Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 08:57, автореферат

Описание

Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында білім беру жүйесінің қайта құрылуы, оның адамгершілікке бағдарланып, мәдениеттен көрініс алуы адамның шығармашылық әлеуетінің ашылуына, рухани құндылық бағдарының қалыптасуына әсер етеді. Адамның руханилығын өз халқының мәдениетінен оқшау дамыту мүмкін емес. Мәдениет адамзат тұрмысының формасы ретінде өзінің көрінісінде көпжақтылықты байқатады. Соның бірі болып рухани құндылықтардың бірегей әлемін қарастыратын және соның негізінде адамның қалыптасуына әсер ететін халықтың мәдени мұрасы саналады.

Работа состоит из  1 файл

AbenbaevS.doc

— 437.00 Кб (Скачать документ)

       

 

 

Сурет 3 – Студенттердің  эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы қалыптастырудың құрылымдық моделі

Кесте 1 – Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың өлшемдері, көрсеткіштері және деңгейлері

 

Компо-ненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Деңгейлері

Эмоционалдық-мотивациялық

Қазақ халқының мәдени мұрасына қызығушылығы мен эмоционал

дық көзқарасының болуы

1.Қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың әлеуметтік маңызын ұғынуы.

2.Қазақ халқының  мәдени мұрасына қызығушылық  таныту және оған жағымды қарым-қатынас  орнатуы.

3.Қазақ халқының  мәдени мұрасының оқушылардың  эстетикалық тәрбиесіндегі маңызын түсінуі.

4.Қазақ халқының  мәдени мұрасын оқып тануда  табандылық танытуы.

5.Қазақ халқының  мәдени мұрасының эстетикалық  әлеуетін әсерлі сезіммен эмоционалды қабылдауы.

Жоғары: қазақ халқының мәдени мұрасына ерекше қызығушылық танытады, эстетикалық мәнін жақсы түсінеді, эмоционалдық сезіммен қабылдайды, теориялық мазмұнын, әдіс-тәсілдерін жетік біледі, дәлелді баға бере біледі, практикада еркін пайдаланады, өздігінен дербес шығармашылық ізденіс танытады.

Жеткілікті: қазақ халқының мәдени мұрасына қызығушылығы бар, эстетикалық мәнін түсінеді, әсерленеді, мазмұнын, әдіс-тәсілдерін біледі, өздігінен баға беруге талпынады, практикада пайдаланады, қажет материалдарды іздестіруге талпынады.

Орта: қазақ халқының мәдени мұрасына ішінара қызығушылық танытады, эстетикалық мәнін түсіне бермейді, эмоционалдық сезімін байқатпайды, мазмұнын, әдіс-тәсілдерін оқытушының көмегімен есіне түсіреді, өздігімен баға бере алмайды, практикада оқытушының бағдар беруімен пайдаланады, дайын материалды қолданумен шектеледі.

Төмен: қазақ халқының мәдени мұрасына қызықпайды, эстетикалық мәнін түсінбейді, әсерленбейді, мазмұнын, әдіс-тәсілдерін білмейді және білуге талпынбайды, өздігінен дербес ізденіс танытпайды, баға бере білмейді, дайын материалдарды орынды пайдаланбайды.

 

Мазмұндық

Қазақ халқының мәдени мұрасынан теориялық білімінің

болуы

1.Қазақ халқының  мәдени мұрасы мазмұнының эстетикалық  әлеуетін түсінуі.

2.Қазақ халқының  мәдени мұрасының құралдарын, әдіс-тәсілдерін  білуі.

3.Қазақ халқының  мәдени мұрасының эстетикалық құндылықтарының эстетикалық тәрбиедегі мүмкіндіктерін білуі.

4.Қазақ халқының  мәдени мұрасының эстетикалық  құндылықтары мазмұнын оқушылардың  жас ерекшеліктеріне қарай таңдай  білуі.

5.Қазақ халқының  мәдени мұрасы арқылы  оқушыларды  тәрбиелеу мен дамытудың нәтижелі формалары мен әдістерін білуі.

Бағалау

Қазақ халқының мәдени мұрасының эстетикалық әлеуеті  мазмұнын қабылдауы және бағалауы

1.Қазақ халқының  мәдени мұрасының құралдарын  біртұтас қабылдауы, оларға эстетикалық  тұрғыда дәлелді баға беруі.

2.Қазақ халқының  мәдени мұрасы құралдарының эстетикалық мүмкіндіктеріне, салыстырмалы түрде, баға бере білуі.

3.Қазақ халқының  мәдени мұрасының көркемдік әлеуетіне логикалық бірізділікте мазмұнды баға бере білуі.

4.Қазақ халқының  мәдени мұрасының халықтық сипатын талдай, бағалай білуі.

5.Мектеп оқушыларының  қазақ халқының мәдени мұрасына  берген бағасын қорытындылай  білуі.

Іс-әрекеттік

Оқу-тәрбие процесінде қазақ халқының мәдени мұрасын нәтижелі меңгеруге ықпал ететін негізгі  іскерліктерді меңгеруі

1.Оқушылардың эстетикалық тәрбиесінде пайдаланатын қазақ халқының мәдени мұрасын жоспарлай білуі.

2.Оқу-тәрбие  процесінде меңгертілетін қазақ халқының мәдени мұрасының нәтижелі формалары мен әдістерін таңдай білуі.

3.Іс-әрекеттерде  пайдаланатын қазақ халқының мәдени мұрасын оқушылардың эстетикалық қызығушылығына қарай таңдай білуі.

4.Оқу-тәрбие процесінде пайдаланатын қазақ халқының мәдени мұрасына оқушыларды әсерлі ендіре білуі.

5.Қазақ халқының  мәдени мұрасы тақырыптарына өтілетін іс-шаралар.


 

 

 

мәдени мұраларынан тарихи-теориялық білімдерінің жеткіліксіз екенін көрсетті. Педагогика пәндерінен дәріс беріп жүрген оқытушылармен жүргізілген сұхбат та бұл саладан арнайы даярлықтарының жоқтығын байқатты. Бұны оқытушылардың сұхбат барысында берген жауаптары дәлелдейді. Мысалы, «Қазақстан жеріндегі тарихи-мәдени сәулет ескертікштерін білесіз бе?» деген сауалға: 20% - «иә», 10% - «ішінара білемін», 20% - «ойланған емеспін», 35% - «жоқ» деген жауап берсе, 15% - сұрақты жауапсыз қалдырды. Мұндай көрініс оқытушылардың бағдарламаға еңгізілген тақырыптармен ғана шектелетінін, студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің шешімін өздігімен дербес іздестірмейтіндігінен туындап отыр. Аудиториядан тыс ұйымдастырылатын жұмыс формаларына жасаған талдау да қарастырылып отырған мәселеге аса мән берілмейтінін дәлелдейді.

        Біз осының бәрін ескере отырып, студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының бакалаврият мамандығы бойынша 0501119 – Шет тілі: екі шет тілі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына енген педагогикалық   пәндердің   типтік   бағдарламаларына   («Педагогика», «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Этнопедагогика», «Педагогика тарихы», «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі») педагогикалық талаптарды ескере отрырып қосымшалар жасадық. Сонымен бірге педагогикалық пәндер стандарт бойынша екі жыл көлемінде оқытылатындықтан біз үшінші курс студенттеріне арнап «Қазақ халқының мәдени мұрасының эстетикалық мәдениетті қалыптастырудағы әлеуеті» атты элективтік курс даярладық.

Қосымшалар  мен элективтік курс оқу процессіне кезеңдеп ендірілді. Бағдарламаларда  көрініс алған қазақ халқының мәдени мұралары тақырыптың мазмұнына  қарай нақты өлшемдер бойынша (деректемелердін түсінікті болуы, нақты құжаттарға негізделуі, эстетикалық құндылығы, эстетикалық танымдылығы, көркемдік стилі және т.б.) сұрыпталды.

        Үш кезеннен тұратын қалыптастыру  экспериментінің бірінші кезеңінде (1 курс) «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәні бағдарламасының бөлімдеріне арнап жасаған қосымшалар жүзеге асты.

Студенттердің анықтау эксперименті барысында  берген жауаптарының нәтижесі, ұсыныстары ескерілді. Әсресе, мәдени мұраның жіктемесіне  аса мән берілді, жікетемеге енген  мәдени мұра түрлерінің тарихи-эстетикалық дамуы жолдары, өзіндік мазмұндық ерекшеліктері ашып көрсетілді. Халық мұрасының ерекшеліктері әрбір облыстың, аймақтың өзіне тән ерекшеліктеріне қарай салыстырмалы түрде түсіндірілді. Сабақта республика аймақттарың дәстүрлі өнері көрініс алған видио филимдер пайдаланылды («Сары арқа әуендері», «Күй атасы – Құрманғазы», «Киелі аспап – қобыз» және т.б.). Семинар барысында студенттердің эстетикалық талғамын, танымын, көзқарасын дамыту мақсатында өздігімен дербес орындаған тапсырмалары  

 
интерактивті тақта бойынша талқыланып отырды.

Қосымшаның әрбір соңғы сабағында әртүрлі іс-әрекеттердің көмегімен (жарыстар, дидактикалық ойындар, «Білім құмар» қалаларға саяхат ойыны және т.б.) оқу материалдарын меңгеру сапасын анықтау үшін аралық кесінділер жүргізілді. Мысал үшін, бірінші курстармен өткізілген танымдық ойын-саяхаттын әдістемесін қарастырайық.

Ұсынылған ойында студенттер Қазақстан Республикасының  қалаларына және облыстарына «саяхат» жасады, назар аударарлық жерлерімен (ескертікштер, ғимараттар, сәулетті кесенелер, үйлер, музейлер, тарихи оқиғалар, ұлы ойшылдар, батырлар, табиғи байлықтар, табиғаттың сұлу көрністері (өзен, көл, тау, орман, аңдар, құстар), атақты әнші-күйшілер, жыршы-жыраулар, қорықтар, демалыс орындары, қолөнер түрлері және т.б.) танысты. Ойын барысында студенттер қосымша жаңа деректемелер мен де танысып отырды.

Ойынның шарты. 1.Бір қаладан екінші қалаға сұрақтарға жауап бергеннен соң ғана жылжуға болады. 2.Әрбір қалада берген жауаптар бес балдық жүйемен бағаланады.

Қала саны – бесеу. Бірінші қала – «Түркістан» («Жібек жолы»). Екінші қала – «Қызылорда» («Сыр елі – жыр елі»). Үшінші қала – «Ақтау» («Бекет ата»). Төртінші қала – «Көкшетау» («Оқжетпес»). Бесінші қала – «Семей» («Абай елі»). Әр саяхат нақты бір танымдық бағытты көздеді. Мысалы, «Түркістан» («Жібек жолы») қаласы бойынша студенттерге мынадай сұрақтар қойылды: 1. «Жібек жолы» өткен қалалардың тарихи атын ата? 2. «Жібек жолы» деп неге аталған? 3. Ахмет Иассауи сәулет ғымараты қай жылы салынды, салу тарихи туралы не білесің? Немесе «Көкшетау» қаласы бойынша: 1. Көкшетауды жер жәннаты деудің себебі неде? 2. «Оқжетпес» туралы аңыздың негізгі идеясы қандай? 3. Көкше табиғатының сулу көрінісін қандай ақындар жырлаған? және т.б. Мұндай танымдық ойындар студенттердің шығармашылық әлеуетінің ашылуына, ойлау әрекетін белсендендіруге, рухани-эстетикалық танымын жетілдіруге, танымдық қызығушығын арттыруға, білім қорын толықтыруға септігін тигізеді. Әйтседе, бірінші кесіндінің нәтижесі студенттердің қазақ халқының мәдени мұрасы түрлерінен білімінің әлі де болса таяз екендігін көрсетті. Мысалы, «эстетикалық мәдениет», «мәдениет» ұғымдарының мәнін анықтауда сауалнамаға қатысқандардың 12%-ы «Эстетикалық мәдениет» - адамның сыртқы сұлулығы мен ішкі рухани сұлулығының үйлесімділігі» десе, 37%-ы сұраққа жауап беруде қиналды. «Мәдени мұра» ұғымына 15%-ы – ата-бабамыздың ұрпағына қалдырған материалдық және  рухани байлығы – мирасы» десе, 25%-ы толық жауап бере алмады.

Бұл кемшіліктерді  біз қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінде (2 курс) «Педагогика» пәнін жалғастыру барысында және «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» мен «Этнопедагогика» пәндерін оқыту барысында ескердік. Қазақ халқының мәдени мұраларының көптеген түрлерін жүзеге  

асыруда (салт-дәстүрлер, ауызекі поэтикалық шығармашылығы, музхыка, сәндік-қолданбалы өнері, халық білімдері және т.б.) семинар сабақтарының, студенттердің өздігімен жұмысының (СӨЖ) мүмкіндігі мол болды. Жұмыс барысында студенттер нақты бір тақырыпта іс-шаралар жоспарын құрып, сценарийлер жазып үйренді, іс-шаралар өткізу әдістемесін құрып дағдыланды.

Мәселен, «Этнопедагогика» пәні бойынша жасаған қосымшаны менгерудің соңында семинар-зерттеу жұмыс формасын пайдаландық. Жұмыстың бұл формасын ұйымдастыру әдістемесінің мақсаты – студенттердің өздігінен дербес жұмысын белсендендіру, зерттеу жұмыстарына эстетикалық танымдық қызығушылыған арттыру. Міндеттері: «Абай шағармаларының эстетикалық тағылымы», «Шоқан шығармаларының халық мұрасымен сабақтастығы», «Сәндік-қолданбалы өнердін тағылымдық сыры», «Ахмет Иассауи сәулет ғимаратының тарихнамасы», «Қазақ ертегісінің эстетикасы» тақырыптары бойынша материалдар жинау; олардың ғылымда зерттелу денгейін анықтау; авторлардың тұжырымдамалық идеяларын жүйелеу; эстетикалық мәдениетті, эстетикалық мінез-құлықты, эстетикалық танымды қалыптастырудағы рөлін айқындау; оларды студенттердің эстетикалық тәрбиесінде пайдалануға бйланысты ұсыныстар даярлау.

Жұмыс барысында  студенттер үлкен қызушылық танытты, өздігімен дербес өздеріне бөлінген тақырыптар бойынша деректі материалдар жинады, оны сұрыптап жүйеге келтірді, мүмкіндігінше теориялық тұрғыда негіздеуге талпынды, даярлаған жұмыстарын студеннтердің алдында қорғады. Семинар-зерттеу жұмыс формасы студенттерді шығармашылық ізденіске баулыды, ғылымға дұрыс көзқарасын қалыптастырды, білім қорын молайтты, ізденушілік дағдысын орнықтырды.

Қалыптастыру  экспериментінің үшінші кезеңінде (3 курс) біз студенттердің эстетикалық мәдениетін жетілдіре түсу мақсатында «Қазақ халқының мәдени мұрасының эстетикалық мәдениетті қалыптастырудағы әлеуеті» атты элективті курсты менгерттік.

Элективтік курстын мақсаты – қазақ халқының мәдени мұрасының эстетикалық құндылықтарын менгерту және оны кәсіби іс-әрекетте тиімді пайдалануға бағдарлау. Бағдарлама 45 сағатқа (1 кредит) арналған, оның - 20 сағаты лекция, 15 – сағаты семинар, 10 сағаты  - өзіндік жұмыс (Кесте 2). Курстың мазмұны студенттердің «мәдениет», «эстетикалық мәдениет», «тұлғаның эстетикалық мәдениеті», «мәдени мұра», «мирасқорлық», «мұрагерлік» ұғымдарынан теориялық білімін шындады, халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығының, әндері-күйлерінің, салт-дәстүрлерінің, қолөнерінің, халық ілімінің, сәулет өнерінің эстетикалық тағылымдық мүмкіндіктерімен таныстырды, оны практикада тиімді пайдалану жолдары үйретті.

         Элективтік курстың соңында алынған үшінші кесіндінің нәтижелері студенттердің эстетикалық мәдениеті қалыптасуының айтарлықтай жоғары деңгейге көтерлігендігін айғақтады. Мәселен, егер студенттердің бірінші және  

екінші кезендерде қазақ халқының мәдени мұрасына қызығушылығы болғанымен, оларға эстетикалық тұрғыда баға беруде біраз қиналыс білдірсе, «мәдениет», «эстетикалық мәдениет», «тұлғаның эстетикалық мәдениеті», «мәдени мұра» ұғымдарының өзара бірлігін саралап көрсетуде қателесіп отырды, элективтік курсты меңгеру нәтижесінде студенттердің қазақ халқының дәстүрлі мәдени мұраларына деген қызылушылығы артып, рухани адамгершілік қасиеттері жетілді, эстетикалық талғамы, танымы дамыды. Студентттер меңгерген білімін педагогикалық практика барысында тиімді пайдаланды. Оқушылармен сыныптан тыс іс-шаралар өткізу кезінде, өздігімен дербес жұмыс барысында нақтылы тақырып бойынша жасаған сценарийлерінің, жоспарларының көмегі мол болды.

 

Кесте 2 - «Қазақ халқының мәдени мұрасының  эстетикалық мәдениетті қалыптастырудағы әлеуеті» элективтік курсының тақырыптық-мазмұндық жоспары

 

 

 

Дәріс мазмұны

Сағат мөлшері

Дәріс

Семи-

нар

СӨЖ

1

«Мәдениет», эстетикалық  мәдениет», «тұлға мәдениеті» ұғымдарының  мәні және олардың өзара байланысы.

2

2

1

2

Студенттердің эстетикалық мәдениетінің қалыптасуында қазақ халқының «Мәдени мұрасының» маңызы және ерекшеліктері.

2

1

1

3

Қазақ халқының прогресшіл салт-дәстүрлері негізінде студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

3

2

1

4

Қазақ халқының ауызекі поэтикалық шығармашылығының студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы көрінісі.

3

2

1

5

Қазақ халық  қолөнерінің эстетикалық мәдениетті қалыптастырудағы ықпалы.

3

2

2

6

Қазақ қалқының музыка өнерінің студенттердің эстетикалық  мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері.

3

2

2

7

Халық ойшылдары мен ғұлама ағартушыларының шығармаларындағы эстетикалық мәдениетке қатысты пікірлері мен көзқарастары.

2

2

1

8

Қазақ халқының мәденим мұрасын оқушылардың  эстетикалық тәрбиесінде пайдалану  формалары мен әдістері.

2

2

1

 

         Барлығы: 45 сағат

20

15

10

Информация о работе Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері