Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 08:57, автореферат

Описание

Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында білім беру жүйесінің қайта құрылуы, оның адамгершілікке бағдарланып, мәдениеттен көрініс алуы адамның шығармашылық әлеуетінің ашылуына, рухани құндылық бағдарының қалыптасуына әсер етеді. Адамның руханилығын өз халқының мәдениетінен оқшау дамыту мүмкін емес. Мәдениет адамзат тұрмысының формасы ретінде өзінің көрінісінде көпжақтылықты байқатады. Соның бірі болып рухани құндылықтардың бірегей әлемін қарастыратын және соның негізінде адамның қалыптасуына әсер ететін халықтың мәдени мұрасы саналады.

Работа состоит из  1 файл

AbenbaevS.doc

— 437.00 Кб (Скачать документ)

- «Қазақ халқының мәдени мұрасын студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда пайдалану тұжырымдамасы»;

- «Эстетикалық мәдениет негіздері»,  «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», «Педагогика» оқу құралдары;

- «Қазақ халқының мәдени мұрасының эстетикалық мәдениетті қалыптастырудағы әлеуеті» атты элективті курс бағдарламасы;

-«Қазақ халқының  мәдени мұрасын оқушылардың эстетикалық  тәрбиесінде пайдалану» әдістемелік  нұсқаулар;

-Студенттердің эстетикалық мәдениетінің қазақ халқының мәдени мұрасы  

 
арқылы қалыптасуы деңгейін анықтау әдістемесі жасалды.

Зерттеу нәтижелерін  жоғары және арнайы орта оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептер  мен лицей, гимназияларда, педагог  кадрлар біліктілігін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.

Қорғауға  мынадай қағидалар ұсынылады:

1. Студент тұлғасының  эстетикалық мәдениеті, қарым-қатынас барысындағы эстетикалық қажеттілікте, эстетикалық пайымдау мен баға бере білу ерекшеліктерінде, сондай-ақ меңгерген эмоционалдық-эстетикалық әсерін өзінің кәсіби іс-әрекетінде шығармашылықпен пайдалану даярлығында жүзеге асырылатын эстетикалық және көркемдік құндылықтарға көзқарасын сипаттайды.

2. Қазақ халқының мәдени мұрасының мазмұны, жіктемесі  студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы педагогикалық мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдейді.

3. «Қазақ халқының мәдени мұрасын студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда пайдалану тұжырымдамасы» халықтың эстетикалық-көркемдік құндылықтарына және қазіргі қоғамның талаптарына негізделеді.

4. Құрылымдық модель мен өлшемдер, көрсеткіштер студенттердің эстетикалық мәдениетінің қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптасуы деңгейін зерттеуге және анықтауға ықпал етеді.

5. Педагогикалық шарттар студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың тиімділігін қамтамасыздандырады: студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру мақсатында оның төрт компоненті негізінде (эмоционалдық-мотвиациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік, бағалау) оқу-тәрбие процесін мақсатталған педагогикалық ықпалға бағдарлау; жоғары мектептің оқу-тәрбие процесінде студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыруға жүйелілік, кешендік, тұлғалық-әрекеттік, этнопедагогикалық тәсілдің болуы; студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру үшін педагогикалық пәндердің және тәрбие жұмысының мазмұнына қазақ халқының мәдени мұрасын қосу; студенттерді педагогикалық ықпал ету объектісінен оқу-тәрбие процесінің белсенді субъектісіне ауыстыру.

6.Студенттердің  эстетикалық мәдениетін қазақ  халқының мәдени мұрасы арқылы  қалыптастыру әдістемесі оларға меңгерген білім, іскерлік, дағдысын оқушылардың эстетикалық тәрбиесін тиімді шешуде пайдалануға мүмкіндік береді.

Зерттеудің  кезеңдері. Алғашқы кезеңде (1998 – 2001 ж.ж.) зерттеу тақырыбы анықталды, ғылыми аппараты құрылды, тақырып проблемасы бойынша материалдар жинақталды, ғылыми мақалалар, оқу құралдары басылым көрді.

Екінші кезеңде (2002 – 2006 ж.ж.) зерттеу проблемасы бойынша  

материалдар жинау  жалғастырылды, тұжырымдама, педагогикалық  пәндерге қосымшалар, элективті курс бағдарламасы дайындалды, анықтау және қалыптастыру экспериментінің алғашқы кезеңдері жүргізілді, әрбір кезеңнің соңында кесінділер алынды, оқу-әдістемелік кешенге қажет материалдар сұрыпталды.

Үшінші кезеңде (2007-2009 ж.ж.) қалыптастыру эксперименті жалғастырылды, жиналған материалдар құрылым бойынша жүйеге келтірілді, нәтижелер қорытындыланды, бақылау эксперименті өткізілді, нәтижелер тексеріліп, математикалық өңдеуден өтті, оқулықтар басылым көрді, пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтіріліп, диссертация талапқа сай рәсімделді.

Зерттеу базасы. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті; Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі теориялық-әдіснамалық және әдістемелік тұрғыда дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, кешенді әдістерді қолданумен, зерттеудің негізгі қағидалары мен нәтижелерін практикаға ендірумен, тәжірибелі-эксперимент барысында пайдаланылған әдістемелік ұсыныстардың тиімділігімен, ғылыми болжамның дәлелденуімен, ізденушінің жоғары оқу орнындағы жұмыс тәжірибесімен қамтамасыздандырылады.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеу жұмысының нәтижелері халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда («Қазақстандағы психология және педагогика ғылымдарының өзекті проблемалары» (Алматы, 2000); «Мышление – Язык – Линговодидактика» (Алматы, 2000); «Білім жүйесін реформалау жағдайындағы этнопедагогика» (Жетісай, 2000); «Қазақ мәдениеті: зерттеулер мен ұсыныстар» (Алматы, 2000); «Интегральдық білім беру: мәселелер, ғылыми ізденіс, жетістіктер» (Алматы, 2000); «Актуальные проблемы профессиональной подготовки личности будушего учителя» (Алматы, 2001); «Әлемдік білім беру кеңістігі жағдайында ғылым және практиканы интеграциялау» (Алматы, 2003); «Қазақстан Республикасы ғаламдық мәдениетаралық кеңістікте» (Алматы, 2003); «Болашақ маман тұлғасын кәсіби-ұтқыр дайындаудың көкейкесті проблемалары (Алматы, 2004); «Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның әлеуметтік мәдени дамуының проблемалары» (Алматы, 2009); «Роль и значение этнокультурных ценностей в учебно-воспитательном процессе» (Актөбе, 2009); «Компетентнось как основа качества подготовки специалистов» (Алматы, 2009); ізденушінің оқыған дәрістерінде, жарияланған ғылыми баяндамаларында, мерзімді баспа беттерінде, басылым көрген оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларда көрініс тапты.

Диссертация құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындындыдан, әдебиеттер тізімінің тұрады.

 

Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық, практикалық мәні, зерттеу кезеңдері, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалары, зерттеу нәтижелерінің сынақтан өтуі мен дәйектілеуі беріледі.

«Студенттердің  эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың  теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші бөлімде «мәдениет», «эстетикалық мәдениет», «тұлғаның эстетикалық мәдениеті» ұғымдарының мәні мен өзара байланысына жан-жақты сипаттама беріледі; студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары ашылады, мәні, мазмұны, ерекшеліктері, функциялары қарастырылады. Эстетикалық мәдениеттің студенттер даярлығығындағы көрінісі мазмұндалады.

«Қазақ  халқының мәдени мұрасының студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы әлеуеті» атты екінші бөлімде қазақ халқының салт-дәстүрлері, ауызекі поэтикалық шығармалары, музыка өнері, қолөнерінің және ойшылдары мен ғұлама ағартушыларының студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері қарастырылады, оны пайдаланудың тұжырымдамасы ұсынылады.

«Студенттердің  эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың  әдістемесі» атты үшінші бөлімде студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың моделі және шарттары ұсынылады, оның мазмұны баяндалады, оқу процесінде және оқудан тыс іс-әрекеттерде қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың формалары мен әдістері  көрсетіледі; педагогикалық практика барысында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мақсатында оларды пайдалану формалары мен әдіс-тәсілдері қарастырылады, жүргізілгін тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижесі көрсетіледі және проблеманы жетілдіру перспективасы айқындалады.

Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижесі, қағидалары тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

 

Негізгі бөлім

 

Қоғамның мәдени мұраға қызығушылығының артуы бізді  оның педагогика ғылымы үшін маңызды деген салаларын баса көрсетуге бағыттайды. Өйткені мәдениеттану білімі қазіргі қоғамда жастарды тұлғалық бағдарға, оны адамзат қоғамының мәдени жерістіктерінің жиынтығы ретінде ой-елегінен өткізуге даярлауға шақырады. Осыған орай, эстетикалық мәдениеттің тұлға дамуындағы рөлін жалпы мәдениеттің іргелі негізінің құрамдас бөлігі ретінде танып білу қажеттігі туындайды. Біздің пайымдауымызша, бұл «руханисыздық», «ұлттық негізден алшақ кету», «жатырқаушылық» проблемасын нәтижелі шешуде көмектеседі; тұлғаның адами тұрғыда жетілуіне септігін тигізеді.

 

«Мәдениет» пен «эстетикалық мәдениет» ұғымдарының байланысын анықтау қажеттілігі бізді жалпы мәдениеттің аса маңызды компоненттері мен функцияларын қарастыруға бағыттайды. Біз үшін мәдениеттану адамның барлық іс-әрекет процесінде әлемді мәдениеттану тұрғысында меңгерудің жалпы принциптері туралы философиялық ғылым ретінде құндылық бағдардың диалектикалық байланысын, рухани-адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымдық кемелденуін, қоршаған болмысқа іс-әрекеттік көзқарасын белгілеп, зерделейді.

Мәдениеттану  теориясы проблемалары саласындағы  зерттеулерге талдау жасау арқылы біз мәдениет ұғымының қазіргі қоғамтануда іргелілердің қатарына жататынын, бұл сөзге көптеген ұғымдық түсініктер берілетінін анықтадық.

Мысалы, ғылыми деректерді негізге ала отырып, алыс шетел ғалымдарының (И.Кант, Ф.Шеллинг, Э.Тайлар, О. Шпенглер, А.Тойнби, Зигмунд Фрейд, А.Браун және т.б.) «мәдениет», «мәдениеттану» ұғымдарына берген пікір-көзқарастарын жүйеге келтіріп, жан-жақты талдау береміз. Солардың ішінде Ф.Шеллинг мәдениетті эстетикалық тұрғыда ұғынып-меңгеруді ұсынып, мәдениеттің басты мазмұны – адамдардың көркемдік қызметі деп түсінсе, Э.Тайлор «мәдениет жөніндегі ғылым – реформалар жөніндегі ғылым» деген пікірді ұстанады, мәдениетті жеке адам мен бүкіл қоғамдағы адамның бақыты мен болашағы жолындағы құндылықтарды дамыту арқылы адамзат баласын жан-жақты жетілдіру деп қарастырады, мәдениетті материалдық және рухани құндылықтар тұрғысында қабылдайды. А.Тойнби болса, «өркениет» ұғымын «мәдениет» ұғымының синонимі ретінде қабылдайды. Ол мәдениеттің мәнін көптеген фактілік материалдар негізінде түсіндіріп, географиялық шарттармен анықтап, өркениеттің қайталанбас бейнесін құрайтындығы туралы қорытынды жасайды. Кейіннен, ол өзінің көзқарасын сын көзбен қайта қарап, дүниежүзілік діндерден нәр алған мәдениеттердің барлығы «тарихтың мәуелі ағашы, адамзат бұтағының мән-мағынасы» деген қорытындыға келеді.

Мұндай анықтама-пікірлер кеңестік жүйедегі ғалымдардың еңбектерінде де (В.Келле, М.Ковальзон, В.С.Семенов  және т.б.) көптеп кездеседі. Мәселен, В.С.Семенов  мәдениет анықтамасын философиялық тұрғыдан анықтауда адамның сыртқы әлемді (табиғат және қоғам), сондай-ақ оны қалыптастыру және дамытуда ішкі әлемін қоса алғанда, әлемді меңгерудегі маңызды іс-әрекет тәсілдері ретінде қарастырса, М.Ковальзон мәдениет адам дамуының өлшемі деп түсінеді.

Қазақтың этникалық  мәдениетіне, фольклоры мен этнографиясына ден қоя зерттеген А.Сейдімбек  жоғарыда айтылған шетелдік ғалымдар мен кеңестік және бүгінгі дәуірдің мәдениет мәселелерін зерттеп жүрген авторлардың пікірлерін сараптай келе: «Сөз жоқ, мәдениетті қоғамдық құндылық деуге болады. Яғни, адамсыз, адам қоғамынсыз мәдениетті елестету мүмкін емес... Демек, мәдениет дегеніміз қоғамның өмір сүруінің міндетті қызметі екенін 

аңғарамыз. Мәдениет қоғаммен диалектикалық байланыста. Былайша айтқанда, мәдениеттің өзі адамға ғана тән қоғамдық қатынастарға түсудің тәсілі болып шығады. Бұл тұрғыдан келгенде, мәдениет – қоғам дамуының көрсеткіші, сонымен бірге қоғамдағы өзгерістерге тәуелді де» деп ой тұжырымдайды.

Әлемдік және отандық  мәдениеттің теориясы мен тарихын зерттеген Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариева болса, қазақтың төл мәдениетін батыстық мәдениетпен салыстыра отырып, оның өзіне тән ерекшеліктеріне тоқталады, қазақтың әлем туралы түсінігін алып бәйтерекке салыстыра отырып, мәдениеттің әлемдегі орнын қоршаған орта мен өркениет аясында қарастырады. Қоршаған ортаны әлем мәдениетінің өрістеу аймағы деп түсіндіреді және ұлттық мәдениетті бос кеңістікте емес, ол - адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді және тарихи ағымның өрісі болып табылады деген пікірді ұстанады. Табиғи ортаға халықтың санасында киелі мекені болып қалыптасқан тауларды, өзен-көлдерді, аңғарлар мен төбелерді, тіпті аруақтар жатқан молаларды да жатқызады. Демек, олар қазақ халқының ұлттық мәдениетіне айрықша экологиялық мазмұн беріп, адам мен табиғаттың арасында нәзік үндестік болатындығын дәлелдейді. Мәдениет мәселесін қазақ халқының дүниетанымында этиканың «жақсылық» пен «жамандық» ұғымдары аясында түсіндіреді, сонымен бірге әртүрлі халықтардың көне мәдениеттен алғашқы өркениеттерге өтуі – мәдениеттегі дамудың заңды құбылысы деген қорытындыға келеді.

Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау бүгінгі таңда  «мәдениет» ұғымына берілген анықтамалар  бар екенін, олардың жылма жыл  жаңа анықтамалармен толықтырылып отыратынын көрсетеді. Бұл анықтамаларды былайша жүйелеуге болады: «Мәдениет дегеніміз – тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағыттаушы және жүзеге асырушы әмбебап механизмі (В.Момов, А.Здравомыслов, А.Ядов, О.Дробинцкий және т.б); заттық және рухани құндылықтардың жиынтығы (В.Тугаринов, Ю.Ефимов, И.Громаов, А.Арнольдов, Н.Чавчавадзе және т.б); іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілі (М.Коган, В.Давыдович, Ю.Жданов, О.Хванова және т.б.); қоғамның әртүрлі әлеуметтік және рухани саласында тұлғаның өзін-өзі шығармашылықпен жетілдіру әдісі (В.Библер, Н.Злобин, А.Леонтьев, И.Ильяева және т.б.); адамның табиғи биологиялық табиғаты, ондағы рухани бастаманың дамуын асқақтату дәрежесі (В.Розов, Д.Лихачев және т.б.).

Жоғарыда айтылғанның  бәрі «мәдениет» ұғымы аясының кең әрі күрделі екендігін көрсетеді. Егер, оны кең көлемде қарастырсақ, онда қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруда адамның қолымен жасалған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы қалыптасқанын байқаймыз. Мұндай түсінік Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңында да кездеседі. Онда «Мәдениет – адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы» - деп түсіндіріледі.

Информация о работе Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері