Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынас психологиялық тренингін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 20:20, дипломная работа

Описание

Өзектілігі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманнында ағарту саласының мектеп жасына дейінгі жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру барысында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басына дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадаға даму аймағына бағыттау. Ал балалар тәрбиесіне, бастауыш сынып оқушыларының кездің ықпалы аса зор екені белгілі.
Мектеп жасындағы балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал балардың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік – балалардың қарым-қатынас саласы.

Содержание

Кіріспе .........................................................................................................................3
I – Тарау Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудің теориялық мәселелері
I.1 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасының
психологиялық негіздері ...........................................................................................6
I.2 Әлеуметтік – психологиялық тренингтің түрлері,
оны қолдану ерекшеліктері......................................................................................11
I.3 Қазақтың ұлттық ойындарының, әдептілік және мәдени
құндылықтарының оқушылар қарым-қатынасын
дамытудағы ролі .......................................................................................................16
II – Тарау Бастауыш класс оқушыларының ұйымдастырылған қарым-қатынас тренингінің нәтижелері
II.1 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасын зерттеу
әдістері мен ұйымдастыру барысы .........................................................................26
II.2 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын
зерттеу нәтижелері ...................................................................................................32
Қорытынды ............................................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................46

Работа состоит из  1 файл

Тренинг дип. Жандос.doc

— 424.50 Кб (Скачать документ)

 

     Бірінші кестенің нәтижелері балалардың қарым-қатынас қажеттілігінің пайда болып, дамуына ұлттық ойындарды ойнатуға үйрету мен ұйымдастыру тікелей әсерін тигізетіндігін көрсетеді. 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасты қажетсінуінің параметрлерін талдасақ, экспериментке дейінгі уақыттағы көрсеткіш пен эксперименттен кейінгі жағдай бойынша айырмашылық кездейсоқ емес, ақиқат болатындығын дәлелдеу үшін статистикалық әдіс қолданылды. Фишер критериі бойынша болжамның дұрыстығын көрсете аламыз:             

33

     - Оқушы өтінішін бірден, толық және ең ақырына дейін орындап шығуы экспериментке дейінгі уақыттағы көрсеткіш 8,8%, ал эксперименттен кейінгі жағдай бойынша 57%, бұл (Р<0,01; ф=7,86)

     - Оқушы басқаның берер мәліметін бар зейінін қойып, тіпті бөгде объектілерге мән бермей тыңдауы. Экспериментке дейінгі уақыттағы көрсеткіш 11,4%, ал эксперименттен кейінгі жағдай бойынша 41,3%, бұл (Р<0,01; ф=10,03).

     - Жасалған ескертулерге қатысты оқушының өкпелеу сәттеріне байланысты. Экспериментке дейінгі уақыттағы көрсеткіш 17,5%, ал эксперименттен кейінгі жағдай бойынша 45,6%, бұл (Р<0,01; ф=7,55).

     -  Берілген мәліметтерді, ойын шартын барынша толық сақтауы. Эксперименттке дейінгі уақыттағы көрсеткіш 14,3%, ал эксперименттен кейінгі жағдай бойынша 51%, бұл (Р<0,01; ф=7,36).

     -  Ойын шарты бойынша жүзеге асырылатын әрекеттерді неғұрлым жақсы орындауға тырысуы. Экспериментке дейінгі уақыттағы көрсеткіш 12,1%, ал эксперименттен кейінгі жағдай бойынша 50,4%, бұл (Р<0,01; ф=8,09).

     -  Оқушы басқалармен бірге өзара әрекеттестікте жағымды эмоциялардың формаларын көрсетуі. Экспериментке дейінгі уақыттағы көрсеткіш 16%, ал эксперименттен кейінгі жағдай бойынша 42,7%, бұл (Р<0,01; ф=8,49).

     -  Оқушылар басқа барлық балалармен қарым-қатынас жасауда сергек, көңілді, белсенді болуы. Экспериментке дейінгі уақыттағы көрсеткіш 13,6%, ал эксперименттен кейінгі жағдай бойынша 49,3%, бұл (Р<0,01; ф=7,93).

     -   Оқушылар басқалардың арасында еркін әрекет жасауы. Экспериментке дейінгі уақыттағы көрсеткіш 17,6%, ал эксперименттен кейінгі жағдай бойынша 44,5%, бұл (Р<0,01; ф=7,74).

     -  Оқушылар басқалардың назарын өзіне аудару мақсатымен оригиналды, агрессия мен өкпеге негізделмеген әрекеттер, қылықтар жасауы. Экспериментке дейінгі уақыттағы көрсеткіш 11%; ал эксперименттен кейінгі жағдай бойынша 51,4%, (Р<0,01; ф=8,22).

     - Оқушылар лидерлік-жетекшілік, ұйымдастырылушылық қасиеттерін әдейілеп баса көрсетуі. Экспериментке дейінгі уақыттағы көрсеткіш 5,1%, ал эксперименттен кейінгі жағдай бойынша 36,6%, бұл (Р<0,01: ф=13,2).

     - Мақтау, мадақтау формаларының негізінде балалар белсенділігінің артуы. Экспериментке дейінгі уақыттағы көрсеткіш 50,7%, ал эксперименттен кейінгі жағдай бойынша 50%, бұл (Р<0,01; ф=5,28).

     - Оқушылар басқалардың назарына іліккен сөздер мен әрекеттерді қайталауы. Экспериментке дейінгі уақыттағы көрсеткіш 33%, ал эксперименттен кеінгі жағдай бойынша 50,3%, бұл (Р<0,01; ф=3.24).

     - Оқушылар вербалды еместен гөрі, диалогтік-тілдік қарым-қатынас жасауы. Экспериментке дейінгі уақыттағы көрсеткіш 60%, ал эксперименттен кейінгі жағдай бойынша 67,4%, бұл (Р<0,01; ф=5,29).

     -  Оқушылар мақтанғанда ерекше позода болып, әдеттегіден мүлде бөлек жеңісті білдіретін дыбыс шығаруы. Экспериментке дейінгі уақыттағы  

                                                                              34

көрсеткіш 29%, ал эксперименттен кейінгі жағдай бойынша 63,8%, бұл (Р<0,01; ф=2,39).

     Оқушылардың ойын үрдісін байқап, бақылау нәтижесін өңдеу үшін әрбір балаға жекелей хаттама толтырылды.

     Ойын  кезінде де, одан тыс кезде де оқушылардың (сәйкесінше 67,4% және 60%) тілдік-диалогтық қарым-қатынас жасауды қажетсінуі жоғары болатындығы шықты. Осыған кері тенденция оқушылардың лидерлік, ұйымдастырушы-жетекшілік қасиеттерінің, іскерлік деңгейде қарым-қатынас жасуының (сәйкесінше 36,6% және 5,1%) 6-7 жастағы оқушыларда төменгі деңгейді көрсетті.

     Бұл зерттеу барысы бір қызықты жайтты көрсетті: ойын барысында және күнделікті үйреншікті жағдайда 6-7 жастағы балалардың сәйкесінше 50,7%, және 50% яғни екі жағдайда да бірдей балалар санын мақтау, мадақтау формаларының негізінде коммуникативті белсенділіктің басқа параметрлерге қарағанда тұрақты стимулы болатындығы көрінеді. 6-7 жастағы балалардың коммунмкативтілік белсенділігі, инициативасы қай кезде болмасын мақтау, мадақтау формаларына негізделгендігі байқалды.

     Оқушылардың басқа балалармен жасаған байланыстарының алты реттік бақылау кесіміндегі (контрольный срез) мәліметтерді хронологиялық бақылау кестесінде беріп отырмыз (2 кесте). Толық мәлімет қосымша келтірілген.  

2 кесте

Оқушылардың ойын кезінде өзара байланыс жасауының

орта  тенденциясы  

Бақылау кесімінің рет санына сәйкес m  
 
 
1
 
 
 
2
 
 
 
3
 
 
 
4
 
 
 
5
 
 
 
6
 
Байланыстардың  ариф. орта мәні (m)
 
 
 
Р (=)
Оқушылар-дың  саны
 
40
 
28
 
30
 
29
 
35
 
34
 
35
 
29
 
2

 

     Эксперименттік  ойынға 40 бала қатысты. Байқау, бақылау кестесіне әрбір баланың басқа балалармен жасаған белсенді, инициативалы байланыстары тіркеліп отырды.

          Оқушылардың топ ішінде өзара байланысын, таңдамалылықты 6-кестені қолданып отырып талдаймыз. Мұнда қарым-қатынас таңдамалылығының шегараларының орта мәні 2-ге тең (Р-орт=2) болды. Олай ойын сәтінде 2 баламен (өзінен басқа) байланыс жасау мүмкідігі болатындығы шықты. Яғни әрбір баланың бір ойын сәтінде орта есеппен 2 басқа балалармен байланысты

35

белсенді  жасай алатындығы белгілі болды. Эксперимент нәтижелерін салыстырсақ, m-орт > Р-орт теңсіздігі тура келді, яғни баланың таңдамалылық шекарасының  орташа мәні (Р) оның алты сериялы зерттеу негізінде тіркелген байланыстарының орта мәнімен салыстырғанда  Р-орт =2 мәнінің бала қарым-қатынасының таңдамалылық ерекшелігінің салыстырмалы шекарасы болатындығын көрсетті. Бұл жайт (6 кесте) әрбір сериядағы таңдамалылық пен байланыстың арақатысын осылайша бейнелейді. 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасының таңдамалылық шекарасы  Р-орт = 2 де, ал байланыстар бойынша m-орт =29 болып, тым алшақ мәндердің алынуын балалардың әлеуметтенуі және осы әлеуметтік орта негізінде қарым-қатынас формасының қалыптасуынан деп топшылаймыз. Біздің экспериментке қатынасқан балалардың биографиялық жағдайымен танысқанда, олардың жанұядағы жалғыз, ең көп дегенде 3 баланың бірі екені белгілі болды. Ұлттық түсінік бойынша шағын орта, жанұя есебінде. Барлық балалардың  92% -ті  2-4 жас аралықтарында тек отбасылық тәрбиеде, яғни балабақшада болмағандағы белгілі болды. Осыдан балалардың басқа балалармен қарым-қатынас жасау тәжрибелері толық жетілмегендігі шығады. Дегенмен, m-орт =29 болуы, бір ортақ іс-әрекет ойын барысында өзара байланыстың тығыздығы артатынын көрсетеді.

      Зерттеу нәтижесін талдауда ер балалар мен  қыздардың қарым-қатынастағы таңдамалығы мен байланыс жасау ерекшеліктері байқалды.  Алынған мәліметтер кесте (3 кесте) түрінде берілген.

      Алынған нәтижелердің кездейсоқ еместігін  тексеру үшін статистикалық әдіс – сериялық критерий қолданылды. Ойын кезінде 6-7 жастағы ер балалардың қарым-қатынастағы таңдамалылығы және байланыс жасау шартты бірліктер бойынша қыздарда артық болатындығы статистикалық мәнді болды (S < S 0,05 (18,14) ).

3 кесте  

Ер балалар  мен қыздардың қарым-қатынастағы  таңдамалылығы және байланысының орта тенденциясы

Ер  балалар Қыздар
  m 1 орт Р 1 орт m 11 орт Р 11 орт
21 1,5 19 0,9

 

      Экспериментті сериялар өткізгенде, яғни ұлттық ойындардың белгілі бір түрлерін балаларды  жалықтырмайтындый етіп, әрбір үш-төрт күнде дүркіндетіп жүргізуде  ойындардың психологиялық әсері белгілі болды. 

      Ересек  адаммен өзара әрекеттестік жасауға, оның оқушыларды «Бес тас», «Үй тігу» ойындарына дағдыландыратын, ұйымдастыратын жағдай жасалды. Мұнда экспериментаторға және педагогқа, балаларға керекті мәлімет беретін қажетті ақпарат жеткізетін балалардың күмәндарын сейілтетін,бәрін білетін және «барлық істі тындыратын» тұлға ретінде көріну шарты қойылды.

  36

        Біз әрбір ойында әрбір оқушылардың үйренуін, ойнауын қажет еттік. Бұл жағдайда әр оқушының ересектерге және басқа балаларға қойған сұрақтары хаттамаға тіркеліп, саналып отырылды. Экспериментке қатысқан кластағы барлық оқушылардың хаттамаларын талдап, жалпылағанда, төмендегідей сапалық және сандық нәтиже алынды.

  1. 6-7 жастағы балалардың ересек адамның тікелей ойынға кірісіп, бірге ойнауын, бірлесіп іс-әрекет жасап, тікелей әрекеттік жәрдем беруін қажетсінген орта есеппен 13 бала байқалды. Олай болса балалардың 25% ересектермен қарым-қатынасты іскерлік мотивтер негізінде жасайтындығы тағайындалды. Ал балалардың басқа балаларға осы мазмұндағы өтініш орта есеппен 8 болды. Бұл барлық балалардың 15,6 %-да  балалар тобында коммуникативті іс-әрекеттің іскерлік мотив негізінде болатынын көрсетеді (4-кесте).  

    4-кесте  

    6-7 жастағы балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынас мотивтерінің түрі, балалар саны % бойынша  

Рет саны Ойын (эксперимент  жағдайлары) «бала-ересек»  жүйесіндегі қарым-қатынас мотивтері  «бала-бала»  жүйесіндегі қарым-қатынас мотивтері
Іскерлік Таным-дық Жеке бастық Іскер-лік Танымдық Жеке бастық
1 1-ші жағдай - өзара әрекеттестікті қажет ету  ойындары  25     15,6    
2 2-ші жағдай: заттар мен олардың қасиетін  тану қажеттілігіне негіз бола-тын  ойындар   34,4     9,4  
3 3-ші жағдай: «адамдар дүниесін» танып –  білуге мүмкіндік беретін ойын-дар     13     37,5

 

       Баланың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынас жасауы мотивтерінің іскерлік түрінің «бала-ересек» жүйесінде артық болуын түсіндіруде М.И.Лисина зерттеулеріне жүгінеміз. Яғни, 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасында ересек адам ерекше орын алады.

        Сонымен қатар эксперименттің бұл кезеңінде орта есеппен 14 баланың ересектердің ескертуін көтере алмай өкпелесе, балалармен ойнағанда орта есеппен 13 баланың осы қылығы тіркелді. Бұл сандар сәйкесінше балалардың 43,8% және 28.1% береді. Ересек адамның қарым-қатынасына қанағаттанбай,

            37

өкпелеп қалған балалардың 15 қыз бала, 9 ер бала, ал балалар тобында өкпесін 6 ер бала және 10 қыз бала жасыра алмады.

     2) эксперимент кезінде аталмыш  ойындарды талдау арқылы танымдық сұрақтар қойып, танымдық әуестік көрсеткен балалардың орта есеппен алынған саны тіркелді. Сонда ересек адамдарға ойын заттарының табиғаты, ерекшелігі жайлы, жалпы «неге?» деген танымдылық сұраулар саны 62 болса, балалармен қарым-қатынас жасауда 26 ғана шықты. Мұнда танымдық мотивтер негізінде ересек адамдармен қарым-қатынас жасайтын барлық балалардың 34,4% ал басқа балалармен - 94% болды.  6-7 жастағы балалардың танымдық бір сұрақты, не өзара мағыналас сұрақтарды бірнеше реттен қоятындықтары эксперимент барысында бірнеше рет байқалды. Қарым-қатынаста танымдық мотив арқылы белсенділікті ересектермен 14 қыз бала және 13 ер бала көрсетсе, басқа балалармен 10 қыз бала танытты. Біз бұл жағдайды қыздардың қарым-қатынас үрдісіндегі активиаторлық, инициаторлық қасиеттерінің ер балалармен салыстырғанда артық болатындығынан деп топшылаймыз.

      3) Эксперименттің бұл кезеңінде  балалармен ойналатын «Егер мен...»,  «Егер сен (біз)...?» ойындары балалардың ересек адамға да, басқа балаларға да жеке басына қарата сөйлеуіне жағдай жасайды. Ал метафоралар мен мақал-мәтелдер айтып, талдау балалардың адамдар жайлы, өз туған-тумалары жайлы айтуға, ойын шығаруға стимул болды.

      Эксперимент кезінде «адамдар дүниесі жайлы» ересек адамдарға орта есеппен 23 бала сұрақ қойса, басқа балаларға – 17 бала болды. Бұл жағдай 6-7 жастағы балалардың ересек адамдармен қарым-қатынас жасаудағы жеке бастық мотивтері – 50%, ал басқа балалармен 37,5% болатындеғын көрсетеді. Қарым-қатынастың жеке бастық мотивтері ересектер мен басқа балаларға қатысты балаларда сәйкесінше 22 бала және 8 бала, ал ер балаларда сәйкесінше 10 бала. Қарастырылған үш жағдайда да қыз балалардың қарым-қатынас мотивтері ер балаларға қарағанда басым болатындығы көрінді. 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасында мотивтердің үш түрі:  іскерлік, танымдық және жеке бастық негіз болады.

Информация о работе Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынас психологиялық тренингін ұйымдастырудың ерекшеліктері