Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 00:38, дипломная работа

Описание

Қазақстан Республикасының егемендік алып, дүниежүзілік қоғамдастыққа танылуы Қазақстан педагогикасының жаңа мазмұнда сипатталуына кең мүмкіндіктер ашып отыр. Оның бір дәлелі ретінде ұзақ уақыт бойы бір жақты сараланып, ақиқаты ашылмай келген ұлттық педагогика тарихының қазіргі заман тұрғысынан әділ бағасын беруге деген талпынысын айтуға болады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтардың тәрбиелік мазмұны...............................................................................................10

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда Ыбырай Алтынсарин шығармаларының педагогикалық мүмкіндіктері.........................................................................................................25

2 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
2.1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың тиімді жолдары..................................................................................................................27
2.2 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі........................................36
Қорытынды............................................................................................................45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................

Работа состоит из  1 файл

Ыбырай Алтынсариннің шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу.doc

— 562.00 Кб (Скачать документ)

    Әсіресе, Ыбырай Алтынсаринның “Өнер, білім  бар жұрттар”, “Өзен”, «Әке мен  бала», «Өрмекші мен құмырсқа», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Атымтай Жомарт» т.б. шығармалары бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға мол септігін тигізеді.

    Оқушылардың адамгершілігін қалыптастыруда оқулық материалдарын пайдаланудың маңызы зор. Адамгершілікке тәрбиелеу, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына байланысты бұл мәселені шешуде оқулықтарда  берілген материалдардың мазмұнының мәні айрықша. Ана тілі оқулығын саралау барысында адамдық пен адамгершілікке қатысты көптеген материалдар Отанға, елге, жерге арналған.

    Оқулықта  берілген әрбір тараудан кейін тақырыпқа  байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, түрлі сұрақтар мен тапсырмалар берілген. Осының барлығы бастауыш сынып оқушылары бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратыны сөзсіз.

    Бастауыш  сынып оқушылары бойында адамгершілік қасиеттерін  қалыптастыруда мұғалімнің атқарар ролі ерекше. Оның себебі сынып мұғалімнің міндеттерінің көлемі өте ауқымды, әрі қиындықтарға толы. Мұғалім – бұл өз балаларының ортасындағы қарым-қатынас қуанышына кенелу. Мұғалім болу – педагогикалық қарым-қатынасты, ынтымақтастықты жүзеге асыру, өзіңнің әрбір тәрбиеленушіге қажет болуға талпыныс және адам тәрбиелеудегі кішігірім жетістіктер мен үлкен жеңістердің қуанышы.

    Оқытудың  ғылыми деңгейін арттыруда, көркем шығарма  әдебиетінің тәрбиелік, педагогикалық  құндылығын ерте кезде-ақ түсінген.

    Қай заманды алмасақ та, адамгершілікке тәрбиелеу әрқашанда өзінің көкейтестілігін жойған емес. Міне бүгінгі таңда да еліміз егемендігімізді алып жатқан кезде барлық мұғалімдердің алдында тұрған міндет - өсіп келе жатқан жас ұрпақты адамгершілігі мол азамат тәрбиелеу  болып табылады.

    Жалпы бастауыш сынып оқушыларын Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу үшін сынып жетекшісі төмендегідей мәселелерді жүзеге асыруы қажет:

  1. оқушыларды көркем әдебиетке жұмылдыру;
  2. оқушыларға бар мүмкіндігінше білім алуға көмектесу;
  3. бастауыш сынып оқушыларының ғылыми біліктерін, дүниеге көзқарастарын, өмірлік ұстанымын қалыптастыру;
  4. оқушылардың бос уақытын көркем әдебиетке тарту;
  5. Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында түрлі топсаяхаттар, интеллектуалдық ойындар, арнайы тәрбие сағаттарын ұйымдастыру;
  6. ата-аналармен жұмыс (балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруға үйрету, көркем әдебиет шығармаларына балаларының қызығушылықтарын дамытуға ата-аналарды қатыстыру)

    Ғылыми  зерттеу жұмысымыз оқу-тәрбие үрдісінде  Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының бойында адамгершілікті қалыптастыруда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің, формаларының, дидактикалық принциптері мен заңдылықтарының маңызы зор екенін дәлелдеді.

   Адамгершіліктің ең жоғарғы рухани қажеттілігінің бастау көзі - өзін-өі көрсету, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту қарым-қатынаста, дүниетанымда өзінің шығармашылық қабілетін таныту болып табылады. Бұл арада оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің шарттарының бірі – мектеп жасында жеке тұлғаның өздігінен даму заңдылықтарын білу қажет.

   Осы орайда, адамгершілік тәрбиесінің ойдағыдай, табысты болуы жеке тұлғаның өзін рухани дамыту мақсатында үздіксіз өзін-өзі  жетілдіруіне байланысты. Адамның өзіндік  сана-сезімінің көрінісі туралы басқа  адамға үңіліп көз тоқтатып, өзін өзгелермен салыстырғанда ғана, ол өзін-өзі таниды.

   Баланың жеке басы сана-сезімінің қалыптасуына оның құрдастарымен үнемі араласуы және бірлескен өмірі шешуші рөл  атқарады. Оқушы өзіндік сана-сезімінің  жаңа сатысына көтеріледі. Бала өзге балаларға қырағылықпен үңіліп, мына талаптарға құрбыларынан қалыспай бірдей ат салысуға тырысады: олар қалай жазады, қалай санайды, қалай сөйлеседі, сұраққа қалай жауап береді, суретті қалай салады, оларға ересектер мен құрдастары, үлкендер мен кішілер қалай тіл қатады. Өзінің табыстарын, жетістіктері мен сәтсіздіктерінің өзге балалардың да осындай істерімен үнемі еріксіз салыстыру – оқушылар өзіне-өзі баға беруге мүмкіндік туғызады. Өзін бағалау, өзіне-өзі баға беру оған мұғалімнің қатынасының әсері арқылы пайда болады. Өзіне-өзі баға беру мектепке дейінгі жастан-ақ қалыптасып, есейген кезде дейін жалғасады. Міне, осындай бірлескен ынтымақпен, сабақтастықпен жүргізілген өзін-өзі бағалау оқушылардың адамгершілік қасиет – сапаларының қалыптасуының өзегі болмақ деп ойлаймыз.

   Балалардың  бойына адамгершілік қасиеттерді сіңірудің  жолын іздеу, оның моделдік технологиясы.

   Не  істеуге болмайды?

          І-топ

   А) Үлкендердің алдын кесіп.......(өтуге  брлмайды)

   Ә) Кішкене баланы........(жылатуға болмайды)

   Б) Қыз баланы.........(ренжітуге ьолмайды)

          ІІ-топ

   А) Сабақтан........(кешігуге болмайды)

   Ә) Сыныпта........(айқайлауға болмайды)

   Б) Дөрекі,былапыт сөз........(айтуға болмайды)

   Не істеу керек?

         І-топ

  А) Үлкен кісіні........(сыйлау керек)

  Ә) Үлкеннің.............(тілін алу керек)

  Б) Үлкендерге.........(сәлем беру керек)

        ІІ-топ

  А) Кішілерге........(қамқорлық жасау керек)

  Ә) Аналарды, апаларды.....(сыйлау керек)

  Б) Оқу құралдарын...........(күтіп ұстау  керек) 

    Оқушыларды  адамгершілікке тәрбиелеуде сананы және өзіндік сананы қалыптастыру.

    Тәрбие  жұмысында, әсіресе, өз бетінше әрекет етуді қалыптастыру процесінде жас  ерекшелігін ғана емес, сондай-ақ тұлғаның жеке қасиеттрін де ескере білу маңызды  болып табылады. Бұл негізіне оқушылардың  мінез-құлқыдағы күрделілік пен қарама-қайшылықтан туыдайды.

    Қазіргі кздегі оқушылар өзіндік дамуы, қызығушылығы, мінезі ме басқа да қасиеттеріне қарай  әр түрлі болып келеді, Бірқатар оқушылар сөзге құлақ асаты болса, ал басқалары тікмінез, дөркі немесе ұяң да болып келді. Сода-ақ әрбір индивидтің эмоциралдық жақтары түрлі-түрлі қасиетке ие. Сондықтан осындай жеке ерекшеліктері байқаған бойда, барлық оқушыларға бірдей педагогикалық талаптар қоюға болмайды.

    Тәрбиелеу процесі адамгершілік өзіндік сананың, сондай-ақ адамгершілік санасының тұрақты дамуын қарастырады. Педагогикалық көзқарас бойынша, өзіндік сана өз бетінше тану, өз бетінше бағалау әдістерін игеру процесін танытады. Тұлғаы адамгершілікк тәрбиелеу процесінде адамгершілікке негіхзделген өзіндік сааны қалыптастыру негіз болып табылады.

    Балалық немесе жасөспірім шақ өзін-өзі тау  процесінде адамгершілікке негізделген  өзіндік сананың пайда болуы  үшін әр кезде де қолайлы болып  табылмайды.

    Өзін-өзі  бағалау мен өзін-өзі талдау өзіндік  сананың компоненттері ретінде  көрінеді.Компонент бола отырып, олар өзіндік сананың негізгі критерийлері болып табылады.

    Рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары.

    Қай маман иесі болсын әлеуметтік-экономикалық жағдаына қарамастан педагогикалық  қызметті қаласа да, қаламаса да араласатыны  хақ. Тіпті бірге жұмыс істегн адамдарға ықпал ете алса, соның өзі де тәрбиелік мәнге ие. Сондықтан кімде-кім болсын тәрбиелік қателіктер жібермеуге алдын ала дайын болуға саналы бойсұнғаны жөн. Балалардың қатліктері ата-ананың, ұсаздың және ересектердің жіберген кемшіліктері. Егер бала көңілдегідей болмай шықса, бұған оны қоршаған тәрбиешілер кінәлі екенін саналы мойындамағанынша, адами құндылық тәрбиелері межелі нәтиже бермейді. Қазіргі кезде руъхани-адамгершілік тәрбиесіне қатысты ғылыми теориялық әдебиеттерді талдай, ата-аналар мен ұстаздар арасында жүргізілетін нақты тәжірибелік материалдарды зерделй келе, жасөспірімдерді рухаи-адамгершілік қасиеттрге тәрбилеуде ұстаз тәрбиешілердің рөлі басым екенін байқадық.

    Ендеше тәрбиені мақсатты әрі мазмұнды ету үшін, біз алдымен, мектепте педагогикалық жағда жасап алуымыз керек. Ал педагогикалық жағда дегеніміз -  оқушыны жақсы ой, жағымды мінез, пайдалы әрекеттерге жетелеп, ұмтылыс жасайтынына ықпал ететін педагогикалық шарт. Рухани-адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық шарттары оқушылардың рухаи байлығы мен әлуметтік ахуалын қамтиды. Мұы мектепте, отбасында оқушының ақыл-ойы, жүріс-тұрысы мен мінез-құлқыа әсер ететін, оның бойыдағы қабілттерін дамытуға мүмкіндік туғызатын шынайы жағдалар деуге болады.

    Яғни  туыдаған жағдай жағымды болса, оың әсері де пайдалы әрі тиімді, жағымсыз болса, ол қауіп-қатер тудыруы мүмкін. Сондықтан мектеп рухани адамгершілікті қасиет-құндылықты тәрбие бру барысында мұғалімдрдің, ата-аналардың ықпалын арттыратын мынада педагогикалық шарттарды белгілеп алуы тиіс: мотивациялық-мақсаттылық, ғылыми-әдістемелік,әлеуметтік, тұлғалық, интеллектуалды-эмоциялық, танымдық-шығармашылық, ақпараттық.

    Бұл үші, біріншіден, мұғалім адамгершілік тәрбиесіндегі алдына қоятын мақсатты анықтап алмағы ләзім. Педагогика ғылымының жүздеген жылдардан бергі тәжірибесіне сүйенсек, баланы рухани-адамгершілікті болуға тәрбиелеу өте қиын үрдіс. Себебі, қазіргі таңда рухаи-адамгершілікті қасиеттердің құндылығы төмендеп, озбырлық, арсыздық, ұятсыздық, көргенсіздік, мейірімсіздік, қатыгездік, т.б. белең алып, осындай мінезі бар адамдардың жағдайы керісінше ұяты, ары бар адамдарға қарағанда тәуір секілді болып көрінеді. Бірақ, сырттан қарағанда олардың жағдайы жақсы болғанымен, әлемді ұстап тұрған жақсылық пен  жақсы адамдардың арқасында екенін олар іштей мойындайды.

    Адамның адамгершілік түйсігі – оның эмоциялық  таымы мен мінезіне де  байланысты болатын күрделі құдылыс. Адамгершілік қасиеттер басқа да қоғамдық таным  түрлерімен байланысты болады. Ол, әсіресе, құқықпен тығыз байланысты.

    Адамгершілік  тәрбиесі оқушылардың өзін-өзі дұрыс  ұстауын қамтамасыз етеді. Яғни, қазіргі  уақытта рухани-адамгершілік тәрбиесін  қалыптастыру мақсатында түрлі педагогикалық  теориялар мен шарттар қалыптасып отыр.

    Рухаи-адамгершілікке тәрбиелеудің екінші шарты: эмоция.

    Бастауыш  сыныптарда Ыбырай Алтынсарин шығармаларын пайдалануда оқытудың дидактикалық принциптерін (ғылымилық, саналылық  пен белсенділік, көрнекілік, жүйелілік  пен бірізділік, беріктілік, тиімділік, теория мен тәжірибенің байланыстылығы) басшылыққа ала отырып, гуманистік, табиғатқа сәйкестілік принциптерін жүзеге асырамыз.

    Көркем  шығарма арқылы бастауыш сынып оқушылары  бойында адамгершілікті қалыптастыру нәтижелі болуы үшін мұғалім дидактикалық принциптерді дұрыс таңдай алуы қажет. Мұндағы мұғалімнің басты қызметі: дидактикалық принциптердің негізінде бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру мақсатында көркем шығарма әдебиетін оқу үрдісінде жүйелі, тақырыпқа сай қолдану.

    Негізгі дидактикалық принциптерден басқа  гуманистік принцип оқу-тәрбие үрдісінде оқушылармен субъект-субъектілі қарым-қатынасты талап етеді. Оқушылардың көзқарасымен санасуды, олардың жеке басын құрметтеуді қажет етеді. Табиғатқа сәйкестілік принципін алған ұсынған чех педагогы Ян Амос Коменский. Оның ілімі бойынша табиғатқа сәйкестілік принципі оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі етеді. Табиғатқа сәйкестілік принципі оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеруді, сондай-ақ, олардың табиғи нышандарына сәйкес жүргізуді талап етеді.

    Ыбырай  Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде оқытудың әдістерінің маңызы зор. Егер оқыту әдістерінің дәстүлі жіктелуіне тоқталсақ оны төмендегі кестеден көруге болады:

    Жалпы айтқанда оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады.

    Бастауыш  сынып оқушыларына Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы адамгершілікке тәрбиелеуде осы аталған дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа проблемалық  әдіс, эвристикалық, зерттеу, монологтік әдіс, видео әдісін пайдаланудың маңызы ерекше.

Информация о работе Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру