Педагогикалық қарым қатынас психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 09:15, реферат

Описание

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан бері бәсекеге қабілетті, өркениетті елдердің тәжірибесінде бар, болашаққа сеніммен қарай алатындай ғылым және білім жүйесін қалыптастыруға ерекше назар аударып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаев білім саласына түпкілікті реформа қажет екендігіне бірнеше рет мән берді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманға білім беру жүйесі керек», - деп атап көрсетті. Елбасының білім жүйесінің материалдық - техникалық базасын жақсартудың, жүздеген мектеп, мектепке дейінгі және кәсіптік - техникалық мекемелерін, жоғары оқу орындарын салудың бастамашысы екенін біз жақсы білеміз

Работа состоит из  1 файл

ЖО педагогикасы оку адист кешен Роза апай (2).doc

— 679.50 Кб (Скачать документ)

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәрбие жұмысына қажетті материалдық, техникалық жағдай жасау, тәрбие жұмысын республикалық және жергілікті бюджетпен қаржыландыру, тәрбие үдерісіне қатысушыларды икемді ынталандыру жүйесін тиімді пайдалану қарастырылады.

Психологиялық-педагогикалық  қолдау психикалық-педагогикалық түзетіду дамытуды қажетсінетін әртүрлі категорияларға қатысты балалар мен жастармен жүргізілетін жұмыстарды арттыруды (дарынды, тәуекелшіл топтардың өкілдері, шектелген мүмкіндіктегі балалар мен жастар) қамтиды.

Кадрлық қамтамасыз ету «әлеуметтік педагог», «қосымша білім беру педагогі», «балалар бос уақытын ұйымдастырушы менеджер» мамандықтарын классификаторға енгізуді; тәрбие жұмысымен шұғылданатын барлық категориядағы педагогикалық қызметкерлердің мамандықтарын көтеру және қайта даярлауды қамтамасыз етуді; сынып жетекшілерінің, кураторлардың, мектеп психологтарының, әлеуметтік педагогтардың («қиын» балалармен жұмыс жөніндегі және т.б.) қызметтік міндеттерін нақты бөлуді; педагогикалық жоғары оқу орындары мен кәсіптік техникалық оқу орындарында «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» кафедраларын жандандыру және педагогикалық колледждер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің жазғы демалыстарын ұйымдастыруда педагогикалық практикадан өтуін қайта жаңғыртуды мөлшерлейді.

Барлық білім беру ұйымдарында  (мектептерде, кәсіптік колледждер мен  жоғары оқу орындарында) директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі проректор, топ кураторлары, сынып жетекшілер қыземттік міндет ендіріліп және олардың іс-әрекет қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

 

Тұжырымдаманы орындаудан күтілетін нәтижелер

Қазақстан Республикасында тәрбие Тұжырымдамасын жүзеге асыру:

  • тәрбиенің басымдығы мен маңызын қоғамның сезінуін, оның қоғамдағы мәртебесін нақты бекітеді;
  • білім беру жүйесінің барлық деңгейінде тәрбиенің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етеді;
  • балалардың, жас өсіпірмдердің және жастардың тәрбиелілігін жоғары деңгейіне жеткізеді;
  • салауатты өмір салтын норма ретінде бекітеді;
  • қоғамның рухани және адамгершілік деңгейі жоғарылайды;
  • барлық деңгейлі білім беру ұйымдарында қолданыстағы өзін-өзі дамытушы тәрбие жүйелерін қамтамасыз етеді.

Тұжырымдаманы іске асыру  барасында жалпыадазматтық және ұлттық құндылықтар негізінде тиімді жүзеге асатын тәрбиенің қазақстандық үлгісі құрылады.

 

ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМДЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ  ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

 

Білімдендіру технологиясының  мәні

Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау - сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.

Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын  айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту  технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.

Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы»  жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының  өзіндік мəн-мағыналарына назар  аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.

Педагогикалық технология - бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.

Педагогикалық технология кешенді, бірігімді  процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.

Педагогикалық технологиялар көп  түрлі болуына қарамастан, олардың  іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі - тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне т.б.).

Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?

Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалықты  емес. Кезінде оны Я.А.Коменский  де дəріптеген. Ұлы педагог - ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе - 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек».

Коменский заманынан бастап, оқуды  мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру  ұмтылысының талайы күні бүгінге  дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский жəне т.б.).

Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп  жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - əр автор мен орындаушының педагогикалық  процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.

Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:

- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық,  пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік);

- философиялық негізі: ғылыми жəне  діни, гуманистік жəне əміршіл-  əкімшіл (авторитарлы);

- тəжірибе меңгерудің ғылыми  негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты  (ассоциатив-рефлекторлы); іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;

- тұлғалық құрылымға бағдарлануы:  ақпараттық (білім, ептілік жəне  дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тəжірибелік əрекеттер қалыптастыру).

- Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау  бағыты (модернизация): оқушы іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы; мұғалім жəне оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология жəне т.б.

Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде  басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қолданылуына, дəл кезеңде қажет болған əдістерге  жəне басқа да негіздемелерге тəуелді  келеді.

Оқу технологиясын оқу əдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы - оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына жəне педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал əдістеменің соңғы тиімді нəтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге, əдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі əдістемесі бар. Егер ол əдістеме шынайылық, сенім, сəйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.

Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен  өзара байланысты. Оқу технологиясын  жете білудің өзі - шеберлік. Бір технологияны əрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.

 

Жоғары мектептегі жаңа білімдендіру технологиясы

Оқудың дəстүрлі (қайта жасау- репродуктивті) технологиясы білім, ептілік жəне дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған (əсіресе орта мектепте). Оның мəні: жаңаны игерту–бекіту–қадағалау–бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін жəне оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама (парадигма) алынады. Осыған орай оқу- оқытудың басты əдістері ретінде 1) көрнекілік жəне онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-əрекеттері түрлеріне - тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап жəне тиімділіктің негізгі көрсеткішіне - игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері - түсіндіру, əрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау жəне реттеу, түзету.

Оқу технологиясы бірқатар маңызды  да ұнамды тараптарымен еленген. Олар - үнемділігі , күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тəрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа əдіс -тəсілдерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дəстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді - оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.

Дамытушы оқу технологиясы мектеп тəжірибесіне енген оқу іс-əрекеттері арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин жəне т.б.).

Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу  процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мəні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос-жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, əсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.

Зерттеулер нəтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану - басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бəсеңдейді.

Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны жəне оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, əрі тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.

Дамытушы технология талаптарының жəне бірі - оқу ілгерілі жəне жедел қарқында жүреді. Өткендерді жиі əрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі- іс-əрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді (Д.Б.Эльконин).

Дамытушы технология идеяларының  қатарына сондай-ақ оқу қызметінің əрқилы жағдайларында оқушылардың  қажет болғанды өзінше танып, содан өздігінен жауап əрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді. Жауап əрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз əрекеттерін сезінуі мен түсінуі, оқу іс-əрекеттерінің тəсіл, əдістерін өзінше байқап, тануы.

Рефлексиялық əрекет-қимылдар əрқашан  өзіндік қадағалау жəне бағалаумен тығыз байланысты болатындықтан  дамытушы технология шарттарына орай оларға да көп мəн беріледі.

Дамыта оқыту идеясы бұл күнде  еліміздің мұғалімдері арасында кең қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір таласты болып жүр. Себебі, оқушылардың бəрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере алмайды. Солар ішінде тума жайсаң қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда əбден күйзеліске түседі. Сондықтан барша шəкірттерді теңдей шапшаң жəне жоғары күрделілік деңгейінде оқытып, тəрбиелеуге болмайды.

Бағдарламаластырылған оқу технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқу процесінің басқару жүйесін жақсарту (П.Я.Гальперин, Л.Н. Ланда, А.М. Матюшкин жəне т.б.).

БОТ бастауын берген американдық психологтар мен дидакттар (Н.Краудер, Б.Скиннер, С.Пресси).

БОТ- бұл арнайы жабдықтар, бағдарламаластырылған оқулық, ерекше оқу-машинасы, ЭВМ жəне т.б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама бойынша орындалатын өзіндік жеке-дара оқу технологиясы. Бұл технология əрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңгейі жəне т.б.) оқуына мүмкіндік береді.

БОТ-ның өзіне тəн сипат белгілері:

- оқу материалының кіші көлемді  жеңіл игерілетін бөлшектерге  жіктелуі;

- əр бөлшекті игеруге арналған нақты əрекеттерді орындау нұсқаулары жүйесінің берілуі;

- əр бөлшек игерілуінің тексерілуі;

- қадағалау тапсырмаларының дұрыс  орындалуымен оқушы материалдың  ендігі жаңа бөлшегін алып, келесі  оқу қадамын іске асыруға өтуі;

Информация о работе Педагогикалық қарым қатынас психологиясы