Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 00:38, дипломная работа
Қазақстан Республикасының егемендік алып, дүниежүзілік қоғамдастыққа танылуы Қазақстан педагогикасының жаңа мазмұнда сипатталуына кең мүмкіндіктер ашып отыр. Оның бір дәлелі ретінде ұзақ уақыт бойы бір жақты сараланып, ақиқаты ашылмай келген ұлттық педагогика тарихының қазіргі заман тұрғысынан әділ бағасын беруге деген талпынысын айтуға болады.
Кіріспе......................................................................................................................3
1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтардың тәрбиелік мазмұны...............................................................................................10
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда Ыбырай Алтынсарин шығармаларының педагогикалық мүмкіндіктері.........................................................................................................25
2 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
2.1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың тиімді жолдары..................................................................................................................27
2.2 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі........................................36
Қорытынды............................................................................................................45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................
Адамдық қасиеттер мен адамгершілік жайында туған халық мақалдары халықтың бұл жөніндегі ой-тілегін, арман-мүддесін, ұлттық мақтанышының қандай екенін көрсетіп отырады. Осы тақырыптағы мақалдар, ең алдымен адамдық мінез-құлық пен адамгершіліктің жоғары бағаланатынын көрсетеді. Мысалы: «Адамдық - адал жанның ісі», «Адамгершілік – ардың ісі» т.б. мақалдар.
Ауыз әдебиетінің тағы бір жанры – жұмбақтар. Жұмбақтар халықтың табиғат құбылыстарының, өзін қоршаған дүниенің сырын танып білуге талпынған ойынан туған. Жұмбақ бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, халықтың қоғамдық тұрмысының, кәсіп тіршілігінің өзгеріп отыруына байланысты мазмұны, тақырыбы жағынан үнемі жаңарып, байып отырады. Жұмбақтардың тақырыбы сан алуан. Сол тақырыптарына, мазмұнына қарай жұмбақтардың туған кезеңдерін шамалауға болады. Жалпы жұмбақ тапқырлықты, білімділікті керек етеді. Сондықтан оның жастар үшін білімдік, тәрбиелік маңызы зор. Сонымен қатар жұмбақтар бастауыш сынып оқушыларында патриоттық тәрбие қалыптастырып, олардың тілін дамытады.
Белгілі ғалым Ж.Д.Адамбаева «Қазақ жұмбақтарының әдеби стилистикалық және тілдік ерекшеліктері» [133] деген зерттеу еңбегінде қазақ халқы жұмбақтарының пайда болуы мен тарихи дамуынан бастап, жұмбақтың тақырыптары мен қалыптасу тәсілдерін, тілдік ерекшелігі мен құрылысын жан-жақты қарастырған.
Оқу-тәрбие үрдісінде адамгершілік, адалдық, адамдық қадір-қасиет, кішіпейілдік, кісілік туралы, туған жер, Отан, тау, тас, табиғат, жан-жануарлар т.б. туралы жұмбақтар бастауыш сынып оқушыларының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, адамдық қасиеттерін дамытады.
Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер халқымыздың тарихын, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, нанымын, дүниетанымын, адамдық қадір-қасиетін білдіреді.
Қай халықтың ауыз әдебиетін алсақ та ертегілер ауызша айтуға лайықты түрде құрылады.
Қазақ ертегілерінің тақырыптарына, суреттелген оқиғаларына қарап белгілі бір дәуірлерге топтауға болады. Кейбір ертегілер қазақтың өте ерте замандағы өмірін елестетеді. Мұндағы негізгі күрес аңшылық, малды қыстан аман алып қалу, әртүрлі стихиялық күштерді жеңуге қарсы жұмсалады. Басты кейіпкерлердің іс-әрекеті де, ұнамдылық жағы да соған орай көрсетіледі. Мысалы, «Ер Төстік», «Құлагер» [134] т.б. ертегілері.
Қазақ халқы, оның ішінен шыққан дана адамдар өзінің замандастарына да, кейінгі ұрпақтарына да жақсы тәрбие беруде. Оларды зұлымдық әрекеттерден сақтандырып, адамгершілікке үндеу мәселелерін ерте кезден-ақ қолға алғаны ертегілерден байқалады. Көп ертегілерде суреттелетін әділдік пен жауыздық арасындағы күрес бастауыш сынып оқушыларының адамдық қасиеттерін оятуға септігін тигізеді.
Жалпы ертегілердің түрлері сан алуан. Ертегінің негізгі бір саласы – қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға құрылады. Мысалы, «Ұшқыш кілем», «Адам жеңбес, Айыртөс батыр», «Аңшы бай», «Керқұла атты Кендебай» т.б. қиял-ғажайып ертегілері бастауыш сынып оқушыларының қиялын арттырады. Қиял-ғажайып ертегілерінің кейбіреуінде әдеттегі өмір мен қиял дүниесі араласып жатады. Ертегінің кейіпкері – қарапайым ғана адамдар.
Ертегінің тағы бір үлкен саласы – тұрмыс салт ертегілері және хайуанаттар туралы ертегілер. Бұл ертегілерде көбіне елдің бақташылық тұрмыс-тірщіліктері суреттеледі. Хайуанаттар, жануарлар жайындағы ертегілерде халық солардың мінездері арқылы адамдардың бойындағы жақсы мінез құлықтары, сол сияқты олардың бойындағы мінін, кемшіліктерін, мінезіндегі ерсілік-оғаштықтарды тұспалдаған.
Бұл ертегілер оқушыларды жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады.
Қазақ ертегілерінің ең мол түрі шыншыл ертегілер. Халық өзінің дүниетанымындағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс-әрекетін, барлық мұң-мүддесін, күрес-тартысын, талап-тілегін осы шыншыл ертегілерге жиып түйген. Мұндай ертегілерде қоғамдық тартыс, тап қайшылығы, қанау, зорлық, соған қарсы еңбекші халықтың наразылығы, күресі – бәрі айқын көрінеді.
Ауыз әдебиетіндегі әңгіменің бір саласы – аңыз. Аңыз негізінде әңгіме, кейде өлең, жыр түрінде болуы да мүмкін.
Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз әңгімеде де шындық оқиға мен қиял-ғажаып ертегі екеуінің арасы жақын. Аңыз әңгімелер бастауыш сынып оқушыларын батырлыққа, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.
Ауыз әдебиеті шығармалырының халыққа көп тарағандарының бірі – батырлар жыры. Ол ескі заманнан келе жатқан мұра. Батырлар жырының тәрбиелік мәні зор. Батырлар жыры арқылы халық жас ұрпақты адалдыққа, адамгершілікті бойына сіңірген азамат болуға шақырған.
Халық ауыз әдебиетінің келесі жанры – жаңылтпаштар. Жаңылтпаштар бастауыш сынып оқушыларының тілін ширатады. А.Байтұрсынов жаңылтпаштар жайлы: «Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тіл келмейтін, иә басқа сөз қылып бұзып кететін сөздердің басын құрап, келістірген шығарма жаңылтпаш деп аталады» - деген анықтама береді.
«Ұлттық мақтаныш сезімі дегеніміз белгілі бір басқа бір ұлт адамының көптеген жеке мақтаныш сезімінің жиынтығы болып табылады, ұлттық мақтаныш сезімі әрбір ұлт адамдары үшін бұзылмас заң» - деп Б.Момышұлы анықтама берген.
Қазақ балалар әдебиетін зерттеуші ғалым Ш.Ахметов «Қазақ халқының бала тәрбиелеу дәстүрі» атты еңбегінде: халқымыздың тәрбие ісінде қамтыған мәселелеріне жан-жақты тоқталған.
әдепті бол дегенді басты міндет етіп қойған.
қарияның сөзін тыңда, ақпа құлақ болма, құйма құлақ бол дегенді бойларына сіңіре берген.
кемшілікті айтпа деген сөз
емес, қаріп-қасерлердің табиғи
Көркем шығармаларда халық өміріндегі әр дәуірден құралған батырлықты, ерлікті суреттеу оның басты ерекшелігі болып табылады. Мазмұны батырлық, ерлік, ар-намысқа берік, қайтпас ер, жауына мейлінше қатал, өз еліне мейірімді, оны қорғауға, өнегелі ісі бар адамгершілігі мол адамдарды суреттейтін шығармалар арқылы жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуді сабақта беруге болады деп тұжырымдаймыз.
Мұндай шығармалар оқушыларды батылдыққа, ерлік ісіне, табандылыққа, әділеттілікке, ақылдылыққа тәрбиелейді. Біріншіден, ондай шығармалар балаларды елін, өз жерін сүйетін намысына берік
Отаншыл етіп үйретсе, екіншіден, Отанына, еліне қастандық жасамақшы болған сыртқы жауларға мейлінше қатал болуға баулиды.
Бұл жөнінде В.Г.Белинский. «
Ғалым М.Ғабдуллин «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» атты педагогикалық еңбегінде: «Ата-ананың баласына тілейтін «Балам ер жетіп, елінің ер азаматы, халқының мақтанышы, абыройы, зор адамы, қаржы қызметкері» болса екен деген тілегінен, ертең ер жеткен соң, еліне адал ет дегенді түсіну қиын еместігі жайлы ой қозғайды. Одан халқыңды сүй, халқың үшін отқа түс – күймейсің, суға түс – батпайсың, әрқашанда халықпен бірге бол, бәрінен де халық мүддесін жоғары ұста, ел қорғауда және тұрмыс-тіршілікте халықтың ер азаматы, қамқоршы ұлы бол, халық үшін ерінбей еңбек ет» дегенді түсінуге болады. Баланы тәрбиелеудегі жүргізілетін жұмыстар сан түрлі болып келеді. Солардың ішінен біз оқушыларға берілетін адамгершілік, ерлік, батылдық туралы сөз қозғамақпыз. Кіші мектеп жасындағы оқушылар тәртіптілікке үйренсе, олар ұқыпты, тиянақты, жинақы болып келеді.
Саналы тәртіп пен тәртіптілікке үйренген бала алға қойған мақсатқа жетуге ұмтылып, қандайда тапсырманы орындап шығуға ынталанып, жігермен орындайтын болады. Бұл қасиет үздіксіз тәрбие арқылы баланың қанына сіңіп, бойына тарайды. Бастауыш сыныптан бастап жүргізілген осындай жұмыстардың нәтижесінде, тәртіптілікке үйренген, соған дағдыланған бала ер жеткенде халықтың мақтаныш ететін нағыз азаматының өзі болады. Ол - өзінің Отан алдындағы азаматтық борышын жақсы түсініп, халық мүддесін жеке бас мүддесінен жоғары санайтын болады.
Бүгінгі кезеңде егемен елімізде жалпы орта білім беретін мектептегі тәрбие жұмысын қазіргі заман талабына сай ойдағыдай ұйымдастыру және демократияландыру мәселесі жалпы ұлттық, бүкіл халықтық, мемлекеттік деңгейде жұмыла көтеруді қажет ететін аса маңызды мәселе болып саналатыны белгілі жайт.
Қазақ елін сыртқы жаудан аман сақтап қалу үшін жанын аямай күрескен, халқымызға бағыт-бағдар беріп отырған Қазыбек бидің:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, - деп қазақ елінің ешкімге барып соқтықпағаны, «жаным – арымның садағасы» - деп адамгершілік рухты биік ұстағанын жырласа, ал, ХХ ғасырдың өр ақыны Ж.Молдағалиев:
Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен, -
деп еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өз ұлтының мәрттігін басқаларға таныта отырып, ел қорғаған батыр бабаларымыздың даналық ерлік істерін, олардың адамдық асыл қасиеттерін асқақтата дәріптейді.
К.Д.Ушинский айтқандай «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс» - дейді, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап, сол рухани рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен. Сондықтан да біз жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуді халқымыздың салт-дәстүрін, ерлік үлгілерімен сабақтастыра жүргізуді орынды деп есептейміз.
Қазақтың педагог-ғалымдары: Ж.Б.Қоянбаев пен Р.М.Қоянбаевтың педагогика оқулығында тәрбие, оның әдістері, тәсілдері, құралдары туралы ұғым беріледі. Тәрбиенің құрамды бөліктерін: құлық тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық тәрбие, экологиялық тәрбие, эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, құқықтық тәрбие деп жіктеп, әрқайсысына жеке-жеке тоқталып кетеді. Құлық тәрбиесінің мазмұнын ашып, міндеттерін бірі ретінде Отанына, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу деп көрсетеді.
Ресей ғалымы П.И.Пидкасистый тәрбиені педагогикалық құбылыс ретінде қарастырып, «тәрбие», «өзін-өзі тәрбиелеу», «қайта тәрбиелеу» ұғымдарына жеке-жеке тоқталып, әрқайсысына анықтама береді. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде ана тілінің маңызы зор. Жас ұпақты адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі құралы көркем шығарма. Көркем шығарма жанрларының ішінде ерекше орын алатын ауыз әдебиеті үлгілерін атауға болады.
Ана тілін білмейінше қазақтың баласы ұлтын танымайды. Олай дейтініміз жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеудің бір ұшы қазақтың ауыз әдебиетінде, мақал-мәтелдерінде, қанатты сөздерінде жатыр. Мысалы: қазақтың мақалы «Адам деген ардақты ат», «Жақсы - ісімен жақсы», «Әдепті бала- арлы бала, әдепсіз бала- сорлы бала», «Жақсы адам көпшіл келеді, жаман адам –епсіз келеді», «Өтірікшінің шын сөзі –зая», - деп оқушыларды адалдыққа, адамдық асыл қасиеттерді дәріптей білуге тәрбиелейді.
Бастауыш
сыныптарда адамгершілікке тәрбиелеу
жұмыстары тәрбиенің басқа