Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынас психологиялық тренингін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 20:20, дипломная работа

Описание

Өзектілігі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманнында ағарту саласының мектеп жасына дейінгі жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру барысында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басына дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадаға даму аймағына бағыттау. Ал балалар тәрбиесіне, бастауыш сынып оқушыларының кездің ықпалы аса зор екені белгілі.
Мектеп жасындағы балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал балардың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік – балалардың қарым-қатынас саласы.

Содержание

Кіріспе .........................................................................................................................3
I – Тарау Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудің теориялық мәселелері
I.1 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасының
психологиялық негіздері ...........................................................................................6
I.2 Әлеуметтік – психологиялық тренингтің түрлері,
оны қолдану ерекшеліктері......................................................................................11
I.3 Қазақтың ұлттық ойындарының, әдептілік және мәдени
құндылықтарының оқушылар қарым-қатынасын
дамытудағы ролі .......................................................................................................16
II – Тарау Бастауыш класс оқушыларының ұйымдастырылған қарым-қатынас тренингінің нәтижелері
II.1 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасын зерттеу
әдістері мен ұйымдастыру барысы .........................................................................26
II.2 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын
зерттеу нәтижелері ...................................................................................................32
Қорытынды ............................................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................46

Работа состоит из  1 файл

Тренинг дип. Жандос.doc

— 424.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны 
 

Кіріспе .........................................................................................................................3  

I – Тарау Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудің теориялық мәселелері 

I.1 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасының

психологиялық негіздері ...........................................................................................6

I.2 Әлеуметтік – психологиялық тренингтің түрлері,

оны қолдану  ерекшеліктері......................................................................................11

I.3 Қазақтың ұлттық ойындарының, әдептілік және мәдени

құндылықтарының оқушылар қарым-қатынасын

дамытудағы  ролі .......................................................................................................16  

II – Тарау Бастауыш класс оқушыларының ұйымдастырылған қарым-қатынас тренингінің нәтижелері 

II.1 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасын зерттеу

әдістері  мен ұйымдастыру барысы .........................................................................26

II.2 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын

зерттеу нәтижелері ...................................................................................................32  

Қорытынды .............................................................................................................42

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................46  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3

Кіріспе. 

     Өзектілігі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманнында ағарту саласының мектеп жасына дейінгі жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру барысында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басына дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадаға даму аймағына бағыттау. Ал балалар тәрбиесіне, бастауыш сынып оқушыларының кездің ықпалы аса зор екені белгілі.

      Мектеп  жасындағы балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал балардың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік – балалардың қарым-қатынас саласы.

      Мектеп  жасындағы балалар  қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнына, рөліне және қарым-қатынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми қорда аз емес. Аталмыш кеңістікте Д.Б.Эльконин /1/, Л.И.Божович /2/ және т.б. ғылыми зерттеулері кеңінен таралған. Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар қарым-қатынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор және жағдай болды. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы, олай болса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады. Ғылымдағы балалар қарым-қатынасының мәнділігі әркімге – психологтарға, педагогтарға, ата-аналарға аян, және ол әртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты зерттеулерден белгілі болғанымен, балалар қарым-қатынасында шешілмеген мәселелер жеткілікті.

      Мектеп  жасындағы балалардың қарым-қатынас генезисіндегі негізгі заңдылықтар ашылған. Алайда, балалардың жеке басының қалыптасу заңдылықтары өз халқының тарихына, экономикасына, мәдениетіне тікелей байланысты болып келеді. Осыған орай қазіргі кезең жағдайында ұлттық құндылықтарды балалар тәрбиесі мен дамуында пайдалану белсенділігі артып, ұлттық мәдениеттің өзекті педагогткалық, психологиялық мәселелерін шешу, оны дамсыту жолдарына деген қызығушылық арта түсуде. (Қ.Жарықбаев /3/, Ә.Алдамұратов /4/).

      Мектеп  жасындғы балалардың қарым-қатынасын зерттеп, сол арқылы баланың психикалық тұрғыдағы дамыту және түзету мәселелерінің шешімі әлі күнге дейін жүйелі табылмаған. Қазақ баларының тәрбие, оқыту үрдістерін психологиялық, педагогикалық жағынан қамтамасыз ететін мамандардың арсеналында арнайы контингентке бейімделген зерттеу әдістері  

4

жоқтың  қасы. Осы контксте ұлттық ойындар, құндылықтар баланың жеке басын  дамыту үрдісінде таптырмайтын әмбебап  құрал және әдіс болуы керек. Себебі ұлттық ойындардың, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың халықтық педагогика тақырыбын қамтымайтыны бомайды. Алайда ұлттық ойындардың, құндылықтардың балалардың жеке басын дамытудағы мәні белгілі болғанымен, психодиагностикалық мүмкіндігі бүгінгі күнге дейін ғылыми зерттеу мәселесіне айналған жоқ.

      6-7 жастағы балаларды оқыту, тәрбиелеу мекемелері өз функцияларының тізгінін босатып жіберуі, ересектердің қоғамдық дағдарыстан әрқалай күй кешуі-бір жағынан, екіншіден – экологиялық, медициналық мәселелердің бала дамуында орын алуы, үшіншіден – қазақ баларының мектеп жасына дейінгі кезеңдегі қарым-қатынас ерекшеліктерін ескеру негізінде оқыту, тәрбиелеу және дамытудың назардан тыс қалуы, ғылымда бала қарым-қатынасын жетілдіру жолдарының бір жүйеге келмеуіне әкелді.

      Соңғы 30-40 жыл ішінде қарым-қатынас механизмдерін  дамытудың белсенді, жедел әдісі-тренингтер ұйымдастырылып, қолданылуда. Олар топтық жұмысқа негізделіп, тиімділігі дәлелденген (Л.А.Петровская /5/, Н.И. Хрящева /6/, А.Г. Ковалев /7/ т.б.).

      Әлеуметтік-психологиялық  тренингтердің әр түрі – сензитивті, оқытып-жаттықтырушы, өнер-би, арт (сурет) тренингтердің – мектеп жасындағы балаларға тигізетін психологиялық әсері әлі де болса кеңейтіле зерттелмеген. Ал қазақ балаларымен жүргізілетін тренингтер ерекшеліктері осы күнге дейін назардан тыс қалып отыр. Осыларды ескере отырып біздің зерттеу жұмысымыз 6-7 жастағы қазақ баларының қарым-қатынасын тренингтік әдістермен жетілдіру жолдарын қамтиды.

      Сонымен зерттеу жұмысының тақырыбы: «Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынас психологиялық тренингін ұйымдастырудың ерекшеліктері» деп аталады.

Зерттеу мақсаты – Бастауыш класс оқушылармен қарым-қатынасын жетілдіретін тренингнті ұйымдастыру.

Зерттеу міндеттері:

  1. Бастауыш класс оқушыларының психикалық дамуындағы қарым-қатынас мәселелерінің теориялық негіздерін қарастыру.
  2. Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудегі қазақтың ұлттық ойындарының, мәдени және әдептілік құндылықтарының мүмкіндіктерін анықтау.
  3. Оқушылардың қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін жетілдіретін тренингтік сабақтарды модификациялау және оларды ұйымдастырудың тиімді жолдары мен әдістерін айқындау.
  4. Мектеп жасындағы оқушылардың оқу-тәрбие үрдісіне тренингтік сабақтарды енгізу және оның апробациясы.

Зерттеу болжамы – Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдіру, қазақтың ұлттық ойындарын, мәдени, әдептілік құндылықтарын  

5

қамтитын  арнайы құрастырылған тренингтік сабақтарды ұйымдастырумен байланысты болуы мүмкін.

        Зерттеу пәні – Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдіру үшін қазақ тілінде тренингтік сабақтарды қолдану мүмкіндіктері.

      Зерттеу объектісі – Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдіру үрдісі. Зерттеу базасы Ақтөбе облысы, Айтеке би ауданының Комсомол ауылының № 1 қазақ орта мектебінің бастауыш класстары болып табылады.

      Зерттеу әдістері. Эксперимент барысында балалардың қарым-қатынасын зерттеуге арналған Г.А.Урунтаева, Т.А.Репина /8/, К.Т.Шерьязданова /9/, т.б. әдістемелері, эксперименттік баға, бақылау әдістері қолданылды. Эксперименттен алынған нәтижелерге статистикалық өңдеу әдістері қолданылып, мәнділігі анықталды.

      Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

6 
 
 

I – Тарау Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудің теориялық мәселелері

I.1 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасының

психологиялық негіздері 

      XX ғасырдың ортасында дүниенің әр түкпірінде қарым-қатынас мәселесіне арналған зерттеулер шамамен бір уақытта пайда болып, тарала бастайды.

      Мұндай  зерттеулердің ішінде балалардың қарым-қатынас  сферасына қатысты еңбектер ерекше орын алады. Ғылымда мектеп жасына дейінгі  балалар психикасының дамуындағы қарым-қатынас  аса маңызды фактор ретінде тағайындалған.

      Қарым-қатынас  адамның өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы.

      Қарым-қатынас  мәселесін психологиялық, педагогикалық  тұрғыдан зерттеу әлемдік ғылымда  Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі  кезеңде өзекті мәселе болып көтерілді. Осы уақыттан бастап қарым-қатынасқа  анықтамалар беріліп, оны зерттеуде бағыттар пайда болды.

      «Қарым-қатынас» ұғымының көп анықтамаларының арасында біз «коммуникативті іс-әрекет» ұғымымен синоним деп қарастыратын (А.Н.Леонтьев/9/, М.И.Лисина /10/, Х.Т.Шерьязданова, Т.И.Суркова/11/, Д.А.Исмаилова, Ж.А. Абишева /12/ және т.б.) позицияларына жүгініп, М.И. Лисинаның /10,22/ анықтамасын арқау етеміз. Сонымен қарым-қатынас деп – екі (немесе одан да көп) адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз. Олай болса, біз зерттеуімізде қарым-қатынастың мазмұнды жағына, іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынастың орнына, 5-6 жастағы балалардың психикалық дамуының қарым-қатынас байланысын анықтауға баса назар аудардық. А.Н. Леонтьев /9/ іс-әрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады.А.Н.Леонтьевтің қарым-қатынасты іс-әрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы, Б.Г. Ананьевтің /13/ А.А.Бодалевтің /14/ коммуникативтік әрекет жайлы ілімдер біздің зерттеуіміздің әдіснамалық негізі болды.

      Балалардың  ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынас жасауы әр-түрлі ғылыми позициядан түсіндіріледі. Сол кезден бүгінгі күнге дейін «бала (лар) мен ересек (тер)» жүйесіндегі қарым-қатынас «бала – бала (лар)» жүйесіндегі зерттелген көне ілгері және жан-жақты қарастырылған.

      Психология  мен оған салалас ғылымдарда қарым-қатынас  құралдарының сипаттамалары, жүйелері келтіріледі. (А.А.Леонтьев).

      М.И.Лисинаның (10,70-87) қарым-қатынас құралдарының үш тобын экспрессивті-мимикалық, заттық-әрекеттік  және тілдік құралдарына бөліп қарастыруы біздің зерттеуіміз үшін де маңызды. 

      7

     Қарым-қатынас  құралдарын қолданып, жалпы нәтиже алу тәсіліне де талдау жасалық. Қарым-қатынас тәсілі оның бірлігі деп танылады (М.И. Лисина, Д.А.Исмаилова т.б.) әдебиеттерде қарым-қатынас тәсілі әрекеттік формада «коммуникациялық біліктілік» (Т.В. Антонова /15/) десе, ал А.А. Бодалев/14/ қарым-қатынас әсер ету тәсілдерін интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік деп үшке бөледі. Біздің зерттеу аспектімізде қарым-қатынас тәсілдерін жетілдіру ең негізгі мәселе болып табылады.

      Әдебиеттерге  талдау жасай отырып қарым-қатынас  механизмдерін қарым-қатынастың тиімділігін  анықтайтын, өзара түсінікті сипаттайтын күрделі психологиялық құрылым деп түсінеміз. Осы орайда В.С. Агеев /16/, А.А. Бодалев/14/ қарым-қатынастың  механизмдерін көрсетіп, оларға эмпатия, идентификация, децентрация, рефлексия, стереотипизацияны  жатқызады.

      Біздің  зерттеу жұмысымызда 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасындағы стиль ұғымын, ересектердің, ата-аналардың, педагогиканың балаларға психологиялық әсері, ықпалы деп тағайындаймыз.

      Қарым-қатынастың қажеттіліктері, мотивтері, тәсілдері, құралдары, формалары, стильдері... мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынастарын жетілдіру, коррекциялау мәселері үшін аса мәнді деп санаймыз.

      Оқушылармен жүргізілетін зерттеу, әсересе диагностикалық жұмыс, олармен қарым-қатынас саласында профилактикаға және коррекцияға негіз болатындығымен маңызды.

      Осыған  орай психологиялық әдебиеттерде балалардың қарым-қатынасын анықтау әдістемелерінің  тиімді түрлері жасалынған. Біз реттеу барысында мұндай еңбектерді талдай отырып, 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасын айқындау мақсатында жасалынған әдістемелерді бірнеше топқа бөлді. Оқушының коммуникативті іс-әрекетінің тиімділігін оның жеке бас, когнитивті қасиеттерімен байланыстырып, осы қасиетттерді зерттеп, бағалауға мүмкіндік беретін әдістемелер жасалынды.

  1. Әр – түрлі қарым-қатынас жағдайларын талдауға негізделген зерттеу тәсілдерінің тобы белгілі. Мұнда қарым-қатынас жағдайы экспериментатор вербалды түрде немесе көрнекі құралдар көмегімен жасайды. Қарым-қатынас жағдайын талдау әдістемелері оқушылардың жас және даралық ерекшелігін, әлеуметтік ортасын және қарым-қатынас сферасын ескеруге мүмкіндік береді.
  2. Қазіргі кезде нақты қарым-қатынас жағдайын талдау әдістерін диагностикалық мақсатта қолданудың өрісі кеңейген. Мұнда қарым-қатынас субъектілерінің коммуникативтілік біліктіліктерін тиімді қолдана алуын анықтау мүмкіндігі бар.

Информация о работе Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынас психологиялық тренингін ұйымдастырудың ерекшеліктері