Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 00:38, дипломная работа

Описание

Қазақстан Республикасының егемендік алып, дүниежүзілік қоғамдастыққа танылуы Қазақстан педагогикасының жаңа мазмұнда сипатталуына кең мүмкіндіктер ашып отыр. Оның бір дәлелі ретінде ұзақ уақыт бойы бір жақты сараланып, ақиқаты ашылмай келген ұлттық педагогика тарихының қазіргі заман тұрғысынан әділ бағасын беруге деген талпынысын айтуға болады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтардың тәрбиелік мазмұны...............................................................................................10

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда Ыбырай Алтынсарин шығармаларының педагогикалық мүмкіндіктері.........................................................................................................25

2 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
2.1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың тиімді жолдары..................................................................................................................27
2.2 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі........................................36
Қорытынды............................................................................................................45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................

Работа состоит из  1 файл

Ыбырай Алтынсариннің шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу.doc

— 562.00 Кб (Скачать документ)

    Белгілі қазақ ақыны М.Жұмабаев бала ертегіні жан тәнімен беріліп тыңдайды, ертегіде баяндалған оқиғаларға шын көңілмен нанады. Балаға құрғақ, жай сөзбен айтсақ ұқпайды, жандандырып суреттеп, көркемдеп айтсақ ұғады, - деп ой түйіндейді. Академик М.Әуезов қазақ фольклористерінің алғашқыларының бірі болып, ертегі деп баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін, онан соң, елдің белгілі салтын білдіретін, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады  – деп анықтама берген.

    Ал  көрнекті ғалым, ақын лингвист А.Байтұрсынов ертегі жыр деп бұрыңғы өткен батырлар турасында шығарған өлеңдерді, әңгімелерді айтады. Батырлар әңгімесі өтірік, шыны аралас, қойыртпақ әңгіме болады. Шын жағы бұрын батырлар болуы, батырлар заманында соғыс болуы, батырлар халық үшін қайрат қылуы, жұртын қорғауы.  Өтірік жағы олардың мінген атына, тұтынған затына өздеріне бітпеген қасиеттерді тану, болмаған күштерді, болмаған істерді білу, өтірік те емес, шын да емес, дүбара ертегілеу әңгіме болып шығады,- деген болатын.

    Ертегі- қиялмен қисынын келтіріп қызықты ету сияқты мақсатпен шығарған әңгімелер. Ертігінің ішіндегі уақиғалар, уақиғаға қатысқан нәрселердің көбі дүниеде жоқ, қиялдағы уақиғалар мен нәрселер болады. Ертегілер көбінесе астарлы мағынасымен өнегелі келеді.

    Ертегі мазмұны жақсылық, жамандық, достық, қастық, арамдық, адалдық, батырлық, қорқақтық, ептілік, шорқақтық, қулық, аңқаулық және т.б. құрылады. Осы тұрғыдан алғанда ертегі өнеге беру, тәлім-тәрбие беру мақсатында шығарылғанын көреміз.

    Халық ауыз әдебиет үлгілерінің кез-келген жанрын бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану – оқушылардың тілін дамытудың, дүниетанымын қалыптастырудың, оларға патриоттық тәрбие берудің бірден-бір жолы болып табылады.

  Адамгершілік  тәрбиесі - ол жүрек тәрбиесі.

  Рухтың  үясы да -жүрек. Ақыл жүрекпен нүрланса, рахымды болса, ізгіленеді. Жүректің терең жылуынсыз тек ақылмен қабылданған білім адамның өзіне де, қоғамға да, болашаққа да теріс ықпал етеді. Тәрбие баланың даму кезендерінде адамның рухани өзегін қоректендіруші болып, білімнен бүрын жүргізілуі тиіс, яғни білімге адами жөне рахымдылық сипат беріліп, ақылды жүрек жылуымен нұрландыру қажет.

   Қазақ Совет энциклопедиясында: «Адамгершілік - тәлім-тәрбиенің ықпалды өсерімен моральдық сананы қалыптастырудың этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы.

   Ол  отбасы, мектеп, ұстаз, еңбек, қоғам, жеке ықпал арқылы іске асырылады», - делінсе [69;13], ал қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде «адамдардың кұнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет» деп көрсетсе [115,12], қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: «Адамгершілік - қоғамдық өмірдің объективтік зандылықтарына сөйкес адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін моральдық үғым», - деп анықтама берілген [120,8].

   Л.А. Байсеркеевтың зерттеуінде жасөспірім төрбиесіндегі адамгершілік тәрбие мен құқықтық тәрбиенің езара байланыстылығын теориялық, әдіснамалық тұжырымдамасын талдап, жасөспірімдерді әлеуметтік жағдайға сай адамгершілікті-құқықтық негізде тәрбиелеудің жүйесін айқындаған [52]. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 кесте. Адам бойында   кездесететін  адамгершілік  қасиеттер 

 
 
 Адамгершілік  қасиеттер  Сезімнен туындайтын адамгершілік  қасиеттер  Ақылдан, білімнен туындайтын адамгершілік  қасиеттер  Қайрат-жігерге тән  адамгершілік  қасиеттер
 1

 2

 3

 4

 5

 6

 7

 8

 Мейірімділік

 Қайырымдылық

 Кешірімділік

 Қарапайымдылық

 Ақ  көңілділік

 Кеңпейілділік

 Әділдік

 Адалдық

       
 1

 2

 3

 4

 5

 6

 7

 8

 Білімділік

 Саналылық

 Терең ойлылық

 Мақсаттылық

 Байқағыштық, сезгіштік

 Жоғары  талап қоюшылық

 Жоғары  идеялылық

 Зеректілік

       
 1

 2

 3

 4

 5

 6 

 7

 8

 Тіл тапқыштық

 Көпшілдік

 Еңбекқорлық

 Жауапкершілік

 Ептілік

 Тез шешім қабылдағыштық

 Белсенділік

 Сабырлылық

       
 

   Мәселен, «Даналық әліппесінде» - «Адамгеріпілік дегеніміз не?» -деп сүрапты үлағатты бір қария жас жігіттен.

  • Ата, адамгершілік дегеніміз — ақылды адамның асыл қасиеті, - 
    депті жігіт.
  • Дүрыс балам,  - депті қария.  - Адамгершілік ақылды адамнан 
    шығады, ал ақымақ адамнан надандық шығады. 
    Адамгершіліктің жеті қасиеті бар:
  • Ақылдылық - адамгершіліктің алғашқы сатысы, 
    Сөлемдесу — адамгершіліктің бастамасы, 
    Сыйласу — адамгершіліктің ары мен нүры, 
    Қүрметтеу — адамгершіліктің қолдаушысы,

    Кішіпейілділік, ізеттілік, мейірімділік — адамгершіліктің достары. Ал,    ары жоқтың адамгершілігі болмайды, адамгершіліктің қас

жауы - өсек, өтірік, мақтаншақтық. Сондықтан  адамгершілік тек арлы адамда болады, - депті. [119].

     Педагогика  ғылымында адамгершілік тәрбиесі тәрбиеленушілердің бойында қоғамдық мораль талаптарына сай келетін адамгершілік сапаларды қалыптастыру мақсатында олардың сана-сезіміне, мінез-құлқына саналы, әрі жүйелі түрде әсер ету ретінде анықталатыны белгілі.

     Ал, адамгершілік адамдардың күнделікті қарым-қатынасына байланысты ізгілендіру принциптерін белгілейтін моральдық қасиет болып табылады.

     Қоғамдық  сана формасына жататын мораль- адамның  бір-біріне деген қатынасын белгілеп, тарихи өзгеріп отыратын нормалардың, принциптердің, ережелердің белгілі  жиынтығы.

     Мораль  принциптері мен ержелерін орындау  қоғамдық пікірге негізделген. Олардың  ережелерін бұзғаны үшін ешкім заң  бойынша қылмысқа тартылмайды, бірақ  оның әсері құқықтан кем емес. Мораль- адамдардың адамгершілік дамуының ең жоғарғы сатысы.

     Адамгершілік тәрбиесі адамгершілік ұғым, принциптер, мінез-құлық нормалары жайында біліммен қаруландырады.

     Адамгершілік  ұғымдарды тек қана жаттап алып, есте сақтап қана қоймай, оларды оқу-тәрбие, еңбек процесінде іске асыру қажет. Сонда ғана адамгершілік принциптері моральдық сенімге айналады.

      Адамгершілік  тәрбиесінің міндеттері:

адамның әрбір жеке қасиетінің ( ізгілік, адалдық, батылдық, т.б.) жиынтығы болатын адамгершілік сенімді, сезімді  және әдетті қалыптастыру;

адамдарға құрмет сезімін дамыту, кішіпейілділікті, қайырымдылықты тәрбиелеу;

жеке  мүддені қоғамдық мүддемен ұштастыра  білуге тәрбиелеу;

  • патриотизм мен интернационализмге тәрбиелеу;

      Міне, сондықтан адамгершілік тәрбиенің қазақ жерінде қалыптасқан қоғамдық ой-пікірлердің негізгі ерекшеліктерін анықтамай, тарихта болған ғұламалардың дүниетанымын сараптамай жетістіктерге жету мүмкін емес.

       Адамгершілік  адам қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік  ерекшеліктерімен, қайшылықтарымен  бірге қайнасып, ұлы ғұламалардың мұраларында елеулі орын алған.Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңыздылығын айқындайды. Құндылық екі компоненттен тұрады. Заттық құндылық, оған заттардың табиғи қажеттілігі, еңбектен шыққан өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориялық маңызы және практикалық пайдасы, адамдардың іс-әрекеттеріндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады.

    Ал, санадағы құндылық ұғымына қоғамдық оймен баға беру -мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады. Заттық және субъективтік құндылық - адамның дүниеге қатысының екі жағы, біріншісі - оның объектісі, екіншісі — субъектісі. Заттық құндылық баға берудің объектісі де, субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады. «Заттық құндылық - адамдардың қабілеті мен мүмкіндіктерінен шыққан өрекеттерінің қажеттілігі, ол адамдардың әлеуметтік өрекеттерінің сыртқы, қоғам үшін керекті жақтарын қамтиды. Субъективтік қүндылық адамдардың әлеуметтік өміріндегі іс-өрекеттерінің бағытын нормативтік формаларға багындырып отырады», - делінген [29, 40-41]. 

     2.3.Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін

қалыптастыруда  Ыбырай Алтынсарин шығармаларының педагогикалық мүмкіндіктері

Ы. Алтынсарин 1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалады . Содан былай Ыбырай Алтынсарин екі "майданда" жұмыс істей бастайды. Біріншісі –аталмыш мектептерге болыстардан балаларды неғұрлым мол тарту, сол үшін мектептер жанына интернаттар салу ; екіншісі – болыстықтарда мектептер ашу . "қазақ болыстық мектептері турасындағы" жазбасында: "үш-төрт болысқа бір мектеп салу жұмысына кірісу ғана қалды" дейді де осы жазбаның бір  сілтемесінде: "Ырғызда мектеп үйін салудан ақша артылып қалатын болса, онда облыстық бастықтар оны Елек пен Николаев уездерінің әрқайсысында бір - бірден  екі болыста ғана мектеп салуға  рұқсат етіп отыр.  Ал  Торғай облысында қырық шамалы болыс бар. Сондықтан, егер төрт болысқа бір мектептен дегеннің өзінде, енді он мектеп ашуымыз керек болады",-  деген де жолдар бар.

          Торғай  облысының губернаторы,  тегі, болашақта ашылатын болыс  мектептерінің  түр-тұрпатының  қандай болатыны  жөніндегі инспектор  пікірін білгісі келген болу  керек, соған жауап ретінде  Ыбырай 1883 жылдың 30- қазанында жазған баяндама хатында былай дейді (болашақта Ыбырай ойы қазақ елінде ашылар барлық болыстық мектептің нұсқасы ретінде қабылданатын болғаннан кейін, оны толық беруді жөн көріп отырмыз):

       "…Менің ойымша, таза қазақтар  арасында болатын бұл мектептердің құрылысы осы халықтың тұрмыс жағдайына ыңғайлану керек; сондықтан бұл мектептер қазақтар қыстаған кезде қыстап, көшкен кезде көшіп жүрулері керек. Оның үшін, мысалы, болыс көлемінде орталық болатын және шаруашылық жағынан қолайлы келетін бір орынды таңдап алып, менің ойымша, жергілікті материалдардан (қам кірпіштен,т.с.), мүмкін болғанша берік, бір кластық бөлмесі бар, оқытушы жататын,  ас  пісіретін бөлмесі, ауыз үйі, шоланы бар мектеп үйін салу керек. Мұнда қазақ балалары жеті жарым ай, яғни 1-қыркүйектен 1-мамырға дейін, қазақтар, дағды бойынша, жазғы жайлауларына көшкенше оқи алады; ал 1- мамырдан бастап мектеп басқа қазақтарша, киіз үйге шығып алып, көшкен кезде мектепке көлік бере алатын немесе әр ауылдың мектепке кезекпен көлік беруі жайында ресми бұйыра алатын бір беделді қызмет адамымен бірге, көшіп отыруы керек. Мектептің осы айтылған түрде көшіп жүруі қазақтарға ауыр бола қоймады".

      1879 жылдың 25 қарашасында Ильминскийге  жазған хатында: "…Болыстық мектептерді  ашуға асығудың әзірге  қажеті жоқ .Өйткені оларға лайық оқытушы жоқ… Әуелі әрбір уезде қазақ арасынан жақсы жабдықталған бір-бір екі класты немесе үш класты  мектеп ашуымыз керек… Ол мектептерден  оқушыларды отырықшылыққа, тазалыққа дағдыланатын, әр нәрсеге  де ақыл –оймен қарай білетін етіп шығаруымыз керек… Ал  болыстық мектептер дегеніміз қазір бұл мақсатқа  жеткізе алмайды. Ал егер  бұл мектептерге оқытушы етіп небір өсекші казактарды немесе бүкіл Россиядан орын таба алмай жүрген маскүнем бір шенеуніктерді жіберетін болсақ, онда біз ілкі кезден бастап-ақ орысша мектептерге халық көңілін мүлде суытып алуымыз мүмкін. қазақтардың өз арасынан жергілікті жағдайлардың бәрін жақсы білетін, оқыған адамдар көбірек шыққан кезде болыстық мектептерді ашу керек те және ол мектептер күмәнсіз пайдалы болады. Егер ашқалы отырған мектептеріміз тез жүзеге асып , дайындамақ оқытушыларымыз  тез бітіріп шығатын болса, бұл онша ұзаққа да созылмас".

        Бұл хаттан, біріншіден, болыстық  мектептер ашу мәселесі  әуелден  сөз болып келе жатқанын білсек, екіншіден, әсіресе хат болыстық мектептер ашуда Ыбырай алдында қандай мәселелердің бой көрсетіп тұрғанын артық түсіндірмесіз - ақ айқындап тұрғанын аңғарамыз.

Информация о работе Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру