Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 00:38, дипломная работа

Описание

Қазақстан Республикасының егемендік алып, дүниежүзілік қоғамдастыққа танылуы Қазақстан педагогикасының жаңа мазмұнда сипатталуына кең мүмкіндіктер ашып отыр. Оның бір дәлелі ретінде ұзақ уақыт бойы бір жақты сараланып, ақиқаты ашылмай келген ұлттық педагогика тарихының қазіргі заман тұрғысынан әділ бағасын беруге деген талпынысын айтуға болады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтардың тәрбиелік мазмұны...............................................................................................10

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда Ыбырай Алтынсарин шығармаларының педагогикалық мүмкіндіктері.........................................................................................................25

2 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
2.1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың тиімді жолдары..................................................................................................................27
2.2 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі........................................36
Қорытынды............................................................................................................45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................

Работа состоит из  1 файл

Ыбырай Алтынсариннің шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу.doc

— 562.00 Кб (Скачать документ)

    Сонымен қоса, оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде  оқытудың формалары мен түрлерінің әсері айрықша. Көркем шығарма әдебиет  үлгілерін пайдалану  нәтижелі болу үшін мұғалім оқытудың формаларын (сабақ, үй тапсырмасы, сыныптан тыс жұмыстар, факультативті сабақтар т.б.) түрлендіріп, алмастырып отыру қажет. Көркем шығарма мазмұнын оқушыларға проблемалық оқыту (тақырыпқа сай оқушы алдына проблема туғызу), дәстүрлі оқыту (сыныптық-сабақтық жүйе), бағдарламалық (берілетін оқу материалы бөліктерге бөлініп, оқушыларға олардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай беріледі), дамыта оқыту (мүмкіндік деңгейдегі қиын тапсырмаларды беру) арқылы меңгертіледі.

    Ыбырай  Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде оқу-тәрбие үрдісінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың маңызы ерекше.

    Топтық  жұмыстарға бірыңғай топтық жұмыс және сараланған топтық жұмыс жатады. Бірыңғай топтық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды. Сараланған топтық жұмыстарда тапсырма топтың қабілетіне, мүмкіншілігіне, сұранысына қарай сараланады.

    Оқушылардың ойлау қабілетінің артуы мұғалімнің білім беру барысындағы шеберлігіне  байланысты. Егер, мұғалім сабақ  барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданумен қатар оқушылардың оқу  әрекетін түрлендіруге (оқу, жазу, әңгімелесу, сызу, тәжірибе жасау) жағдай жасай білсе, олардың ойлауы, неге бұлай? – деген сұраққа жауап іздеуіне, сол арқылы өз ойын қорытып ұғымын түйіндеуіне жағдай туады.

    Адамгершілік  тәрбиесі бойынша ұжымдық тәрбиелік  істерді ұйымдастыруды оны жоспарлаудан  бастау керек. Яғни, мұғалімнің қызметі – жоспарлау негізінде ұжымдық жұмысты ұйымдастыру. Тәрбиелік істер оқушылар ұжымымен бірге жоспарланады, дәлірек айтқанда балалардың даярлануы сынып жетекшісінің басшылық жасауымен бірлесе қызметтестікте шығармашылықпен өткізілгені абзал.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі

   2.2. Зерттеу әдістемелерінің  сипаттамасы мен  зерттеу барысы. 

1. О.И. Комиссарованың "Топтағы нормалық қалауларды өлшеу" атты әдістемесіне сипаттама:

   Берілген  тест индивидтің әртүрлі нормаларды қалауын зерттеуге арналған. Тест нормативті қалаулардың екі түрін  бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бөлінген нормативті қалаулардың негізінде  топтағы индивидтер де нормативті үміттердің екі типі қалыптасады және олар қабылдаудың субъектісіне беріледі. Коммуникативті және функционалды. Нормативті үміттерді білу зерттеушіге басқаны қабылдаудағы пайда болатын қателіктерді түсіндіруге және топтағы мінез-құлықтық әлеуметтік реттеу процесін адекватты сипаттауға мүмкіндік береді.

   Нұсқау: "Сіздердің алдарыңызда бірнеше сауалдардан тұратын сұрақнама. Егер Сіз келіссеңіз "қосу" белгісін қойыңыз; егер келіспесеңіз "алу" белгісін қойыңыз. Кейбір жеке жағдайларда "қосу мен алу" бірге жіберіледі, егер Сіз жауабыңызға сенімді болмасаңыз.

   Берілген  тесті топтағы индивидтердің  міне-құлығын болжауға мүмкіндік  беретін құрал ретінде қарастыруға  болады.

  1. Зерттеу құрылғанына 1 жыл болған топта жүргізіледі.
  2. Топтың біріккен іс-әрекетте тәжірибесі болуы керек.

Сұрақнама парақтары әрбір  зерттелушімен жеке түрде толтырылады.

2. Мәдени құндылық  бағдар тесті (Л.Г.  Почебут)

   Біз этностық «Менді» зерттеу барысында  кез келген тұлға өзінің дамуы  қоршаған ортадағы мәдениеттің ерекшеліктеріне де байланысының барын не жоқтығын байқау үшін Л.Г. Почебуттің «Мәдени құндылық бағдар» әдістемесін қолдандық.

   Ұсынылып  отырған әдістеменің басты авторы Дж. Таусенд болып табылады. Этномәдени айырмашылықтарды зерттеу кезінде  қандай да бір мәдениеттің таза түрін табу өте қиын, өйткені қазіргі уақытта адамдардың миграциясы, әрі құнды болатын жан дүниелерінің өзара ауысуы жүруде. Мәдени құндылық бағдар тесті бұл тұлғалық тест, ол зерттеліп отырған мәдениеттің қалыптасуы мен құрылуының негізгі тенденцияларын зерттеуге арналған.

   Этнопсихологиялық зерттеулер көп жағдайда халық мәдениетін зерттеу деп түсіндіріледі. Ал, «мәдениет» көп мағыналы. Ғылыми әдебиеттерде оның 150 ден астам анықтамасы бар. Мәдениет өзінің құрамына этностық өмір сүру бейнесін, оның құндылықтарын  сенімін ,мінез- құлқының нормаларын , сөйлесу стильдерін және т.б. кіргізеді.

   Тест  бес сұрақтан тұрады және әрбір сұрақ  үш варианттың жауабынан тұрады. Тестің негізіне мәдениеттің үш типі жайлы  көрініс енгізілген.Бірінші тип  дәстүрлі мәдениет(ДМ) адамдардың өткенге бағдарымен мінездемеленіп, жақын әлеуметтік қоршаған ортаға тәуелді тіршілік иесі ретінде қарастырылады. Мұнда отбасы қатынастарға, туысқандық  қарым қатынастардың дәстүріне, діни бағыттарға үлкен мән беріледі. Осындай мәдениетте адамның ішкі еркіндігіне тиым салынады. Қауымдастық жағынан оның іс қимылына, әрекеттеріне сонымен қатар, ойларына қатал бақылау жүргізіледі. Шешім қабылдау ұжыммен өтіп, ал шешімнің нәтижесі жасы үлкендерге байланысты. Адамның іс-әрекеті тәртіпке сай өтеді. Жұмыста нәтижеге жету мен оны марапаттау  әдетте бірнеше уақыт өткеннен соң жүзеге асады.

   Екінші  тип - қазіргі заман мәдениеті (ҚЗМ) адамдардың қазіргі, заманға сай  оқиғаларға бағытымен сипатталады. Адамдар табиғатпен келісімде, оны сақтап, экологиялық сұрақтарға қызығушылық танытады.

   Адам тәні қарама-қайшылықты көрініс деп түсініледі. Осы мәдениеттің құндылығы адамның құқығында, талабында, мүмкіндіктерінің дамуында, өзіндік жетілдіру мен өзіндік өсуге шоғырланған. Адамдар арасындағы қатынас әдетте формальді, олардың әлеуметтік жүйедегі рөлі және дәрежесімен нақты анықталған. Достық қарым-қатынастар баяу қалыптасып және бір-біріне адалдықпен және тереңдікпен  ерекшелінеді. Қоғам адамның жүріс тұрысын  мораль, әдептік нормалар мен ережелер арқылы реттеуге тырысады. Тұлғааралық қатынастарда адамдар әдетте ұстамды, әлеуметтік дистанция және рөлдік талаптарды ұстауға тырысады. Жекеше шешімді қабылдау өзара қажеттіліктер, қызығушылықтар және топпен, отбасымен, еңбек ұжымымен келісу кезінде жүзеге асады. Өзінің іс-әрекет жетістіктерінің нәтижесіне адам көбінесе қаржылы тұрғыда емес, моральді марапаттауды алғысы келеді.

   Үшінші тип динамикалық  дамып жатқан мәдениет (ДДМ), адамдардың болашаққа бағытымен, тез ауқымды нәтижелерге жетуге бағытталған. Адамдар аз уақыттағы жоспарларды құрып, оларды серпінді түрде жүзеге асырғысы келеді. Берілген мәдениет адамдары үшін “уақыт-ақша”. Табиғат- жұмбақ емес. Өмір тез әрі жағымды шешетін мәселе болғандықтан, табиғат адамға бағынуы керек деген ой басым деп ойлау бар.  Оның барлық сырлары ашылып, оның даму заңдылықтары қойылып және сипатталу керек. Адамның басты міндеті табиғаттты басқару болса, адам табиғаты бостандықты сүйеді.

   Әлеуметтік ортадан дербес болу, тәуелсіздік пен ерекшелік алға қойылған мақсаты. Шешім қабылдау процесі өз бетімен жүзеге асады. Жекеше қызығушылықтармен және құндылықтардың маңыздылығы мойындалады.  Сөйлесу кезінде адамдар ашық, дербес, иерархияға емес, рөлдік қарым- қатынастың теңдігіне бағытталған. Әлеуметтік қабылданған құндылық ретінде әрбір мүшенің дамуына бірдей мүмкіндіктерді ұсыну  болып табылады.  Қоғамдық бақылаудың негізін мораль емес айып салу және қаржылай марапаттаудың міндеттілігі құрайды. Осы мәдениеттегі адамдардың назары іске, тапсырмаға, жұмысқа негізделген. Адам үнемі саналы түрде өзін іске, прогреске, қаржылық жетістікке құрбандыққа шалады. Сынаушылардың жауабын өңдеген кезде берілген үш типтің динамикасын көруге болады.

   Әсіресе «Мен-концепцияның» - «Мен–бейненің» когнитивті компоненті- адамның өзі  жайлы көрінісінің мазмұнын сипаттайды. «Мен–бейнеге» адамның өзінің мүмкіндіктері, қоршағандармен қатынасы, әлеуметтік аудандары, қызығушылықтары, тұлғалық қасиеттері т.с.с кіруі мүмкін. Атап өтетін жағдайлар өте көп, өйткені «Мен–бейне» бір жағынан  адамға маңызды басқалармен байланысты сезінуге, олармен өзін біріктіруге, ал басқа жағынан - өзін олардан ажырата алып, өзін ерекше, қайталанбас тұлға ретінде сезіну. Сондықтан «Мен-концепция» бейнесінің мазмұнын екі құрамдас бөліктер сипаттайды: а) «біріктіретін», индивидтің басқа адамдармен қосылуын қамтамасыз етеді және б) дифференциалды, оның басқалармен салыстырғандағы ерекшелігін көрсетіп және өзіндік қайталанбастық, ерекшелік сезімдеріне негіз салушы.    

   Зерттелушілерге төмендегідей нұсқау беріледі: "Әрбір тараудан Сіздің мәдениетіңіздің бағдарын сипаттайтын дәлелдемені белгілеңіз. Сонымен қатар, Сіздің отбасыңыз, мектебіңіз және дініңіз Сізді неге үйреткенін еске түсіріңіз. Сізге бір өтініш-жауап беру кезінде егер жаңа замандық көзқарас Сізге үйреткендерден басқа болатын болса, онда ол көзқарасыңызды қолданбаңыз".

1. Біздің  мәдениетімізде шешім қабылдау  кезінде маңызды фактор ретінде  

     адамдар мынаны санайды:

а) өткенді

б) қазіргіні

 в)  болашақты 

2. Біздің  мәдениетімізде адамдар өздері  туралы былай ойлайды:

а) табиғат  күштерінің құрбандары

б) табиғатпен ықыласта тұратындар

в) көптеген табиғат күштерін басқаратындар

3. Егер  менің мәдениетімдегі адамдарды  басқармаса, онда олар мынаны

    істейді:

А) жаман  қылықтарды

Б) жаман  мен жақсы қылықтарды

В) жақсы  қылықтарды

4. Менің  мәдениетімдегі адамдар өздерінің  қарым-қатынастарында ең негізгі 

     ретінде:

А) тұқым  және шыққан тегі

Б) үлкен  жанұя

В) тұлғаның ерекшелігі мен көнелігі

5. Менің  мәдениетімнің адамдары былай  санайды:

А) тіршілік ету өз өзімен өмір сүруге жеткілікті

Б) тұлғаның дамуы мен өсуі өмірде ең басты  мақсат болып табылады

В) тәжірибелік  іс әрекет пен ерекшелікке жету ең жақсы мақсат.

3. В.В. Столиннің «Тұлғаның өзіндік қатынасын зерттеу» сұрақнамасы

   Моно  және полиэтностық топтардағы студенттердің  өз өзіне қатынасын анықтау мақсатында біз В.В. Столинннің «Тұлғаның өзіндік  қатынасын зерттеу» сұрақнамасын алдық.

   Сұрақнаманы жасау үшін тоғыз өлшем алынған. Олар өзіндік қатынасты өзіндік «Менге» сезім ретінде сипаттайды.

   1)«Меннің»  саналығы

   2)Өз  өзін сыйлау және өзіндік сенімділік

   3)Өзіндік  басқару және «Меннің» реттілігі

   4)Басқалардың  үміттері

   5)Шартсыз  өзіндік қабылдау

   6)Өз  тұлғасының құндылығын уайымдау

   7)Өзіндік «Менмен» байланыс сезімі

   8)Өзіндік  түсінбеушілік, «Меннің» даулығын  сезіну

   9)Өзіндік  айыптау сезімі

   Осы тоғыз өлшем тоғыз шкалаға  бөлінген:

   Шкала 1-ішкі шынайылық. Шкала 11 пунктен тұрады. Шкаланың төмен көрсеткіштері «Меннің» терең түсінелітінінің көрсеткіші. Жоғары мағыналар жабық және өзі жайлы мәліметті құпияда сақтау.

     Шкала 2-  өз- өзіне сенімділік 14 пунктен тұрады. Шкаланың жоғары көрсеткіштері өз - өзіне сенімділікті көрсетеді. Төменгі көрсеткіштер өзіндік қанағатсыздықты көрсетеді.

   Шкала 3-Өзіндік басқару -12 пунктен тұрады. Белсенділіктің көзі адамның өзі екенін көрсетеді.

   Жоғары  көрсеткіштер адам өзіндік «Менін»  анық сезінетінін көрсетеді.

   Төменгі көрсеткіштер адамның өзіндік «Мені» уақытша жағдайларға тәуелді  екенін көрсетеді.

   Шкала 4- өз - өзіне қатынастың айнасы-11 пунктен тұрады. Жоғары көрсеткіштер  субьектке оның тұлғасының басқалар алдындағы дәрежесінің жоғары екендігін көрсетеді. Төмен көрсеткіштер кері сезімдерді күту үмітімен байланысты.

   Шкала 5 - өзіндік құндылық-14 пунктен тұрады.Жоғары көрсеткіштер өзіндік «Менге» қызығушылықты көрсетеді. Шкала өзіндік «Меннің» бағасын көрсетеді. Төменгі көрсеткіштер өзінің рухани «Менін» дұрыс бағаламауды көрсетеді.

   Шкала 6- өзіндік қабылдау-12 пунктен тұрады. Жоғары полюс өзіне достық қатынасты көрсетсе, төменгі полюс өзіндік қабылдаудың төмен дәрежесін көрсетеді.

   Шкала 7 - өзіндік байланыс-11 пунктен тұрады. Жоғары көрсеткіштер Мен- концепцияның ригидтілігін білдірсе, төмен көрсеткіштер кері тенденцияларды айқындайды: өзіндік өзгеріске ұмтылыс,өзі жайлы идеальді көрініске ұқсастыққа ұмтылыс.

   Шкала 8-ішкі даулық -15 пунктен тұрады. Жоғары көрсеткіштерішкі даулардың бар екендігін көрсетеді.  Төмен көрсеткіштер мәселелерді жоққа шығаруға тырысу, жабық болу.

Информация о работе Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру