Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 20:20, дипломная работа
Өзектілігі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманнында ағарту саласының мектеп жасына дейінгі жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру барысында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басына дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадаға даму аймағына бағыттау. Ал балалар тәрбиесіне, бастауыш сынып оқушыларының кездің ықпалы аса зор екені белгілі.
Мектеп жасындағы балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал балардың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік – балалардың қарым-қатынас саласы.
Кіріспе .........................................................................................................................3
I – Тарау Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудің теориялық мәселелері
I.1 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасының
психологиялық негіздері ...........................................................................................6
I.2 Әлеуметтік – психологиялық тренингтің түрлері,
оны қолдану ерекшеліктері......................................................................................11
I.3 Қазақтың ұлттық ойындарының, әдептілік және мәдени
құндылықтарының оқушылар қарым-қатынасын
дамытудағы ролі .......................................................................................................16
II – Тарау Бастауыш класс оқушыларының ұйымдастырылған қарым-қатынас тренингінің нәтижелері
II.1 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасын зерттеу
әдістері мен ұйымдастыру барысы .........................................................................26
II.2 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын
зерттеу нәтижелері ...................................................................................................32
Қорытынды ............................................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................46
18
ойын-сауықтарын жан-жақты қарастырады. Мұндай игілікті істердің нәтижесінде әрбір халықтың мәдениетін кеңірек тануға, психологиясын терең түсінуге, этникалық мәдениет, дәстүрін ұрпақтар бойына сіңіру жолдарын нықтылы білуге, балалардың психикалық дамуын тиімді етуге, сөйтіп халықтық педагогиканың тиімді жақтарын бүгінгі күннің қажеттілігіне жаратуға болатындығы анықталып отыр.
Әр халықтың өз ұлт ойындары және әр ұлт ойынының өз ерекшеліктері бар.Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделіктегі тіршіліктің қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі қолданылған еңбектің бір түрі ретінде дамыды.
Мәселен, әртүрлі қозғалмалы ойындар мен асық ойындары тайпалық одақтарда ересектер арасында дамиды да, кейін келе жасөспірімдерде қалды. Себебі үлкендерден көргенін балаларда да, үй ауласында, далада ермек етеді: түйе құмалағынан қой бағып, қой құмалағынан қозы бағып, бір жерден, екінші бір жерден, екінші бір жерге көшіп-қонумен тағысын тағы сәбилер уақытын өткізеді. Бұдан өзі ертеңгі ортаның азаматы болғанда басынан өткізетін өмірін, болашақтағы еңбегін қазір ермек етіп отырғандығы байқалады.
Адамзаттың дүниеге келген күнінен бастап –ақ ақыл-ой, қабілетінің ортаға, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын реттейтін, белгілі бір жүйеге келтіретін осы «балалар мен жас өспірімдер ойындары» сондықтан да «ойын балалар еңбегі, балалардың уақытымен ғана санасады». Мұндай пікірді қостаған орыс ғалымы Е.А.Покровский де,-«ойын кезіндегі балалар жұмысы»-дейді.
Ұлт ойындары адам еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны, бар өнердің бастамасы. Қазақ халқының ұлттық ойындары әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамыды. Олай дейтініміз, қазақ халқының ұлттық ойындары ертеден туып, тұрмыс жағдайларына үйлесімді келеді, яғни көшпелі тұрмысқа лайықталып, материалдық даярлық өте береді және халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты.
Қазақ
халқының тарихи көне жырларының, эпостары
мен лиро-эпостарының қай-
Жырлардың негізгі кейіпкерлері де ойын үстінде көрінеді. Ол негізгі кейіпкерлер: болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткері т.т.
Ойын арқылы қазақ балалары өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түскен. Ойынды қазақ халқы тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп қарамаған. Ең бастысы-ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тең еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған.
Ойын
тек жас адамның дене күш-қуатын
молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке
ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының
толысуына, есейіп өсуіне пайдасын тигізеді.
19
Манаш ұлы Тұяқбай жырында: «Балалармен ойнайды, ойнап жүріп ол бала, кеудеге ақыл ойлайды»,- деп, ойынның ойлауға да көп маңызы барын айтады.
Ұлттық психика ойынның өнерге қатысты саласында ерекше көрінеді, өйткені өнер адамының өз саласын көркем түрде қабылдап алу ерекшеліктерін, біртіндеп қалыптасқан халықтың эстетикалық талғамдарын көрсететін қоғамдық сананың бір формасы.
Шоқан Уәлиханов /29/ қазақ ақындарының төгілдіре жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп бағалады. Күні бүгінге дейін халқымыздың ұлтық психологиясынан елеулі орын алып келе жатқан айтыс өнері, адамның төгілдіре жырлау, суырып салма сияқты ой қабілетін, үлкен тапқырығын қиыннан қиыстырар қас шеберігін, ерекше қажет етеді. Мұндағы түйдек-түйдегімен айтылатын сөз нөсері, бұлтаруға ырық бермейтін ащы шындық, әзіл-шыны аралас өткір сөзбен қарсыласының қапысын тауып, оны кенеттен мүдіртіп тастау, беталды мақсатсыз айтылған пікір-таласының орын алмауы, әр сөзінің мірдің оғындай болуы- Шоқан айтқандай қазақтың шешендік өнерге қабілетті, өнер мен жырға икем келетіндігінің айқын айғағы. Бұл арнада 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасын ғана емес, психикасының бар жағын дамытуда балалардың айтыс ойындары бірден-бір универсалды (әмбебап) құрал болмақ.
Профессар Т.Тәжібаев /30/, Ы.Алтынсаринді «Қазақстандағы педагогикалық ойдың пионері» деген. Ы.Алтынсарин қазақ балалары жоқ, ежелгі әскери жорықтардың сілемдері». Бұл ойын өнеріне баулумен қатар, рәсім (ритуал) қызыметінің атқағандығын жорамалдауымызға болады. Себебі, жорыққа аттанар алдында осыған ұқсас рәсімдар көптеген ежелгі тайпаларда болған.
Ойындарда ежелгі заман көріністерінің молынан сақталу себебі, олар халқымыздың ізгі қасиеттеріне, шаруашылық кәсібіне (этикалық және статистикалық дәстүріне) тәрбиелеудің бірден-бір тиімді жолы болды.
Ойындар арқылы балалардың тәні де, жан дүниесі де ойдағыдай жетіліп отырған; көпшілік ортасында өзін-өзі ұстаудың, қысылғанда жол табудың қоғамда өз орнын сезінудің алғашқы мектебі де осы ойындар болды десек асыра айтқандық емес.
Ойындардың осындай қызметтерінің ішінде айрықша орын алатыны – шаруашылыққа, еңбек кәсіпке баула қазақ өмірінің негізгі күн көру кәсібі төрт түлік малға байланыста болғандықтан, олардың бейнесі ойындардан да мықтап орын алады. Ойында, қойышы, қой, қасқыр, ит («Ай құлақ»), түйе, бота, теке («Соқыр теке») рөлдеріне еніп, олардың арасындағы қарым-қатынасты көрсету – таза көшпелі тұрмыс-тірішіліктен туған. Төрт түліктен басқа да үй жануарларының басты жауы қасқыр бейнесінде берілсе, кейде қасқырдың орнына ескі сенімдерге байланысты жалмауыз кемпір тұлғасы көрініс береді («Етек-етек», «Көш-көг»).
Көшпелі тұрмыс тіршіліктің негізінде пайда болған мал шаруашылығымен сабақтас асық ойындары да қазақ даласында кең тараған.
20
Түрлі түсті бояумен боялған асықтармен, қорғасын құйып, арнайы даярланған сақамен түрлі ойындар ойналған. Кейінгі жылдарда олардың көбі ұмыт болды, бірақ енді біразы жаңа тәртіппен ойналуда.Балаларды ептілікке, тапқырлыққа баулитын, отырып та, қозғалып та, жүріп те ойнайтын түрлері аса мол. Олардың арасында түрлі заттар арқылы және сөзбен ойналатындарын қарастырылып көрелік.
Түрлі заттарды пайдалану арқылы ойналатын ойындар көбінесе қимыл-қозғалыстармен байланысты өрбиді. Ондай заттар айнала қоршаған орта және тұрмыс-тіршілікте кездесетін тас, ағаш, балшық, құмшыбық, таяқ, сүлгі, орамал, бөрік, белбеу, жіп, ине т.с.с. болып келеді. Кейде ойынға, арнайы даярлайтын заттар да болады. Оларға тазартылып, боялған асықтарды, түрлі ойыншықтарды, қуыршақтарды, ертеректе қолданылған сиырдың түлеген жүнінен басылған допты, жонылған және кесілген ағаштарды т.б. жатқызамыз. Заттарды пайдаланып ойнау кейде іс-әрекет барысында қара сөз, не өлең-тақпақтармен қосақталып айтылады. Сөз текстері ойынның кезекті шартын, іс-әрекеттің себебін түсіндіреді. Мәселен, «Аспау мәстек» ойынында керілген арқанның үстінде отырып, жерден еңкейіп тақия алуды былай түсіндіреді: ережесі бола бермейді. Олар түрлі ойындарға көмекші, ал кейде өзінің мазмұнының қызықты, тартымдылығы мен ойын қызметін атқарады.
Осындай ойын жырларының бірі санамақ. Жас баланың қолын ұстай отырып, саусақтарына ат қойып, оларды бірде бүгіп, бірде жазып ойнау арқылы балалардың көңілін аулау, алдандыру мақсатында айтылатын бұл ойын көбінесе нәрестелерді уату (потешки) жырларына жатқызылып жүр. Дегенмен, санамақты сұрақ түрінде келетін, кейде ойланып жауап беруді қажет ететін, үлкендер мен балалардың бірлесіп отырып атқаратын қимыл-әрекеттері бар. Бұл ойын жыры негізінен оң-солын әлі толық танымаған бір-үш жастағы сәбилерге арналып айтылған.
Санамаққа
қызметі бойынша жақын тұрған
ойын жырларының келесі бір түріне
сұрамақ жатады. Бұл көбінесе 7-8 жасқа
дейінгі балалар ортасында
Түрлі ойындарда әркімнің атқарар қызметін, орнын, рөлін. Кімнің ойынға кіріп, кімнің ойыннан шығытынын кімнің басқаратынын белгілеу үшін балалар арасында арнайы тақпақтар айтылады. Оларды «қаламақ» деп атайды. Қаламақта айтылатын сөздердің мазмұны ойындағы іс-әрекетке сәйкес болуы шарт емес, тіпті олар мүлде басқаша болуы мүмкін. Шарты сол – тақпақ сөздері рет-ретімен айтылғанда кімге кезегі келгеніне байланысты (күні бұрынғы келісім бойынша) қызметтерді бөлісу үшін орындалатындығы. Мұндай тақпақтар құрылысы қарапайым, тез жатталатын, көлемі шағын, ұйқасы мығым, ойнақы жолдардан құралады.
Балалар ойындарының үлкендер фольклорында үндес келетін, соның қайталайтын бір арнасы-айтыс ойындары. Олар орындалу ерекшеліктері, формасы бойынша әдет-ғұрып, салтпен байланысты айтыстарға (бәдік, жар-жар) жақын. Дегенмен, айтыс ойындарының өзіндік белгілері де жоқ емес.
21
Бұларда жанынан табан астында өлең шығарып айту жоқтың қасы, тексті, көбінесе жаттамалы, тұрақты болып келеді. Сыртқы формасы болмаса, айтыс ойындары айтысқа қарағанда шығуы, орындалуы бойынша табиғаты мүлдем басқаша. Мұнда балалар белгілі бір рөлдерге еніп, қой, ешкі, сиыр, жылқы, қасқыр, малдың иесі, ұл мен қыз болып айтысады. Сондықтан да айтыс ойындарын жанды, буырқанған импровизациялық ақындық өнерден гөрі, жаттапайтылатын драмалық ойын ретінде қарастыруға толық негіз бар. Мұндай мәдени құндылықтардың қатарын қуыршақ, үйшік-үйшік, сұрамақ, рөлдерге бөлініп ойнайтын драмалық үлгідегі жанрлармен болашақта толықтыруға болады.
Балалардың ойын-жырлары мен ойындарынан аздап өзгешелеу тұратын, бірақ іс-жүзінде ойынның қызметін атқаратын тағы бірер ұлттық құндылықтарға жаңылпаштар мен есеп ойындарын жатқызуға болады.
Жаңылтпаштар – ересектерге де, балаларға да ортақ жанр. Балалар арасында жаңылтпаштар көбінесе ойын қызметін атқарған. Санамақ айту арқылы тағайындалған ойын жүргізушілер жаңылтпаштар айтып, ойынға қатысушылардың шапшаң қайталауын талап еткен. Дұрыс айтылмаған жаңылтпаштар отырғандарды күлкіге батырып, жағымды эмоциялық фон жасаумен бірге, дәл қайталай алмаған ойыншы айып тартатын болған. Жаңылтпаштар кейде кезектесіп отырып та айтылған. Кім аз ұпай жинаса, сол өз өнерін көрсеткен.
Ал
есеп ойындары үлкен тапқырлықты, шындап
ойлануды қажет ететін қазақ халқының
айрықша құндылығы. Ұлттық есеп ойындарының
мазмұны мен шешуі негізінен
көшпелі тұрмыс-тіршіліктің, мал
шаруашылығы мен аңшылық-
Ойыншы есеп шешімін таппаған жағдайда, алдын-ала жасалатын келісім бойынша айып тартқан. Ол өнер көрсету, зат беру түрінде болған. Есеп ойындарының бір ерекшелігі – оларда халықтың өлең-жырлары да, көркем қарасөзі де кеңінен пайдаланылған. Мұндай ойындар топқа бөлініп те, жеке адамдар арасында да ойнала берген.
Қазақ халқының ойын түрлері, балалар психикасын дамуында атқаратын қызметі, шығу тарихы, құндылық жақтары және тақырыптары бойынша жан-жақты зерттеу – болашақтың ісі. Алайда, қазір қазақ ойындарының балалардың қарым-қатынасын зерттеуде тиімді қолдану мүмкіндіктерін анықтау, көрсету тәжірибелік іс қажеттігінен туып отыр.
А)
Біздің эерттеу жұмысымыз тренингтерді
ұлттық ойындарды қолдану арқылы бастауыш
мектеп оқушыларының қарым-қатынасты
жетілдіру мәселесіне арналғандықтан
қазақтың ұлттық ойындарының қарастырылып
өткен психологиялық
әсері ерекше мәнге ие болады. Ескере
кететін бір жай қазақтың халықтық ойындары
тек қана қарым-қатынаста ғана емес балалардың
танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруды
жүзеге асыратындығы да белгілі болды.
С.Ұзақбаева, А.Айтпаева /31/ «Орамал тастау»,
«Тапқыш», «Шертпек»,
22
«Үш әділ» т.с.с. ойындар Е.Сағындықов /32/ еңбектерінде ақыл-ойдың, қияялдың дамуына жағдай жасайтыны көрсетілген.
Ал С.М.Жақыпов /22;59/ зерттеулерінде ақыл-ой әрекетінде қарым-қатынас пен ойлаудың бірлік принципі, интеллектуалды эмоциямен бір жүйеде
қарастырылатын ойлаудың вербалдық компоненттері қазақтың ұлттық ойындарының көп жақты мәнін аша түседі.
Ойын бастауыш мектеп оқушыларының ересектермен әлеміне кіруге өзара әрекеттестік жасауға бағытталған бірден-бір қажеттілігі болады (Г.А.Урунтаева /8/). Ойын балалар психикасының жан-жақты жетілуіне тұлға ретінде дамуына жағдай жасайды. Мұнда мотивтерінің иерархиясы қалыптасады, яғни «керек» талабы «қалаймын» талабын бағындыру біліктілігі пайда болады.. Ойында құрбыларының мінез-құлқын бағалауға, оны бақылауға, өз әрекеттерін жоспарлауға үйренеді (М.И.Лисина /10/, Г.А.Урунтаева /8/, Х.Т.Шерьязданова /9/, Д.Р.Эльконин /1/).
Сонымен қатар, ойын арқылы сананың таңбалы, символикалық функциясы, яғни ақыл-ойы дамиды (Г.А.Урунтаева /8/, М.М.Мұқанов /33/).
Бұның өзі тренингтік сабақтардың мақсатына сәйкес келеді. Ойын бұл эффектісі қозғалыстық ұлттық ойындары арқылы күшейеді деп санаймыз, себебі қазіргі кездің балалары үшін халық ойындарының көпшілігі жаңашылдықпен тартымды болады. Екіншіден, ұлттық ойындарда болатын ереже талаптар шумақтар ритмі диалектіде кездесе бермейтін сөздердің орылымы балалардың шабытын үстемелейді, белсенділігін арттырады (Ерментаева А. /34/). Осыдан барып поли функционалды мәні бар ойынды тренингке кіргіздік.
Ұлт
ойындары – ата-бабамыздан бізге
жеткен, өткен мен бүгінгіні