Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынас психологиялық тренингін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 20:20, дипломная работа

Описание

Өзектілігі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманнында ағарту саласының мектеп жасына дейінгі жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру барысында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басына дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадаға даму аймағына бағыттау. Ал балалар тәрбиесіне, бастауыш сынып оқушыларының кездің ықпалы аса зор екені белгілі.
Мектеп жасындағы балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал балардың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік – балалардың қарым-қатынас саласы.

Содержание

Кіріспе .........................................................................................................................3
I – Тарау Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудің теориялық мәселелері
I.1 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасының
психологиялық негіздері ...........................................................................................6
I.2 Әлеуметтік – психологиялық тренингтің түрлері,
оны қолдану ерекшеліктері......................................................................................11
I.3 Қазақтың ұлттық ойындарының, әдептілік және мәдени
құндылықтарының оқушылар қарым-қатынасын
дамытудағы ролі .......................................................................................................16
II – Тарау Бастауыш класс оқушыларының ұйымдастырылған қарым-қатынас тренингінің нәтижелері
II.1 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасын зерттеу
әдістері мен ұйымдастыру барысы .........................................................................26
II.2 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын
зерттеу нәтижелері ...................................................................................................32
Қорытынды ............................................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................46

Работа состоит из  1 файл

Тренинг дип. Жандос.doc

— 424.50 Кб (Скачать документ)

      Осы тұжырымдар негізінен зерттеу жұмыстарға арқау болады. Біздің зерттеулер үшін айрықша маңызды жайт, ол жоғарыдағы қарым-қатынас себептілігін, яғни адам психикасын дұрыс қалыптастыру және реабилитациялау міндеттерін шешуде қарым-қатынастың әрі құралы, әрі мақсаты болып табылатындығы. 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасы, екі жазықтықты қамтиды:

      8

     1) оқушылардың ата-анасымен, педагогтармен және басқа ересектермен қарым-қатынас жасауы, 2) оқушылардың басқа балалармен өз қатарластырымен, өзінен кіші және ересектеу балалармен қарым-қатынас жасауы. Бұл аспектілер негізіндегі зерттеуді ең алғаш рет 1945-1952 жылдары Рене Спитц, Анна Фрейд/17/ жүргізілген. Олар оқушының анасымен қарым-қатынас жасауындағы кемшіліктер баланың психикалық және физикалық дамуына кедергі болатындығын көрсеткен.

      Балалардың  қарым-қатынасын зерттеуге арналған әдістемелер негізінен байқауға, әңгімелесуге, сауал-сұраққа, вербалды тестік әдістерге сандық, сапалық жағынан бағалауға, эксперттік бағалауға негізделген. Мұнда балалардың жас ерекшелігіне, тәжірибесіне байланысты диагностикалық жұмыстар табиғи жағдайда өтуі жөн болады. Осы орайда техникалық құралдар – аудио, видео, жазба, таспа, аппаратураларын – қолдану аса тиімді (Л.А.Петровская /18/). Бұл зерттеу сенімділігімен дәлдігін арттырады. Балалардың белсенділігі қарым-қатынас жасауына, өз-өзін танып білуіне мүмкіндік береді. Біз қазіргі балалар қарым-қатынасын анықтауға арналған әдістемелерді толық (саны жағынан) қолданса ғана балалардың коммуникативті іс-эрекетін диагностау дәлдікке ие болады деп ұйғарамыз. Алайда барлық қарым-қатынас компоненттерін зерттеуге арналған әдіс тәсілдерді толық қолданудың қандайда болсын уақыт шеңберіне симайтындығы даусыз. Ал екінші жағынан, әрбір бала белгілі бір әлеуметтік ортаның ықпалында болады. Сол ортаның құндылықтарын өзінің жеке басына «сіңіреді», бұл жағдай балалар қарым-қатынасының логалды әлеуметтік этикетпен, ритуалмен, құндылық есебіндегі мінез-құлық, жұріс-тұрыс стандарттарымен әрленіп, өзіндік әлеуметтік таңбасы болатындығы белгілі. Әсіресе ұлттық өзіндік сананың интенсивті дамуына барынша жағдай жасалынып жатқан қазіргі қоғамда қарым-қатынас субъектілерін ұлттық ерекшеліктерінен, салт-санасынан бөліп алып, «тексіз»,  «ұлтсыз» пенде күйінде қарауды, зерттеуді заттың футлярын ғана қызықтаумен салыстырар едік.

      Сонымен қатар мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін диагностикалық жұмыстың коррекциялық, дамытушы әсері де оған пареллель болуы керек деп санаймыз. Ал 6-7 жас кезеңдегі «бала-бала» жүйесі В.С.Мухина /19/ еңбектерінде сипатталынады. Ғалым баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруы оның психикалық дамуына жағдай жасайтынын тағайындайды.

      Онда  негізгі 3 жағдай баса көрсетіледі:

    1. оқушылардың өзге балалар тобымен қарым-қатынас құруында ерекше, ересектермен жасалған қарым-қатынастан айрықша қатынас тағайындалады;
    2. «бала-бала» жүйесінде ғана кейбір іс-әрекет түрлерін меңгеруге болады, яғни балалар топпен ғана ересек адамдардың қатынасын бірлесіп қайта жаңғыртуға алады.
    3. Бастауыш класс мінез-құлық, жүріс-тұрыс нормалары мен

     адамгершілік қасиеттерді қолданып, жаттығуға мүмкін болады.

    9

     И.А.Бойкова 6 жастағы балалардың ересек адамдармен қарым-қатынас құруы жеткіліксіз болса, олардың қатарластарымен контакт жасау мүмкіндіктері де шекті болатындығын көрсетеді. Ал Д.Б.Годовикова /20/ балалардың ересек адамдармен құрған қарым-қатынасы қатарластармен арадағы қарым-қатынасқа проекцияланатындығын тағайындаған.

     Балалардың  өз қатарластарымен қарым-қатынас құруы осы қарым-қатынасты қажетсінуімен анықталады.  (М.И.Лисина  /10/). Бұл қажеттілік 3-жасқа келген балаларда қалыптаса бастайды (Л.Н.Галигузова /21/.

     6-7 жастағы балалардың басқа балалармен қарым-қатынасты қажетсінуін А.И.Фукин 3 топқа бөледі.

          1-ші  топқа қарым-қатынаста белсенді  балалар жатады. Олар басқа балалармен байланыс жасағанда жағымды эмоциялы реакция, жұптасуға қызығушылық танытып, аса назар аудару, сезімталдық көрсетуі, жұптасының қарым-қатынас құруына түрткі болу сияқты мінез-құлық, жүріс-тұрысын көрсетеді.

          2-ші  топқа қарым-қатынаста енжар балалар жатады. Олар өздерін топ ішінде ұстай алмай, беймаза күй кешеді, жағымсыз эмоция танытады.

          3-ші  топ қарым-қатынаста аумалы болатын  балалармен сипатталады. Оларға 1-ші де және 2-ші де топ балаларының  тенденциялары тән болады. Ал  Х.Т.Шерьязданова еңбектерінде 6-7 жастағы балалардың ойын әрекетінде ересектер мен бала арасындағы қатынасқа құрымдылық-логикалық тұрғыдан сипаттама жасалады ғалым оны сурет түрінде көрсетеді.

     Сонымен баланың басқа балалармен қарым-қатынас  құруында әрбір баланың ересектермен байланыс жасауындағы психологиялық жас ерекшеліктері айқын көрінеді. (М.И.Лисина /10/).

     Олай  болса, ұлттық салт-сана, біздің жағдайымызда қазақ отбасындағы әлеуметтік роль мен жыныстық ерекшеліктер, қазақ халқының адамгершілік құндылықтарын қарым-қатынаста ескерілуі қажет деп пайымдаймыз. Алайда, қарым-қатынас әсіресе мектеп жасындағы балалардың коммуникативтік іс-әрекеттік мәселелерінде қатысты зерттеулерде балалардың әлеуметтік ортасындағы этно-мәдениеттік факторлар әлі күнге қарастырылмауда. Сондықтан біздің жұмысымыз қазақ балаларының қарым-қатынас сферасын зерттеп, дамытуды (тренинг әдісімен) басты максат етіп отыр.

     Біздің зерттеу болжамымызға сәйкес 6-7 жастағы балалар ересектермен, басқа балалармен тиімді қарым-қатынас құруға жаттығулары қажет, ал, бұл жаттығулар балалар тобында ерекше ұйымдастырылған үрдіс болса ғана, қарым-қатынасты балалардың қажетсінуі, оған мотивтері пайда болып, жағдайдан тыс –жеке бастық қарым-қатынас формасының қалыптасуы жүзеге асырылады, қарым-қатынастың жалпы нәтижесін алуға мүмкіндік болады. Мұндай ерекше ұйымдастырылатын үрдіс-топтың іс-әрекетке негізделеді (біздің жағдайымызда, ол –тренинг әдісі).

     Сонымен, қорытынды жасайық:

    1. 6-7 жастағы балалардың психикалық дамуының басты факторы

    10

 қарым-қатынас  болады. Балалар бұл кезеңде қарым-қатынасты ересек адамдармен және өз қатарластарымен құра алады.

    1. «Қарым-қатынас» ұғымы психология, педагогика және олармен сала -

лас ғылымдарда қарастырылады. Педагогикалық-психологиялық ғылымдарда қарым-қатынастың құрамдас компоненттері нақтыланған. Оларды анықтау арқылы ғана балалардың қарым-қатынас сферасына қатыыты қажеттіліктер, мотивтер, тәсілдер, формалар, әрекет-актілер, жеке-дара стильдер, яғни жалпынәтиже белгілі болады.

    1. 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасы жағдайдан тыс жеке бастық

формамен (М.И.Лисина /10,106-114/ бойынша) сипатталады. Бұл кезеңде балалардың басқа адамдарды, қарым-қатынас жасауда өзара түсінісумен әрекеттестікті қажетсінуі, вербалды, вербалды емес қарым-қатынас тәсілдері дамиды. Айтылған форма негізінде балалар моральдық, адамгершілік құндылықтарын меңгереді, дискусивті ойлана алады, эмоциялық жағымды реакциялар қалыптасады, өз-өзін аффективті – когнитивті тұрғыдан тани алады. Мектепте оқуға мотивациялық, интеллектуалдық және коммуникативтік тұрғыдан даяр болады. Олай болса, балалардың 6-7 жасар кезеңінде қарым-қатынасты жетілдіруге баса назар аударылуы қажет.

      4) Ғылыми зерттеулерді талдай отырып, 6-7 жас балалардың қарым-қатынас сферасын дамыту, кеңейту үшін ең қолайлы кезең екенін анықтадық.

         5) 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасына арналған зерттеулерде әлеуметтік орта ерекшеліктері, ұлттық құндылықтар аспектісі ескерілмейді.

      6) Жанұядағы тәрбиеге ересек адамдар позициясына, жалпы балалардың қарым-қатынасты қажетсінуіне байланысты жоғарыдағы қарым-қатынас формасы қалыптаспай, оқушылардың мектепке келетіндіктері, олардың қарым-қатынас сферасындағы кемістіктері, дамусыз қалған жақтары Х.Т.Шерьязданова /4/ зерттеулерінде тіркелген. Сондықтан 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасты қажет етуін, коммуникативтік мотивтерінің болуын, қарым-қатынас тәсілдерін меңгеруді, қарым-қатынас құралдарын (вербалды және вербалды емес) жетілдіруді, қарым-қатынастан жалпы нәтиже алуды қамтамасыз ету қажет болады. Ол үшін ересектің жетекшілігімен, балалардың бір-біріне әсері болатындай ерекше топтық жағдай ұйымдастыруды тиімді педагогикалық, психологиялық әсер деп санаймыз.

      Енді  келесі тармақта мектеп жасындағы балаларға психологиялық әсер етудегі тренингтерді қолдану негіздері мен ерекшеліктеріне талдау жасаймыз. 
 
 
 
 
 
 
 

11

1.2 Әлеуметтік-психологиялық тренингтің түрлері, оны қолдану

ерекшеліктері 

     Мектеп жасындағы балалардың психикасындағы жаңа құрылым мотивтердің бір-біріне бағыныштылығы, ерікті әрекеттерінің негізгі түрлерінің бірлесе жүзеге асуы болады.  Сондықтан да белгілі бір принціптерді қатаң сақтауды қажет ететін тренингтердің тиімділігі сөзсіз жүзеге асады.

      Әр-түрлі  топтық психологиялық жұмыстардың  формаларын сипаттап, негіздегенде бірнеше  ұғымдар қолданылады: топтық психотеропия, коррекциялық топ, тренингтік топ, топтық жұмыс, тренингтік жұмыс, топтық әдіс, белсенді топтық әдіс және т.б.  Жағдайдың бұлай болуы , психологиялық әсері бар топтық жұмыстың психологиялық, педагогикалық теория мен тәжірибеде жан-жақты қарастырылуымен анықталады. Сонымен қатар, зертеушілердің ғылыми позициясы да әр түрлі терминдерді пайдалануға себеп болады.

      Алайда, жоғарыдағы ұғымдардың барлығы да бір  негізде: психологиялық әсердің  тиімділігі топ феномепологиясымен, ал топтық жұмысты ұйымдастыру басты  үш аспектілердің оқыту психотерапия және психокоррекция қилысуымен анықталады.

      Біз «тренингтік сабақтар» «тренингтік  топ» «топтық әдіс» ұғымдарын  әрбір психикалық дені сау, өзінің психологиялық  мәселелерін шешуге және өзіндік  жетілуге, дамуға мүмкін болатын шағын  топтың ерекше қарым-қатынас жасауға негізделген оқыту формасы деп бір мағынада қарастырамыз. Біздің зерттеуде тренингтік топтардың әр түрлі саласында қарым-қатынас сферасына қажетті білім, біліктілікті және қабілетті дамытып, оларға сәйкес коррекция жасайтын оқытудың бір формасы әлеуметтік психологиялық тренинг (ӘПТ) қарастырылады.

      Әлеуметтік-психологиялық  тренингтің өзара әрекеттесі және оқытушы  мен оқушылар арасындағы үрдісінің  нәтижесінде бірлескен пікірлестік  танымдық іс-әрекет қалыптасатындығын  С.М.Жақыпов /22/ көрсеткен. Ғалым мұндағы қарым-қатынас құрылымының аса иілгіштігі мен динамикалығын тұлғалар ерекшелігімен байланыстырады. Тренингті оқытудың бір формасы, әдісі деп қарастырғанда, оның тиімділігін бірлескен пікірлестік, танымдық іс-әрекеттің қалыптасуымен анықталады.

      Тренинг басқа адамдарды терең түсінуге көмектеседі; өз бейнессін басқалар қалай көретіндігімен салыстыруға  мүмкіндік береді; өз мүмкіндіктерін байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге  жағдай жасайды.

      Тренинг жеке адамға басқаларды, қоршаған ортаны тануға көмектеседі, оны түсінуге, ойдағыны айтуға, бөлісуге жағдай жасайды, әркімнің өзіне сенімділікті туғызады, ашық болуға, өзі-өзін түсінуге, комлекстерден құтылуға, өзінің бойындағы қасиеттерді көруге мүмкіндік береді. Тренинг өз-өзінді бақылауға, байқағыштықты дамытуға жол ашады.

      Сонымен қатар тренингтердің барысында  жеке адам, топ дамуының

әлеуметтік-психологиялық  заңдылықтарғы негізделген үш сатысы:    

12             

  1. бастапқы –«жұмсару»,
  2. жұмыс – «өзгеріс»
  3. ақырғы – «бекіту» болады (А.Г.Ковалев) /7/

     Л.А.Петровская /5/, В.В.Синдоренко /23/  т.б. еңбектерінде тренингтің әртүрімен қоса, тиімділігі де оны ұйымдастырып жүзеге асырушының психологиялық әсер ету позициясымен, жеке бас ерекшеліктерімен, бағыттылығымен және стилімен байланыстырылады. Қазіргі кезде әртүрлі теорияға негізделген нақты топтық әдістер өте көп. Бұл зерттеу аясында олардың баршасына талдау жасау мүмкін емес. Алайды қарастырылыған мәселені анықтау үшін ғылым мен тәжірибеде бар бағыттарға сипаттама берелік.

      Неміс-американдық психолог К.Левин /24;15/ адамдарды жекелей өзгертекннен де, топ арқылы әсер етудің жөн болатындығын психологиялық әсер етудің тәжірибелерімен дәлелдеген. Алайда бұл жайттың тиімділігі ертеден-ақ халыққа белгілі болған. Бақсылық көріністер науқасқа әсер етудің етудің дәстүрлік, ритуалдық жолдары көпшілік топ ішінде ұсталынған-ды. Мұнда топ ішіндегі эмоциялық қозуды күшейтіп, оның бір адамнан екіншіге, одан басқаларға берілу, таралу өрісін кеңейту арқылы психологиялық әсер ету басты мақсат болады. Иландыру, сендіру әрекетінің топ арасында еселеніп, күшейетіндігін бақсылық ұстаушылар жақсы игерген. Соның арқасында бақсылық әрекеттер топта санасыз қабылданып,  түсініксіз қылықтарға илана берілу психологиялық әсердің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.

      Топ ішіндегі психологиялық әсерді ең алғаш ғылыми түсіндіруге XVIII ғасырдың соңғы жылдарында Париждік дәрігер Ф.А. Месмер ниеттенген. Сол топ ішінде ерекше, мистикалық атмосфера жасап, дәрігер мен науқастардың өзара әрекеттестігінің әлеуметтік-психологиялық ықпалының әсерінен топтық емдеу эффектісін көрсеткенді. Ал XIX ғасырдың орта кезінен бастап Европадағы психиатриялық мекемелер гетеросуггестиялық, яғни бір адамның басқа адам психикасы мен мінез-құлқына әсер ету, сендіру механизмдерін психологиялық әсерде қолданып, топ ішінде гипноздың күшін пайдаланған.

Информация о работе Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынас психологиялық тренингін ұйымдастырудың ерекшеліктері