Педагогикалық қарым қатынас психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 09:15, реферат

Описание

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан бері бәсекеге қабілетті, өркениетті елдердің тәжірибесінде бар, болашаққа сеніммен қарай алатындай ғылым және білім жүйесін қалыптастыруға ерекше назар аударып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаев білім саласына түпкілікті реформа қажет екендігіне бірнеше рет мән берді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманға білім беру жүйесі керек», - деп атап көрсетті. Елбасының білім жүйесінің материалдық - техникалық базасын жақсартудың, жүздеген мектеп, мектепке дейінгі және кәсіптік - техникалық мекемелерін, жоғары оқу орындарын салудың бастамашысы екенін біз жақсы білеміз

Работа состоит из  1 файл

ЖО педагогикасы оку адист кешен Роза апай (2).doc

— 679.50 Кб (Скачать документ)

- дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек түсініктемелерін алуы;

- қадағалау тапсырмаларының нəтижесі  хатталып, оқушының өзіне де (ішкі  кері байланыс), педагогқа да (сырттай  кері байланыс) белгілі болуы. 

Проблемді оқу технологиясы мұғалім  басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов жəне т.б.).

Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді  дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді.

Проблемді оқу басқа да технологиялар  сияқты өзінің ұнамды да болымсыз тараптарына  ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек  қажетті білім, ептілік жəне дағдылар жүйесін меңгеруге жəрдемдесіп  қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нəтижесінің бекінуін қамтамасыз етеді. Кемшілігі : жоспарланған нəтижеге жету көп уақытты талап етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін жүйелі басқару қиын.

Модульді оқу технологиясы АҚШ  пен Батыс Еуропада 1960 жылдары  дəстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған  білім игеру жүйесі. Бұл технологияның  мəні - оқушы модульмен жұмыс орындау  барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жəрдемімен) жетеді (П.Юцявичене, Т.И.Шамова). Модуль - мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел).

Модуль құрамы: əрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа жетудің əдістемелік көрсетпелері.

Бұл технологияға орай оқу мазмұны  өз алдына белгілі жинақы құрамға  келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде  беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, əдістері мен олардың игерілу деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сəйкес меңгеріледі.

Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл  оқушыға оқу əрекеттеріне кірісумен  өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім  игеру деңгейін өзі анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына жəрдемдеседі.

Модульдік оқу дəстүрлі білім игеру  жүйесімен байланыста пайдаланылуы мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің  қалаған ұйымдастырылу формасында орын тауып, оның сапасын жақсартуға жəне тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал.

Шоғырластырылған (концентрлі) оқу  технологиясы педагогикада ежелден  танымал пəнге шомдыру əдісіне  негізделген (П.Блонский, В.Ф.Шаталов, М.П.Щетинин  жəне т.б.).

Бұл технология жақтастарының пікірі: оқудың дəстүрлі сынып-сабақтық жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға сəйкес берілетін оқу мазмұны бөлім, тақырып, параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына шартты дербестенген ауқымда ұсынылады. Осыдан оқушылардың жеке пəндерден алатын білім, ептілік, дағдылары жай қалыптасады. Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен, оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы кемиді. Бір дəрістің екіншісінен алшақты болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне ұмытылады.

Пəндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          олардың бірде-біріне тереңдеп ене алмайды. Бір пəннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт сарп етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, сонымен əр өткен сабақ өз құндылықтарын жойып барады. Əр дəріс оқушы үшін - жаңа жүктеме, мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сəйкес бала икемделіп, оқу іс-əрекеттерін орындауы шарт. Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай шаруа емес.

Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не аптаға межеленіп, қатар өтілетін пəндер саны кемітіледі. Мұндай технология оқу- оқыту  процесін адам қабылдауының табиғи психологиялық  ерекшеліктеріне жақындастыра түседі. Сабақта игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт аралығында оқушы басқаларына алаңдамай, тек сол пəнмен ғана шұғылданып, толық шомуы қажет.

Қашықтан оқу технологиясы - бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар жəне интернет жəрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бəріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады (əсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден қалғандарға, т.с.с.).

Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: əр деңгейлі оқу, толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса  оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов  технологиясы) жəне т.б.

 

 

Жоғары мектептегі педагогикалық жобалауды ұйымдастыру 

мен бақылау

 

Мұғалім сабақта педагогикалық  үрдісті ұйымдастырады, яғни оқушыға  білім мен тәрбие беру, оны дамытуға бағытталған қатысушылар (субъект  және объект) іс-әрекеттерінің барлық түрінің жиынтығы. Сондықтан өзінің сабақ жоспарына үшбірліктің: оқытудың, тәрбие мен дамытудың мақсаты мен міндеттерін жазып қояды.

Технологиялық ықпал ету негізінде  оқу үрдісін ұйымдастыру бұл  заңды өзгертпейді. Бірақ оқу  курсының технологиялық жобасы күтілетін оқыту үрдісін бейнелейді (үлгісін жасау). Мұғалім тәрбие мен дамытуды технологияландырмайды, дәстүрлі жүзеге асырады (берілген технологиялар шеңберінде).

«Оқу үрдісі», «оқыту үрдісі» уақыт  пен кеңістікте оқыту жағдайының дамуын, өзгеруін қарастырады. Оқыту үрдісінің жүйеқұраушы түсініктеріне оқыту мақсаты, мұғалімнің іс-әрекеті (оқыту), оқушының іс-әрекеті (оқу) мен нәтиже жатады. Мұғалімнің қызметі - оқушылардың оқудағы және дамуындағы өзгерістерді диагностикалаудан, басқарудан, ұйымдастырудан, ақпараттандырудан, тәрбиелеуден тұрады.

Технологиялық жобалау мынадай  міндеттерді шешуді қамтамасыз етуі қажет:

  1. оқу үрдісінің жағдайын алдын ала талдау негізінде оның тиімділігіне кедергі келтіретін себептерді анықтау және олардың әсер ету себептерін жүйелеп жазу, кемшіліктерді жоюдың, жеңудің жолдарын іздестіру, жеңу. Сипаттау, түсіндіру, алдын ала айту - дескриптивті үлгілеу;
  2. бір оқу жылының оқу үрдісіне жаңа талаптарды анықтау (болжау) және ол талаптарды орындауға кедергі болатын мәселелерді қарастыру;
  3. оқу үрдісіндегі өзгерістерді, оның үлгілерін жүзеге асыруда (құрау) болатын өзгерістерді сипаттап жазу (болжам негізінде);
  4. жаңа оқыту үрдісінің құрылымын, мазмұнын, қасиетін сипаттап жазу;
  5. оқыту үрдісінің жаңа және ескі үлгілерінің жағдайларын, құрылымдық өзгерістерінің өлшемдерін салыстыру мүмкіндігін қарастыру;
  6. тәуекелге барғандығы туралы ескерту;
  7. жобалаушылардың кәсіби дамуына мүмкіндік туғызу мен мектептің барлық ұстаздарының кәсіби құзырлығының қалыптасуын қамтамасыз ету;
  8. аталған мектепте білім беру сапасының өсуін қамтамасыз ету;

Оқыту технологиялары қарастыратын шараларға  жататындар:

  • курс құрылымын жобалау және оңтайландыру;
  • шағын мақсатты (міндет) жобалау;
  • диагностиканың мазмұнын жобалау;
  • түзетудің мазмұнын жобалау;
  • сабақтан тыс өзіндік іс-әрекеттің мазмұнын жобалау (СТӘ);
  • тақырыптың қисынды құрылымын жобалау (ҚҚ).

Жоба барлық оқу курсы үшін құрылады, бірақ құрылымдық бірлігі (модулі) тақырып  болады. Сонымен, курстың тенологиялық жобасы әр тақырыптың технологиялық  жобасы әр тақырыптың технологиялық жобаларынан тұрады. Технологиялық карта (ТК) тақырып жобасының түрі болғандықтан, курс жобасы - бұл технологиялық карталар атласы (ТКА) болып табылады.

 

Кредиттік технология жағдайындағы білімдендіру процесінің субъектілерінің әріптестігі  мен қарым-қатынасын ұйымдастыру технологиясы

 

Бакалавриаттың оқу жүйесін  кредиттік технология негізінде  жүргізгенде кестелі параметрлік  көрсеткіш мына төмендегі соиапоар қамтуы тиіс:

1. Қазақстан Республикасының оқу  ағарту ұжымы кредиттік технология  жүйесін енгізу мақсаты, шетелдіктерге біздің студенттердің және профессор-ұстаздардың кең ауқымды білікті жүйемен дайындалатындығын білдіру;

2. Кредиттік оқыту жүйе - бұл  біліктілікті көтеру жүйе, яғни  өзіндік біліктілі дамыту, әркімнің  еркімен талғамымен оқыту бағдарламаға  сүйеніп, өзіндік білім алу аумағында кредитті білім алу;

3. Кредит жүйесі - студенттің білім  алу жұмысының ауқымдық өлшемі. Бір кредит 1 сағатқа «50 минут)  теңестіріп, студенттің аудиторияда  жұмыс істеуі болып есептеледі, ал ол бір апта бойы және  ал академиялық жүйе 15 аптаға созылуы тиіс. Академиялық жүйенің әрбір сағаты студенттің 2 сағаттық (100 минут) өзіндік жұмысымен қосарлануы тиіс.

Студент білім алу бағдарламасын  «наставник-эдвайзер» басшылығын жүргізеді.

Оқу ісінің кредиттік жүйесі. Кредиттік  жүйеде оқыту 1869 жылы АҚШ елінде іске асырылған. Алғашқы рет Гарвард университетінің Чарльз Элиот «кредит-сағат» деген ұғымды енгізген. Бұл кейінірек 1870-1880 ж.ж. колледж және мектеп білім жүйесіне енген. Ал, Европа елдерінің білім жүйесіне 1969 ж. Швецияға, 1988 ж. Франция, Испания, Германия, Ұлыбританияға енген. 1997 жылы жалпы Европа кредиттік жүйе орталығына енгізілген.

 

Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында педагогикалық бағалауды ұйымдастыру

 

Педагогикалық    процесте  технология   идеясының  тууы,    бәрінен   бұрын

ғылыми техникалық прогрестің жетістігін оқыту - тәрбиелеу ісіне енгізілуін жетілдіру әр түрлі аймақты: теориялық пен практикалық қызметті қамтиды.

Педагогикалық технологияның  оқу - тәрбие жұмысына енгізілуін зерттеушілер 60 жылдар басына жатқызады да, оны американдық басты білім беру жүйесін реформалаумен, соңында Европа мектептерімен байланыстырады. Қазіргі шет елдеріндегі  педагогикалық технологияның атақты авторлары: Дж.Кэролл, Б.Блум, Д.Брунер, Д.Хамблин, Г.Гейс, В.Коскарелли. Ресейлік теория мен технологиялық тәжірибенің дамытушылары: П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, А.Г.Ривин, Л.Н.Ланд, Ю.К.Бабанский, П.М.Эрдниев, И.П.Радченко, Л.Я.Зорина, В.П.Беспалько, М.В.Кларин және тағы басқалар.

Кибернетика - гректің меңгеру, басқару туралы ғылым, информация жұмыстары мен байланыстарын қарастырады.

Осы уақытта,  педагогикалық  технологияны қоғамдағы адам организміндегі, күрделі интеллектуалдық машиналардағы  процестердің заңдылықтарын жаңа енгізу технологиясы мен психо - дидактика  теориясының бағаларында қарастырылады. Әлеуметтік психология, кибернетика, менеджмент пен меңгерулер заңдылықтарын қарастыра отырып, мәліметтерді береді.

Басында, көптеген педагогтар оқыту технологиясын, оқу және педагогикалық  технологиялар арасындағы ерекшеліктерді белгілеген жоқ. «Педагогикалық технология»  термині тек оқуға байланысты қолданылды, ал технологияның өзі технологиялық құрал көмегімен түсіндірілді. Осы уақытта педагогикалық технология педагогтық жүйелілік, қарым-қатынас жүйесінің қызметі деп түсіндіріледі, бұл педагогикалық мақсатқа немесе нәтижеге жетуді жоспарлық пен жүйелілік тәжірибесі негізінде даярланған педагогикалық процестің шешімі.

Педагогикалық технологиялар  оқыту  мен тәрбие технологиялары ретінде қарастырыла алады. Мұндай технологияның белгілерін келтіріп көрейік:

  1. Технология педагогикалық ойлау түсінігі қалыптасса ғана өндіріледі. Оның негізінде әдістемелік, философиялық позициялары анықталған, соның арқасында технология процесі білім беру мен технологияның жеке дамуын айыра алады;
  2. Педагогикалық істің, операцияның, қарым-қатынастың (коммуникацияның) технологиялық жалғамасы қатаң түрде мақсатты құрылымға сәйкес тұрғызылады. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының қызметін технология қарастырады, жекеленген және дифференцияланған принцип шартының негізінде есепке  алынады;
  3. Педагогикалық технологияның бөлімдері (элементтері), бір жағынан, әрбір мұғалімнің өзі тарапынан өндірілген болуы керек, екінші жағынан, белгіленген нәтижеге жоспарлаған қорытындыға жеткізуі керек.
  4. Педагогикалық технологияның органикалық бөлігі болып диагностикалық  процедуралар қорытынды қызметінің, өлшем құралының көрсеткіші болып табылады (В.В.Пикан).

Информация о работе Педагогикалық қарым қатынас психологиясы