Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 00:38, дипломная работа

Описание

Қазақстан Республикасының егемендік алып, дүниежүзілік қоғамдастыққа танылуы Қазақстан педагогикасының жаңа мазмұнда сипатталуына кең мүмкіндіктер ашып отыр. Оның бір дәлелі ретінде ұзақ уақыт бойы бір жақты сараланып, ақиқаты ашылмай келген ұлттық педагогика тарихының қазіргі заман тұрғысынан әділ бағасын беруге деген талпынысын айтуға болады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтардың тәрбиелік мазмұны...............................................................................................10

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда Ыбырай Алтынсарин шығармаларының педагогикалық мүмкіндіктері.........................................................................................................25

2 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
2.1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың тиімді жолдары..................................................................................................................27
2.2 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі........................................36
Қорытынды............................................................................................................45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................

Работа состоит из  1 файл

Ыбырай Алтынсариннің шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу.doc

— 562.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты 
 

Мектепке  дейінгі және

бастауыш  білім кафедрасы 
 
 
 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС 

Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин  шығармалары  арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру  
 

        Орындаған: 

        Мамандығы:                                  050102 – Бастауыш оқыту педагогикасы                       

                                                                және әдістемесі 

       Факультет:                                      Педагогика және психология 

       Курсы, тобы:                                  4-курс, топ 

       Ғылыми жетекшісі:                        
 
 
 

Қорғауға ұсынылады:

кафедра меңгерушісі 

----------п.ғ.д., профессор Қ.А.Аймағамбетова

Хаттама №  «------»--------------2008 ж. 
 
 
 
 
 

Алматы 2008 
 
 
 
 

МАЗМҰНЫ 

Кіріспе......................................................................................................................3 

1 Ыбырай Алтынсарин  шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері 

    1. Бастауыш  сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтардың          тәрбиелік мазмұны...............................................................................................10
 
    1. Бастауыш  сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін  қалыптастыруда Ыбырай Алтынсарин шығармаларының педагогикалық мүмкіндіктері.........................................................................................................25
 

2 Ыбырай Алтынсарин  шығармалары арқылы  бастауыш сынып  оқушыларының адамгершілік  қасиеттерін қалыптастырудың  әдістемесі 

2.1 Ыбырай Алтынсарин  шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың тиімді жолдары..................................................................................................................27 

2.2 Тәжірибелік-эксперимент  жұмысының нәтижесі........................................36 

Қорытынды............................................................................................................45 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................48 
 

Кіріспе

    Қазақстан Республикасының егемендік алып, дүниежүзілік қоғамдастыққа танылуы Қазақстан педагогикасының жаңа мазмұнда сипатталуына кең мүмкіндіктер ашып отыр. Оның бір дәлелі ретінде ұзақ  уақыт бойы бір жақты сараланып, ақиқаты ашылмай келген ұлттық педагогика тарихының қазіргі заман тұрғысынан әділ бағасын беруге деген талпынысын айтуға болады.

    Білім беру жүйесінің басты бағыттарының бірі - өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін, ойын қалыптастыру.

    Қазақстан Республикасының “Білім туралы”  Заңында [1] “Білім беру жүйесінің басты  міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық  құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау”, - деп аталған. Сондай-ақ, “Жеке адамның шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектілік байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу”, [1] - деп атап көрсетілген.

    Олай  болса, өсіп келе жатқан жас ұрпақты  жан-жақты мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.        

    Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы  «Қазақстан жеделдетілген экономикалық-әлеуметтік және саяси жаңару жолында» деген  халыққа жолдауында [2] бәсекеге қабілетті  елу мемлекеттің қатарына қосылу үшін білім беру жүйесінің 12-жылдыққа көшу керектігін атап көрсетті оның негізгі мақсаттарының бірі жан-жақты мәдени тұлғаны қалыптастыратын, өзін-өзі тәрбиелей алатын, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі бар, шығармашылық пен еңбек ететін, қоғамдық, нарықтық бәсекелестікке қабілетті, өзін-өзі толық іске асыра алатын, функционалды азамат тәрбиелеуді көздейді.

    Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің  сатысында тұр. Сондықтан да қазіргі  уақытта мамандық таулының барлығы  бейімділікті, ептілікті, қызу белсенділікті  қажет етеді.

    Ендеше  білім беру саласының басты міндеті - өскелең ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу екені айқын.

    Өсіп  келе жатқан жас ұрпақтың адамгершілікке тәрбиелеуді ең алдымен отбасы мен  бастауыш сыныптардағы білім мен  тәрбиеге байланысты болса, екіншіден  балаға жақын ұлттық көркем шығарманы оқу арқылы қалыптасады. Яғни, адамгершілікке тәрбиелеуді бастауыш сыныптан бастап жүзеге асырудың маңызы зор. Оның себебі, бастауыш сатыдағы кезең – бала дамуының ұйытқысы, іргетасы болып, оқу әрекеті қалыптасуының өте қолайлы кезең. Бастауыш мектеп – орта мектептің органикалық құрамдас бөлігі, тұңғыш баспалдағы. Сондықтан да бастауыш сатыда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таным мүмкіндіктерін дамыту  және оқыту мақсаттарының оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарлануы – табиғи нәрсе.

    Бастауыш  мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының  қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбас  кезеңі болғандықтан, оқушылардың шығармашылық негіздері мен еңбек әрекетіне  деген дайындық қалыптаса бастайды.

    Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуді көркем шығармалар арқылы жүзеге асыруға болады.

    Адамгершілікке  тәрбиелеу мәселесін көптеген философ, психолог, педагог ғалымдар әр қырынан  зерттеп, негіздегені айқындалды.

    Көркем  шығарманың тәрбиелік мәнін, білімдік маңызын орта ғасыр ойшылдары: Қорқыт [3], Әл-Фараби [4], алдыңғы қатарлы ағартушылар Ш.Уәлиханов [5], А.Құнанбаев [6], Ы.Алтынсарин [7] жан-жақты қарастырып, өздерінің өмірден тоқыған пайымдауларынан ауқымды ой жүйесін құрған.

    Ы.Алтынсарин шығармалары өсіп келе жатқан жас  ұрпақты ерлікке баулып, ар-намысын, адамгершілік үшін күресуге тәрбиелеп, қайрат, ақыл, жүректілік сияқты адам бойындағы қасиеттерді қалыптастырады [14].

    Белгілі қазақ ойшылдары А.Байтұрсынов [8], М.Дулатов [9], Ж.Аймауытов [10], М.Жұмабаев [11], Ш.Құдайбердиев [12] т.б. өз еңбектерінде ұлтымыздың салт-дәстүрлеріне, оның ішінде отансүйгіштік және ерлік дәстүріне ерекше мән беріп, көркем шағармалар негізінде адамгершілікке тәрбиелеу туралы құнды пікірлер айтып көрсеткен.

    Этнопедагогиканың мазмұнын, құралдарын, формалары мен әдістерін шешуде, оларды оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдарын қарастыру мәселесі бойынша Қазақстандық ғалымдар: Қ.Жарықбаев [13], С.Қалиев [14], С.Ұзақбаева [15], Ж.Наурызбай [16], К.Қожахметова [17] т.б. ерекше үлес қосты.

    Қазіргі жағдайда философиялық тұрғыдан патриоттық тәрбиенің мән-мазмұнын зерттеген В.Г.Афанасьев [18], Л.П.Буева [19], В.В.Журавлев [20], В.А.Медведев [21], Г.Л.Смирнов [22], А.Г.Спиркин [23], Г.Н.Федосеев [24] т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде адамгершілікке тәрбиелеу туралы құнды пікірлер айтылған.

    Бастауыш  сынып оқушыларының психологиялық  ерекшеліктері мен олардың даму заңдылықтарын зерттеген ғалымдар А.А.Давыдов [25], Н.В.Занков [26], А.Н.Леонтьев [27], В.С.Мухина [28], С.Рубинштейн [29], А.Люблинская [30] т.б., республикамызда белгілі психолог ғалымдарымыз Т.Тәжібаев [31], М.Мұқанов [32], Қ.Жарықбаев [33], Ә.Алдамұратов [34], Х.Шерьязданова [35] т.б. қарастырған.

    Зерттеліп отырған мәселенің теориялық  және практикалық тұрғыдан зерттеген  Қазақстандық педагог-ғалымдарымыз: Т.Сабыров [36], Қ.Бержанов [37], С.Мусин [38], А.Сембаев [39], Ж.Б.Қоянбаев [40], Р.М.Қоянбаев [41], Е.Сағындықов [42], М.Жанпейісова [43] т.б. Сондай-ақ Ресей педагог-психолог ғалымдары: В.F.Сухомлинский [44], И.С.Марьенко [45], Е.И.Моносзон [46], Ю.К.Бабанский [47], И.Ф.Харламов [48], И.П.Подласый [49], П.И.Пидкасистый [50], Б.Лихачев [51], Сластенин [52], Столеренко [53], Т.А.Ильина [54], Н.В.Савин [55] т.б. еңбектерінде осы мәселе жан-жақты қарастырылған.

    Оқушыларды  адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі Ж.Г.Кондзе, Н.А.Асипова және А.Э.Измайлов, А.Ф.Фаткуллина, Л.Я.Градулис және т.б. ғалымдардың зерттеу пәні болған. Олардың ішінде Ж.Г.Кондзе мен И.И.Насыров еңбектерінде халық және ерлік дәстүрлері негізінде тәрбиелеудің жолдары ретінде қарастырады.

    Қазақстан Республикасы көлемінде К.Құнантаева, К.Н.Меңлібаев, В.Г.Храпченков, Қ.К.Жампеисова, А.Р.Жұмаханов, С.Ешімханов, С.Т.Иманбаева, С.Б.Омарова, Н.И.Қойшыбаева, Ж.А.Макатова, Д.С.Құсайынова, А.К.Кеңесбаева, А.К.Қалимолдаеват.б. адамгершілік тәрбиесіне  байланысты елеулі зерттеулер жүргізді.

    Бастауыш  сынып оқушыларының көркем шығарманы  жетік білуі, оларды адамгершілікке тәрбиелейтіні сөзсіз. Бірақ бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуді  Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы жүзеге асырудың ғылыми-педагогикалық негізін айқындау - әлі де болса, өз шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі.

    Солай бола тұра Ы.Алтынсарин шығармаларының педагогикалық мүмкіндіктері  мен  оларды бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың қазіргі  жағдайы арасында; бүгінгі қоғам талабына сай адамгершілікке тәрбиелеудің өзектілігі мен оны пайдаланудың ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген әдістеменің жоқтығы арасында қайшылықтар туындап отыр.

    Сол себептен, бұл қайшылықтардың шешімін  табуда біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың мәселесі Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық және әдістемелік жолдарын қарастыру болып табылады.

Аталған мәселенің бүгінгі күнге дейін  ғылыми-теориялық және әдістемелік  тұрғыда өз деңгейінде қарастырылмауы ғылыми зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Ы.Алтынсарин шығармалыры арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру» деп таңдауымызға себеп болды.

    Зерттеу мақсаты: Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негізін жасау.

    Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесі.

    Зерттеу пәні: Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

    Зерттеу болжамы: Егер:

    - Бастауыш мектептің оқу-тәрбие  үрдісінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне  сәйкес адамгершілік тәрбиесін  тиімді әдіс-тәсілдер арқылы қалыптастырса;

    - Ыбырай Алтынсарин шығармалары  арқылы бастауыш сынып оқушыларының  адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру оқу-әдістемелік кешендер мен қамтамасыз етілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесін жоғары деңгейде қалыптастыруға негіз болар еді

    Зерттеудің  міндеттері:

  • Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізін айқындау;
  • бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда Ы.Алтынсарин шығармаларының педагогикалық мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау;
  • Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесін жасау;

    Зертеудің әдістемелік және теориялық негіздері:

    Адамгершілік, адамгершілік тәрбиесі туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар  мен адамгершілік  тәрбие теориясы негізге алынады.

    Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, халық педагогикасының мұраларын зерттеу, оқулықтарды, бағдарламаларды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісін бақылау, алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелерді жинақтау, зерттеу, сауалнама жүргізу, диагностикалау, педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижелерін сұрыптау, оларды математикалық статистикалық жағынан өңдеу.

Информация о работе Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру