Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 09:15, реферат
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан бері бәсекеге қабілетті, өркениетті елдердің тәжірибесінде бар, болашаққа сеніммен қарай алатындай ғылым және білім жүйесін қалыптастыруға ерекше назар аударып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаев білім саласына түпкілікті реформа қажет екендігіне бірнеше рет мән берді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманға білім беру жүйесі керек», - деп атап көрсетті. Елбасының білім жүйесінің материалдық - техникалық базасын жақсартудың, жүздеген мектеп, мектепке дейінгі және кәсіптік - техникалық мекемелерін, жоғары оқу орындарын салудың бастамашысы екенін біз жақсы білеміз
Еңбек - адам болмысының негізі, «адам өмірінің мәңгілік табиғи шарты». Рухтанған, саналы, шығармашылық еңбек - адамның табиғи қасиетінің анағұрлым табиғи көрінісі.
Білім - әрбір жеке тұлғаның және әлеуметтік прогрестің дамуына қажетті шарт. Оқудың нәтижесі - білім. Білімнің тәрбиелік мәні жеке бастың қамында емес, мақсатқа жетудің құралы.
Мәдени мұра - барлық адамзаттың және әр халықтың рухани және материалдық өмір саласындағы орасан зор байлығы. Нағыз мәдениет өзіне мәңгі бақи шындықты, мейірімділікті және әсемдікті біріктіреді.
Тіл - адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы, аса маңызды әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі.
Достық - өзара сыйластық қарым-қатынастағы дербес, еркін таңдау. Достық адалдық және өзара көмек беруді ғана емес, сонымен қатар, ішкі үйлесімділікті, ашық-жарқындықты, сенімді және махаббатты айғақтайды. Біз досымызды alter ego (басқаша Мен) деп атауымыздың мәні бекер емес.
Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
Мақсат - жас ұрпақтың тәрбиесіне біріңғай көзқарас қалыптастыру, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру және сабақтастықты қамтамасыз ету.
Міндеттер:
Тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері
Көзқарас - ол білім беретін мекемелер ұстазының немесе басшысының педагогикалық қызметтеріндегі белгілі бір өзара байланысты түсіну, идеялар мен тәсілдер жиынтығын қолдануға ниеттенген іс-әрекеттерін жүзеге асыруда алатын бағыты.
Антропологиялық көзқарас тәрбиеленушілерді бірегей және тұтас жеке тұлға ретінде қарап, адам туралы білім кешенінде кең көлемді есеп жүргізуге бағыттайды.
Тұлғаға бағытталған көзқарасы - тәрбиеленушінің өзара байланыстағы түсініктер, идеялар және іс-әрекет тәсілдерін қамтамасыз ету мен өзін-өзі тану, дербестігін құру және өзін-өзі табысты көрсету үдерістер жүйесін қолдау, оның қайталанбас жеке тұлғалық дамыту арқылы педагогикалық қызметтегі әдіснамалық байланыс.
Тәрбиедегі әрекетшіл көзқарас - жеке тұлғаның бірлігі оның әрекетшілдігінде екендігі туралы көріністен туындайды. Бұл бірліктің көп үлгілі формадағы қызметі жеке тұлғаның құрылымына тікелей және жанама түрде өзгеріс жасаудан байқалады; жеке тұлға өз кезегінде бір мезгілде ткіелей және жанама түрде дербес даму сұранысын өтейтін бара бар қызметтің түрлері мен формаларын жүзеге асырады.
Кешенді көзқарас - тәрбиеге кешенді көзқарастың мәні бірлікті, әртүрлі кешендердің тұтастығын қамтамасыз етуді құрайды, соңғы нәтижеге себепші болатын - жеке тұлғаның жан-жақты даму үндестігі дәрежесіне ие болады.
Аксиологиялық көзқарас - санадан «беретін» және адамның әлемге, адамдарға, өзіне қатысты әмбебап жалпы адамзаттық құндылықты қамтиды; табиғатпен, әлеуметпен, мәдениетпен барлық өтіп жатқан қарым-қатынасындағы жеке тұлғалық мәндерді тәрбиелеуде білім алушы өз білімінің, өмірінің мәніне ие болуына бағытталған.
Амбивалентті көзқараста алғашқыда екі жақтың бір-біріне қайшылықтарын жоятын, оларды есепке алу негізінде педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді қарастыру көзделеді.
Жүйелі көзқарас объектіні күрделі, оны құрайтын бөліктерді жинақтауға болмайтын және иерархиялық құрылым ретінде қарастыруды көздейді және жүйе жасаушы факторларды анықтауды, сыртқы байланысты талдауды мөлшерлейді.
Синергетикалық көзқарас тәрбиені тура себеп-салдарлық тәуелділікке негіздемей, тек, біркелкі емес түрде өтетін үдеріс ретінде қарастырады; маңызды дәрежеде өзін-өзі ұйымдастыратын, көптеген ішкі және сыртқы ықпалдарға себепші болатын: заңдылық пен кездейсоқ, болжамдық пен стихиялық, реттелген және ұйқы-тұйқы үдеріс.
Орта көзқарасы тәрбиешілерді жеке тұлғаны дамыту үдерісін жағдайға және ортаның сипаттамасына тәуелді қарастыруға бағыттайды.
Тәрбие үдерісін ұйымдастырудың қағидалары
Тәрбие қағидасы - тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдастырудың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі.
Табиғилылық қағидасы тәрбие табиғи және әлеуметтік-мәдени үдерістің өзара байланысының ғылыми түсінігіне және балаларды тәрбиелеуде олардың жеке тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне негізделеді.
Мәдени сәйкестілік қағидасы тәрбие жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетіндігін, жалпы адамзаттық құндылықтарға сай дәстүрлер мен ұлттық мәдени нормаларға және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады.
Мақсаттылық қағидасы мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық сұранысқа нақты есеп жасауды, тәрбие қызметінің басты түрлерін дұрыс таңдауды қарастырады.
Гуманистік бағыт қағидасы әрбір жеке тұлғаға құрметпен қарайтын, оның бостандығын және әлеуметтік құқын мойындайтын гуманистік идеяны және бағытты бірінші орынға қояды; педагогтың білім алушыларға және тәрбиешілерге өздерін-өздері дамытуға жауапкершілікті субъекті ретінде қарауын, сондай-ақ, субъектінің-субъектіге көңіл бөледі.
Этникалық қағида этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдениет жасаушы ортаны қалыптастыруды, азаматтық келісім және үйлесімдікке, қоғамдық қатынаста табысқа жетуді қарастырады.
Бірлік талабы мен сабақтастықты қамтамасыз ету қағидасы - мұғалімдердің мектеппен, мектептен тыс мекемелермен, отбасымен достастығын құру, тұлға дамуының барлық сатыларында тәрбие сапасын көтеру.
Тәрбиенің үздіксіз қағидасы жеке тұлға ғұмырының барлық кезеңдерінде оның жан-жақты дамуын болжайды: оның шығармашылық әлеуетінің үдемелі баюын және күш-қуаты мен қабілетін толық пайдаланып, кәсіби шеберлігі мен мәдени өсуін мөлшерлейді.
Әлеуметтік өзара іс-әрекеттер тиімділігі қағидасы түрлі ұжымдардағы білім беру жүйесінде тәрбие жүргізуді болжайды және білім алушылардың қарым-қатынас сферасын кеңейтуге, әлеуметтік-мәдени конструкциялық үдерістерді дербес анықтауға, барабар коммуникация жасауға жағдай туғызып, жалпы әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға болжамдық дайындығын қалыптастыруды мөлшерлейді.
Демократияландыру қағидасы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеттеріне, педагогикалық бірлестікте, ынтымақтастыққа және бірлескен авторлыққа негізделген жүйені шамалайды. Ол сондай-ақ, педагогикалық басшылық, өзін-өзі басқару, бірлесіп басқару және жеке реттеу жүйесінің құрылымына кіретін өзара байланысты, өзара келісуді болжайды. Бұл қағида оқушыларды еркіндік, жеке адамгершілік рухында тәрбиелеуді қарастырады.
Вариативтік қағидасы білім беру мекемелерінде жүзеге асырылатын кең таралымды, көп үлгідегі тәрбие бағдарламаларын мөлшерлейді, білім алушының жеке тұлғалық дамуының дербес траекториясын анықтауды көздейді.
Тәрбиенің басым бағыттары
Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып, тәрбие жұмысының мынадай б а ғ ы т т а р ы айқындалады:
Тұжырымдаманың жүзеге асырылу шарттары
Тұжырымдаманы жүзеге асырудың негізгі шарттары төмендегідей болып табылады:
Тұжырымдаманы жүзеге асырудың негізгі ресурстары:
Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету тәрбие үдерісі Қазақстан Республикасының білім беру саласының нормативтік-құқықтық құжаттарына толық сәйкес келуі және онда туындайтын проблемаларды шешу мақсатында қайтарымды байланыс қамтылады.
Ақпараттық қамтамасыз ету - замануи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану, мектеп және жоғары оқу орындары ішілік БАҚ-тар, тәрбие мәселелері бойынша баспа қызметін пайдалану және т.б.
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ғылыми-әдістемелік кешендерді жасау, вариативті бағдарламалар, тәрбиелік және ақпараттық технологияларды еншізу, педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін көтеру және қайта даярлау жұмыстары жүзеге асырылады. Тәрбие үдерісін ұйымдастырудың таңдаулы тәжірибелерін кең тарату, зерттеу және анықтау; тәрбие жұмысында және оларды ұйымдастыруда да жаңа технологияларды игеру; адамның рухани әлемінің қалыптасуын қамтамасыз етуге қызмет көрсететін тәрбиенің мәдени сәйкестілігіне бірізді бағдар алу қамтылады.
Ұйымдастырушылық-
Информация о работе Педагогикалық қарым қатынас психологиясы