Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 08:57, автореферат

Описание

Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында білім беру жүйесінің қайта құрылуы, оның адамгершілікке бағдарланып, мәдениеттен көрініс алуы адамның шығармашылық әлеуетінің ашылуына, рухани құндылық бағдарының қалыптасуына әсер етеді. Адамның руханилығын өз халқының мәдениетінен оқшау дамыту мүмкін емес. Мәдениет адамзат тұрмысының формасы ретінде өзінің көрінісінде көпжақтылықты байқатады. Соның бірі болып рухани құндылықтардың бірегей әлемін қарастыратын және соның негізінде адамның қалыптасуына әсер ететін халықтың мәдени мұрасы саналады.

Работа состоит из  1 файл

AbenbaevS.doc

— 437.00 Кб (Скачать документ)

УДК 378.4:37.036                                                                 Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АБЕНБАЕВ  СЕЙСЕНБЕК ШОКПАРБАЕВИЧ

 

 

 

Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың  ғылыми-педагогикалық негіздері

 

 

 

     13.00.01. – Жалпы педагогика, педагогика  және білім тарихы,

                                                      этнопедагогика

 

 

 

 

 

 

Педагогика  ғылымдарының докторы ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған  диссертациясының

 

АВТОРЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2010

Жұмыс Абылай хан  атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде  орындалған

 

 

Ғылыми кеңесшісі:                           педагогика ғылымдарының докторы,

                                                            профессор С.А.Ұзақбаева

 

Ресми оппоненттері:                         педагогика ғылымдарының докторы,

                                                            профессор Ж.Асанов

                                                           

                                                            педагогика ғылымдарының докторы,

                                                            профессор К.Е.Ибраева

 

                                                            педагогика ғылымдарының докторы,

                                                            профессор Қ.Д.Қарақұлов 

 

Жетекші ұйым:                                 Абай атындағы Қазақ ұлттық

                                                            педагогикалық университеті

 

 

 

 

Қорғау 2010 ж. «25» қарашада сағат 1000-де  Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанында педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.35 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы. 

Диссертациямен  Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қзақ-түрік  университетінің кітапханасында танысуға болады. 161200, Түркістан қаласы, Университет  қалашығы, Мәдениет орталығы, кітапхана.

 

 

 

Автореферат 2010 жылы «23» қазанда таратылды.

 

 

 

 

 

 

 

Диссертациялық  кеңестің

Ғалым хатшысы                                                           Мухамеджанов Б.Қ.

 

Кіріспе

 

Зерттеудің  көкейкестілігі. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында білім беру жүйесінің қайта құрылуы, оның адамгершілікке бағдарланып, мәдениеттен көрініс алуы адамның шығармашылық әлеуетінің ашылуына, рухани құндылық бағдарының қалыптасуына әсер етеді. Адамның руханилығын өз халқының мәдениетінен оқшау дамыту мүмкін емес. Мәдениет адамзат тұрмысының формасы ретінде өзінің көрінісінде көпжақтылықты байқатады. Соның бірі болып рухани құндылықтардың бірегей әлемін қарастыратын және соның негізінде адамның қалыптасуына әсер ететін халықтың мәдени мұрасы саналады.

Мәдени мұра мәдениеттің біртұтас жүйесінде маңызды орын алады. Оны аға ұрпақтың жасаған, өзінің көкейкестілігін әлі де жоғалтпаған құндылықтарының, іс-әрекет құралдарының бөлігі деп қарастыруға болады.

Халықтың мәдени мұрасына тұлғаны рухани қалыптастырудың  құралы ретінде назар аудару тұрақты әдіснамалық негізге сүйенеді және мәдениеттің өзекті компоненттерінің бірі ретінде халықтың мәдени мұрасын философиялық ой елегінен өткізуге негізделеді.

Халықтың мәдени мұрасында халықтың салт-дәстүрлері, дүниетанымы, білімі, бала тәрибесіндегі тәжірибесі, эстетикалық, көркемдік құндылықтары көрініс алады. Оның тұлғаны қалыптастырудағы рөлі білім беру жүйесінің теориясы мен практикасында күннен-күнге артып келеді, соңғы жылдары қабылданған мемлекеттік құжаттарда қарастырылады («Қазақстан Республикасының этникалық мәдени білім беру тұжырымдамасы» (1996), «Мәдениет туралы» заңы (2000), «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы» (2004), «Қазақстан Республикасының әлеумет мәдени дамуының тұжырымдама» және т.б.).

Әйтседе рухани жетілген, эстетикалық көзқарасы дамыған тұлғаны тәрбиелеу тек рухани-эстетикалық мәдениеті жоғары ұстаздың ғана қолынан келетіні хақ. Осыған байланысты студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы негізінде қалыптастыру және оны жүзеге асыру әдістемесін жасау қажеттігі туындайды.

Болашақ мұғалімдерді тәрбиелеудің теориялық саласы А.В.Луначарскийдің, П.П.Блонскийдің, С.Т.Шацкийдің, А.С.Макаренко  мен В.А.Сухомлинскийдің ғылыми еңбектері  мен практикалық жұмыстарында көрініс  алған. Тұлғаның эстетикалық мәдениетін (М.Р.Каган, А.Н.Буев, А.Г.Егоров, О.В.Лармин және т.б.), рухани мәдениетін (А.И.Арнольдов, Э.А.Баллер, В.А.Межуев, П.Н.Федосеев, Ю.У.Фохт-Бабушкин, И.Т.Фролов және т.б.) қалыптастыру мәселелері де бірқатар ғалымдардың еңбектерінде әдіснамалық тұрғыда қарастырылады.

Қазіргі ғылыми ізденістерде де тұлғаның эстетикалық-адамгершілігін қалыптастыру процесін зерттеуге қызығушылық  артып, эстетикалық және адамгершілік мәдениетінің мәніне, мазмұнына, құрылымына түсінік беруде әртүрлі көзқарастар  пайда болуда (Л.В.Алехина, Н.Л.Аринина, О.А.Зорова, Н.Б.Крылова, В.П.Матюхин, Л.П.Печко және т.б.). Олардың көзқарастары бүгінгі таңдағы бірқатар ғалымдардың (Г.С.Батишев, А.А.Бодалев, А.И.Бурова, В.В.Давыдов, И.А.Зязюн, Е.В.Квятковский, А.Н.Леонтьев, Б.Т.Лихачев және т.б.) тұлғаны тәрбиелеу, білім беру және дамытудағы ұсынылған тұжырымдамасына сәйкес келеді. Біздің жұмысымыз үшін бірқатар ғалымдардың (Б.Г.Ананьев, Н.В.Кузьмина, В.А.Кан-Калик, Л.В.Рувинский, В.А.Сластенин, Н.Ф.Талызина және т.б.) мұғалімдерді даярлаудағы процестің заңдылықтары мен оны қайта құру шарттары туралы айтқан тұжырымдамалары және мұғалімнің эстетикалық мәдениеті бойынша ұсынған теориялық моделдері аса пайдалы болды.

Қазақстандық  ғалымдардың зерттеулерінде (М.Х.Балтабаев, қ.е.Ералин, С.А.Ұзақбаева, Б.Алмұхамбетов, С.Жолдасбекова, Ұ.М.Әбдіғапбарова, Ш.Құлманова, Р.Дүйсенбінова, Қ.Ибраева және т.б.) эстетикалық тәрбиені қазақтың сәндік-қолданбалы өнері арқылы жүзеге асыру, қазақ халық педагогикасының эстетикалық тәрбиедегі әлеуеті, болашақ мұғалімдерді қазақ халық музыкасын, қолөнерін оқушылардың эстетикалық тәрбиесінде пайдалануға даярлау, қазақ халық өнері негізінде студенттердің көркемдік мәдениетін қалыптастыру проблемалары қарастырылады.

Қазақ халқының эстетикалық, көркемдік мәдениет, рухани-дүниетанымдық мәдениет, оның өзіндік ұлттық психологиялық ерекшеліктері, мазмұндық сипаты философтар мен мәдениеттанушылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектерінде жан-жақты көрініс табады (Б.Қазыханова, Қ.Ж.Нұрланова, Н.Шаханова, К.Қаракөзова, А.Қасабекоов, Ж.Алтаев, Н.Джандильдин, А.Сейдімбек, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Қ. Бөлеев және т.б.).

Сонымен, аталған  ғылыми зерттеулерге жасаған талдау қарастырылып отырған проблеманың  бұрын-соңды педагогика ғылымында  жүйелі түрде зерттелмегенін дәлелдейді. Демек, болашақ мұғалімдердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға қоғамның сұранысы мен жоғары оқу орнындағы эстетикалық тәрбиенің қазіргі жағдайы арасында; қазақ халқының мәдени мұрасының эстетикалық мәдениетті қалыптастырудағы әлеуеті мен жоғары оқу орнында оған деген сұраныстың жоқтығы арасында; қазақ халқының мәдени мұрасын оқушыларға эстетикалық тәрбие беру процесінде пайдалану қажеттігі мен бұл процеске мұғалімдердің даярлық деңгейінің болмауы арасында қарама-қайшылық анық байқалады. Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу объектісі – қазіргі жоғары оқу орны жағдайындағы оқу-тәрбие әрекеті.

Зерттеу пәні – студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру процесі.

Зерттеу мақсаты: студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыруды ғылыми тұрғыда негіздеп, мазмұнын 

 

анықтау және тұжырымдамасы  мен әдістемесін жасау.

Зерттеудің  болжамы: егер, студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері анықталса және оны қалыптастыруда қазақ халқының мәдени мұрасының жіктемесі мен мүмкіндіктері ескеріліп, соның негізінде тұжырымдама жасалса, ол арнайы даярланған модель мен педагогикалық шарттар бойынша студенттерге меңгертілсе және тиімді әдістемелік кешенмен қамтамасыздандырылса, онда студенттердің қазақ халқының мәдени мұрасы құндылықтарынан білім қоры жетіліп, іскерлігі мен білігі артады, ал бұл болса оларға оқушылардың эстетикалық тәрбиесін практикада тиімді шешуде септігін тигізеді.

Зерттеудің  міндеттері:

1.Студенттердің  эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау.

2.Қазақ халқының  мәдени мұрасының студенттердің  эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы  педагогикалық әлеуетін негіздеу.

3.Студенттердің  эстетикалық мәдениетін қазақ  халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру тұжырымдамасын жасау.

4.Студенттердің  эстетикалық мәдениетін қазақ  халқының мәдени мұрасы арқылы  қалыптастырудың құрылымдық моделін жасау және өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау.

5.Студенттердің  эстетикалық мәдениетін қазақ  халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау.

6.Студенттердің  эстетикалық мәдениетін қазақ  халқының мәдени мұрасы арқылы  қалыптастыру әдістемесін жасау  және оның тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.

Жетекші идея: қазақ халқының мәдени мұрасы – студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың негізгі факторы.

Зерттеудің  теориялық-әдіснамалық негіздері болып, мәдениет теориясы; мәдениеттанудың эстетикалық мәдениет пен жалпыадамзаттық рухани мәдениеті туралы қағидалары; мәдениеттану тұғырларына сай бүгінгі философиялық білімнің «қоғам-адам-эстетика» қағидаларының өзара байланысы; іс-әрекет пен тұлғаның философиялық және психологиялық теориясы; іс-әрекеттің тұлға дамуындағы рөлі туралы қағидалар; біртұтас педагогикалық процестің теориясы және оның болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығында көрініс алуы; қазақ халқының мәдени мұрасының мазмұны саналады.

Зерттеу көздері болып Қазақстан Үкіметінің ресми құжаттары, Ата Заңы, «Мәдениет туралы» заңы, «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы, «Білім туралы» заңы, «Қазақстанда білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», ҚР Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына жолдауы, Қазақстан Республикасы әлеуметтік мәдени дамуының тұғырнамасы, Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени 
 
 
білім тұжырымдамасы, Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы, Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы, зерттеу проблемасы бойынша басылым көрген қазақстандық, алыс және жақын шетелдік ғалымдардың (философ, тарихшы, этнограф, мәдениеттанушы, өнертанушы, филолог, педагог, психолог және т.б.) еңбектері, жоғары оқу орындары оқытушыларының озық тәжірибелері, білім беру жүйесінің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары, оқулықтары, сондай-ақ, диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі табылады.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, мәдениеттану, тарихи-этнографиялық, этнопедагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау, қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеу, жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік құжаттарымен танысу, озық тәжірибелерді талдау, анкета жүргізу, әңгімелесу, тест өткізу, шығарма жаздыру, зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу.

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:

1.Эстетикалық мәдениеттің педагогикалық мәні мен мазмұны және оның мұғалімнің кәсіби даярлығы құрылымындағы орны анықталды;

2.Қазақ халқының  мәдени мұрасының мазмұны анықталып, жіктемесі жасалды және студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері айқындалды;

3.Студенттердің  эстетикалық мәдениетін қазақ  халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың тұжырымдамасы жасалды;

4.Студенттердің  эстетикалық мәдениетін қазақ  халқының мәдени мұрасы арқылы  қалыптастырудың құрылымдық моделі  жасалды және өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды;

5.Студенттердің  эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыруды қамтамасыздандыратын педагогикалық шарттар анықталды;

6.Студенттердің  эстетикалық мәдениетін қазақ  халқының мәдени мұрасы арқылы  қалыптастырудың әдістемесі жасалды  және тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өткізілді.

Зерттеудің  практикалық мәні. Жоғары оқу орындарына арнап:

Информация о работе Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері