Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 00:38, дипломная работа

Описание

Қазақстан Республикасының егемендік алып, дүниежүзілік қоғамдастыққа танылуы Қазақстан педагогикасының жаңа мазмұнда сипатталуына кең мүмкіндіктер ашып отыр. Оның бір дәлелі ретінде ұзақ уақыт бойы бір жақты сараланып, ақиқаты ашылмай келген ұлттық педагогика тарихының қазіргі заман тұрғысынан әділ бағасын беруге деген талпынысын айтуға болады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтардың тәрбиелік мазмұны...............................................................................................10

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда Ыбырай Алтынсарин шығармаларының педагогикалық мүмкіндіктері.........................................................................................................25

2 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
2.1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың тиімді жолдары..................................................................................................................27
2.2 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі........................................36
Қорытынды............................................................................................................45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................

Работа состоит из  1 файл

Ыбырай Алтынсариннің шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу.doc

— 562.00 Кб (Скачать документ)

   Шкала 9- өзін-өзі кінәләу -10 пунктен тұрады. Жоғары көрсеткіштер интрапунитивтілікті көрсетеді. Шкала жағымды жақтардың жоқтығының себепшісі болып табылады.

   Зерттелінушіге 110 пункттен тұратын тестік буклет  және жауаптардың стандартты бланкі беріледі. Әдістеме екі жауаптан тұрады: “келісемін”, “келіспеймін”, олар зерттелінушімен бланктің керекті жерінде белгіленеді.

     Шкалалық мағыналар арнайы трафареттің  кілтімен бланкіге қою арқылы  есептелінеді. Осындай шикі балдар  арнайы кестемен стандартты бағаларға  -“қабырғаларға” көшіріледі.

   Зерттелушінің өзіне, ұлтына, мәдениетіне эмоциялық-бағалық қатынасы – жалпы адамның (этнофордың) өзіне немесе өз тұлғасының, іс-әрекетінің жеке жақтарына т.с.с қатынасын көрсетеді және өзіндік сыйлауда, өзіндік намыс сезімінде, өзіндік бағада және қызығушылықтар деңгейінде көрінеді. 

   Екінші  компоненттің негізін өзіндік сыйлау немесе өзіндік намыс,өзіндік құндылық сезімі құрайды. Өзіндік сыйлау –  бұл өз күші мен мүмкіндіктеріне  сенім. Ол қандай да бір ауданмен байланысты емес және тек бағаны емес,  сонымен  қатар адамның өз - өзіне жалпы қатынасын көрсетеді. Өзіндік сыйлау- бұл өзіндік қабылдау, өзіне маххабат. «Өзіндік баға» ұғымына, атаудың өзінен көрініп отырғандай, бірінші планға дәл бағалау компоненті шығып отыр.  Өзіндік бағалау – адамның өзін жалпы (жалпы өзіндік баға) және өз тұлғасының жеке жақтарын, іс-әрекетін, басқа адамдармен қатынастарын бағалауы. Өзіндік бағалау тұрақты бола алады, яғни әртүрлі жағдайларда ұзақ уақыт бойы  сақталып отыратын  және тұрақсыз.

   Даму  үшін тұрақты және тұрақсыз өзіндік  бағаның саналы  үйлесілімділігі өте маңызды. Сонымен, жағдайдың шарттарының өзгеруінде тұрақты өзіндік бағаның сақталып отыруы, іс-әрекеттің және ондағы өзіндік жетістіктің жарамды жүзеге асуына кедергі келтіреді. Өзіндік бағаның күшті тұрақсыздығы «качели» бейнесіцндегі толқуларды тудырады- өзі жайлы көріністің ең биігінен ең кішкенесіне дейін.

   Адамзат тарихының қайғылы беттері осы  ұғыммен байланысты. Халықтар мен  мемлекеттер арасындағы ресурстар  үшін саны жоқ соғыстар өзінің ұлттық(этностық) ерекшеліктері мен және өз қарсыластарының екінші деңгейлігінің басымымен жүргізілген.  Фашизм идеологиясы осыған дәлел.

   Өзіндік баға қажеттіліктер деңгейімен, яғни адам өз алдына қоятын мақсаттардың деңгейінің қиындығымен тығыз байланысты  ; ол оның қай жетістіктерді сәтсіз деп, ал қайсысын сәтті ретінде қабылдайтынын анықтайды. Нақты іс-әрекетте өзіндік баға және қажеттіліктер деңгейі жеткілікті орнатыла алады. Сондықтан нақты іс-әрекетке қатысты өзіндік баға және қажеттіліктер деңгейі жайлы – жоғары, орташа және төмен деп айтуға болады.

   Осы жағдайларда өзіндік бағаның  адекваттылығы жайлы айтуға болады. Өзіндік баға, егер ол адамның іс-әрекетінің қандай да бір іс-әрекеттегі  шынайы сәттілігіне сәйкес келетін болса, адекватты болып табылады. Адеватты емес өзіндік баға, іс-әрекеттің  сәттілігіне сәйкес келмеген жағдайларында болады. Адеватты емес өзіндік баға көтермелі( субьект өзінің актуалды мүмкіндіктерін көрнекті көтерген кезде) және төмендетілген (ол оларды төмендеткен кезде). Сонымен қатар адекватты емес көтеріңкі және адекватты емес төмен өзіндік баға– жалпы дамудың және қандай да бір іс-әрекеттің сәттілігінің күшті тежеткіші болып табылады.

   Егер  адам(этнофор) көтеріңкі өзіндік  бағада болса және өз алдына  аса  жоғары, мақсаттың шынайы мүмкіндіктеріне  сай емес мақсаттарды қойса, ол еріксіз сәттілікпен сәтсіздікке соқтығады. Мұндай уайымдар өте ауыр және олардан қашу үшін, ол өзіннің өзіндік бағасын төмендете отырып реттеу керек, немесе ең алдымен өз-өзіне бұл басқа адамдардың  әділетсіздігінің әсерінен кездейсоқ пайда болды деп, сәтсіздікті қалайда қамтамасыз ету керек; ерекше күрделі жағдайларда ол өзіндік сәтсіздікті шеттетіп, байқамауға тырысады.  Көбінесе бұл өзі үшін ерекше қорғаныс механизмдерінің әсерінен санадан тыс жүреді. Өз өзін төмен бағалау кезінде, тез жүзеге асатын мақсаттарға жетуде перспективті даму зонасы жоғалады.

   Бірақ мынаны түсіну маңызды,  жоғары немесе төмен өзіндік баға жайлы нәтижелері қандай да бір үлгімен, эталонмен  анықталатын, тек нақты қандай да  бір іс- әрекетке қатысты айтуға болады.

   Тұлғаның  дамуы үшін оптималды болып өзіндік сыйласымның, жалпы өзіндік бағаның жоғары деңгейі  табылады. Өзіндік сыйласым деңгейі жоғары адам–бұл өзіндік намысы бар, өз-өзіне сенімді, өзін басқалар арқылы жүзеге асырмайтын, өзіндік мүмкіндіктері мен талпыныстарын жүзеге асыру арқылы нақтылайтын адам.

   Керісінше, өзіндік сыйласымныі төмен деңгейі, өзіндік кемшіліктің сезімімен, өзіндік махаббаттың ауырлығымен, өзін басқалар арғылы нақтылауға талпыныспен  сипатталады. Төмен деңгейлі өзіндік  көрінісі бар адамдар көбінесе қоршаған ортаның түкке тұрғысыз қалжыңын ауыр қабылдап, және олардың сынын одан да тіке қабылдайды. Олар түкке тұрмайтын өкпеге, тайталасқа  бейім болады. Олар үшін басқа адамдардың алдында өз тұрақсыздықтарын көрсету үнемі қорқыныш туғызады.

   Әдістемені  жүргізгеннен кейін, алған мәліметтердің нәтижесін кестеге орналастырдық. 

   2.2 Тәжірибелік-эксперимент  жұмысының нәтижесі

    Біз зерттеу жұмысымыздың алдыңғы бөлімдерінде Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік, дамытушылық маңызын айтып кеттік. Бастауыш сыныптарда жүретін ана тілі пәнінде Ыбырай Алтынсарин шығармаларын пайдалану арқылы оқушылар бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың мүмкіндігі зор.

    Зерттеу барысында қарастырылып отырған  мақсат, міндеттерге сай Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің өлшемдері анықталды:

  • Ыбырай Алтынсарин шығармаларын тыңдай білуі, оның мазмұнын түсінуі;
  • Ыбырай Алтынсарин шығармаларын қызығушылықпен, эмоциялық сезіммен қабылдауы;
  • алған білімдері мен іскерліктерін қажетіне қарай тәжірибеде пайдалана білуі.

    Осы өлшемдердің негізінде көркем шығарма  арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің көрсеткіштері айқындалды:

  • Ыбырай Алтынсарин шығармаларының мазмұнын түсіну, қабылдау;
  • Ыбырай Алтынсарин шығармаларының түрлерін білу;
  • Ыбырай Алтынсарин шығармаларының мазмұнын айтып беру, оны өз бетімен жалғастыра білу;
  • Ыбырай Алтынсарин шығармаларын талдау, халық ауыз әдебиетін пайдалану дағдылары;

    Бұл өлшемдер мен көрсеткіштер негізінде  Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің үш деңгейі (төмен, орта, жоғары) белгіленді.

    Төмен деңгей Ыбырай Алтынсарин шығармаларына немқұрайлықпен қарайды, оны өмірде қажет деп санамайды,  Ыбырай Алтынсарин шығармаларын тыңдау барысында қызығушылық көрсетпейді, естігенін айтып бере алмайды; өз бетімен ізденіп оқымайды; берген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды; Ыбырай Алтынсарин шығармаларына байланысты ұйымдастырылған іс-шараларға белсенділік көрсетпейді.

    Орта  деңгей Ыбырай Алтынсарин шығармалары туралы түсінігі болғанымен, оның тек жекелеген түрлеріне қызығушылығы байқалады, Ыбырай Алтынсарин шығармаларын қызығушылықпен тыңдауға тырысады, естігенін айтып беруге талпынады, бірақ ой-қорытындысын шығаруға қиналады; берген тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындайды; Ыбырай Алтынсарин шығармаларына байланысты ұйымдастырылған іс-шараларға қатынасуы барысында ішінара белсенділік көрсетеді.

    Жоғары деңгей Ыбырай Алтынсарин шығармаларының мән-мазмұнын шынайы сана сезіммен түсінеді, эмоциялық сезіммен қабылдайды, Ыбырай Алтынсарин шығармаларын бар зейінімен тыңдап, оларды өз бетімен ізденіп оқиды; естігенін еркін айтып берумен шектелмей, дәлелдемелермен түсіндіреді; берген тапсырманы үлкен жауапкершілікпен тиянақты орындайды; Ыбырай Алтынсарин шығармаларына байланысты ұйымдастырған іс-шараларға белсене қатысып, тапқырлық танытады.

    Эксперимент үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) Алматы қаласының N 140 мектеп-гимназиясында  жүргізілді. Әрбір кезең нақты  міндеттерді көздеді. Экспериментке 60 оқушы қатысты.

    Анықтау экспериментінде бірінші, екінші, үшінші, төртінші сыныптардың ана тілі сабақтарына  қатысып, аталған сыныптардың құжаттарымен танысып, төмендегідей мәселелерге  баса назар аудардық:

    - 1,2,3,4 сынып мұғалімдерінің білімі, кәсіби стажы;

    - аталған сыныптардың ана тілі  пәндерінің жылдық жоспарының  зерттеу тақырыбымызға қатысты  бөлімі;

    -мұғалімдердің  озат тәжірибені қолдануы;

    -экспериментке  алынған сыныптардың мұғалімдерінің  күнделікті жұмыс жоспарына талдау  жасалынды;

    -эксперименттік  сыныптарда ана тілі сабақтарына қатысып, тәрбиелік мақсатының жүзеге асырылуы талданды. Сөзіміз дәлелді болуы үшін 3 сыныпта ана тілі сабағында «Сенің Отаның», «Туған ел», «Халық қорғаны», т.б. тақырыптар талданды. Бұл сабақтарды өту барысында мұғалімдер оқулықта берілген тапсырмалармен ғана шектелетіні белгілі болды. Балалар сабақта өз мүмкіндіктеріне қарай, сұраққа жауап беріп, оны өмірмен байланыстыруға тырысты. Оқушыларда Отан, туған ел туралы түсінік қалыптасты, яғни ол туралы білім алы. Бірақ өз елі, Отаны туралы мақтаныш сезімі, оны қорғау әрбір азаматтың міндетті борышы екені яғни тақырыптың тәрбиелік мақсаты ашылмай қалды. Отан отбасынан басталатын айтып, Республикамыздың картасын пайдаланып, елдің, жердің байлығы, кең байтақ Отанымыздың әр тасы, суы, өзені, қаласы, даласы екенін түсіндіріп, оны кең байтақ өлке болып қалуы елімізді жаудан қорғаған батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлік істері екені мысалмен түсіндірілмеді. Міне, осындай кемшіліктерді жою үшін сабақтың тәрбиелік мақсатын жүзеге асыруда арнайы ұйымдастырылатын эксперименттік материалдарды іріктеп жүйеледік.

    Зерттеу нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларына  Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің қайшылықтары айқындалды:

  • бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Ыбырай Алтынсарин шығармаларын түсіндіруде берілетін білім мазмұнының жүйесінің қалыптаспағаны;
  • оқушылардың Ыбырай Алтынсарин шығармаларына деген қызығушылықтары нашар;
  • оқушылардың өз бетімен әңгіме құрап айта білуі, өз ойын жүйелі жеткізуі төмен;
  • туған өлке табиғаты, адалдық пен арамдық  туралы берілген түрлі мәтін, өлеңдердің мазмұнын салыстыру жағы нашар;
  • Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу жайында арнайы зерттеу жұмыстары жоқ;

    - Ыбырай Алтынсарин шығармалары  арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің әдістемесі жоқ.

    Бірінші кезеңде бастауыш сыныптағы ана  тілі сабақтарында Ыбырай Алтынсарин шығармаларын пайдаланудың деңгейі  анықталды. Бастауыш сынып оқушыларының Ыбырай Алтынсарин шығармалары туралы білімдері, түсініктері, оларды керекті жерде пайдалана білу дағдылары қандай жағдайда екені тексерілді.

    Берілген  деңгейлер бойынша арнайы сауалнама, тест даярланып, оқу-тәрбие процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын тексеру барысында бастауыш сынып  оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудегі  Ыбырай Алтынсарин шығармаларыың мүмкіндіктері анықталды.

    Жүргізілген сауалнама негізінде көптеген мұғалімдердің  білім деңгейі біз ойлағаннан әлдеқайда төмен екенін аңғардық. Онымен қоса оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде Ыбырай Алтынсарин шығармаларын пайдаланудың арнайы әдістеменің жоқтығы айқын білінді.

    Зерттеу жұмысымызға байланысты өзіміздің  тәжірибелік-эксперименттік жұмысымыз  жүрген мектептердегі оқушылардың  ата-аналарының жалпы Ыбырай Алтынсарин шығармалары туралы білімдерін, сондай-ақ адамгершілікке қалай тәрбиелейтінін анықтау мақсатында олармен сауалнама жүргізілді.

    Бұл сауалнама ата-аналардың көпшілігін ойландырды, осы күнге дейін ата-аналар көп нәрсеге мән бермей, Ыбырай Алтынсарин шығармаларына көңіл  бөлмей келгендігін айтып кетті. Бұған себеп ата-аналар көп жағдайда балаларының денсаулығына, тамағына, киіміне назар аударатыны болды.

    Нәтижесінде, Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында өз дәрежесінде дұрыс пайдаланылмайтыны, мұғалімдердің бұл саладан әлі бола даярлықты қажет ететіні белгілі болды. Мәселен, тәжірибелік экспериментке қатысқан оқушылар Ы.Алтынсарин шығармаларын жақсы ажырата алмайды; Ыбырай Алтынсарин шығармаларын өзбетімен оқымайтынын көрсетті. Халық ауыз әдебиетіне байланысты қандай телебағдарлама көресіңдер деген сауалнамаға оқушыларының көпшілігі «Әнші балапан» телебағдарламасын көретінін айтты. Ал газет-журналдардан арнайы мақал-мәтел, жұмбақтарды іздеп оқитын оқушылардың саны мүлде аз болды. Мектеп оқушыларына берілген аңыз-әңгімелердің мазмұнын олар дұрыс айтып бере алмады.

Информация о работе Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру