Педагогикалық қарым қатынас психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 09:15, реферат

Описание

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан бері бәсекеге қабілетті, өркениетті елдердің тәжірибесінде бар, болашаққа сеніммен қарай алатындай ғылым және білім жүйесін қалыптастыруға ерекше назар аударып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаев білім саласына түпкілікті реформа қажет екендігіне бірнеше рет мән берді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманға білім беру жүйесі керек», - деп атап көрсетті. Елбасының білім жүйесінің материалдық - техникалық базасын жақсартудың, жүздеген мектеп, мектепке дейінгі және кәсіптік - техникалық мекемелерін, жоғары оқу орындарын салудың бастамашысы екенін біз жақсы білеміз

Работа состоит из  1 файл

ЖО педагогикасы оку адист кешен Роза апай (2).doc

— 679.50 Кб (Скачать документ)

- болжамды бақылау немесе эксперименттер  жəрдемімен тексеру»;

«Дəстүрлі» жүйемен салыстырғанда, Дьюи өте батыл жаңалықтар, күтілмеген шешімдер ұсынды. «Кітаби оқу» орнына негізінде оқушылардың өзіндік  таным əрекеттері болған белсенді оқу  мектеп тəжірибесіне енді. Əміршіл мұғалім орнын оқушылар белсенділігін не мазмұн, не оқу əдістеріне матамайтын, ал қиыншылықтарды жеңуге көмектесетін, қажет болса, жəрдем беретін жебеуші – мұғалім иеледі. Жалпыға бірдей мызғымас оқу бағдарламалары мұғалім тарапынан тек жалпылай мазмұны ғана анықталған бағыттау бағдарламаларымен ауыстырылды. Ауызша жəне жазбаша сөздің орнына оқушылардың өзіндік дербес зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға бағышталған теориялық жəне практикалық дəрістер келді. Кейінгі кезеңдерде жүргізілген зерттеулер ежелгіден, дəстүрлі жəне жаңашыл дидактикалық жүйелерден ең құнды болған тараптарын сақтап қалып, күнделікті маңызды болған мəселелерді шешудің жаңа жолдарын табуға бағытталды. Бұл ізденулерден кейін орын иеленген оқу жолдары бүгінгі заман дидактикасының жаңа жүйесін құрады.

Жаңа бағыттар арасында белгілі  американ психологы жəне педагогы Дж. Бруннер ұсынған «жаңалықтар  ашумен оқыту» бағыты назар аударарлық. Бұл теорияға орай оқушылар барлық танымдық күштерін іске қосуды талап  ететін жəне өнімді ойлау қабілетінің дамуына ұтымды ықпал жасаушы өз белсенділігімен ашқан жаңалықтары негізінде дүниені танып, білімдер игеруі қажет. Оқушылар бұған дейін білмеген қорытындыларды жасап, оларды өз бетінше өрнектеп, тəжірибеде қолдану жолдарын да игеруі қажет. Мұндай шығармашылық оқу «дайын білімдерді » игеруден де, сондай-ақ қиыншылықтарды жеңу жолымен жүргізілетін оқудан да өзгеше, дегенмен аталған екі жүйе де Бруннер теориясының негізі əрі қажетті шарттары ретінде пайдаланылған. Шығармашыл оқуға тəн белгі, Бруннердің пайымдауынша, нақты тақырып бойынша деректерді жинақтау жəне бағалау, солардың нəтижесінде белгілі қорытынды ғана өрнектеу емес, сонымен бірге игерілетін материалдардың шеңберінен сыртта жатқан заңдылықтарды да анықтау.

Қазіргі заман демократияшыл дидактика өзінің келесідей ерекшеліктерімен сипатталады:

1. Бұл жүйе негізін объектив  заңдылықтар құрайды. Осының арқасында  қазіргі заман дидактикасы оқу  процесін түсіну мен талдауда  бір тараптылық көзқарастан құтылды.  Дидактиканың қазіргі күндегі тұжырымдамасы оқу процесіне жүйелі бағытта қатынас жасауға негізделген, яғни осы жүйеліліктен сезімдік қабылдау, білімдерді түсіну жəне игеру, игерілген білімдер мен ептіліктерді тексеру танымдық процесте, оқу іс-əрекеттерінде табиғи біртұтастыққа келтіріледі. Танымда да осы сезім, ойлау жəне практикалық іс-əрекеттердің өзара бірдей уақыттағы ықпалдастығына байланысты талаптар да іске асып барады. Қазіргі дидактикалық бағыт өткендегі дидактикалық жүйелерге тəн теория мен практика, білімдер мен ептіліктер, баяндау қабілеттері мен болмысты өзгерту, сондай-ақ тікелей мұғалімнен алынатын білімдер көлемі мен оқушылардың өз бетінше жинақтайтын білімдердің арасындағы қарама-қарсылықтарды жойды.

Дидактикалық жүйе түзуде комплекстік  бағыт-бағдар қажеттігі жөніндегі түсінім бекіді. Мұғалімдер де, ғалымдар да балалар жөніндегі білімдер, оларды оқыту механизмдері, танымдық іс-əрекеттері, мақсаттары мен мотивтері бірлігіне сүйенген дидактика ғана тұлғаның жан-жақты жəне үйлесімді дамуына пайдалы болатынын түсінді.

2. Бүгінгі дидактика жүйесіндегі оқудың мəні оқушыларға дайын білімдерді ұсыну, қиыншылықтарды өз бетінше жеңу жəне оқушылардың өзіндік жаңалықтар ашуымен шектелмейді. Оны түбегейлі ажырататын сипат: педагогикалық басқарудың оқушылардың ынтасы, дербестігі жəне белсенділігі мен саналы байланыс, қатынастарына негізделуі. Бүгінгі дидактиканың мақсаты – көзделген оқу деңгейіне оқушы уақытын, күшін, оқу құрал-жабдықтарын өз орнымен пайдаланып, балалардың оқу жүктемесін жас сатылары мен мүмкіндіктеріне қарай белгілеп, денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп жеткізу.

3. Оқу мазмұнын анықтау бағыты  да өзгерді, оқу жоспарларын,  бағдарламаларын жəне оқу пəндерін  құрау принциптері де басқаша.  Гербарт заманында мектептік  оқу үшін қолданылған бағдарламалар  оқушылардың талаптарын, қажеттерін жəне қызығуларын тіпті де ескермейтін еді, интеллектуалдық дамуда «кітаби білімдердің» маңызын асыра дəріптеді. Оқудың американдық моделінде көбінесе оқушылардың жағдайға байланысты өз бетінше туындайтын қызығулары мен мезеттік белсенділігіне аса көп мəн берілді. Нəтижеде, бағдарламалар білімнің жалпы суреттемесін беріп, ал жеке оқу пəндері жоғары сыныптарда ғана енгізілетін. Мұндай дидактикалық бағыттың ұнамды да, сондай-ақ ұнамсыз да тараптары болды. Жақсы болған тарапы - оқушы өз бетінше асықпай еңбектенумен қалаған саласында тиянақты дайындық көрді. Бірақ оның қорытынды білімі тар шеңбердегі проблемалармен ұсақталып, қажетті жүйе мен деңгейге жеткізілмеді.

Бұрынғы дидактикалық жүйелердің ұнамды сапалары жаңа дидактикаға өтіп, толыға түсті. Бүгінде жіктемелі (дифференцированные) оқу жоспарлары, бағдарламалары, курстері бүкіл əлемге тараған. Сонымен бірге, оқу пəндерінің бірігу (интеграция) процестері де өріс алып, олар оқушылардың əрқилы қажеттері мен қызығуларына икемдестірілуде.

Сонымен, ежелгі заманнан бері балаларды оқыту мен білімдендірудің жетілген жолдары іздестірілуде. Мұғалімдер көптеген бағыттарды өз тəжірибесінде тексеріп, сынап көруде. Ғылым топтаған білімдердің аса құндылары, озық тəжірибе, дидактикалық жүйелерге енуде. Мектептің қазіргі заман білімдену жүйесіне И.Гербарт жəне Д.Дьюи жүйелері көп ықпал жасады. Бірақ қазіргі заман дидактикасы оқудағы бір тараптылық принциптен бас тартып, бала жөніндегі ғылыми білімдердің бар комплексін пайдалану теориясына ден қойды.

 

Білім беру мазмұны

 

Табысты оқу қамтамасыздығы үшін неге оқыту қажет, білім мазмұны қандай болуы керектігін анықтап алу  міндетті шарт. Білім мазмұны түсінігі бойынша біркелкі пайымдама жоқ.

Білімдендіру қызметін іске асыруға  бағытталған дəстүрлі педагогикада білім мазмұны оқушылар игеруі тиіс педагогикалық икем мен сəйкестікке келтірілген ғылыми ақпарат жəне оған байланысты тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар жүйесі ретінде қабылданған Білім мазмұнының мəнін ашуда бұл бағыт білімдік бағдарлы (знаниево-ориентированное) оқу атамасын алған. Мұндай оқу жүйесінде адамзаттың тарихи дамуы барысында жинақталған білімдер ғана əлеуметтік құндылық ретінде танылады.

Бұл көзқарастан демократиялық  қоғамның басты міндеті- шығармашыл, дербес ой жүргізе алатын адам қалыптастыру – жалаң білім жинақтау талаптарының көлеңкесінде қалып келді.

Соңғы кезеңдерде білімді адамиластыру идеясының арқасында білім мазмұнының мəнін айқындауда тұлғалық бағдарлы (личностно-ориентированное) оқу бағыты кең назарға алынуда. Осы бағытқа  орай оқушылар белгілі оқу мазмұнын ғана меңгерумен шектелмеуі тиіс.

Оқу-тəрбие барысында ең алдымен  шəкірттерде құндылықты- мəнді сұраныстар мен ниеттер қалыптастыру міндеті  тұрады, олар тұлғаға қажет сапа-қасиеттердің орнығуына негіз ретінде қабылдануы лəзім. Болашақ қоғам мүшесі –тұлға педагогикалық процесс аймағында өз əрекет – қылықтарына, қоғам мен ел тағдырына, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастырып, əділетсіздік пен немқұрайлықтан қашық болуға баулынады, өзінікінен басқаша пікірлерді ымырашылдықпен тыңдап, ұрда-жық ысырып тастамай, қажеттісін қабылдауға үйренуі тиіс.

Тұлғалық бағдардағы білім мазмұны  мейлінше толық құрылымға келтірілген, педагогикалық тұрғыда икемге түсірілген əлеуметтік тəжірибе күйінде төрт элементтен құралып, төмендегідей іс-əрекеттерде көрініс береді:

- нəтижелік формасы –білім (қоғам,  табиғат, техника, ойлау, іс-əрекет  əдістері жөнінде) күйінде бекіген  танымдық іс-əрекеттер; 

- үлгі бойынша орындау ептіліктері  (ақыл-ес жəне практикалық ептіліктер  мен дағдылар) формасындағы əрекеттердің белгілі əдістерін іске асыра білу;

- проблемді жағдайларда қалыптан  тыс шешімдер қабылдау ептіліктері  формасындағы – шығармашыл іс-əрекет, қызмет;

- тұлғалық бағдар (қоршаған ортаға, дүниеге, адамдарға, өз басына, мораль нормаларына, көзқарастық идеяларға жəне т.б.) формасындағы көңіл-күй құндылықты қатынастарды орындай білу.

Білім мазмұнының аталған элементтері  бір-бірімен байланысты жəне өзара  шарттасқан. Əлеуметтік тəжірибенің  осы элементтерін игерген адам жақсы  орындаушы ғана болып қалмастан, дербес, өз бетінше шығармашылдықпен əрекет істей алатын, қалыптасқан қатынастар жүйесіне өз үлесін қоса білетін тұлға дəрежесіне көтерілуге мүмкіндік алады.

Білім мазмұнын қалыптастыруға байланысты негізгі теориялары. Білім мазмұны тарихи сипатқа ие. Ол қоғам дамуының белгілі кезеңдерінде алға тартылатын білім міндеттері мен мақсаттарына орай анықталады. Əрқилы əлеуметтік жүйедегі білім мазмұны біргелкі емес. Ол өмір, өндіріс жəне ғылыми білімдердің даму деңгейіне сəйкес өзгермелі.

Білім мазмұнының қалыптасуына байланысты негізгі теориялар XVIII ғ. ақырында- XIX ғ. басында өрбіді. Бұлар мəн-мағынасына қарай білім мазмұнының материалдық жəне формальдық теориялары атауларымен педагогика тарихына енді.

Білім мазмұнының материалдық теориясын қолданушылар (дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы тараптарлары) білімнің негізгі мақсаты – оқушыларға ғылымның əрқилы салаларынан мейлінше ауқымды білім игерту деп білді. Мұндай пікірді өткен дəуірлердегі көптеген танымал педагогтар қолдап, қуаттады (Я.А.Коменский, Г.Спенсер жəне т.б.). Аталған теория бүгінгі күнде де өз жүгінушілеріне ие (болмаса, оқушыларды шектен тыс жүктеме ақпаратқа кезіктіру неліктен тиылмайды?).

Білім мазмұнының формальдық теориясын  қалаушылар (дидактикалық формализм идеяшылдары) оқуды шəкірттердің қабілеттері мен танымдық қызығуларын, олардың зейінін, есін, ұғымын жəне ойлау мүмкіндіктерін дамытудың құралы ретінде пайдаланады. Олар түсінімінде, білім көзі - ақыл. Сондықтан да, ең алдымен адамның ақыл-есін жəне қабілетін дамыту қажеттігіне ден қойды. Білім мазмұнын іріктеуде дидактикалық формализм тараптарлары математика жəне классикалық көне тілдер сынды дамытушылық сипатымен құнды пəндерді басшылыққа алды. (Дж. Локк, И.Г.Петалоцци, Н.Гербарг жəне т.б.).

Қазіргі дəуір педагогикасында бұл екі теория да сынға ұшырауда. Таза, жалаң күйінде аталған бағыттардағы педагогикалық жүйе оқу-тəрбие міндеттерін ойдағыдай орындай алмайды. Мектептің басты мақсаты- адамның ақыл-ес (интеллектуал) күштерін дамытып, сол арқылы білім игеруге, оны қолдана білуге үйрету. Осыдан, бүгінгі педагогика дидактикалық материализм мен дидактикалық формализм бағыттарындағы оқу-тəрбие істерін бірлікте жүзеге асыруды қолдайды. (К.Д.Ушинский).

XIX жəне XXғғ. шектерінде білім мазмұнын  іріктеудің дидактикалық прагматизм теориясы қалыптасты. Бұл теорияны қолдаушылардың (Дж.Дьюи, Г. Кершенштейнер) пікірінше, білім мазмұнының негізі жеке пəндерде емес, ол оқушының қоғамдық жəне дара іс-əрекеттерінде. Білім мазмұны оқушылардың сол білімді меңгеруге бағышталған ұжымдық еңбегі жəне белгіленген мəселені шешуге сəйкес практикалық əрекеттерді қажет ететін пəнаралық біліктер жүйесімен белгіленуі тиіс. Осы теорияға орай оқушылар мейлінше еркіндікпен оқу пəндерін таңдауға құқылы, оқу-тəрбие жұмысы оқушылардың субъектив сұраныстары мен қызығуларына икемдестіріледі.

Европа, əсіресе, АҚШ мектептерінде  кең енген бұл теория нəтижесі білімдену деңгейінің күрт төмендеуіне  соқтырды. Өткен ғасырдың 20-жылдары  Қазақстан оқу –жүйесінде “Төте  оқу” атымен қабылданған бұл əдіс өз жалғасын таппады.

Дегенмен, материалдық жəне формальдық теориялар, дидактикалық прагматизм бағыты уақыт талаптарын көтере алмағанымен, білім мазмұнын қалыптастырудың  осы заманғы бағыттарының өркендеуіне  үлкен ықпал жасады.

Белгілі поляк ғалымы В.Оконь функционалды материализм атты білім мазмұнын қалыптастыру теориясын жарыққа шығарды. Оның пікірінше, қандай дидактикалық теория болмасын, ол оқушылардың білім алуын қамтамасыз етумен бірге сол білімдерді өз іс-əрекеттерінде пайдалана білу ептіліктерінің де жетілуіне негіз болуы шарт, яғни таным мен іс-əрекет ажырамас бірігімді байланысқа келуі қажет. Жеке пəндер мазмұнында да сол пəннің жетекші ұғымы басты назарға алынуы тиіс. Мысалы, биологияда – эволюция теориясы, математикада – функционалды тəуелсізділік, тарихта – тарихи шарттылық жəне т.б., яғни білім мазмұнын таңдастыруда дүниетанымдық көзқарастарды басшылыққа алған жөн. Дəрістер барысында оқушылар өз меңгерген білімдерін практикада қолданып үйренетіндей жағдайлар жасалуы тиіс.

Көзделген нақты практикалық мəселелерді білім негізінде шеше отырып, шəкірт табиғи , техникалық, мəдени жəне қоғамдық болмысқа сай өз мүмкіндіктерін қайта қарап, өзгертуге үйренеді.

В.Оконь теориясы өз ішіне қоғамның білімге қойған талаптарын жəне оқушылардың  жеке сұраныс –қызығуларын біріктіре қамтиды.

Қазақстан Республикасындағы бүгінгі  мектептің білім мазмұны ҚР “Білім заңына” сəйкес құрастырылған. Бұл  Заңға орай білім мазмұны қоғамның экономикалық жəне əлеуметтік ілгерілеуінің  аса маңызды жағдайаттарының  бірі, сондықтан ол тұлғаның өзіндік қалыптасуына, оның өз мүмкіндіктерін өз бетінше іске асыра алуына жағдай жасап, қоғам дамуын, құқықтық мемлекеттің бекіп жəне жетілуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Білім мазмұнының міндеті-қоғамның əлемдік  деңгейге сай жалпы жəне кəсіби мəдениетін көтеру, оқушылар санасында осы заман білім деңгейі мен білімдену бағдарламасының талаптарына сəйкес əлем бейнесін (образ мира) қалыптастыру; тұлғаның ұлттық жəне əлемдік мəдениетке араласуына; осы күнгі қоғамның төл тумасына айналған жəне сол қоғамды жетілдіруді мүдделеген адам жəне азамат тəрбиелеу; қоғамның мамандар қорын жаңғырта көбейтіп, əрі қарай дамыту.

Білім мазмұнын қалыптастырудағы басты  мақсат - расалық, ұлттық, этникалық, діни жəне əлеуметтік тегіне қарамай адамдар, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен қызметтестік қатынастардың орнығуына жəрдемдесу, оқушының ерікті пікір мен наным таңдау құқығын іске асыруға көмектесу, əрқилы дүниетаным көзқарастарды ымырашылдықпен ескеру.

Информация о работе Педагогикалық қарым қатынас психологиясы