Педагогикалық қарым қатынас психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 09:15, реферат

Описание

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан бері бәсекеге қабілетті, өркениетті елдердің тәжірибесінде бар, болашаққа сеніммен қарай алатындай ғылым және білім жүйесін қалыптастыруға ерекше назар аударып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаев білім саласына түпкілікті реформа қажет екендігіне бірнеше рет мән берді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманға білім беру жүйесі керек», - деп атап көрсетті. Елбасының білім жүйесінің материалдық - техникалық базасын жақсартудың, жүздеген мектеп, мектепке дейінгі және кәсіптік - техникалық мекемелерін, жоғары оқу орындарын салудың бастамашысы екенін біз жақсы білеміз

Работа состоит из  1 файл

ЖО педагогикасы оку адист кешен Роза апай (2).doc

— 679.50 Кб (Скачать документ)

Дидактикалық мақсаттарына жəне оқу  процесіндегі орнына байланысты дəрісбаян: кіріспе, айқындау (установочная), ағымдық , қорытындылау жəне шолу- түрлерімен ажыралады.

Оқу дəрістерін өткізу əдіс-тəсілдеріне  орай дəрісбаян түрлері төмендегідей:

- ақпараттық дəрісбаян - түсіндірме-көрнекілік əдіспен өткізілетін дəстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі;

- проблемді дəрісбаян- оқу материалының  ұсынылуы шешімі қажет болған  сұрақтар, мəселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар  қолданумен өтілетін оқу формасы.  Таным процесі-ғылыми ізденіс,  диалог, талдау, əрқилы көзқарастарды  салыстыру жəне т.б. жолдармен орындалатын оқу шарты;

- көрнекілі (визуалды) дəрісбаян  – оқу материалын техникалық  оқу құралдарын, аудио, теледидар  қолдану арқылы, түсіндірме бере  отырып, оқыту жүйесі;

- бинарлы  дəрісбаян (диалогты дəрісбаян)  - оқу материалын екі оқытушының - бірі ғалым, екіншісі - практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты негізінде жеткізу формасы;

- шатастыру  дəрісбаяны (лекция провокация) - мұндай дəрістер алдын ала жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсат - оқушылар ынтасына дем беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға жəне көзделген олқылықтарды байқауға үйрету. Дəрісбаян соңында тыңдаушылар білімі сарапқа салынып, жіберілген қателіктерге талдау беріледі;

- дəрісбаян  - конференция - ғылыми-практикалық сабақ түрінде күн ілгері белгіленген, оқу бағдарламасына сəйкес проблемалар төңірегінде баяндамалар тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ аяғында оқытушы қорытынды жасайды, ақпаратты толықтырады əрі нақтылайды, негізгі тұжырымдар жасайды;

- Кеңес дəрісбаяндар «сұрақ-жауап»  не «сұрақ-жауап-сөз-жарыс» күйінде  материалды оқушыға жеткізу формасы; 

- Екеу дəрісбаяны (лекции вдвоем)- бір пəн не тақырып бойынша  екі маман бір уақытта дəріс  жүргізеді. Оқушылар қатысына  орай оқытушы рейтингі анықталады.

Дəрісбаян түрлері басқа да негіздемелер бойынша:

- жалпы мақсаттарына байланысты  оқыту-ағарту, үгіттік, насихаттық, тəрбиелік, дамытушылық дəрісбаяндары  ажыралады; 

- мазмұны бойынша; академиялық  жəне ғылыми көпшілік дəрісбаяндары  белгілі; 

- ықпал-əсеріне орай: көңіл-күй, түсінім, иландыру деңгейіндегі дəрісбаяндар қолданылуда.

Құрылымдық жағынан, əдетте, дəрісбаян  үш: кіріспе, негізгі жəне қорытынды - бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырып нақтыланады, жоспар мен міндеттер таныстырылады, негізгі жəне қосымша əдебиеттер көретіледі, өтілген материалдармен байланыстар түзіледі, тақырыптың теориялық жəне практикалық маңызы сипатталады. Негізгі бөлімде проблема мазмұны ашылып, өзекті идеялар мен ұстанымдар нақтыланады, олар арасындағы байланыстар, қатынастар көрсетіліп, құбылыстар талданады, қалыптасқан тəжірибе мен ғылыми зерттеулерге баға беріледі, даму болашағы жөнінде жол - жоба анықталады. Қорытынды бөлім қызметтерінің мəні - мазмұн нақтылы үйретіліп, негізгі теориялық көзқарастар қысқаша қайталанып, жалпыланады, қорытынды ой-сөз жүйесіне келтіріліп, сұрақтарға жауаптар беріледі.

Семинар -меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық  талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан  өзгешелігі - оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Семинар желісінде тұңғыш дерек көздерінен, құжаттардан, қосымша əдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі, жүйеге келтіріледі жəне бақыланады; дүниетанымдық бағыт-ұстанымдары , бағалау-сұрыптау ой-пікірлері жүйелі бекімге келтіріледі.

Жүргізу тəсіліне орай семинарлардың  бірнеше түрі бар. Олардың ішінде аса кең тарағаны - семинар-сұхбат : оқытушының қысқа кіріс сөзі жəне қорытындылауымен жоспарға сəйкес кең əрі ашық сұхбат-əңгімелесу формасында өтеді. Семинарға жоспар сұрақтары бойынша барша оқушылардың мұқият дайындығы қажет, бұл тақырып бойынша белсенді талқы, пікір-талас ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоспардың əр сұрағы бойынша жеке оқушылар хабарламалары тыңдалады, соңынан олар басқа оқушылар тарапынан талқыланады əрі толықтырылады.

Кейде семинар қатысушылары сұрақтарды өзара бөліп алады да, баяндамалар, хабарламалар дайындайды, кейін олар семинар сабағында тыңдалады  жəне талқыланады.

Семинардың ерекше түрі семинар-сөз-жарыс. Ол қандай да бір проблеманың шешілу жолдарын айқындау мақсатындағы ұжымдық  талқыға арналады. Мұндай семинардың мақсаты - дүниетанымдық бағыт-бағдар бекіту, бағалау пікірлерін қалыптастыру, пікірталас жүргізу ептіліктерін дамыту, өз көзқарастары мен ұстанымдарын қорғауға үйрету, өз ойын қисынды да анық баяндауға баулу.

Оқу конференциясы - білім арттыру, бекіту жəне жетілдіруге бағытталған оқу ұйымдастыру формасы. Əдетте, мұндай форма бірнеше топтардың қатысуымен өткізіледі.

Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар - оқушылардың мұғалімдер тапсырмалары жəне басшылығында зертханалық тəжірибе жұмыстар орындауына арналған оқу ұйымдастыру формасы. Бұл оқу түрі пəн кабинеттерінде , зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тəжірибе алаңдарында, оқушылардың өндірістік бригадаларының қатысуымен өндіріс комбинаттарында өткізіледі.

Мұндай дəрістердің негізгі  дидактикалық мақсаттары - өтілген  теориялық материалдардың эксперименталды  негіздемесіне көз жеткізу; эксперимент техникасын меңгерту; тəжірибелер өткізу арқылы оқу-тұрмыстық міндеттерді шешу ептіліктерін қалыптастыру; əрқилы оқу жабдықтары мен техникалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.

Бұл сабақтар сонымен бірге бағдарламадағы ірі бөлімдерде берілген теориялық материалдар игерімін бақылау, қадағалау үшін қолданылады.

Факультатив сабақтар - оқу пəндерін оқушылардың өз таңдауы жəне қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шəкірттердің ғылыми-теориялық білімдері мен  практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді.

Білім беру міндеттеріне сəйкес факультатив  түрлері келесідей:

- негізгі оқу пəндерін тереңдете  игеру; 

- қосымша пəндерді (логика, риторика, шет ел тілдері жəне т.б.) меңгеру; 

- мамандық (стенография, компьютерлі,  бағдарлама түзу) алуға байланысты  қосымша пəндерді өту;

Факультатив бағыттары теориялық, тəжірибелік немесе аралас болуы  мүмкін.

Оқу саяхаттары -əрқилы нысандар мен  қоршаған дүние құбылыстарын оқушылардың  тікелей бақылау жəне зерттеуіне арналып, өндіріс, мұражай, көрме, табиғат  аясы жағдайларында жүргізілетін оқу ұйымдастыру формасы.

Бақылау нысандарына байланысты оқу  саяхаттары өндірістік , табиғат тану, өлке тану, əдеби, жағрапиялық жəне т.б. болып ажыралады.

Білімдену мақсаттарына тəуелді тақырыптық жəне шолу саяхаттары жүргізіледі. Тақырыптық саяхаттар бір не бірнеше оқу пəндерінің өзара байланысты тақырыптарына арналады (мысалы, физика жəне химия, биология жəне география). Ал шолу саяхаттары өте кең тақырыптар шеңберінде өткізілуі мүмкін.

Оқу бағдарламасындағы орнына орай саяхаттар кіріспе, ағымды, қорытынды ретінде ұйымдастырылады.

Қалаған саяхат жалпы оқу жүйесінің  маңызға ие сипатты бөлігі ретінде  пайдаланылғаны жөн.

Саяхаттық оқу формасының дамыған  түрі - бұл экспедиция -экологиялық жағдайлармен таныуға , тарихи деректер, жəне ауызекі əдебиет материалдарын жинауға бағышталған оқу жорықтары.

Курстық (жоба) жұмыс - оқу ұйымдастыру формасы ретінде жоғары мектеп жүйесінде оқу пəнін игерудің қорытынды кезеңінде пайдаланылады. Ол меңгерілген бөлімдерді болашақ мамандардың іс-əрекет аймағымен байланысқан өндіріс-техникалық не басқа міндет, мəселелерін шешуде пайдалану мүмкіндігін ашады.

Оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сəйкес білім орындарының оқушылары  курстық жоба не курстық жұмыс  жазады. Мұндай жұмыстар жалпығылымдық , математикалық не арнайы пəндер бойынша дайындалады. Оларды орындау барысында студенттер техникалық, технологиялық жəне математикалық проблемаларды шешеді.

Курстық жұмыс жалпы гуманитарлық, жалпы кəсіби жəне арнайы пəндер бойынша  жазылады. Олардың дайындалу барысында оқушылар оқу-ізденіс, зерттеу сипатындағы мəселе, міндеттермен айналысады.

Дипломдық жоба - білім беру мекемесіндегі бүкіл оқу процесінің аяқталу кезеңінде қолданылатын оқу ұйымдастыру формасы. Бітіруші түлек ғылыми-теориялық, өндірістік-экономикалық маңызы бар тақырыпта диплом жобасын түзеді не дипломдық жұмыс жазады жəне қорғайды, соның негізінде Мемлекеттік біліктілік комиссиясы студентке мамандық біліктілігі лауазымын беру жөнінде шешім қабылдайды.

Өндірістік практика - жоғары мектепте оқу процесін ұйымдастырудың көп формаларының бірі.

Өндірістік практиканың дидактикалық мақсаттары - кəсіби ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру, сонымен бірге шынайы болмыста қолдану арқылы игерілген білімдерді кеңіту, бекіту, қорытындылау жəне жүйелеу.

Өндірістік практиканың құрылымы практикалық оқу мазмұнына байланысты айқындалып, нəтижеде ол маманның кəсіби іс-əрекетке болған біртұтас дайындығын, яғни нақты маманның өз біліктілігінің сипаттамасына сəйкес кəсіби қызмет лауазымдарын атқаруға дайын болуын қамтамасыз етуі шарт.

Үйдегі өзіндік жұмыстар - дəрісхана  оқуларынан тыс білім игеру процесінің құрамдас бөлігі. Мұндай оқу қызметінің маңызы бүгінгі таңда өте жоғары, себебі қазіргі нарықтық кезең əрбір  оқушыдан үздіксіз өзіндік білім  жинақтау мен дербес танымдық іс-қызмет дағдыларын қалыптастырып, жетілдіріп баруды талап етуде.

Оқушының ой-өрісі, ерік қабілеті мен  ұнамды мінез қасиеттерінің дамуы  осы үйдегі өзіндік оқу жұмыстарының дұрыс жолға қойылуынан.

Кеңес - оқу формасы ретінде оқушыға жетімсіз игерілген не тіпті игерілмеген оқу материалы бойынша жəрдем көрсету мақсатында ұйымдастырылады. Пəнді тереңдей меңгеруге қызығу білдірген оқушыларға өз алдына кеңес өткізіледі. Кеңестерде оқушылар емтихан жəне сынақтарда қойылатын талаптармен таныстырылады.

Жеке-дара жəне топтық кеңес түрлері ажыралады.

Емтихан - оқушылар білімін жүйелестіру, анықтау жəне бақылау мақсатында ұйымдастырылатын оқу формасы. Емтихандардың білім игерудегі маңызы - көп күш-қуат талап ететін қиыншылық жағдайларында оқушының ақыл-парасат, ерік, мінез қабілеттерін жүзеге шығарып, жедел дамуына дем беру.

Емтихан өткізудің əрқилы формалары: емтихан билеттеріндегі сұрақтарға жауап беру, шығармашылық жұмыс орындау, жарыстарға қатысу, зерттеу нəтижелерін  қорғау, тест сынақтары жəне т.б. - қолданылады.

Сынақ - міндет, мəні бойынша емтихандармен жақын оқу формасы. Сынақты емтихан алдындағы дайындық оқу ісі ретінде қарастыруға да болады.

Пəн үйірмелері жəне осы тектес басқа  да оқу формалары (шеберханалар, зертханалар, кафедра, студия) - бағыт-бағдары, мазмұны, жұмыс əдістері, оқу уақыттары жəне т.б. бойынша көп түрлілігімен ерекшеленеді. Пəн үйірмелеріндегі оқу-жұмыстары шəкірттердің қызығулары мен бейімділіктерін, оқуға болған ұнамды қатынастарын дамытып, білім игеру сапасын арттырады.

Үйірме жұмысының негізінде ғылыми қоғамдар (кіші академиялар жəне т.б.) ұйымдастырылуы мүмкін. Олар мектептегі көптеген үйірмелер жұмыстарының басын біріктіріп, реттестіреді; көпшілік шараларға ұйытқы болады, конкурстар мен олимпиадалар ұйымдастырып, өткізеді.

Конкурс жəне олимпиадалар - оқушылардың білім игеру жолындағы белсенді қызметтеріне дем беріп, оларды өрістете түседі, шығармашылық қабілеттерін арттырады, бəсеке, жарыс жеңісіне ынталандырады. Конкурстар мен олимпиадалар əрқилы деңгейде: мектеп, аймақтық, республикалық, халықаралық - өткізіледі. Соңғы кезеңдерде мұндай оқу формаларының қашықтықтан интернет торабы арқылы ұйымдастырылатын мүмкіндіктері пайда болды.

 

ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ

 

Жоғары мектеп - әлеуметтік институт ретінде

 

Қазіргі сциум, оның адамға қоятын талаптары. Қазіргі жоғары мектептің міндеттері: идеологиялық, этикалық, азаматтық. Толеранттық, зиялылық, ағартушылық жоғары білімді маман тұлғасының мазмұндық сипаты ретінде.

Мамандандыру және оның кезеңдері. Маманды қалыптастыру және тәрбиелеу. Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні мен бағыттары болашақ маман тұлғасының әлеуметтену процесі ретінде қарастыру. Жоғары мектептегі тәрбие заңдылықтары мен принциптері. Тәрбие іс-шараларының дамуы: рухани-адамгершілік, қоғамдық-саяси және құқықтық, патриоттық және ұлтаралық, мәдени-эстетикалық, этномәдени, физикалық және салауатты өмір салты және т.б.

Құндылық - көпшілік адамдар мақұлдайтын және ортақтастатын жақсылық, әділеттілік, патриотизм деп бағалайтын жеке тұлға үшін қоғамдық-мәнді әлеуметтік бірлік, қоғам, тұтас материалдық, әлеуметтік объектілер. Ол барлық адамдарға эталон, идеал болып қызмет етеді, оларды құруға педагогикалық үдеріс бағытталған.

Адам - абсалютті құндылық, жоғары субстанция, «барлық танымның өлшемі». Біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы. Қазіргі жағдайда адам дамуы зерттеу объектісі ретінде ғана емес, алдымен, аса маңызды мәдени үлгілер жасаушы және өзінің ынтасымен шығармашылыққа ұмтылушы, шығармашылық және таным субъектісі ретінде ұсынылады.

Отбасы - болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы. Екі адамның некелесуіне қарап отбасы құрылды деп қарау қате пікір, бала дүниеге келген күннен бастап, отбасы құрылады.

Отан, туған өлке - тағдыр берген, ата-бабасынан қалған, өз халқының мәдени, рухани мұрасымен, оның өткен тарихымен байланыстыратын әр адамның теңдесіз, бірегей туған жері.

Денсаулық, салауатты  өмір салты - бақытты, үбірлі өмірдің міндетті шарты; өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарау адамның ішкі табиғи қажеттілігі болуы тиіс. Елбасының «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына Жолдауында - денсаулық республиканың стратегиялық дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі болып танылады.

Информация о работе Педагогикалық қарым қатынас психологиясы