Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 20:20, дипломная работа
Өзектілігі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманнында ағарту саласының мектеп жасына дейінгі жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру барысында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басына дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадаға даму аймағына бағыттау. Ал балалар тәрбиесіне, бастауыш сынып оқушыларының кездің ықпалы аса зор екені белгілі.
Мектеп жасындағы балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал балардың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік – балалардың қарым-қатынас саласы.
Кіріспе .........................................................................................................................3
I – Тарау Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудің теориялық мәселелері
I.1 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасының
психологиялық негіздері ...........................................................................................6
I.2 Әлеуметтік – психологиялық тренингтің түрлері,
оны қолдану ерекшеліктері......................................................................................11
I.3 Қазақтың ұлттық ойындарының, әдептілік және мәдени
құндылықтарының оқушылар қарым-қатынасын
дамытудағы ролі .......................................................................................................16
II – Тарау Бастауыш класс оқушыларының ұйымдастырылған қарым-қатынас тренингінің нәтижелері
II.1 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасын зерттеу
әдістері мен ұйымдастыру барысы .........................................................................26
II.2 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын
зерттеу нәтижелері ...................................................................................................32
Қорытынды ............................................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................46
Сау адамдардың өзіндік
санасын дамытуға қолданылатын топтық
әдістердің функциялары мен механизмдерін
әлеуметтік-психологиялық
Адлер /24;11/ жеке адамды дамыту мен оның құндылықтары мен өмірлік мақсатын қалыптастыруда, өзгертуде топтың әлеуметтік психологиялық асттарына көп мән береді. Психологияда ең алғаш балаларға топтық әдісті, дәлдеп айтқанда, топтық пікір – талас пен мәселелерге талдау жасау әдістерін қолданған. Ал «топтық талдау» терминін психологиялық ғылымға психоаналитик Т.Барроу /24;11/ енгізген. Топтық әдістерді пайдалануда
13
психотерапевсіз психологиялық әсер ету мүмкіндіктерін ең алғаш А.Вольф /24;12/ ашқанды.
Тренингтік топтардың жетіліп, дамуы К.Левин /24; 54-58/ есімімен байланысты. Ол 1922 жылдан бастап АҚШ-та топтық динамика, әлеуметтік әрекет және басқа да топтық феномендер мәселесін шешумен айналысқан. Осыған қатысты К.Левин /24;31-33/ өзінің өріс теориясын – индивидтің мінез-құлқын анықтайтын бірлескен және байланысқан факторлар жиынтығын құрайды. Бұл факторлар жиынтығы жеке адамды, оның ортасын қамтып, бір психологиялық өріс болады. «Топтық динамика» ұғымын да алғаш қолданған К.Левин /24; 31/ екендігін ескерту қажет. Топтық жұмыстағы аса бір айшықты, эмоционалды бағыт психодрома, оның дұниеге келуі Дж. Морено /24;94/ есімімен байланысты. Ескере кететін бір жай, бүгіндері психодрома бастауыш класс оқушыларының ұйымдастыру тәжрибесінде топтық әдіс ретінде коррекциялық педогогика мен психологияда талданып, сипатталынбаған. Алайда біздің зерттеулеріміз Дж.Морено жасаған ойын әдістерін тренингтердің қандай түрі болмасын, қандай топта (жас ерекшелікке, іс-әрекетке тағы басқаға қатысты) болмасын модификациялай отырып, кеңінен жүргізуге мүмкін болатындығын көрсетті.
Бихевиористік бағыт қойнауында өмірге қажетті біліктерді- жаңа ортаға бейімделуді, нақты өзіндік, іс-әрекеттік мәселелерді шешуді және т.б. үйрететін мінез-құлықтық тренингтердің әр түрінің теориясы мен сценарийлері жасалынған.
К.Роджерс, К.Рудестам /24; 9-15/ сияқты гуманистік психология өкілдері жеке адам өзара сенім, еркіндік және ашықтық атмосферасында өзін-өзі ашып, өзгерту, өсу, даму мүмкіндіктеріне ие болатындығын негіздейді. Осы мақсатпен «кездесу тобы» деген атпен тренингтік жұмыс жүргізудің ғылымда теориясы және тәжірибесі бар.
АҚШ
пен Батыс елдеріндегі
Қарастырылып отырған мәселенің контексінде топтық жұмысты гештальттық бағытта ұйымдастыруды ашқан Фр.Перлз /24;109-140/ тәжірибиесі ерекше орын алады. Перлз эмоциялық инсайт негізінде индивид өзін-өзі актуализациялау, қабылдау, эмпатияны күшейту, «тұсаудан арылу» мүмкіндіктеріне ие болатын топтық, тренингтік жұмыстарды дәріптейді.
Жоғарыда сипатталынған топтық, тренингтік
жұмыстың бағыттары ғылым мен тәжірибиеде
классикалық болып,аса кең таралған. Бұлар
қазіргі кезде қолданылып жүрген топтық
психологиялық әдістердің дамуына жағдай
жасады.
14
Соңғы кездері дамыту, коррекциялау тажірибиесінде аса тиімді топтық психологиялық әдістердің негізінде пайда болып, синтетикалық, кейде өзіндік бір бағыты бар тренингтік жұмыстардың жаңа модификациялары қолданылуда.
Мұндай жинақталған тренингтік жұмыстар қазіргі кезде Ресей және ТМД елдеріндегі қолданылып жұрген дені сау адамдарға психологиялық әсер ету әдістерінің әртүрлерін құрайды.
Қазіргі кезде қарым-қатынас (ата-ана, мінез-құлқы, жанұялық , қорғану, қауіпсіздік т.б.) арнайы контингенттерге арналған тренингтерді тиімді ұйымдастыру принциптері мен әдіс-тәсілдері белгілі. Баса айтатын бір жай, ол тренингтік әдістер алғашқы кездері тек ересекрерге арналса, бүгіндері мектеп жасына дейінгі балалардан бастап зейнеткерлерге дейін қолдану мүмкіндіктері бар.
Әлеуметтік психологиялық тренингтерде топтық пікірталас тікелей қарым-қатынас үрдісінде әрбір топ мүшесінің көзқарасын, позициясын, бағыт-бағдарын анықтауға, тіпті зерттеуге мүмкіндік береді И.Вачков /25; 119/.
Тренингтік топтық пікірталас әркімнің мәселелерді жан-жақты анықтап, шешуге жағдай жасайды. Бұл құбылыс топтың бірлестігін және әрбір топ мүшесінің өзіндік ашылуын жеңілдетеді. Сонымен қатар, жабық қақтығыстардың шешілуіне, әркімнің құрметке ие болуына компетентілік көрсетуіне топтық пікірталаста қол жеткізеді. М.В.Семилет /24/ тренинг барысында тақырыптың-топтың барлық мүшесіне ортақ пікірталас, биографиялық өткен ситуацияларға бағытталған пікірталас интеракциялық пікірталас топ мүшелерінің өзара қатынастары мен мазмұны материал болатын пікірталас түрлері қарастырылады.
Топтық жұмыстың алғашқы сатысында топ мүшелерінің жасқаншақтығын, ширығуын түсіретін тәсіл, жағдай, ретінде ойынның ролі зор И.Вачков /25; 105-115/.
Ойынның негізінде оқыту үрдісі интенсификацияланады, жаңа мінез-құлық дағдылары бекітіледі. Басқа адамдармен өзара әрекеттестіктің бұрын мүмкін болмайтын тәсілдері нәтижелі пайдаланады, коммуникативтік біліктіліктің вербалды және вербалды емес жақтары жаттығады.
6-7 жастағы балалардан тренингтік топ ұйымдастырғанда басты психологиялық әсері бар әдіс –ойын екені даусыз. Сондықтан біздің тренингтік әдістемелерде ойынның әр түрі –ситуациялық, рольдік, дидактикалық, шығармашылық, имитациялық ойындар базалық әдістер болады. Сонымен қатар тренингте ойындар диагностикалық, психокоррекциялық дамытушы, яғни полифункционалді құрал ретінде қолданылады.
Қарым-қатынаста әрбір баланың өзін көрсете алуы, топтық іс-әрекетті жатсынбай, белсенділік танытуы бір жағынан, екіншіден қандай да мәселенің әр қырын қөре білу, рефлексияны дамыту үшін топтық пікірталас аса маңызды. Тренингтік тәжірибеде қатаң регламенттік, нақты тақырыпқа негізделген құрылымдық және еркін тақырыптағы пікірталастар қолданылады.
Тренингтің әдістердің келесі бір маңызды бөлігі әлеуметтік перцепцияны дамытуға бағытталған. Топ мүшелері басқа адамдарды, өзін, өз тобын
15
қабылдауға түсінуге және бағалауға қатысты біліктілігін дамытады. Осы мақсатта арнайы жаттығулар құрастырылды. Алынатын ақпараттың вербалды, вербалды емес жолдары арқылы перцепция механизмдері жетіледі. Бұл процедура қабылданатын объектіні терең рефлекциялық және мағыналық, бағалық интерпретациясын жасауға үйретеді. Бұл жаттығулардың ішіне парапсихологиялық тәсілдермен табалдырық алды сезгіштікті дамытатын әдістер жатады.
Ал, 6-7 жастағы балалармен тренингтік жұмыс тіптен де жауапты болмақ. Бұл жастағы, тіпті бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасын жетілдіруде де басқа психологиялақ мәселелерге қатысты да тренингтік оқыту тәжірибиесі, белсенді әдістердің әсері әзірше жан-жақты, психологиялық зерттеу кезегін күтуде.
Келесі
тармақта қазақтың ұлттық ойындарының,
әдеби және мәдени құндылықтарының
балалар қарым-қатынасын
16
1.3 Қазақтың ұлттық ойындарың, әдептілік және мәдени
құндылықтарының
оқушылар қарым-қатынасын
дамытудағы рөлі.
Адамның
психикалық өмірінің жан-жақты дамуы
белгілі бір әрекетпен
Кеңес кезінде психолог ғалымдар мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамып жетілуде іс-әрекеттің рөлін айқындай отырып бала дамуын ойын әрекетімен анықтайды М.И.Лисина /10/, Д.Б.Эльконин /1/, Х.Т.Шерьязданова /9/. Бастауыш класс оқушыларының психикасының дамуында ойын жетекшілік роль атқарып «жетекші іс-әрекет» атты сөз тіркесімен сипатталады Д.Б.Эльконин.
Ойынның әсіресе оқушылардың психологиясына тигізетін әсері көп. Ойын кезінде оқушылардың ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез-құлқы қалыптасады. Балалар ойынының түрі де, мазмұны да әртүрлі ойынның барысында көрінеді. Ойынның сан алуандығы балаларды достыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулытады. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар. Мысалы: «Баланың істегені білінбес», «Баламен ойнама шаршарсың», «Ойнай білмеген, ойлай білмейді» деген қазақтың мақал-мәтелдеріне қарасақ, балалардың ойынға аса құмар келетіні, ойын арқылы балалардың сана-сезімі, ақыл-ойы өсіп жетілетіндігі дұрыс көрініс береді. Балалық шақ ойыннан бөлінбек емес. Балалар ойындарының қандай болмасын мәдени ұлттық орталармен мазмұндастығы және мерзімдік жағынан әлдеқайда тұрақтылығы ойын феноменалогиясын бір жағынан ғана ашады. Ал екіншіден, ойынның полифункционалдығы балалардың психологиялық құрылымдарының қалыптасуына және педагогикалық-психологиялық диагностикаға, яғни мониторингтік іс-әрекетке мүмкіндік береді. Ойын әр уақытта және әр халықта болатын бірден-бір балалардың негізгі іс-әрекеті.
Ойынның қоғамдық-әлеуметтік сипаты ең алғаш рет Г.В.Плеханов/26/ еңбегінде көрсетілген. Ол аса мол педагогикалық жайттарды жалықпай талдай отырып, балалар ойынының мазмұны, сипаты қоғамдық өмірмен байланысты болатынын тағайындаған. Біздің жұмысымыздағы оқушы ұғымын бала сөзімен синоним ретінде қарастырсақ қате болмайтын сияқты.
Ең
алдымен әдептілік құндылықты анықтап
алайық, бұл үшін Н.Елікбаевтың /27/ берген
сипатамасымен түсіндіру жөн сияқты. Ұлттар
өміріндегі ұлттық психологиямен тығыз
байланысты көкейтесті мәселенің бірі
– ол ұлттық әдет-ғұрыптар, дәстүрлер
болып табылады. Ұлттық психологияның
ерекшеліктері мәдениетте, тұрмыста, сондай-ақ
ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерде
де айқын көрінеді. Осы мәселелерге арналған
әдебиеттерде ұлттық әдет-ғұрыптардың,
дәстүрлердің саяси-әлеуметтік өмірдегі
орны мен рөлі, оның таптық сипаты, прогресивтік
рухани маңызы ұлттық қатынастардың жетілу
процесіндегі әдептілік мәдени құндылықтарына
талдау жасалынады.
17
Әрбір халық өздерінің әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, салт-жораларын ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырады, әрі сақтайды. Олардың ұлттық мәдениетінде, тұрмысында бөлінбейтіндей болып қалыптасады. Ұлттық әдептілік, мәдени құндылық олардың өмір ерекшеліктеріне сәйкес сол ұлттық көпшілік өкілдеріне тиісті болатын қоғамдық дему мен табиғат құбылыстарының қайталану заңдылықтарының нәтижесі. Олар адамдар арасындағы қатынастарды ойша шамалаудың, топшылаудың эмоцинальдық көріністердің түрлері мен формалары ретінде пайда болады. Әдептілік, мәдени құндылықтар адамдардың бүкіл психологиясымен неғұрлым терең байланыста болады.
Қоғамдық өмір қоғамдық қатынастардың әр-түрлі формаларымен-өзара әрекеттестік, өзара қатынас, кәсіби қатынас т.б. микро-мезо-микросоциумда көрінеді. Сондықтан Б.Ф.Ломов/28/ психологиялық зерттеу үшін жеке адам өміріндегі қоғамдық қатынастардың көрінуін анықтап алуды дәріптеген. Олай болса балалар ойындарының мазмұны әлеуметтік ортадағы қарым-қатынастың барлық деңгейін бейнелейді. Макро-мезо-микросоциумның жеке адамға әсер ету механизмдері мен нәтижелері мәдени ұлттық құндылықтарымен айшықтық болады.
Ойындағы балалар әрекетінің барлығы дерлік әлеуметік ортаның бейнесі болатындығын Л.С.Выготскийдің 20-шы жылдары бастаған ойын мәселесін зерттеуін жалғастырушы А.Н.Леонтьев көрсеткен. Сол сияқты ірі ғалым Д.Б.Эльконин еңбектері балалар ойынның әлеуметтік табиғатын ерекше мәдени құрылым ретінде түсіндіріледі. Ол ойынды ересектердің қоғамдық өмірін бейнелеу деп анықтайды.
Біздің зерттеуімізге қазақтың ұлттық ойындары, жалпы ойын жайлы қазақ ғалымдарының теориялық және тәжірибелік негіздері арқау болды.
Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған айрықша саласы балалар ойындары. Рухани мұрамыздың өзге түрлері сияқты оның да даму тарихы, толымды арнасы, әркез қоғамда атқарып келе жатқан қызметі бар.
Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп-өну, ілгерлеу жоқ. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында. Демек, халықтың этикасы мен эстетикасының, педагогикасы мен психологиясының, әдет-ғұрпы мен наным-сенімдерінің, шаруашылығы мен кәсібінің шоғырланған көрінісі балалардың ойын-сауық түрлерінде жатыр десек асыра айтқандық емес.
Әрбір қоғамның балаларға жасап отырған қамқорлығына, жеткіншек ұрпаққа деген көзқарасына қарап, сол қоғамның болмыс – бағдарын байқауға болады. Түптеп келгенде, ұлттық қасиет пен дәстүрдің қалайша жалғастық табуы да сол қоғамның ұрпаққа деген мәмілісіне байланысты. Сондықтан болар, қазір көптеген дүние жүзі халықтарының педагогика мен психология ғылымында «Халықтық педагогика мен ұлттық психология» деген арнайы ғылыми бағыттар қалыптасты. Олар халықтың дәстүрлі тәрбиелеу салтын, мәдени құндылықтарын балаларға қатысты әдет-ғұрпын, өлең-жырларын,