Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 09:15, реферат
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан бері бәсекеге қабілетті, өркениетті елдердің тәжірибесінде бар, болашаққа сеніммен қарай алатындай ғылым және білім жүйесін қалыптастыруға ерекше назар аударып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаев білім саласына түпкілікті реформа қажет екендігіне бірнеше рет мән берді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманға білім беру жүйесі керек», - деп атап көрсетті. Елбасының білім жүйесінің материалдық - техникалық базасын жақсартудың, жүздеген мектеп, мектепке дейінгі және кәсіптік - техникалық мекемелерін, жоғары оқу орындарын салудың бастамашысы екенін біз жақсы білеміз
Кітап əрқилы қолданылды. Ортағасыр мектебінде оқушылар негізінен діни мазмұндағы мəтіндерді қарадүрсін жаттаумен шектелді. Осыдан жалаң, жаттанды оқу (догматикалық) əдісі үрдіске айналды. Бұл əдістің сəл жетілген түрі сұрақ қою, дайын жауаптар берумен (софистика) байланыстырылды.
Ұлы жаңалықтар ашу жəне ойлап табу дəуірінде бұрын оқытудың жалғыз- ақ жолы болған сөздік əдіс өз маңызын жоғалта бастады. Өркендеудегі қоғам қажетіне орай оқу процесіне бақылау, эксперимент, өзіндік жұмыс, жаттығу, яғни оқушыда белсенділік, саналылық, ынталылық оятуға бағытталған əдістер ене бастады. Көрнекі оқу əдісі де кең тарады.
XІХ-ХХ ғ.ғ. шектерінде сөздік
əдіске балама ретінде бала
қажеттері мен қызығуларын
Дегенмен, білім дамуының əр кезеңдерінде қолданымға келген əдістердің қай-қайсысы да өз бетінше жеке қажетті педагогикалық нəтижені қамтамасыз ете алмайды. Оқу əдістерінің əрбірі өз алдына əмбебап қызмет атқармайды. Оқу барысында əрқилы əдістерді өзара байланыстыра қолдану, пайдалану ғана тиімді өнімін береді.
Оқу əдістерін топтастыру. Осы заманғы педагогикалық процесте қолданылатын əдістер саны, түрі орасан көп. Осыдан, оларды ғылыми топтастыру қажеттігі туындайды. Бұл оқу əдістеріндегі жалпылық пен жалқылықты мəнділік пен кездейсоқтықты анықтауға жəрдемдеседі, оларды мақсатқа орай əрі тиімді пайдалануға себін тигізеді.
Қазіргі күнде педагогикада əдістерді топтастырудың үш жолы кең танылған.
1. Оқу əдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру.
Мұндай топтастыруға байланысты əдістерді бөлу ең алдымен оқу мақсатын назарға алады. Бұл жағдайда оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған мұғалім əрекетіне көп көңіл бөлінеді. Мақсатты көздеген əдістер тобына енетіндер:
- білім жинақтау əдісі;
- ептілік жəне дағды
- білімді қолдану, пайдалану əдісі;
- білім, ептілік, дағдыларды бекіту мен тексеру (бақылау) əдістері.
2. Оқу əдістерін білім көзі бойынша топтастыру.
Тəжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған: сөз, көрнекілік, іс-əрекеттік (практика). Осыған орай ажырататынымыз: сөздік əдістер (білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі əдістер (білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) жəне іс-əрекеттік əдістер (білім жəне ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады).
Оқу əдістері жүйесінде басты орын сөздік əдістерге беріледі. Олар-əңгімелеу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дəрісбаян (лекция), кітаппен жұмыс.
Əңгімелеу – оқу материалын тыңдарманға сипаттама не баян формасында монологты, бірізді сөйлеп жеткізу.
Түсіндіру – бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар заңдылықтары мен мəнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру жолымен дəлелдеп, оқушы санасына енгізу. Сұхбат - оқудың диалогтық əдісі: педагог бірізді сұрақтар қоя отырып, оқушыны жаңа материалды түсіну, ұғу деңгейіне көтереді не ұсынылған материалдың қаншалықты меңгерілгенін тексереді.
Дəрісбаян (лекция) - көлемді материалды монологтық жолмен баяндау. Дəрісбаянның басқа сөздік əдістерден өзгешелігі - қатаң құрылымды, мол ақпаратты, баяндалуы қисынды, білім мəнін ашу жүйелікке негізделеді.
Дəрісбаян ғылыми-көпшілік жəне академиялық болып ажыралады. Өткен материалды қорытындылауға, қайталауға шолу дəрісбаяндары қолданылады.
Қазіргі кезеңде дəрісбаян əдісін қолданудың көкейкестілігі ірі бөлімдер мен жеке тақырыптарды игеруде оқу материалын топтап ұсыну (блок) тəсілін пайдалану қажетттігінен туындап отыр.
Оқу сөз-жарысы (дискуссия) əдіс ретінде нақты проблема бойынша пікір алмасуға, жекеленген көзқарастар білдіруге негізделеді. Сөз-жарыс барысындағы оқушының ой-пікірі өзінің меншікті шешімі не басқа тұлғалардың ғылыми-теориялық ұсыныстары болуы мүмкін. Оқу сөз -жарысының басты қызметі - шəкірттердің танымдық ұмтылыстарына дем беру.
Сөз жарыс жəрдемімен оған қатысушылар жаңа білімдерді игереді, өз пікірлерінің дұрыстығына не қателігіне көзін жеткізеді, өз көзқарастарын қорғап қалуға үйренеді, басқалар ой топшылауларымен есептесу қажеттігін түсінеді.
Кітаппен (оқулықпен) жұмыс - кітап оқу сөздік əдісінің аса маңызды түрлерінің бірі. Бұл əдістің тиімділігі - оқушы өзіне қолайлы жағдайда, өз түсініміне орай оқу материалын қалауынша қайталап игеруге мүмкіндік алады.
Баспа көздерімен оқу жұмысын атқарудың бірнеше жолы бар:
- конспектілеу - оқылған ақпараттың қысқаша жазбасы не баяны. Конспектілеу түрлері- түгелдей көшіру, іріктеумен таңдап жазу, толық не қысқа конспект түзу. Оқушы конспектіні үшінші тұлғаның атынан емес, өз атынан жасағаны жөн, осы жағдайда оның дербес ойлау қабілеті дамиды;
- тезистер түзу - негізгі идеяларды белгілі бірізділікпен қысқаша баяндау;
- реферат құрастыру - тақырып бойынша бірнеше ақпарат көздеріне шолу беріп, олардың мазмұны мен формасына өз бағасын беру;
- мəтін жоспарын жасау - мəтінді бөлімдерге келтіріп, əрқайсысына атама беру; жоспар жай не күрделі болуы мүмкін;
- сілтемелер беру (цитирование)- мəтіннен
өзгертілместен бөліп алынған
көшірме. Сілтемеге байланысты
қойылатын талаптар: əдептілік болуы,
мағынаның өзгеріске түспеуі,
сілтеме алынған еңбектің
- түсініктеме беру (аннотация)- оқылғанның
мəнді тараптарын жойып
- пікір беру (рецензирование) - оқылған жөнінде өз ойын білдіруге арналған қысқаша ауызша не жазба баян.
- анықтама (справка) түзу -ізденіс нəтижесінде жинақталған ақпарат бойынша мəлімет. Анықтамалар түрі - өмірнамалық дерек, сандық- статистикалық, жағрапиялық, терминологиялық жəне т.б.
- формальды - қисынды модель жасау - оқылғанды сөз-сүлбе (схема) күйінде жеткізу;
- тақырыптық тезаурус құрастыру
- тақырып, бөлім не түгелдей
пəн бойынша тірек ұғымдардың
реттелген жиынтық тізімін
- идеялар матрицасын жасау -
біртекті заттар, құбылыстар жөнінде
келтірілген түрлі авторлар
- пиктографиялық жазба - сөзсіз бейнелеу.
Білім көзіне орай топтастырудың жəне бір реті - бұл көрнекілік əдістер. Көрнекі əдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет, модельдер, приборлар, техникалық құралдарды тікелей қолдануға тəуелді. Бұлардың бəрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік жəне практикалық əдістермен бірге пайдаланылады.
Оқудың практикалық əдістері - оқушының іс-əрекетіне, оқу қызметтеріне негізделеді. Бұлардың басты міндеті - тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру. Мұндай топтастыруда жаттығу, лабораториялық жəне тəжірибелік əдістері бірігеді.
Жаттығулар - материалды игеру не игерілгеннің сапасын көтеру мақсатында оқу əрекеттерін (ақыл не қызметтік) көп мəрте қайталаумен орындау.
Жаттығулар ауызша, жазба, графикалық жəне оқу-еңбектік болып ажыралады.
Ауызша жаттығулар оқушылардың сөйлеу мəдениетінің, қисынды ойлау, ес, зейін, таным мүмкіндіктерінің дамуына ықпал жасайды.
Жазба жаттығулардың басты міндеті игерілген білімді бекіту жəне олар бойынша қажетті ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, қолдануға бейімдеу.
Оқу-еңбектік жаттығулар ерекше əдістер тобын құрайды. Бұларды пайдалану нəтижесінде оқушылар теориялық біліктерін еңбек іс-əрекеттерінде қолдануға үйреніп, еңбек құрал-саймандарымен, лабораториялық жабдықтармен қатынас жасауға дағдыланады, құрастырушылық-техникалық ептіліктерін дамытады.
Оқушылардың өзіндік əрекеті мен дербес жұмыс істеуіне байланысты қалаған жаттығу қайта жасау, дағдылану, шығармашылдық сипатына ие.
Оқу процесінің белсенділігін көтеру, оқу тапсырмаларының сапалы орындалуына түсіндірмелі жаттығулардың тиімділігі орасан. Бұлардың мəні - оқушы орындап жатқан əрекетіне сипаттама береді, осыдан жаттығу ісі мен білімі көтеріңкі саналылықпен меңгеріледі.
Лабораториялық жұмыстар əдіс ретінде оқушылардың өз бетінше арнайы приборлар мен құралдарды пайдалана отырып, тəжірибе не эксперимент жүргізуіне негізделген. Жұмыс дара не топта жүргізіледі. Бұл əдісті қолдану барысында оқушылар жоғары белсенділік жəне дербестікпен қатысып, зерттеу істеріне етене араласуға мүмкіндік алады.
Болашақ мамандарды даярлаудағы оқытудың белсенді
әдістері мен түрлері
Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б.
Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да - сабақ өз маңызын жойған емес.
Сабақ - оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады. Олар - жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың əрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне сападағы көрініс береді.
Сабақ құрылымы - бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-қатынасқа келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым əрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тəуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.
Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты классификациясы жоқ. Мұның басты себебі - сабақта мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқа түсетін ықпалдас іс-əрекеттердің алдын ала болжамға келе бермейтін күрделілігі мен көп тараптылығында.
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады:
дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері:
- жаңа білім материалын
- білімді бекіту;
- ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту;
- қорытындылау;
- білім,
ептілік жəне дағдыларды
Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері:
- оқу саяхаттары;
- кино-теле-сабақтар;
- өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б.
Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері:
- жаңа материалды игеру;
- бекіту;
- қайталау;
- білімді бақылау, тексеру.
Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары
мен жұмыс түрлері не олардың
элементтері бір дəрісте
Сабақтан басқа да, жоғары да айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың əртүрлі формасы баршылық. Солар арасында аса ерекше көзге түсетіні – дəрісбаян (лекция).
Дəрісбаян - оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тəлім-тəрбие формасы. Дəрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі. Мұндай сабақ аяқ асты, суырып салмалыққа мүмкіндік береді, осыдан дəріс тыңдармандардың белсенділік көтеріңкілігіне дем беріп, сабаққа араласып отыруына қолдау-қуаттау көрсетеді, сонымен бірге оқу процесіне шығармашыл сипат ендіріп, сабақ ақпаратына болған қызығушылықты арттырады.
Информация о работе Педагогикалық қарым қатынас психологиясы