Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 00:38, дипломная работа
Қазақстан Республикасының егемендік алып, дүниежүзілік қоғамдастыққа танылуы Қазақстан педагогикасының жаңа мазмұнда сипатталуына кең мүмкіндіктер ашып отыр. Оның бір дәлелі ретінде ұзақ уақыт бойы бір жақты сараланып, ақиқаты ашылмай келген ұлттық педагогика тарихының қазіргі заман тұрғысынан әділ бағасын беруге деген талпынысын айтуға болады.
Кіріспе......................................................................................................................3
1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтардың тәрбиелік мазмұны...............................................................................................10
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда Ыбырай Алтынсарин шығармаларының педагогикалық мүмкіндіктері.........................................................................................................25
2 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
2.1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың тиімді жолдары..................................................................................................................27
2.2 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі........................................36
Қорытынды............................................................................................................45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................
Адамгершілік нормалардың жеке тұлғаның ішкі жан дүниесіне көшуі (күйзеліс немесе қайғы арқылы), жеке түлға үшін мәні мен маңыздылығы бар деп қарау, шын мөнінде, адамның қайтадан, рухани туылғаны деген сөз.
Ф.Е. Василюк былай деп жазады: «Құндылық күйзелістің жоғары сатысына жеткенге дейін құндылық жеке тұлғаға тәуелді, оның бір бөлігі болып, жеке түлға оны «бұл менің ұндылығым» деп айтқан болса, қазір бұл қатынас теріс көрініс тапты: жеке тұлға бұл құндылықтың бір бөлігіне айналып, оған төуелді болады, өмірдің мәні де осында жатыр" [103,134].
Адамның жекелік қасиеттері мен мінез-қүлқы да қайта қарастырылады. Жеке түлғаның рухани қалыптасуы дегеніміз өз өзіне, яғни өз қасиеттеріне, іс-әрекеттеріне, қатынастарына, мінез-қүлқына қайта-қайта талдау жасау үрдісі. Жеке тұлғаның мінез-қүлқы мән мен мағынаның өрісінің кеңуімен анықталады.
Адамгершілік өрісінің мәні ерекше: адамгершілік санамен қоса адамның бойында өзінің іс-өрекетіне деген жауапкершілікпен қарау сезімі де пайда болады. «Эмпирикалық шектеулі болмыста өзін таныту тек жеке түлғаға ғана байланысты. Эмпирияда жеке түлға басқаларға күш көрсету арқылы ғана өзін танытып, дами алады. Ол өзінің екпініне үмтылып, оны дүрыс деп таниды. Тек үлкен қайғы мен күйзеліс нәтижесінде ғана жеке түлға өлімнің мөнін түсініп, багалай алады...» [ 102,129].
Ал, Д. Н. Нұрғалиева «құндылық дегеніміз — дүние жузілік адам баласы жасаған бағалы бағдарламалық білімін құндылық ретінде оқушы өз іс~ әрекетіне, қарым-қатынасында, игерген өмірлік тәжірибесіне пайдаланып, өзінің табиғи болмысын байыта алатын, мәдени байлықтарды меңгерген, соган сәйкес әртүрлі іс-әрекеттер, сезім, сана, мінез-құлықта, қоғамдық қатынаста тұлғаға тірек болатын сенімдер жүйесі «-деп тұжырымдаймыз.
Енді осы ұлттық ерекшеліктердің бала тәрбиесіне тигізер пайдасына бұл жерде баланы адамгершілікке тәрбиелеу де керек, қажетті әдіс – тәсілдердің тиімді пайдалануы ғана бізге қажетті нәтижеге қол жеткізбек, - деген болатын.
Салауатты да саналы ұрпақ
тәрбиесi келешек қоғам қамын
ойлау болса, сол қоғам
1.2.Адамгершілік құндылыққа тәрбиелеудің педагогикалық мәні
Адамгершiлiк тәрбиесi - жас ұрпақтың белгiлi бiр мақсатқа негiзделген көзқарасын, сенiмiн, парасатын, мiнез-құлық дағдылары мен әдеттерiн қалыптастыруға және адамгершiлiк сезiмдi, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, жалпы адамзаттық құндылықты тиiмдi пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенiң құрамдас бөлiгi.
Адамгершiлiк тәрбие мыналарды қамтиды: адамның қоғаммен байланыстылығын, оған тәуелдi екенiн, өзiнiң мiнез-құлқын қоғамның мүдделерiмен үйлестiрудiң қажеттiгiн сезiну, адамгершiлiк мұраттарымен таныстыру, қоғамның талаптарымен, олардың заңдылықтарымен және адамгершiлiк туралы бiлiмдерiн адамгершiлiк сезiмдерге айналдыруды көздеумен, адамның адамдарға құрметпен қарауын қарастыруды, сөйтiп адамгершiлiк дағдыларды қалыптастыруды көздеу.
Адамгершiлiк тәрбие дегенiмiз – моральдық нормаларды жаттату, ақыл айту, миына құюға тырысу, мiнез-құлық дағдыларын қатаң талап қою арқылы игерту емес, ол өзара әрекет, қарым-қатынас және қайшылықтарды жеңуден тұратын белсендi өмiрлiк үрдiс. Бала өзiнiң iшкi және сыртқы қайшылықтармен күресте ғана өзiн адамгершiлiк иесi ретiнде сезiне алады.
Ендеше,
адамгершiлiк тәрбие дегенiмiз –
балаларға өмiрлiк
Ресейлік зерттеуші И.Ф. Харламов: «Адамгершілік тәрбиесі әрбір қоғамда адамның барлық өмірі мен іс-әрекетінде, еңбекте, тұрмыста, отбасында, барлық адамдармен қарым-қатынасында, саясатта жөне ғылымда, ойында, спортта т.б. өзінің мінез-құлқын реттеуде азаматтықты көрсетуімен анықталады»,- деген [124];
П.П.Пидкасистый: «Адамгершілік тәрбиесі - жеке түлғаны жан-жақты жарасымды дамыту жүйесінің ең шешуші компоненті және адамгершілік сананы, адамгершілік сезімді, адамгершілік мінез-қүлықты қалыптастыру процесі»,- деді [125];
Т.А. Ильина: «Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың бойында мінез-қүлықтың белгілі бір сипаттарын және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалар мен ережелерін дарыту жөніндегі төрбиешінің арнаулы мақсат көздеген қызметі»,-деп қарастырады [126];
Н.В. Савин бұл үғымды былай деп түсіндіреді: «Адамгершілікке тәрбиелеу адамның дүниеге, адамдарға деген көзқарасын анықтайды, оның ықпалымен жеке адамның адамгершілік құлқын қалыптастырады». [127];
Ал, Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев адамгершілік тәрбиесін құлық төрбиесі деп атап: "Мораль барлық қоғамдық өмірдің саласыңда -еңбекте, тұрмыста, саясатта, ғылымда және халықаралық қатынаста адамның мінезін және санасын реттейді», - деп қарастырады [128].
Бұл үғымға Р.К.Төлеубекова: «Жаңа әлеуметтік мәдени ортада адамның ұстанар мұраты - адамдармен қарым-қатынасында, іс-әрекетінде адамгершілік сана-сезім дағдысымен, өзіндік «Мен» бейнесі арқылы ұлттық жөне жалпы адамзаттық құндылық қасиет-сапаларымен ықпалдасып субъект ретінде танылуын тәрбиелеу»,-деген анықтама береді [59,128];
Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: «Адамгершілік тәрбиесі - мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға жөне адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, жалпы адамзаттық құндылықты тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі", - деп анықтама берілген құлық, дағдылардың ұлттық қарым-қатынастағы алатын орнын ғылыми, педагогикалық тұрғыдан дәлелдеген [50].
Осыған орай, жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру жолдарын қарастырған қазақстандық ғалым-зерттеушілерді де атап өтсек. Мысалы, В.А. Ким көп ұлтты мектеп жағдайындағы адамгершілік тәрбиесінің ұлттық қарым-қатынас негізіне талдау жасаған.
Әр этникалық топтың ерекшеліктеріне байланысты адамгершілік мінез-
Мектеп жас ұрпақтың адамгершiлiк тәрбиесiне едәуiр ықпал етедi және белгiлi бiр дәрежеде жүзеге асырады. Мектептi бiтiргеннен кейiн адам мiнездiң жаңа сапаларын игермейдi, қайта бұрынғыларын шыңдай түседi немесе түзетедi.
Сол себептi балалардың мектептегi адамгершiлiк тәрбиесi адамгершiлiктiң барлық салаларын қамтуы тиiс. Мектептегi адамгершiлiк тәрбиесi бiздiң өмiрiмiздiң тек осы кездегi талаптарын ғана емес, болашақтағы талаптарын да қанағаттандыруға бағытталуы қажет.
Адамгершiлiк тәрбиесi тәрбиеленушiнiң дамуына қандай игi әсер ететiндiгiн, тәрбие әсерiмен оқушы қалай өзгеретiндiгiн, адамгершiлiк кемелiнiң жаңа сатысына қалай көтерiлетiндiгiн педагог жақсы бiлуi тиiс. Ол үшiн адамгершiлiк тәрбиесiнiң бүкiл үрдiсiн жеке буындарға бөлiп, әрқайсысын жекелей қарастырған жөн. Бұл үрдiстiң аса маңызды буыны – адамгершiлiк сананы қалыптастыру.
Оқушының
адамгершiлiк санасын
Оқушының сезiмiне әсер етудiң тәсiлдерiн анықтағанда, сезiмдi тәрбиелеу негiзiнен баланың бұрынғы өз сезiмдерiн өзгерту және одан әрi жетiлдiру жолымен асырылатындығын ескерген жөн. Мысалы, мектеп қабырғасында туған жердiң табиғаты туралы қанша айтқанмен, оның сұлулығы мен ұлылығы балаларға онша әсер етпеуi мүмкiн. Ал ендi табиғатқа саяхат жасаса, суретке түсiру, әңгiме құрастыру жайлы тапсырма берiлсе, бұл балалардың табиғатқа деген сүйiспеншiлiк сезiмдерiн туғызар едi. Бұл жағдайда мұғалiм iзгi сезiмдердi туғызып қана қоймай, оның бекуiне де жағдай жасайды.
Баладағы жаңа сезiмдер қатты әсерленудiң ықпалымен жетiлуi, өзгеруi мүмкiн. Әсерлену, әсiресе өзгелердiң iстегенiн қабылдау және санадан өткiзу үрдiсiнде сезiм пайда болады. Мәселен, тарихымыздағы ұлы бабаларымыз бен батырларымыздың, хандар мен билерiмiздiң халқы үшiн көрсеткен теңдесi жоқ ерлiктерi туралы әсерлi әңгiмелеу бала сезiмiне өте қатты әсер етiп, оның адамгершiлiк, елжандылық, Отансүйгiштiк сияқты iзгi сезiмдерiн оятады. Мұғалiм ұжым өмiрiн жарқын да сезiмге бай етiп ұйымдастыра алса, мұның өзi Отан сүю, ұжым алдындағы жауапкершiлiк сияқты жоғары адамгершiлiк сезiмдерiн қалыптастыруға негiз болмақ.
Бастауыш сынып оқушыларының адамгершiлiк мұраттарының қалыптасуында мұғалiм маңызды рөл атқарады, өзiнiң барлық жұмысында ол оқушыларды адамдар мiнезiне талдау жасап, бiлудi, шынайы адамгершiлiктi өтiрiк, жасанды адамгершiлiктен ажыратуды үйретедi. Балалар өмiрiн ұйымдастыруды, өзiнiң жеке басының тәртiбiн оқушылармен арақатынасын егжей-тегжейлi ойластырған мұғалiм ғана оқушылардың саналы тәртiбiн тәрбиелеуде табысқа жете алады.
Әр оқушының iшкi-сыртқы сырын әрбiр деталына дейiн екшеп бiлiп, соған сәйкес тәрбие жұмысын ұйымдастыра бiлсе, мұғалiм әр оқушының ерекшелiгi мен мүмкiндiгiне сәйкес алдына нақты тарсырма қоя бiлсе, онда оқушының бойында адамгершiлiк қасиеттердiң қалыптасуы тез әрi табысты жүредi.
Адамгершiлiкке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бiр саласы болып табылады. Ол оның ата-анаға, айналадағыларға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз мiндетiне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейдi. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң негiзгi мiндетi – қоғамның әлеуметтiк қажеттi талаптарын әр баланың борыш, намыс, ождан, қадiр-қасиет сияқты биiк адамшылық iшкi стимулдарына айналдыру болып табылады.
Тәрбие
жүйесiнiң тиiмдiлiгiнiң аса
Бастауыш мектепте балалардың тәртіп, мінез-құлық, достық, жолдастық және Отан туралы ұғымы қалыптасады, дамиды, ата-аналарын, үлкен адамдарды құрметтеуді үйренеді, еңбекке сүйсініп қарайды, ізеттілік сақтауды меңгередi.
Адамдық сананың моральдық үлгісі - адамдық мәдениеттің бір бөлігі. Моральдың мәнін, өлшемін және ұстанымдарын түсіну тәрбиеленушілерді өздерінің және басқа адамдардың қылықтарын бағалай білуге, адамгершілік туралы ойлауға үйретедi. Мектеп жасындағы оқушылардың бойында мәдени қарым-қатынас пен жүріс-тұрысты қалыптастыру үшін мұғалім тәрбие жұмысының мақсаты мен мазмұнын дұрыс жоспарлап, әр оқушыға ықпал жасайтындай әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдай білуі, таңдалған әдіс-тәсілдерді шебер қолдана білуі керек.
Адамгершілік туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ даласының ойшылдары да, атап айтсақ, Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М.Қашқари; жыршы-жыраулары да: Асан Қайғы, Доспамбет Шалкиіз, Бұқар жырау, Махамбет, т.б. айтқан болатын.
Білім ұлттық мәдени дамуының тұтастығын, сабақтастығын қамтамасыз етеді. Оның маңызды шарттарының бірі – ана тілінің басымдылығын тану, соның негізінде ұлттық сана-сезімді дамыту.
Тіл – ұлттық этностың ұлттық мәдени талаптарын қанағаттандыратын, жас ұрпақты ұлттық дәстүрлікке тәрбиелейтін ұлттық игіліктің даусыз көрінісі. Ұлттық тілді игеру – рухани тәуелсіздікке жетудің жолы. Қазақстан Республикасындағы этникалық мәдени білім тұжырымдамасында: ұлттық білім идеясын жүзеге асырудың негізгі шарттары қарастырылған. Онда: білім беру мен мектептің ұлттық бастауларын дамыту және нығайту; жеке тұлға үшін ана тілі мен төл мәдениеттің сөзсіз басымдығын тану және оны қамтамасыз ету; білім беруді демократияландыру, білім берудің меншіктік түрі жөнінен де, этникалық мәдени мүддерлерді жүзеге асыру арналарының сан алуандығы жағынан да көп түрлілігі мен оңтайлылығы; ұлттық білім беру жүйесінің нысанаға қатысты дүниежүзілік тәжірибесіндегі бүкіл озық атаулығы ашықтығы мен икемділігі, жеке адам мен қоғамның этникалық-мәдени қажеттерін іске асыруға бағытталған білім беру қызметінің үздіксіздігі; сұраныстарды анықтауға және қанағаттандыруға мақсатты түрде бағыттау; мемлекеттік бағдарлама негізінде аталған проблема бойынша халықтың этникалық құрамының ерекшеліктері ескерілген аймақтық бағдарламалардың болуы.