бірліктері болып есептелетін, əрі оқушылар тарапынан игерілуі тиіс өнім ретінде білімдер, ептіліктер жəне дағдылар жатады.
Информация о работе Педагогикалық қарым қатынас психологиясы