Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 08:57, автореферат
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында білім беру жүйесінің қайта құрылуы, оның адамгершілікке бағдарланып, мәдениеттен көрініс алуы адамның шығармашылық әлеуетінің ашылуына, рухани құндылық бағдарының қалыптасуына әсер етеді. Адамның руханилығын өз халқының мәдениетінен оқшау дамыту мүмкін емес. Мәдениет адамзат тұрмысының формасы ретінде өзінің көрінісінде көпжақтылықты байқатады. Соның бірі болып рухани құндылықтардың бірегей әлемін қарастыратын және соның негізінде адамның қалыптасуына әсер ететін халықтың мәдени мұрасы саналады.
Материалдық мәдениетте адамдардың өндірістік қызметінің барлық салалары қамтылады: өндіріс, өндіріс құрал-жабдықтары, өндіріс тауарлары, сәулет өнерінің мұралары, тұрмысқа қажетті бұйымдар және т.б. Ал, рухани мәдениетте – тіл, ғылым, білім, өнер, әдебиет, дін, салт-дәстүрлер, мерекелер, ауызекі шығармалары және т.б. құндылықтар ретінде қарастырылады. Мәдениет қандай түр алса да, ол адамдық құндылықта болады. Өйткені мәдениет қоғаммен диалектикалық байланыста болғанымен, ол тек адамға ғана тән қасиет.
Әйтсе де «мәдениет» ұғымына осылайша анықтама беру, сыңаржақтылық сипатқа ие болуы да мүмкін. Өйткені мәдениет туралы айтқанда оған ешбір өзгеріске түспейтін, ешбір ықпалға берілмейтін нәрсе деп қарауға болмайды. Адамдардың қолымен жасалынып жатқан жаңа құндылықтар, адамдардың құндылықтармен өзара байланысы және оны игеруі мәдениеттің аса маңызды бөлігінің бірі болып табылады.
Осы факторларды ескере отырып біз, «мәдениет» дегеніміз - адамдардың бірлескен түрде ғылыми, моральдық-әлеуметтік, көркем және техникалық құндылықтар жасаудағы қарым-қатынастар жиынтығы. Мәдениеттің мәні адамның ақыл-ойымен, еңбегімен байланысты туындайтын құндылықтар және іс-әрекет тәсілдері. Мәдениеттің ең жоғары нәтижесі - адамдардың қоршаған ортаға шынайы көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырып, мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін және қарым-қатынасын соған сәйкестендіре бағыттап отыруымен анықталады. Ал, мәдениеттің көрсеткіші: ой-өрістің даму дәрежесіне; дүниетанымның қалыптасқан бағытына; әлеуметтік белсенділікке; жекелеген мінез-құлық нормаларының қоғамдық маңызына; іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдерін меңгеруге; мінездің эмоциялық қабылдауына және интуицияға тепе-тең келуіне байланысты айқындалады», деп ой тұжырымдаймыз.
Әлбетте, мәдениеттің қай түрі болмасын бірлікте, тұтастықта, тарихтың бір бөлшегі ретінде тарихи процестермен ұштасып жатады, сол тарихи процестердің тікелей туындысы болып табылады. Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді, өндірістік қатынастарды, адамдардың өмір сүру салты мен рухани дүниесінің қандай ерекшеліктермен анықталатынын ажырата білу қажет.
Жаңа тарихи
дәуiр кейбiр ежелгi дүниедегi ойларды қайта жаңғыртып, мәдениеттiң
дамуына негiз болады. Солардың бiрi, біздің
зерттеу пәнімізге сәйкес, мәдениеттi озық салт-дәстүрлермен
және әдет-ғұрыптармен байланыстыра қарау.
Өйткенi мәдениет бiркелкi емес: онда болашаққа
қызмет ететiн озығы да, тек өткенге, немесе
өткiншiге қызмет ететiн кертартпа, тозығы
да кездеседі. Дүниенiң тұтастығы, қоғамның
интеграциялық негiзi және этностың рухани
кеңiстiгi - мәдени дәстүрлердiң дамуында
ең басты факторлардың бірі болып қала
бередi. Сондықтан халықтың дәстүріне,
оның мәдениетiне, ұлттық-этникалық салт-жора,
әдет-ғұрыптарына сүйенген тәрбие - эстетика құндылықтарын
педагогикалық процесте моделдеу мен
ұйымдастыруды жүзеге асырудың шарттары болып табылады.
Мәдениеттің аса маңызды компоненттерінің бірі «эстетикалық мәдениет» болып саналады, өйткені ол шынайы адамгершілікті қалыптастыруға әсер ететін адам эмоциясының аясын қарастырады.
Философиялық және педагогикалық еңбектерге жасаған талдау (М.Овсянников, В.Липский, У.Сауна, Л.Семашко, Н.Крылова, Л.Печко, А.Коморова, Л.Бабич және т.б) эстетикалық мәдениеттің жан-жақты қарастырылғанын, бірқатар анықтамалар берілгенін, әрбір анықтаманың зерттеліп отырған пәнге негізделетінін, яғни біржақты анықтаманың жоқтығын, эстетикалық мәдениеттің мәндік сипатының дәлелді ашылғанын, көптеген құнды ой-пікірлер, бағыт-бағдарлар берілгенін айғақтайды. Әрбір еңбек өзінше құнды, эстетикалық мәдениет бағытындағы проблемалардың шешімін іздестіруде олардың идеяларын, ұсыныс-көзқарастарын негізге алуға болады. Мәселен, Л.Семашко, У.Суна тұлғаның оқуы мен еңбегінде эстетикалық аспектлердің болуы, міндетті түрде, қажетті адамгершілік қасиеттер мен шынайы шығармашылық қатынастардың қалыптасуына ықпал етеді. Олар, өз кезегінде, эстетикалық сенім мен талғамның дамуына маңызды ықпал етіп, еңбек тәрбиесін ынталандырады және арман-мұраттарын адамгершілік тәрбиесіне бағыттайды. Сонымен бірге мінез-құлық мәдениетін эстетикалық мінез-құлықпен байланыстырып, оны адамның эстетикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға меңзейді деп ой тұжырымдайды.
Н.Крылова мен Л.Печконың эстетикалық мәдениетті дамытудың әрбір кезеңіне тән ерекшеліктерге берген сипаттамасы мен эстетикалық мәдениет компоненттерінің атқаратын қызметінің өзара байланысына (білім – тұлғаның ой-өрісінің деңгейін білдіреді; сенім – эстетикалық бағалаудың бағытын анықтайды; өлшем – оларды реттеуші құрал ретінде көрінеді) берген түсініктемесінің, А.И.Коморованың эстетикалық құндылықтарды ұғынуда элеуметтік-психологиялық және идеялогиялық факторларды негізге алуға байланысты берген ұсыныстарының эстетикалық мәдениетке қатысты мәселелерді шешуде септігін тигізетіні сөзсіз.
Біздің зерттеуіміз үшін Л.Бабичтің эстетикалық мәдениет өз алдына жекеше, тұлғаның нәтижелі қалыптасуында сапалық көрсеткіш бола алмайды, ол, тек адамгершілік мәдениетпен өзара тығыз байланысты жағдайда ғана тұлғаның эстетикалық мәдениетінің шынайы қалыптасуына мүмкіндік туғызады деген ой тұжырымы аса маңызды. Өйткені ғалымның сөзімен айтқанда «эстетикалық мәдениет тұлғаның ішкі әлемін байытады, ақиқат өмір шындығын біртұтас қабылдауға бағыттайды, адамда, адамдардың қарым-қатынасында, қоғамда аса жетілген жасампаздықты қалыптастыруға ықпал етеді».
Эстетикалық мәдениеттің компоненттері фнукционалдық байланыста
болады. Білім - тұлғаның
ой-өрісін, сенімін, эстетикалық бағалауын,
көзқарасын және талғамдарын, жалпы алғанда
идеялық позицияның бағытын,
эстетикалық сезім - өмір сүру әрекетінің эмоционалдық толықтығын анықтайды. Эстетикалық нормалар - практиканы реттеуші құрал қызметін атқарады. Эстетикалық қатынас - іс-әрекетте эстетикалық мәдениетті жүзеге асыруда заттық бағыттылықтың, әлеуметтік нақтылықтың болуына себепші болады.
Эстетикалық мәдениет белгілі бір іс-әрекетті де атқарады: ақпараттық-танымдық - тұлғаның білімдерін жүзеге асырумен байланысты; құндылық-бағыттылық – эстетикалық сенімдерді; іс-әрекеттілік-жігерлілік – эстетикалық мәдениеттің әлеуметтік-шығармашылық бағытын анықтайтын эстетикалық қабілеттіліктерді жүзеге асырумен; коммуникативтік-реттеушілік - тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекетін эмоционалдық және нормативтік тұрғыда реттеуші модел ретінде. Эстетикалық мәдениеттің бұл әрекеті өз алдына оның құрылымындағы барлық үш жүйенің жиынтығында тұлғаны біртұтас қалыптастыру процесінің жолын анықтайды.
Эстетикалық мәдениет эстетикалық әрекеттің мазмұнына, формасына, көлеміне, нәтижесіне себепкер болады. Ал, эстетикалық қатынас бұл әрекеттің негізгі бағытын анықтайды. Демек, эстетикалық қатынас адамның іс-әрекеті құрылымына сәйкес еңбекке, әлеуметтік шығармашылыққа, табиғатқа, ғылымға, өнерге, қарым-қатынасқа, ойынға және спортқа қатысын қарастыруы заңдылық болып табылады.
Адамның эстетикалық ой-өрісті, көзқарастар жүйесі мен талғамның дамуын меңгеруі, нәзік сезіне білуі, мінез-құлықтың эстетикалық нормаларын игеруі – осылардың бәрі эстетикалық мәдениет қалыптасуының көрсеткіші. Жетілген тұлғаның эстетикалық мәдениеті қоршаған ортамен қарым-қатынаста, әлемді сезінуде, демалысында, қызығушылығында, өзінің кәсіби әрекетінде эстетикалық қажеттіліктің кеңдігін және тереңдігін, эстетикалық пікір мен бағалау ерекшеліктерін, жинақталған эстетикалық әсерін «сұлулық заңдылығы бойынша» шығармашылықпен қайта құруға даярлығын білдіретін эстетикалық және көркемдік құндылықтарға араласуымен сипатталады. Тұлғаның эстетикалық мәдениеті іс-әрекеттің барлық түрлерінде және формаларында көрініс алады. Онда адамның жалпы рухани мәдениетінің деңгейі, жеке-даралық эстетикалық көзқарасы, қарым-қатынасы, эстетикалық санасы, мінез-құлқы, ой-өрісі және мәнерлі сөзі, өмірі мен еңбегін ұйымдастыруы, тұлғалық өзара қарым-қатынасы көрініс табады.
Тұлғаның
эстетикалық мәдениеті көрінісі
Педагогикалық
әдебиеттерде кездесетін «студенттердің
эстетикалық мәдениеті», «мұғалімдердің
эстетикалық мәдениеті» деген ұғымдардың
кездесуі де таңсық емес және оларға зерттеу бағытына қарай әртүрлі түсіндірме беріледі Олардың бәрі болашақ мұғалімдердің кәсіби қасиеттерін жетілдіруді көздейді және ұсынылған әдістемелері қарастырылып отырған проблеманың зерттелу деңгейіне сәйкес келеді. Сондықтан әрбір анықтаманы қажетіне қарай негізге алуға болады.
Студенттердің эстетикалық мәдениеті кәсіби даярлық құрылымында көрініс ала отырып және қоғамның келешектегі эстетикалық мәдениетіне деген сұранысты ескере отырып, педагогикалық мәдениеттің басқа бағыттарына ықпал етеді. Өйткені, педагогикалық мәдениет – бұл «психологиялық-педагогикалық сенім мен шеберліктің, жалпы және кәсіби-педагогикалық сапа дамуының, педагогикалық этика мен қарым-қатынас жүйелерінің, іс-әрекеттер мен мінез-құлық стильдерінің синтезі».
Бүгінгі таңда «педагогикалық мәдениет» ұғымына берілген әртүрлі анықтамаларда (В.А.Кан-Калик, С.Б.Елканов, Е.Бондаревская, А.Егоров және т.б.) мұғалім талғамына эстетикалық қасиеттердің қажеттілігі туралы айтады. Мысалы, мұғалімнің білімі мен тәжірибесі қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыда қабылдау тәжірибесін, эстетикалық сананы, көзқарас пен қатынасты, идеалды қарастырады, ал мұғалімнің педагогикалық сезімділігі өзінің бастауын эстетикалық сезім мен әсерлену мәдениетінен алады.
«Мұғалімнің эстетикалық мәдениеті» ұғымы тұлғаның эстетикалық мәдениетімен тығыз байланыста қарастырылады. А.Е.Егоровтың сөзімен айтқанда, бұл «күрделі бір-бірімен байланысты және эстетикалық іс-әрекеттің әралуан түрлерінің эстетикалық қарым-қатынасының бүтін жүйесі және өзінің құрылымында, ерекшелігінде, қызметінде оған енген элементтердің құрылымы және қызметінен ерекшелінеді». Демек, қоғамның эстетикалық мәдениетін құрайтын элементтердің ішінде, оның эстетикалық қорларын тікелей тарату мен дамытуды жүзеге асыратын процестер көрініс алады. Ал, бұл болса мұғалімнің эстетикалық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттайды. Демек, эстетикалық мәдениет адам әрекетінің барлық түрлерінде көрініс алады.
Педагогикалық әдебиеттерде «мұғалімнің эстетикалық мәдениеті» ұғымы әр қырынан зерделенеді. Егер, А.Балян мұғалімнің тұлғалық қасиеттеріне: сырт келбет және мінез-құлық эстетикасы; сөйлеу мәдениеті және оның эмоционалдығы, шынайылылығы, бейнелілігі, көркемдігі; жоғары көркемдік эстетикалық талғам; эстетикалық білім, сенім мен мінез-құлық бірлігі; жоғары деңгейдегі эстетикалық идеал; эстетикалық және көркемдік тәрбие алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздік білім алуға қажеттілік; өзінің шығармашылық қабілетін және дарындылығын дамыту және т.б. жатады десе, Г.Петрова мұғалімнің эстетикалық мәдениетінің кәсіби қажеттілігіне тоқталады. Бірқатар ғалымдар мұғалімдердің эстетикалық тәрбиесі өлшемдерінің топтамасын (З.Н.Третьякова, С.А.Аничкин), эстетикалық тұлғалық сапаларын (О.В.Кременцова, Н.Н.Притыко), эстетикалық білімділік пен тәрбиеліліктің көрсеткіштерін (Н.И.Бабич) анықтайды.
Л.Е.Дементьева
болса, мұғалімдердің эстетикалық
мәдениетін
қарастыруда педагог әрекетінің сыртқы практикалық және ішкі психологиялық жақтарының бірлігін ескеруді ұсынады. Сонымен бірге мұғалімдердің эстетикалық мәдениетін сипаттайтын көрсеткіштердің ішінен негізгі төрт белгілерді (кәсіби іс-әрекетте эстетикалық бағыттың болуы; эстетикалық-педагогикалық білімдердің болуы; эстетикалық қажеттіліктер, сезімдер, талғамдар, идеалдардың даму деңгейінің жеткілікті болуы; эстетикалық тәрбиенің, эстетикалық сөйлеудің, сыртқы келбеттің, мінез-құлықтың әдістемесін меңгеру) атап көрсетеді.
Аталған белгілер өзара тығыз байланыста жүзеге асады. Олардың шартты түрде жекеленуі және бөлінуі тек оқыту процесінде эстетикалық ықпалдың алынған нәтижесін белгілеу мен болашақ мұғалімдердің эстетикалық мәдениетін эстетикалық тәрбие процесінде қалыптастыру жолдарын анықтау мақсатында қажет.
Біз ғалымдардың студент тұлғасының эстетикалық мәдениетіне берген теориялық талдауын, түсінік-анықтамаларын негізге ала отырып, бұл ұғымға: студент тұлғасының эстетикалық мәдениеті, қарым-қатынас барысындағы эстетикалық қажеттілікте, эстетикалық пайымдау мен баға бере білу ерекшеліктерінде, сондай-ақ меңгерген эмоционалдық-эстетикалық әсерін өзінің кәсіби іс-әрекетінде шығармашылықпен пайдалану даярлығында жүзеге асырылатын эстетикалық және көркемдік құндылықтарға көзқарасын сипаттайды. Мұндай түсінік, біздің пайымдауымызша, мұғалімнің эстетикалық даярлығындағы негізгі бағыттарды жүйелі бірізділікте анықтауға көмектеседі.
Студенттердің эстетикалық мәдениетінің қалыптасуы эстетикалық білімдерді меңгеруінің, эстетикалық сана формалары (сенім, сезім, талғам) дамуының, біліктілік пен іс-әрекет, қарым-қатынас пен мінез-құлық өлшемдерінің бірлігі негізінде жүзеге асады. Эстетикалық мәдениетті қалыптастырудың бұл элементтері бір-бірімен өзара тығыз байланыста болып келеді. Біз, студенттердің болмыстағы ақиқатты тануда эстетика құбылыстары мен нысандарына қатысты білімінің толысуын, көзқарасы мен талғам - сезімінің дамуын, сенімінің орнығуын, мінез-құлық пен қарым-қатынастың жағымды ережелерін меңгеруін – эстетикалық мәдениетті қалыптастырудың өлшемі, ал оның эстетикалық қарым-қатынас жүйесін күнделікті, әрі жан-жақты іс-әрекеттерде жүзеге асырудағы даярлығын – эстетикалық мәдениетті қалыптастырудың көрсеткіші деп түсінеміз.
Студенттердің
эстетикалық мәдениеті адамның
жеке басының жалпы мәдениеті
мен кәсіби мәдениетінің ұштасуы негізінде анықталады. Егер, адамның жеке
басының жалпы мәдениеті
оның әдептілігі, қайырымдылығы, ізеттілігі,
қарапайымдылығы, инабаттылығы, ибадаттылығы
мен мейірімділігі, кішіпейілділігі және
т.б. адами қасиеттерімен анықталса, онда оның кәсіби
мәдениетінің мәні кәсіптіліктің
ерекшеліктерімен айқындалады, солардың
негізінде қоғамдық өмірді, табиғатты,
өнерді «сұлулық заңы»
бойынша сезінуі, қабылдауы, бағалауы
секілді қабілеттері қалыптасады. Демек,
мамандарды даярлау барысында мұғалім
кәсібінің ерекшеліктерін ескере отырып,