Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 00:38, дипломная работа

Описание

Қазақстан Республикасының егемендік алып, дүниежүзілік қоғамдастыққа танылуы Қазақстан педагогикасының жаңа мазмұнда сипатталуына кең мүмкіндіктер ашып отыр. Оның бір дәлелі ретінде ұзақ уақыт бойы бір жақты сараланып, ақиқаты ашылмай келген ұлттық педагогика тарихының қазіргі заман тұрғысынан әділ бағасын беруге деген талпынысын айтуға болады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтардың тәрбиелік мазмұны...............................................................................................10

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда Ыбырай Алтынсарин шығармаларының педагогикалық мүмкіндіктері.........................................................................................................25

2 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
2.1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың тиімді жолдары..................................................................................................................27
2.2 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі........................................36
Қорытынды............................................................................................................45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................

Работа состоит из  1 файл

Ыбырай Алтынсариннің шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу.doc

— 562.00 Кб (Скачать документ)

             Ы. Алтынсариннен  басталатын орыс-қазақ мектептерін   Түркістан өлкесінде "Туземная  школа" деп атаған. Түзем мектептерінің   көп дамыған жерлері- қалалар  ( Ақмешіт, қазалы, Ташкент, қостанай , Ақтөбе , Павлодар, Семей, қызылжар , Верный, Пішпек, қапал, Наманған, Самарқан, т.б.) мен  ірі  темір жол станциялары болды. Онда орыс, қазақ балалары қатар оқыды. Алтынсарин кезінде бұл мектептердің оқуы орыс, қазақ тілінде қатар жүрді де кейінгі түзем мектептері тәжірибесінде екі тіл қолданыла қоймады. Алайда ХХ ғасырдан бастап 4 жылдық түзем мектебі, гимназия әр жерден-ақ ашылып , онда оқыған қазақ балаларының саны арта бастап еді.1915 жылға қарай сол гимназияларды бітірген қазақтар Омбы, Ташкент мұғалімдер семинариясына түсіп оқыды. Семинаристердің көрнектілері қырда - С.Сейфуллин, М.Әуезов, К.Төгісов, Сыр елінде қожанов, Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, Есеновтер, ғ.Мұратбаевтар болған еді. Семинаристер көбіне педагог, жазушы кейін белгілі қоғам қайраткері болған.

      Төртінші топқа 1905-1907 жылдардағы орыс революциясының нәтижесінде ұлттық сананың оянуының нәтижесінде ұлттық дамудың тәуелсіз жолына ұмтылған 1907-1927 ж. аралығында қызмет еткен қазақ интеллигенциясын жатқызуға болады. Патша үкіметінің тек өз мүддесін ғана ойлайтындығын және одан әріге бармайтындығын түсінген соң  қазақ халқының  оянуының бірден- бір шарты  ел ішінде білім беру жүйесін қалыптастыру деп есептеген бұл топ қаржы жағынан қиындықтың болатынын түсінгенімен, халықтың бұл істі қолдайтынына кәміл сенгендіктен бұл іске бел шеше кірісті.  

     Ы.Алтынсарин өз заманының адамы болатын және ол саяси мәселелерден алыс, тек патшаға қызмет ете отырып, қазақ халқына пайда келтіруді ойласа, бұл топ өзінің саяси бағдарламасы бар және  білім беру ісін саяси мәселеге айландырған топ болды. Олардың түпкі мақсаты  Ресей империясы құрамында автономиялық басқаруға қол жеткізу, тіпті керек болса тәуелсіздікке де ұмтылу еді.

          Жаңа толқын бұл істі бастау  үшін және ұйымдастыру үшін  енді қалыптасып келе жатқан  қазақ баспасөзін пайдалануды  жөн көрді. Алғашқы тәуелсіз  қазақ басылымдарының беттерінде білім беру мәселесі ең басты тақырыптардың бірі болатын. 1907 жылы  "Серке" газеті,  1913 жылы "қазақ" газеті, 1911 жылдың қаңтарынан бастап шыға бастаған "Айқап" журналында, 1911 жылы жарық көрген "қазақстан" газеті  халық арасына тарай бастады. қазақ оқымыстылары баспасөзді педагогикалық ойды таратудың трибунасына айландырды. Олардың аталмыш жұмыстарын ашып көрсету үшін және ХХ ғ. басындағы ұлттық педагогиканың даму деңгейімен танысу үшін және халықтық білім беру жүйесін қалыптастыру үшін күрес барысымен баспасөз материалдары арқылы таныса аламыз.

   Ы.Алтынсарин қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы, халық  педагогикасын қазақ арасынан алғаш  қағазға түсіріп, жинастырған,  білім  дәрежесінде қалыптастырған адам. Алайда ол ұлттық мектеп идеясын ұсына алмады.

      Ағартушы-педагог  Ы.Алтынсариннің бастауыш сынып  оқушыларына арналған “Қырғыз хрестоматиясында”  халық ауыз әдебиеті үлгілері, шағын  әңгімелер мақал-мәтелдер және ертегі-аңыздар  оқушының дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді. Хрестоматияға енген материалдар оқушыларды адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, әділдікке, туған елін, жерін, табиғатын сүюге баулиды. Біздің көзқарасымыз бойынша, ағартушының шығармалары бүгінде өміршеңдігімен бастауыш сынып оқушыларының тұлға ретінде қалыптасуына өзіндік әсерін тигізуде.

    Ыбырай  Алтынсарин алғаш халық мұрасына, салт-дәстүріне, ұлттық ерлік және жауынгершілік  тәрбиесіне мән бере отырып, өзінің «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығында «Қобыланды батыр» жырынан «Қобыланды және Тайбурыл» деген атпен үзінді енгізген. Осыдан келіп қазақ халқы тек батырларын ғана құрметтеп қоймаған, сонымен қатар батырлардың серігі, астына мінген аттарының қасиеттерін жақсы суреттегенін білеміз.

     Ы.Алтынсариннің  ұстаздық, тәрбиешілік қызметінің өзі  негізінен жастарды өнер-білім , техниканы игеруге шақыру, сол арқылы қазақ даласын жайлаған қараңғылық пен надандыққа қарсы батыл күрес ашуға бағындырылады. Білімі бар жұрттардың тастан сарай салғызып, алыс жерлерден  жылдам хабар алғызып...

     ...Отынсыз  тамақ пісірді,

       Сусыздан сусын ішірді...-деп, балаларды  жаңалыққа, білімге қызықтырды.

     Қазақтың  ағартушы ғалымы Ы.Алтынсаринның педагогикалық  еңбектері адамгершілікпен тығыз  байланысты. Ол: «Мектеп қазақ халқының арасында жаңаша мәдениетте өмір сүрудің - жаңа әдет-ғұрып, тәртіп, тазалық, қолөнер мен өнердің үлгісі болуы қажет»,-деп атап көрсетті.

     Ат  өнері білінбес,

     Бәйгеге түсіп жарыспай.

     Желкілдеп шыққан көк шөптей,

     Жас өспірім достарым,

     Қатарың кетті – ау алысқа-ай,

     Ұмтылыңыз қалыспай...-деп 

жасөспірімдерді басқа ел-жұрттардан қалыспай өнер-білім үйренуге шақырды.  

Адамгершілік  қасиеттерді бойына қалыптастырған оқушының моделі 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   «Қараңғы  қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн  болуды» көксеген ағартушы – педагог  Сұлтанмахмұт Торайғыров  артына педагогикалық ой –пікірдің өшпес мұрасын қалдырды. Өзінің қысқа өмірінде ол қоғамдағы әділетсіздікті, теңсіздікті көре біліп, бұларды оқу – ағарту, тәлім – тәрбие ісімен жөндеуге болады деген пікірді насихаттап, ағартушы – демократ деңгейіне көтерілді.

     Өзінің табыстарын, жетістіктері мен сәтсіздіктерінің өзге балалардың да осындай істерімен үнемі еріксіз салыстыру – оқушылар өзіне-өзі баға беруге мүмкіндік туғызады. Өзін бағалау, өзіне-өзі баға беру оған мұғалімнің қатынасының әсері арқылы пайда болады.Өзіне-өзі баға беру мектепке дейінгі жастан-ақ қалыптасып, есейген кезде дейін жалғасады. Міне, осындай бірлескен ынтымақпен, сабақтастықпен жүргізілген өзін-өзі бағалау оқушылардың адамгершілік қасиет – сапаларының қалыптасуының өзегі болмақ деп ойлаймыз.

    Сегіз қырлы, бір сырлы, мәдениетті, мейірімді, ізетшіл, шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеті дамыған болашақ тұлға боларына сенеміз.

    Осындай үлгілі тәрбиелі, өз тілін,халқын сүйетін  талапты және ертеңгі күні ұлт  болашағын ойлайтын бала ғана елін сүйер азамат болып өсері хақ.

    Қай заманда болмасын адамзаттың басты  міндеттерінің бірі - өсіп келе жатқан жас ұрпақты ақылды да саналы, тәртіпті де еңбек сүйгіш, өз  халқының патриоты болатын адамгершілігі мол ұрпақ  тәрбиелеу екені көпке мәлім.

    Әр  халық ұрпағының қайырымды да адал, әділ де ержүрек, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, ар-ұяты мол елжанды болып өскенін қалайды. Ол үшін халық өзінің  талай ғасырлар бойы жасап, әріден келе жатқан әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне арқа сүйейді.

    Халықтың  төл ерекшеліктерін, терең меңгеріп, оларды жас ұрпақ тәрбиесінде алатын ролін айқындап алуымыз керек. Ертеңгі болашағымыз - өскелең ұрпаққа сол тұрғыда білім мен тәрбие беруіміз қажет-ақ.

    Енді  осы ұлттық ерекшеліктердің бала тәрбиесіне тигізер пайдасына бұл  жерде баланы адамгершілікке тәрбиелеу де керек. Қажет әдіс-тәсілдердің тиімді пайдалануы ғана бізге қажетті  нәтижеге қол жеткізбек

    К.Д.Ушинский айтқандай «Тәрбие дәрменсіз  болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс» - дейді, яғни әрбір ұлттың өзіндік  дәстүрін, салтын сақтап, сол рухани рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен. Сондықтан да біз жас ұрпақты адамгершілікке  тәрбиелеуде халқымыздың салт-дәстүрін, ерлік үлгілерімен сабақтастыра жүргізуді орынды деп санаймыз.

    Бүгінгі кезеңде егемен елімізде жалпы орта білім беретін мектептегі тәрбие жұмысын қазіргі заман талабына сай ойдағыдай ұйымдастыру және демократияландыру мәселесі жалпы ұлттық, бүкіл халықтық, мемлекеттік деңгейде жұмыла көтеруді қажет ететін аса маңызды мәселе болып саналатыны белгілі жайт.

    Адамның келешегіне оның тегінен дарыған қасиеттердің ерекше рөл атқаратыны мәлім. Демек, адами қасиеттер  – адам бойына туа бітетін сезім. Бірақ, оның даму – дамымауы тәрбиеге тікелей байланысты. Осы арада мектеп оқулықтарының маңызына ерекше тоқталғымыз келеді. Кез келген оқулыққа үш түрлі міндет қойылады. Ол білім беру, дамыту, тәрбиелеу. Тәрбиелеу ерекше маңызды міндет.

    Білім мен тәрбие беру саласында күрделі  өзгерістердің нәтижесінде осыған дейінгі пайдаланып келген оқулықтар  мазмұны қайта қаралып, жаңаша тұрғыда толықтырылып және жазылу үстінде.

    Қазіргі оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді зерделеп шықсақ, бастауыш сынып оқулықтарында  халықтық педагогиканы негізге ала  отырып, адамгершілікке тәрбиелеу жағына баса назар аударылып отырғанын  аңғартамыз.

    Қазіргі таңда бастауыш мектепте білім беруге арналған пәндерді кіріктіре оқыту  арқылы білім беріп, оқушыларды шығармашылыққа жетелеу, жеке бас дербестігін дамыту мәселесін шешу мақсатын қойып отыр.

    Бастауыш  сыныпқа арналған оқулықтар мазмұны  оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

    Осы орайда біз зерттеу жұмысымызда  бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде мынадай бес бағытты  ұсынамыз: болашақ азаматтың бойында  сана-сезім орнықтыру үшін ең алдымен, өз таризымызды – Қазақстан халықтарының тарихын білуіміз керек, екінші тілімізді – туған халқымыздың тілін білмек шарт. Үшіншіден, атадан-балаға, баладан немереге, немереден ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды білген жөн. Ол да  - тарих, зерделей білсек, ол да бізді патриотизмге тәрбиелейді. Төртіншіден, өткен тарихымыздың жақсылықтары мен игі тағылымдарын сақтау, ерлік дәстүрін үлгі тұту. Бесіншіден, Абай атамыз айтқандай, ұлттық қадір-қасиетімізді арттыру, оқушылардың ұлттық мақтаныш сезімін ояту.

    Көркем  шығарма - өмір мектебі. Көркем туындыда халықтың тарихы жүріп өткен тағдыры, өмір белестері, елдік-ерлік дәстүрлері, тұрмыс салты, өзіндік тілі, діні жинақталған, табиғаты кескінделген, адамгершілік ұғым-түсінігі көрініс табады.

    Осы жерде Ыбырай Алтынсарин еңбектерінің маңызы зор.

    Ыбырай  Алтынсарин шығармаларын оқыту арқылы бастауыш сынып оқушалырының адалдық  сезімін қалыптастырамыз, дүниеге  көзқарасын дамытамыз.  Ыбырай Алтынсарин шығармалары балаларда алуан  түрлі сезім, ой туғызады.

    Бастауыш  сыныптардағы ана тілі – маңызды пән, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасау мен дүниетанудың құралы, баланың шығармашылығын дамытудың арнасы. 

    Бастауыш  мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі  мақсаты – оқушыларды оқуға, сауатты  жазуға және тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрлерін /тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу меңгеруге үйрету, ойлау қабілетін дамыту, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын етіп тәрбиелеу. Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылады: сөйлеу туралы қарапайым ұғым беру, тілдік құбылыстарды талдау, баланың өз ана тілін білуіне барынша көмектесу, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес орфографиялық дағдылар қалыптастыру, диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын, сөйлеу мәдениетін, өз сөзін дұрыс және орынды айтылуын өзі бақылау машығын дамыту, оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.

    Бастауыш  сыныптағы ана тілі оқулығы бірнеше  бөлімдерге бөлінеді. Мысалы, 2 сынып  бойынша: «Туған елім – Қазақстан», «Асыл сөз», «Адам болам десеңіз», «Еңбек түбі - береке», «Өнегелі өмір», «Табиғат – тіршілік бесігі», «Біздің тілегіміз – достық».

    Ана тілі оқулығында берілген кейбір тақырыптардың  мазмұны бірнеше пәннің мазмұнымен кірігіп кетеді. Мысалы,  2 сынып  оқулығында «Туған елім – Қазақстан», «Күз», «Туған жер», «Отан туралы», «Туған өлкем», «Астана», «Ақ бидай», «Ұланымыз ұлы елдің»,  «Тіл туралы»,  «Еңбек түбі - береке», «Бидай мен Қаңбақ», «Еңбекпен ел көгерер», «Киіз үй», «Дақылдар әні»,  «Батырлар туралы», «Тұңғыш қазақ ғарышкері», «Табиғат – тіршілік бесігі», «Алатау», «Ақ жаңбыр», «Жаңбыр жауды», «Нөсер», «Найзағай», «Көктем», «Көктем келді», «Наурыз», «Біздің тілегіміз - достық» сияқты тақырыптар әдістемелік тұрғыдан да, мазмұны жағынан да дүниетану, қазақ тілі, еңбек, тіл дамыту, сурет пәндерімен бірлесіп, жымдасып, кірігіп кетеді. Осының бәрі бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуді қалыптастыруға едәуір септігін тигізеді. Көркем әдебиет үлгілерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану және оның табысты болуы белгілі жағдайларға байланысты болмақ. Мұнда сынып жетекшінің қосатыны мол.

Информация о работе Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру