Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 08:57, автореферат
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында білім беру жүйесінің қайта құрылуы, оның адамгершілікке бағдарланып, мәдениеттен көрініс алуы адамның шығармашылық әлеуетінің ашылуына, рухани құндылық бағдарының қалыптасуына әсер етеді. Адамның руханилығын өз халқының мәдениетінен оқшау дамыту мүмкін емес. Мәдениет адамзат тұрмысының формасы ретінде өзінің көрінісінде көпжақтылықты байқатады. Соның бірі болып рухани құндылықтардың бірегей әлемін қарастыратын және соның негізінде адамның қалыптасуына әсер ететін халықтың мәдени мұрасы саналады.
эстетикалық мәдениетті
қалыптастыру мәселесі қарастырылады.
Ол, негізінен эстетикалық
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері студенттердің эстетикалық сезімін, талғамын, мұратын, қажеттілігін, көзқарасын және сенімін қалыптастырумен ғана шектелмейді, эстетикалық мәдениеттің бөлінбейтін маңызды құрамдас бөлігі ретінде жалпы өмірді қабылдаудағы және бағалаудағы қабілеттерді меңгертеді.
Студенттердің эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына сыртқы және ішкі факторлардың ықпалы ерекше. Ішкі факторларға: студент тұлғасының рухани-жан дүниесін, анатомиялық-физиологиялық құрылымының ерекшеліктерін, тұқым қуалаушылық пен санасын, ал сыртқы факторларға: студент тұлғасын қоршаған ортаны, белсенді іс-әрекетін, дене бітімін, жүріс-тұрысы мен арнайы қабілеттерін, мінез-құлық ерекшеліктері мен қарым-қатынас мәдениеті деңгейін және т.б. жатқызуға болады (Сурет 1).
Сурет 1 – Студентттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың ішкі және сыртқы факторлары
Егерде, студенттердің
тұқым қуалаушылық және анатомиялық-физиологиялық
құрылымының ерекшеліктері ата-
Сол секілді, студенттердің
эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда
қоршаған табиғат пен әлеуметтік
ортаның да әсері мол. Өйткені
қандай ортада адам тәрбие алса, сол
ортаның ықпалымен жалпы және эстетикалық
мәдениеті қалыптасады. Демек, жоғары
мектептің білім беру процесінде студенттердің
эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға
ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың
мәніне аса назар аудару қажет. Бұл факторлардың
мәні өмірдің
әр-алуан құбылыстары мен нысандарын эстетикалық тұрғыда ұғыну, олардың әсемділігіне ләззаттану қабілетіне тәрбиелеу және қоғам игілігіне шығармашылықпен еңбек ету қажеттілігінен туындайды.
Студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда көркемөнер шығармалары мен заттық орта ықпалының да, мәдени-бұқаралық іс-шаралардың да маңызы өте зор. Егер, студенттердің көркемөнер жайындағы білімдері мен түсініктері сезімдерімен тікелей байланысты болып, шығармалардың мазмұны бейнелі ойлауы мен қиялының дамуына маңызды ықпал етсе, заттық ортаны мақсатты түрде әсемдеуде сәулет өнерін, дизайынды ендіру, еңбек жағдайын жақсартуға байланысты өндірістік эстетиканы, адамдардың өздерінің шығармашылық қабілеттерін тікелей эстетикалық тәрбие арқылы дамыту – тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді. Эстетикалық мәдениеттің құрамдас бөлігінің бірі – эстетикалық мінез-құлық болса, күнделікті өмірдегі, еңбектегі, адамдардың қарым-қатынасындағы үйлесімділікті белгілейді.
Студенттердің эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына айрықша белсенді ықпал ететін оның эстетика жайындағы білімдері, көзқарастары, сенімдері және эстетикалық қабылдауы, талғамы, сезім категориялары.
Эстетикалық теорияға қатысты білімдерге: өнердің тарихы, білімдер немесе дәстүрлер арқылы берілетін қоғамның эстетикалық құндылықтарын жатқызуға болады. Эстетикалық теорияға қатысты білімдердің белгілі бір элементтерін меңгеру болашақ мұғалімдерге меңгерген білім – біліктерін кәсіби іс-әрекетінде тиімді пайдалануына көмектеседі.
Эстетикалық мәдениетті қалыптастырудағы білімнің негізгі мақсаты – тұлғаның ой-өрісінің негізін құрайтын гуманитарлық білім беру жүйесінде ақиқатты өмір жайында эстетикалық дүниетанымын тәрбиелеу, осы бағытта өздігінен білім алудағы және өзін-өзі тәрбиелеудегі қажеттілікті меңгерту. Мәселен, эстетикалық білімнің мақсаты – студенттердің эстетикалық мәдениетінің теориялық және құндылық негіздерін қалыптастыруды; эстетикалық дүниетанымды тәрбиелеудің мақсаты – студенттердің білмдері, құндылық бағыттары мен талғамдарының бірлігінде біртұтас көркемөнер мәдениетін қалыптастыруды; эстетикалық бағытта өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаты – студентердің өзін-өзі жетілдіруді көздейді.
Жоғары мектептің білім беру жүйесінде эстетикалық мәдениеттің студенттер даярлығындағы көрінісі, олардың:
- эстетикалық және көркемдік құндылықтарына белсене араласуымен;
- олармен қарым-қатынаста терең эстетикалық қажеттілікті сезінуімен;
- эстетикалық көзқарасты сараптау және бағалау деңгейінің өсуімен;
- өзінің кәсіби әрекетінде жинақталған эстетикалық білімдері мен біліктерін «сулулық заңы» бойынша шығармашылықпен дамыта білуге дайын болуымен;
- өзін қоршаған ортамен әсерлі қарым-қатынас орнатуға талпынысымен;
- бос уақытта өнер мен эстетикалық
шығармашылық әрекеттерге
қызығушылық танытуымен анықталады.
Мұндай көзқарас студенттердің эстетикалық мәдениетінің даму деңгейін көрсетеді және іс-әрекетінің барлық түрлерінде эстетикалық көзқарастары мен сенімдерінің тұрақты қалыптасуына септігін тигізеді.
Студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру нақты бір мақсатқа бағытталады және кезеңді бірізділікпен жоғары дәрежедегі эстетикалық сапа жүйесінің дамуын білідреді. Қалыптасуының әрбір кезеңі өзіндік ерекшеліктерімен (жас ерекшелігі, әлеуметтік-психологиялық және т.б.) сипатталады. Осыған орай, студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың ерекшелігі, сабақтастығы мен жүйелілігін сараптап талдау – бүгінгі таңдағы эстетикалық тәрбиенің бағыты мен болашағын анықтауға, қоғамның мәдени құрылысындағы оның рөлін жан-жақты ашуға, өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі.
Сонымен, студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру – бұл оның ақиқаттағы, өмір мен өнердегі, табиғаттағы, адамдардың қарым-қатынасы мен мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, сондай-ақ жүріс-тұрысы мен өмір сүру салтындағы әсемдікті, сұлулықты, жарасымдылықты үйлесімді қабылдауы және зерделі ұғынуын, осылардың негізінде өзінің өмірін құра білудегі қабілетін дамытуға бағытталған мақсатты процесс. Бұл болашақ мұғалімдердің мәдениетке, өнерге, әдебиет пен поэзияға, оның туындыларына қатысты белгілі бір деңгейде қиялын, түсінігін, көзқарасы мен сенім жүйесін қалыптастыруды қарастырады, яғни нәрсенің (заттың) эстетикалық құндылығына қанағаттану сезімін қамтамасыздандырады. Бір сөзбен айтқанда, эстетикалық мәдениет ұлттық мәдени мұраның, соның ішінде қазақ халқының мәдени мұрасында көрініс алған эстетикалық құндылықтардың адам өміріндегі мәнін дұрыс түсінуге бағытайды және оларды адамның игілігіне пайдалануды қамтамасыз етуді көздейді.
«Мәдени мұра» мәселесі бүгінгі мәдениет теориясының өзекті мәселесінің бірі болып саналады. Ғылыми әдебиеттерге жасаған алдау «мәдени мұра» ұғымының түп тамырының тереңде жатқанын, оның «мирасқорлық», «мұрагерлік» ұғымдарымен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Біз осыны ескере отырып, философтар (Аристотель, Әл-Фараби, Гегель және т.б) мен мәдениеттанушылардың (Н.Я.Данельевская, О.Шпенглер, Арнольд Дж.Тойнби,А.Сперкен, И.В.Суханов және т.б) ой-тұжырымдамаларын негізге алып «мирасқорлық», «мәдени мұра», «мұрагерлік» ұғымдарының мән-мағынасына тоқталамыз, мазмұнына сипаттама беру арқылы өзара байланысын ашып көрсетеміз.
Әлбетте, тарихи
«мирасқорлық» ұғымы «мәдени мұра»
ұғымымен өзара тығыз байланысты. Ол өз
кезегінде «мұрагерлік»
ұғымына алып келеді. Мұрагерлік әрбір
келесі ұрпаққа өткеннің дамуының нәтижесі
ретінде миросқорлықтың тұрақты түйіні
болады. Әйтседе олардың әрбірінің өзіне
тән ерекшеліктері де жоқ емес: біріншіден, миросқорлық
жалпы философиялық категория және «...
қоғамдық, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары
үшін
әдіснамалық маңызы бар. Мәдени мұра категориясы мәдениет саласында болатын процесте өзінің көлеміне қарай тек үйлестіруші ғана болады. Екіншіден, миросқорлық ұғымы құбылыстардың объективтік байланысын білдірсе, онда «мұра» миросқорлықтың заңдылықтарын теориялық тұрғыдан ұғыну және өткен ұрпақтан қалған мәдени құндылықтарды, оларды шығармашылықпен пайдалануда сыни бағалау тұрғысынан ұғыну әрекеті». Сондықтан «мәдени мұра» ұғымы мәдениет саласында «миросқорлық» ұғымын нақтылайды, сол салада миросқорлықтың бірінші нәтижесі, былайша айтқанда қабылдауға, ұғынуға, пайдалануға, мұрагерлікке «материалы» болады.
Ғылыми әдебиеттерде «мәдени мұра» мәселесіне қатысты көптеген зерттеу жұмыстары бар. Соған қарамастан, бұл ұғымға берілген бірегей анықтама жоқ. Олардың басым көпшілігі «мәдени мұраны» қоғам дамуындағы адамдардың жасаған құндылықтарының жиынтығы ретінде қарастырады. Әрине, бұл көзқараспен келісуге болады. Мұндай жалпылама берілген анықтама зерттеліп отырған объектілердің бірігуіне мүмкіндік береді. Олардың негізін адамдардың іс-әрекеті құрайды. Әйтседе, бұл анықтаманы жетілген анықтама деп қабылдауға болмайды. Өйткені, біріншіден, адамдар әрекетінің қандай нәтижесін мәдениеттің жетістігі ретінде сипаттауға болады деген мағынада құндылықтардың жиынтығы ретінде мәдени мұраны анықтауда және мәдени құндылықтарды дұрыс ажыратуда нақты түсінік болмай қалады. Екіншіден, мәдениет феномендерінің мұраға қатысын анықтап алу қажет. Ол үшін мәдени мұраны қазіргі мәдениеттен ажырата білген жөн.
Біздің пайымдауымызша, «мәдени мұра» ұғымын анықтауда түрлі сипаттамаларды қолдану қажеттігі туындайды: уақыт, мәнді-мазмұндық және функционалдық. Уақыт бойынша сипаттама мәдени мұранның әртүрлі феномендерін бөлуге мүмкіндік бермейді. Өйткені, ол қосымша сипатқа ие. Фнукционалдық сипаттама да белгілі бір қиындықты туындатады. Ол мәдениеттің кейбір феномендерінің арасында функционалдық айырмашылықтарды табуға мүмкіндік бермейді. Мысалы, өнер өзінің әр алуандылығына қарамастан сол қызметті атқарады. Мәнді-мазмұндық сипаттама бұл феноменнің қызметін қазіргі дәуірмен байланыстырады және сол феноменнің осы ортада пайда болуын, оның қазіргі уақыттағы көкейкестілігіне қандай жағдайлар себеп болатыны туралы сұраққа жауап беруде септігін тигізеді. Сондықтан, олардың қажеттілігіне қарамастан уақыт пен функционалдыққа қатысты белгілер жеткіліксіз. Тек қана мәнді-мазмұндық сипаттамамен синтездік жағдайда ғана олар мәдени мұраны қазіргі мәдениеттен ажыратуға мүмкіндік береді.
Мәдениетті мұрагерлеуді өткеннің мәдени құндылықтарын әлеуметтік және тұлғалық практикада, әлеуметтік жүйе мен өзара қарым-қатынаста қабылдау, меңгеру және шығармашылықпен ендіру процессі ретінде анықтауға болады.
Мұрагерлік жаңа қоғамның
мақсаттарымен байланысты жүзеге асады.
Бұл мақсаттарға жету процессі мұрагерлікті
меңгеру және осының негізінде жаңа
феномендер мен процестерді жасауды көздейді. Сондықтан «мәдени мұра» ұғым ретінде, «дәстүр» және «жаңашылдық» ұғымдарынсыз анықталмайды.
Дәстүрлер
мен жаңашылдықтың өзара
Қазіргі әдебиеттерде дәстүрлердің мәніне қатысты көлемді үш теориялық көзқарас көрініс алады.
Бірінші көзқарасты шартты түрде жалпыфилософиялық деп атауға болады. Мұнда ғалымдардың дәстүрлер жайындағы философиялық-дүниетанымдық көзқарастары жинақталып, көлемді ілім ретінде ұсынылады.
Екінші көзқараста, дәстүр ұғымы және оның жаңашылдыққа қатысы жалпы әлеуметтік тұрғыда түсіндіріледі. Бұл жағдайда ол тарихи мирасқорлықтың объективтік және қажетті жағдайы ретінде қоғамдық дамудың өткен кезеңінің прогрессивтік мазмұнын келесі кезеңге ендіру процесі тұрғысында қарастырылады. Дегенмен, мұнда мәдениеттің мәні қоғамдық адамның шығармашылық әрекеті болатыны және дәстүр мен жаңашылдық проблемасын талдауда мирасқорлықтың қоғам дамуында ерекше көрініс беретіні туралы деректеме сараланып көрсетіледі.
Үшінші көзқараста нақты-әлеуметік деп атауға болады. Бұл жағдайда дәстүр мәдени мирасқорлықты жүзеге асыру механизмі ретінде әлеуметтік жүйенің белгілі бір элементтері, көбінесе қоғамдық сананың әлеуметтік психологиялық днңгейіне сәйкес қарастырылады. Мұнда дәстүрді, ең алдымен, тарихи-мәдени процестің жалпы заңдылықтарымен емес, сақтаудың қажетті жағдайы және мирасқорлықты қамтамасыз ету факторы ретінде әлеуметтік жүйенің қызметін жасау проблемасымен байланыстырады. Осыған орай, дәстүр, бұл жағдайда басқа да өмір сүретін салттар, нормалар, мінез-құлық ережелері, әлеуметтік дағдылар, принциптер секілді әлеуметтік-реттеушіліктің бір түрі ретінде түсіндіріледі.
Осы жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, біз «дәстүр» мен «жаңашылдық» ұғымдарына өзіміздің ұлттық тұжырымдамалық көзқарасымызды береміз. Біздің пайымдауымызша, дәстүр – қазақ халқының мәдени құндылықтарды жасаудағы тәсілі және соның нәтижесі. Онда олардың құрылымы мен элементтері толықтай сақталады. Дәстүрдің негізгі әлеуметтік мәдени қызметі: қоғамдық қатынастардың маңызды нормаларын тұрақтандыру, қазақ халқының мәдени құндылықтарын сақтау және бір ұрпақтың жинақтаған рухани-адамгершілік тәжірибесін келесі ұрпаққа жеткізу.
Жаңашылдық – қазақ халқының мәдени құндылықтарын
қайта жандандырудың және жасаудың механизмі.
Онда әлеуметтік қажеттіліктерді нәтижелі
қанағаттандыру үшін рухани өндірістің
өткен кезендерімен
салыстырғанда ен жетілген, мазмұны бай мәдениет нысаналарының формаларын құру саналы түрде мақсат етіп қойылады. Бұл механизм мәдениет динамикасына тән және қоғамның рухани өмірінің өзгерісін әлеуметтік қайта жанарумен бірдей қамтамасыздандырады.
Дәстүр мен жанашылдықтың өзара қарым-қатынасындағы бысты мәселе - өзара қарым-қатынаста үйлесімділікке қалай қол жеткізуге болады және мәдениеттің дамуында осы үйлесімділікті қалай қаматамасыздандыруға болады деген сұрақтардын шешімін іздестіру.