Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 08:57, автореферат
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында білім беру жүйесінің қайта құрылуы, оның адамгершілікке бағдарланып, мәдениеттен көрініс алуы адамның шығармашылық әлеуетінің ашылуына, рухани құндылық бағдарының қалыптасуына әсер етеді. Адамның руханилығын өз халқының мәдениетінен оқшау дамыту мүмкін емес. Мәдениет адамзат тұрмысының формасы ретінде өзінің көрінісінде көпжақтылықты байқатады. Соның бірі болып рухани құндылықтардың бірегей әлемін қарастыратын және соның негізінде адамның қалыптасуына әсер ететін халықтың мәдени мұрасы саналады.
Қазақ халқы қыздар мен балалардың эстетикалық
көзқарасының дамуына үлкен мән берген,
оларды сұлулықты түсінуге және оны өздерінің
қолдарымен жасай білуге үйреткен. Сұлу,
әсем бұйымдар адамға эстетикалық ләззат
береді,
жағымды сезім тудырады, өзіне қызықтырып, көңіл-күйді көтереді деген түсінікпен қазақ халқы қыздар мен ер балаларды қолданбалы өнерге (кілем тоқу, ағаш өңдеу, сырмақ сыру, кесте тігу, алаша, ши тоқу, алқа, сырға, шолпы, тас қашау және т.б.) үйрете отырып, әсемдік сезімін, сұлулықты түсініп, жасау шеберлігін, өмірді әдемі, өнегелі етуді, қоршаған табиғаттың түрі мен бояуын қабылдай білуді қалыптастырған. Балаларға кішкене күннен бастап әдемілікті ұсқынсыздықтан айыра білуге ықпал ететін сезімді тәрбиеледі.
Халықтың осы
ежелден қалыптасқан
Халықтың мәдени мұрасының эстетикалық мәдениетті қалыптастырудағы мүмкіндіктеріне жасаған талдау қазақтардың нақты принциптерді (табиғилық, халықтық, баланың жас және дара ерекшілігін ескеру, жүйелілік, бірізділік, түсініктілік, ілімді тәжірибемен ұштастыру, сабақтасық, ұжымдылық, енбек арқылық тәрбиелеу, тұлғаның өзіндік көзқарасын қолдау, талаптардың бірлігі, іс-әрекетті бағдарлау және т.б.) негізге алып, түрлі әдіс-тәсілдер, амал-жолдарды (үйрету, көрсету, жаттығу, қайырымды көзқарас, ақыл-кеңес беру, моральдық қолдау, үлгі-өнеге ету, өнер түрлеріне баулу, сенім арту, наразылық білдіру, айыптау, еркелету, ескерту, қолдау, сендіру, талап ету, мақтау, тапсырма беру, қайрау, жігерелендіру, өжеттендіру, алғыс айту, жазғыру, жазалау, жанама ықпал ету, тұспалдап айту, жауапты іс-әрекетке баулу, бата беру және т.б.) пайдаланған деп ой түйіндеуге мүмкіндік береді.
Осы әдістердің ішінде халық өнер түрлеріне баулу, сенім арту, үлгі-өнеге ету, қолдау, жігерлендіру әдістеріне ерекше мән берген. Солардың көмегімен баланың эстетикалық танымын, талғамын жетілдірген, сұлулықты қолмен жасап, білуге, күнділікті тіршілікте үйлесімді пайдалана білуге үйреткен, мінез-құлық мәдениетін, моральдық-этикалық әдебін адамдармен мәдени-эстетикалық қарым-қатынасын қалыптастырған.
Эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда мынадай тәрбие құралдарын пайдаланған: халықтың ауызекі шығармашылығы (поэтикалық, музыкалық); салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар, қолданбалы өнер, халық білімі.
Аталған принциптерді, әдіс-тәсілдер мен амал-жолдарды, құралдарды эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған мынадай жұмыс формаларын да ұтымды пайдаланған (дәстүрлі енбек түрлеріне араластыру; атақты адамдармен кездестіру; ұлттық мерекелерге қатыстыру; салт-дәстурлер бойынша іс-шараларға қатыстыру; ұлттық спорт ойындарына қатыстыру; аңшылық рәсәмдерге қатыстыру).
Ұлы
ғұлама ағартушылар – Шоқан, Ыбрай, Абай да қазақ
халқының мәдени мұрасын эстетикалық
құндылық тұрғысында қабылдай білген
және өздерінің шығармалары, іс-әрекеттері,
тәжіребилері арқылы ұрпақтарына
жеткізе білген. Олардын ілімдері мен іс-әрекеттерінде екі бағыт: біріншіден, өз ұлтының мәдени мұрасының эстетикалық құндылықтарын қабылдап, түсіне білуі; екіншіден, сол құндылықтарды өздерінің шығармашылығында тиімді пайдалану арқылы келешек ұрпаққа жеткізе білуі көрініс тапқан. Олар қазақ өнеріне, мәдениеті мен әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне аса мән берді. Халықтын мәдени мұрасын жинап, зерттеу арқылы қазақтардың эстетикалық мәдениетін, талғам, сезімін, көзқарасын, мұратын, моральдық-адамгершілікті, моральдық-этикалық мәдени қарым-қатынасын, аялы көзқарасын, сүйспеншілігін, мәдени дүниетанымын көрсете білді, әдемілікке, сұлылыққа, мәдениетке байланысты бірқатар тағылымдық бағдары бар тұжырымдамалық пікірлер айтқан.
Қазақ ағартушыларының мәдени-эстетикалық құндылықтар саласындағы тұжырымдамалық пікір-көзқарастары халықтын эстетикалық-танымдық көзқарастарымен тығыз байланысты болуы заңды құбылыс. Өйткені бұл өздері өмір сүрген дәуірдегі тарихи-әлеуметтік жағдайлардан, рухани өмір салтынан, мәдени-эстетикалық ұстанымдардан туындайды. Ағартушылар эстетикалық тәрбие, эстетикалық мәдениет туралы арнайы зерттеу жұмыстарын жазбаса да, өздерінің айтайын деген ойларын, көзқарастарын халық тәлімін негізге ала отырып, тайға таңба басқандай жүйеледі. Халық шығармашылығы үлгілерін жинау арқылы оның болашағы үшін маңызын, мазмұнын баяндау арқылы тәрбиелік мүмкіндіктерін негіздеді.
Мысалы, Шоқан адамның мәдениетін «халықтық рухта» тәрбиелеумен байланыстырған. Соның ішінде әдебиетті, тарихты, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды мирасқорлықпен сақтауға аса көніл бөлген. Сондай-ақ, мәдениеттің жаршысы ретінде қазақ халқының шешендік, ақындық өнерінің, нақыл сөздерінің, мақал-мателдерінің өміршендігіне, сұлу табиғаттың адам сезіміне жоғары эстетикалық ықпалына аса мән беріп, бізге өнеге-өсиет ретінде олардың тәлім-тәрбиелік сипатын толғаныспен тебіріне жазған.
Ол қазақ мәдениеті мен әдебиетін орыс жұртшылығына таныстыра білген. Оның «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері» соның айғағы.
Шоқан, «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбегінде тау мен дала бейнесін, таулықтар мен Сахаралықтардың тыныс-тіршілігін, мінез-құлық ерекшелігін, олардың сұлулықты қабылдауы мен эстетикалық ләззат жөніндегі ұғымын өте әсерлі салыстырады. Әлемдік әдебиет пен мәдениеттен хабардар болып, қырғыз елінің «Манас» жырына айырықша көңіл бөліп, оны өркениеттегі елдерге тұнғыш таныстырушы ретінде танылады. Ол аса қабілетті жыршы-жыраулардан халықтың тамаша ауызекі үлгілерін жазып ала отырып, «Қазақтар жаратылысының өзінен-ақ қабілетті, дарынды және ғажайып сезімтал келеді...Қазақтардың барлық эпосы мен аңыздары, ертегілері өте көп және олар өлең мен музыканы жақсы көреді» деп жоғары баға береді.
Ыбрай
болса, тәрбие өз халқының тұрмысы
мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне
сәйкес келу идеясын ұсынады. Бұл идеяның
басты құндылығы,
оның мирасқорлығы.
Ол жастарды оқу-білім, өнерге шақырғанда
білімділік пен надандықтың аражігін
ашып көрсетуде жарық пен
Ыбрай Алтынсариннің өнерге аса мән бергенің, кезінде «Қазақ хрестоматиясы» әліппесінен дәріс алған, орыс-қырғыз (қазақ) мектебіндегі хорға қатысқан академик А.Жұбановтың «Ыбрай Алтынсарин далаға күйсандық әкелгізіп, өзі ұстаздық еткен мектептерде шәкірт балалардың басын қосып, бір дауысты хор ұйымдастырған... Мектептеріндегі әнді хормен айту дәстүрі революцияға дейін созылды» - деген естелік жазбасы растайды.
Абай да Шоқан, Ыбрай сияқты халықтың эстетикалық талғамын тірек ете отырып, жастарды мәдениеттіліктің қайнар бұлағына айналған адал еңбекке, адамгершілікке, ақыл-ойға, парасаттылық пен инабаттылыққа, өнерді үйренуге, табиғатты танып қастерлеуге, тиянақты білім алуға шақырды, тәрбиедегі әлеуметтік ортаның ықпалына аса мән берді, халық жыраулары мен өнерпаздары шығармашылығының тәлім-тәрбиелік мазмұнын жоғары бағалады.
Сұлулықты – үйлесімділіктен, табиғат үйлесімділігінен, адам мен оның өмірінің үйлесімділігінен іздейді. Сұлулықты табиғат пен адамның, жан мен тәннің бірлігі мен жарасымдығы, синтезі, ұлттық танымның негізі ретінде қарыстырады. Табиғаттағы, адам бойындағы, қарым-қатынастағы, іс-әрекеттегі сұлулықты қазақтың дүниетанымдық көзқарас-сезімімен қабылдайды. Өзінің көзқарасы көрініс алған шығармалары арқылы жастарды халық тәлімін үлгі тұтуға, өзінің ісінде ұлттық салт-дәстүрді негізге алуға уағыздайды.
Сонымен, қазақ халқының мәдени мұрасының
эстетикалық құндылықтарына жасаған талдау
салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың,
ауызекі поэтикалық, музыкалық, қолданбалы
өнерінің балалар мен жастардың эстетикалық-танымдық
мәдениетін қалыптастыруда мүмкіндіктерінің
жоғары екендігін дәлелдесе, ғұлама ағартушылардын
еңбектері, олардың өздері нәр алып өскен
халықтың осы мәдени мұрасының эстетикалық
талғам мен
танымды дамытудағы әлеуетін жоғары бағалағандығын, болашақ ұрпақты осы ұлттық тағылым негізінде тәрбиелеу қажеттігін жақсы түсінгендігін айғақтайды.
Қазақ халқының мәдени мұрасының рухани-адамгершілік, эстетикалық мәдениетті қалыптастырудағы мүмкіндіктері мен бүгінгі жаңа қоғамның оған деген сұранысын ескере отырып және «Мәдени мұра» тұжырымдамасының басым бағыттарының бірі «Мәдени мұра» саласында жүйеленген білімді оқу процесіне енгізу» бағытын жүзеге асырыу мақсатында, біз жоғары педагогикалық оқу орындарына арнап «Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру тұжырымдамасын» жасадық. Тұжырымдама жеті бөлімнен тұрады:
1. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері, жетекші идеясы, ұстанымдары.
2. Жоғары оқу орындарында студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың нақты жағдайы.
3. Қазақстан республикасында студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру ерекшеліктері.
4. Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыруда білім беру мен тәрбиелеу талабы.
5. Жоғары мектептің білім беру жүйесінде студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыруда білім беру жүйесі және мазмұны.
6. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері.
7. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер.
Тұжырымдаманың мақсаты – студенттерге қазақ халқының мәдени мұрасын жүйелі меңгерту арқылы эстетикалық мәдениетiн қалыптастыру. Тұжырымдама студенттерге қазақ халқының мәдени мұрасының эстетикалық құндылықтарын мектептің оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалануда бағыт-бағдар береді.
Тұжырымдаманы
біз теориялық тұрғыда
Ұсынылып отырған
модель студенттердің эстетикалық
мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы
арқылы қалыптастыру деңгейін зерттеп білуге, принциптер
жүйесін анықтауға (студенттердің эстетикалық
мәдениетін қалыптастыру процесінде жүйелі,
кешенді, тұлғалық-әрекеттік қатынас принципі;
студенттердің өзіндік дербес ерекшелігін
ескеру принципі; қазақ халқының мәдени
мұрасын тірек ете отырып «оқытушы – студент»
жүйесінде оқыту мен тәрбиеде белсенді
өзара мектептің оқу-тәрбие процесінің
мен тәрбие мақсатының мазмұнының, формалары
мен әдістерінің біртұтастық принципі;
жоғары мектептің оқу-тәрбие процесінің
мәдениеттанушылық және
этнопедагогикалық бағыттылығының принципі) және педагогикалық шарттарды айқындауға (студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру мақсатында оның төрт компоненті негізінде (эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік, бағалау) оқу-тәрбие процесін мақсатталған педагогикалық ықпалға бағдарлау; жоғары мектептің оқу-тәрбие процесінде студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыруға жүйелілік, кешендік, тұлғалық-әрекеттік, этнопедагогикалық тәсілдің болуы; студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру үшін педагогикалық пәндердің және тәрбие жұмысының мазмұнына қазақ халқының мәдени мұрасын қосу; студенттерді педагогикалық ықпал ету объектісінен оқу-тәрбие процесінің белсенді субъектісіне ауыстыру) мүмкіндік берді.
Студенттердің эстетикалық мадениетін қалыптастыру мақсатында қазақ халқының мәдени мұрасын меңгертуді ұйымдастыру: оқытушыларды студенттердің мәдени эстетикалық талғамы мен практикалық іс-әрекетін белсендіретін және олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін оқыту формаларын, әдістерін бағдарлауға; студентердің қазақ халқының мәдени мұрасын меңгерту барысындағы іс-әрекетін ұйымдастыруда орындаушылық әрекетінің шығармашылық ізденіске ұласуына; қазақ халқының мәдени мұрасын менгеру процессінде эстетикалық мәдениеттің барлық компоненттерін дамытуға; студенттерді қазақ халқының мәдени мұрасы түрлерімен жұмыс жасауда мақсат қоя білуге, деректі материалдар алып, оған эстетикалық талдау бере білуге, жұмыс сапасының өлшемдерін анықтауға, мәдени мұралар түрлерін сұрыптауға, жоспар құра білуге, әдістемелік тапсырмаларды ұйымдастыруға және орындауға, мәдени іс-шаралар нәтижелерін бағыттап, бақылауға, өздігімен дербес эстетикалық баға бере білуге үйретуде; қазақ халқының мәдени мұрасы түрлерін меңгеру процессінде, оған тікелей араласу процессінде, оны жасау процессінде студенттердің оған деген эстетикалық қызығушылығын арттыруға, онымен әсерленуге; қазақ халқының мәдени мұра түрлерін меңгеру барысындағы іскерлігі мен дағдысын мақсатты бірізділікте, кезеңдеп қалыптастыруға; оқу материалдары мен қазақ халқының мәдени мұрасы түрлерін меңгерту әдістемесін ұдайы жетілдіріп отыруына ықпал етті.
Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті студенттерімен үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді. Экспериментке 227 студент қатысты, оның 117-эксперимент тобында, 110-бақылау тобында болды.
Анықтау эксперименті барысында анкеттік сауалнама арқылы төрт компонент бойынша (эмоционалды-мотивациялық, мазмұндық, бағалау, іс-әрекеттік) студенттердің қазақ халқының мәдени мұрасы саласынан эстетикалық мәдениетінің төмендігі айқындалды. Анкеттік сауалнама нәтижелері (эксперимент, бақылау топтары) студенттердің қазақ халқының