Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 08:57, автореферат

Описание

Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында білім беру жүйесінің қайта құрылуы, оның адамгершілікке бағдарланып, мәдениеттен көрініс алуы адамның шығармашылық әлеуетінің ашылуына, рухани құндылық бағдарының қалыптасуына әсер етеді. Адамның руханилығын өз халқының мәдениетінен оқшау дамыту мүмкін емес. Мәдениет адамзат тұрмысының формасы ретінде өзінің көрінісінде көпжақтылықты байқатады. Соның бірі болып рухани құндылықтардың бірегей әлемін қарастыратын және соның негізінде адамның қалыптасуына әсер ететін халықтың мәдени мұрасы саналады.

Работа состоит из  1 файл

AbenbaevS.doc

— 437.00 Кб (Скачать документ)

Бір-біріне қарама-қарсы осы екі ұғымдарды біріктіретін мәдени мұра қазақ халқының мәдени құндылықтарының кешені, оларды сақтау, қоғамдық прогрестің нақты-тарихи мақсатына сәйкес өткен ұрпақтын тәжірибесін қазіргі ұрпаққа жеткізу және қайта жандандыру тәсілдері.

Қазақ халқының мәдени мұрасын қайта жандандыру мен тәрбиелік мүмкіндіктерін бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде пайдалану мйселесіне Қазақстан егеменді ел болып, тәуелсіздікті қолына алғаннан бастап (1991) аса назар аударылып келеді. Оған сол жылдардан бастап басылым көрген тұжырымдамалар («Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру» (1993), «Этномәдени білім беру тұжырымдамасы» (1992), «Жоғары мектеп студентеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы» (1998) және т.б.), бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдары (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, М.Балтабаев, Қ.Бөлеев, Қ.Шалғынбаева, Р.Дүйсенбінова және т.б.) басылым көрді. Бірқатар іргелі және қолданбалы зерттеу жұмыстары қорғалды.

Жоғары және арнайы орта педагогикалық оқу орындарының  оқу жоспарына этнопедагогика пәні ендіріліп, кафедралар ашылды. Өкінішке орай, бұл жаналықтың жолы ұзаққа бармады. Білім жүйесінің кредиттік жүеге өтуіне қарай этнопедагогика арнайы пән ретінде стандартқа ендірілмей қалды, кафедралар да себепсіз жабыла бастады.

Кейінгі жылдары бұл мәселенің  шешімін қайсыбір жоғары оқу орындарында  стандарттағы таңдау компоненттеріне  бөлінген сағат көлемінен (егер бөлінген жағдайда) стунденттерге меңгертіліп жүр. Стандартқа енген арнайы педагогикалық пәндердін мазмұны Этнопедагогика, Халық педагогикасы материалдарына бір-екі тақырып көлемінде, онда да үстірт, көніл бөлнетінін дәлелдейді.

Халықтың мәдени мұрасы әлеуетін қоғамдық қажеттілік тұрғысында қарастыру, ұрпақ тәрбиесінде пайдалану мәселесіне ҚР-ның Мәдениет және ақпарат министрлігі аса мән беріп отыр. Оны 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы және оны жүйелі бірізділікте жүзеге асыру мақсатында қабылданған «Мәдени мұра» страдегиялық ұлттық жобасының 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы дәлелдейді. Тұжырымдама жеті бөлімнен тұрады: 1. Кіріспе; 2.Тарихи-мәдени мұраны зерделеу мен сақтаудың қазіргі жай-күйін талдау; 3.Тарихи-мәдени мұра саласындағы мемлекеттік саясат – егеменді Қазақстанның тұрақты дамуының факторы;  

4.Тұжырымдаманың  мақсаттары мен міндеттері; 5.Тұжырымдаманың басым бағыттары: Ұлттық рәміздерді қалыптастыру; Мәдени туризмді дамыту; Ұлттық тарихи-мәдени мұраны халықаралық деңгейде насихаттау; Өткен бес жылда табылған тарихи-мәдени мұраны кешенді зерделеу; Жүйеленген білімді оқу процесіне енгізу; Саланы дамытудың стратегиялық ресурсы ретінде кадр саясатын іске асыру; 6.Тұжырымдаманың қағидаттары мен тетіктері; 7.Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер.

Тұжырымдаманың  өзектілігі Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұра құндылықтарына деген мемлекет көзқарасын жүйелі жетілдіріп отырумен айқындалады. Мақсаты – рухани және білім беру салаларын дамытудың  ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базасын одан әрі жетілдіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану тиімділігін арттыру тетіктерін әзірлеу.

Тұжырымдаманың аса басым бағыттары болып: ұлттық рәміздерді қалыптастыру; мәдени туризмді дамыту; ұлттық-тарихи мәдени мұраны халықаралық деңгейде насихаттау; өткен бес жылда табылған тарихи-мәдени мұраны кешенді зерделеу; жүйеленген білімді оқу процесіне енгізу; саланы дамытудың стратегиялық ресурсы ретіндегі кадр саясатын іске асыру саналады.

Бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі – төл  мәдени дәстүрлерін жақсы білетін, өз халқының тарихың сүйетін ұрпақ, елдің болашағына тірек бола алатын ұрпақ тәрбиелеу болғандықтан, тұжырымдама  ұлттық мәдени мұраны білім жүйесіне ендіру қажеттігін ескереді. Сонымен бірге тарихи мұра мен ұлттық фолклорды басқа тілдерге, әлемдік ғылым мен қоғамдық ойдың озық үлгілерін қазақ тіліне сапалы аудара алатын мамандар даярлау мәселесіне де аса мән береді.

Бүгінгі таңда  тұжырымдама мен бағдарлама негізінде  еліміздің мәдени мұрасын зерделеу, қорғау, пайдалану және насихаттаумен қатар, тарихи-мәдени дәстүрлерді мирасқорлықпен дамыту, мәдени мұраны сақтау мен қайта түлету; қазіргі ұлт мәдениетін, халық ауыз әдебиетін, әдет-ғұрптарын өркендету; елдің маңызды тарихи-мәдени және сәулет өнері ескерткіштерін қалпына келтіруге байланысты көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл еңбектердің жеткіншектер мен жастардың халықтың мәдени мұрасы саласынан білім қорын дамытатыны сөзсіз, өйткені еңбектердің басым көпшілігі тарихи, тарихи-танымдық, көркем-әдеби, көркем-публицистикалық бағытта жазылған. Педагогикалық бағытта бұл мәселенің шешімі әлі де болса кенжелеп келеді.

Қазақ халқының мәдени мұрасын педагогикалық-танымдық тұрғыда зерделеу, оның эстетикалық мәдениетті қалыптастырудағы әлеуетінің аса жоғары екендігін дәлелдейді.

Қазақ халқының мәдени мұрасы көпшіліктің мақұлдауы бойынша материалдық (өндірістік, үй, ауыл-шаруашылығы, еңбек құралдары, қолданбалы өнер, баспана, тұрмысқа қажетті заттар), рухани (тіл, дін, ауызекі поэтикалық шығармашылық, сәндік-қолданбалы өнер, халық білімі, салт- 

дәстүрлер, наным-сенімдер, әдет-ғұрыптар, ұлттық ойындар, мерекелер) деп бөліп қарастырылады.

Біз, өз зерттеуімізде қазақ халқының мәдени мұрасының жіктемесін ұсынамыз және әрбір түрінің өзіндік ерекшелігіне мазмұндық сипаттама береміз (Сурет 2).

Қазақ халқы  өзінің сан ғасырлық тіршілігінде балалар  мен жастарға эстетикалық тәрбие беру арқылы эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың өзіндік тәжірибесін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жинақтады. Оларда халықтың озық тәжірибесі, орнықты қағидалары мен принциптері, мінез-құлық нормалары көрініс алған, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық жағдайларының, тұрмыс-салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес балалар мен жастардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға деген талаптары қалыптасты.

Тарихи-этнографиялық  деректерді, салт-дәстүрлер мен халықтың ауызекі шығармашылығын зерттеу, осы  бағытта басылым көрген зерттеулермен  танысу қазақ халқы балалар мен  жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, моральдық-этикалық, мінез-құлық әдебіне, жүріс-тұрыс, киім-кию мәдениетіне, сөйлеу, қарым-қатынас мәдениетіне, эстетикалық талғам, көзқарасына, түр-келбеті мен ішкі жан дүниесінің үйлесімділігіне аса назар аударған, осындай адами қасиеттерді бала жастан бойына сіңісті ете білген деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

          Эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда қазақ халқының салт-дәстүрлерінің (баланы тәрбиелеу (қыз, ұл), үйлену тойы, отбасылық той- жиыңдар, маусымдық мерекелер, діни мерекелер, ырым-жоралғылар) рөлі ерекше  болды.  Қазақ  халқында ертеден келе жатқан «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пiшер» немесе «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген өсиет-нақыл сөздерi ел арасына кең тараған. Бұдан баланың өскен ортасының тәрбиелiк мәніне ерекше назар аударылғанын байқаймыз. Осыған орай, ер баланы тәрбиелеуде әкенiң, қыз баланы тәрбиелеуде шешенiң рөлi жоғары болған. Бұған “Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пiшер” деген мақал дәлел болмақ. Әрбір ата-ана балаларына үлгi-өнеге ретiнде өздерiнiң бар бiлгендерiн үйретiп отырған. Олардың нендей iске қабiлеттiлiгiн, қандай өнерге бейiмдiлiгiн аңғарып, мүмкіндігінше олардың бойындағы табиғи дарындылығын ашуға талпынған. Бұндай өміршең дәстүр бүгінде өз жалғасын табуда.

Бала тәрбиесiне бүкiл ауылдың үлкен-жасы бiрдей араласқан. Олар жастардың мiнез-құлықтарында кездесетін кемшiлiктерге байланысты ақыл-кеңес беруден жолықпаған. Үлкендi сыйлау - қазақ халқының жазылмаған заңына айналған. Бұл дәстүр бойынша жастар рухани-эстетикалық, моральдық-этикалық мәдениет элементтерін: үлкеннiң алдын кесiп өтпеу, сыпайы болу, үлкенмен сөз жарыстырумау, үлкендерге бiрiншi болып орын беру, олардың отырған бөлмесiне рұқсатсыз кiрмеу, сөздерiн жөн-жосықсыз бөлмеу, сөз қайтармау, дөрекi сөйлемеу, тiптi үлкендердiң алдында қатты күлмеу және т.б.

 

 
меңгерген. Үлкендерге деген мұндай мәдени көзқарасты адамгершiлiк-эстетикалық тұрғыда жалпыадамзаттық өлшем деп қабылдаса да болады.

Қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрінен де эстетикалық мәдениеттің көптеген көріністерін байқауға болады. Атап айтсақ, «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем беруге асығады» деген мақалға байланысты қандай да бiр қонақты «Құдайы қонақ» деп танып, оған бар жол-жорасын тартуға асығады, оған төрден орын берiп, алдына ақ дастарханын жайып, сый-құрмет жасайды. Осындай қонақжайлылық кәдесiн-ғұрыпын атқару барысында қонақты әңгiмеге тартып, ел жаңалықтарын тыңдау, тiптi олар домбырашы, сазгерлер болса, онда олардың өнерiн тамашалау да әдетке айналып отырған. Оны «жөн сұрасу», «қонақ кәде» деп атап кеткен. Олардың қатарына елге танымал ақын-жыраулар, сазгерлер мен айтыс ақындары да жатқан. «Ауылдың алты ауызы» деген  ырымды ұстана отырып, қонақ күтушi оның көңiлiн табу үшiн ауыл жастарына өлең айтқызып, домбыра тартқызу да қонақжайлылықтың бiр белгiсi ретiнде танылған. Осыдан барып халқымыздың «Адам болар бала қонаққа үйiр» деген мақалы да тегiн айтылмаған. Қазақ халқы осындай iс-шараларға жастарыды қатыстыруды шартқа айналдырған. Онда үлкендердiң әңгiмесiн, өлең-жырларын тыңдау арқылы жастарға тәлiм-тәрбиелiк өнеге, ғибрат беру көзделген. Бұндай қонақжайлық әрекет те жастардың эстетикалық мәдениетiнiң қалыптасуына өз ықпалын тигiзiп отырған.

Қазақта келген қонаққа немесе ауыл ақсақалдары  мен өзiнен үлкендерге бiрiншi болып амандасу дәстүрiнiң де эстетикалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда тәрбиелiк маңызы ерекше болған. Атап айтсақ, «Ассалаумаликүм» деп қол ұсыну «Сiзге алланың нұры жаусын» деген iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, өнегелiлiк қасиеттi бiлдiредi. Оған жауап ретiнде «Уағалейкум ассалам!», яғни «Сiзге де соны тiлеймiн» деп жауап қайтарады. Бұл үлкендер тарапынан жастардың тәрбиелi-өнегелiлiгiне бiлдiрген ризашылығы.

Тiптi, сәлемдесудiң  де ерекшелiгi әр түрлi болған. Мәселен, жастардың үлкендерге қос қолдап амандасуы немесе әйел затының ыммен, мимикамен, сондай-ақ, қолын тiзесiне апарып иiлiп сәлем беруiнiң өзi сырттай қарағанда жарасымды болып көрiнедi. Мұндай да үлкендер «Өркенiң өссiн!», «Ұл тап!» деген секiлдi өздерiнiң көңiл күй әсерiн бiлдiрiп отырады. Яғни, үлкендер мен жастардың, әйелдер және қыздардың арасындағы қарым-қатынаста осындай әсерлi мiнез-құлық белгiлерi, әрине адамшылықтың өлшемi болып, болашақ мұғалімдердің эстетикалық мәдениетінің көрсеткiштерiнiң бiрi ретiнде маңызды қызмет атқарады.

Қазақ халқының ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлі мәдениетінің бірі той-томалақтар мен жиындар. Өйткені адам баласы шыр етіп дүниеге келіп, қартайған шағына дейін сан алуан ойын-сауықтар мен сән-салтанат аясында өмір сүреді. Тойларда түнімен өлең айту, домбыра тарту, ұлт ойындарын ойнау, ат жарыс, палуан күрес, ақындар айтысы, жыр шашуы,  

алтыбақан, қыз  қуу ойындары т.б. Тойдан қуаныш, ләззат алған жастардың көңілінде ізгілік, жақсылық сезімдері ұялайды.

Қазақтардың ақ жарқын мінезін, сауықшылдығын, өмірді сәнді де мәнді өткізуге талпынысын өмірге құштарлығын кезінде Г.Н.Потанин: «Қазақтар – пысық, пісіп-қатқан, өмірге құштар халық; олар ойын-сауыққа құмар: киімде ашық бояулыны, тұрмыста той-мерекені сүйеді. Өлгенді еске алу бұл халықта ойын-сауығымен, ат жарысымен, ән-күйімен, ақындар айтысымен ұзаққа созылатын үлкен сауық-салтанатқа айналады. Серілік өнерін сән-салтанат қуу, бәлкім, қазақтарды кейбір жағдайда даңққұмарлыққа баулийтың сияқты. Бұл жағынан олар француздарға ұқсайды. Афиндіктер секілді қазақтар жаналыққа, хабарға әуес. Осы әуестік жас буында білімқұмарлыққа аусуда» - деп өте әсерлі жазады. Бұл шындық, үйткені бұл мінез қазақтарда күні бүгінге дейін сақталды десе артық болмайды.

Қазақ халық фольклоры мен ауыз әдебиеті үлгілерінің де эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда мәні ерекеше болды. Өйткені олардың мазмұны балалар мен жастарды кішіпейілділікке, ғибраттылыққа, мейірімділікке, имандылыққа бағыттады, борыш, парыз, ар-намыс, аброй ұғымдарынан түсінік берді, мінез-құлық әдебіне, моральдық қарым-қатынас мәдениетіне баулыды, қиялына қанат бітіріп, арман асуларына жетеледі. Халық оларды (мақал-мәтелдер, аңыз-ертегілер, жұмбақтар, эпостық жырлар, дастандар және т.б.) эстетикалық, мәдениетті қалыптастыруда өте ұтымды пайдаланды, мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Мысалы, «Өнер алды - қызыл тіл» деп тіл өнерін жоғары бағалаған, «Өнер» сөзінің аясына көп ұғымды сыйғыза білген, яғни бұл сөз түрлі контекстерге орай бірде «өнер», бірде «көркем өнер», бірде «шеберлік», бірде «ісмерлік» мағынасында қолданылып отырған. Сондықтан, өнер жөніндегі көптеген мақал-мәтелдер халықтың өнерге, өнердің белгілі бір түріндегі шеберлікке деген көзқарасын бейнелейді. Мәселен, «Өнерлі өрге жүзеді», «Өнерлі бала сүйкімді», «Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке жеткізеді» деген мақал-мәтелдер бұған айғақ.

Қазақ халық  педагогикасында тағылымдық мақал-мәтелдер де көптеп кездеседі. Олардың ерекшелігі  айтылатын ой-пікірдің тура мағынасы астармен жанама түрде жеткізіледі. Мысалы, «Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме», «Түйенің үлкені көпірден таяқ жер»,  «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» және т.б. Бұл да, үлкен кішінің жеке басына деген сыйластықтың, жоғары мәдениеттіліктің белгісі болса керек.

Балалар мен  жастардың эстетикалық талғамын, мәдени эстетикалық көзқарасын, эмоционалдық сезімін дамытуда қазақ халқы ертегілерді ұтымды пайдаланған. Ертегіде суреттелген кейіпкерлердің көркем бейнелері, сондай-ақ  адамдардың сұлулық пен нәзіктікке берген жоғары бағалары арқылы баланың әдемілікке деген қызығушылығын арттыруға талпынған.

Информация о работе Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері