Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынас психологиялық тренингін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 20:20, дипломная работа

Описание

Өзектілігі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманнында ағарту саласының мектеп жасына дейінгі жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру барысында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басына дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадаға даму аймағына бағыттау. Ал балалар тәрбиесіне, бастауыш сынып оқушыларының кездің ықпалы аса зор екені белгілі.
Мектеп жасындағы балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал балардың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік – балалардың қарым-қатынас саласы.

Содержание

Кіріспе .........................................................................................................................3
I – Тарау Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудің теориялық мәселелері
I.1 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасының
психологиялық негіздері ...........................................................................................6
I.2 Әлеуметтік – психологиялық тренингтің түрлері,
оны қолдану ерекшеліктері......................................................................................11
I.3 Қазақтың ұлттық ойындарының, әдептілік және мәдени
құндылықтарының оқушылар қарым-қатынасын
дамытудағы ролі .......................................................................................................16
II – Тарау Бастауыш класс оқушыларының ұйымдастырылған қарым-қатынас тренингінің нәтижелері
II.1 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасын зерттеу
әдістері мен ұйымдастыру барысы .........................................................................26
II.2 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын
зерттеу нәтижелері ...................................................................................................32
Қорытынды ............................................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................46

Работа состоит из  1 файл

Тренинг дип. Жандос.doc

— 424.50 Кб (Скачать документ)

      Келесі  тарауда 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасын зерттеу әдістері мен процедурасын талдаймыз.  
 
 
 

23

1 тарау тұжырымы

      6-7 жастағы балалардың психикалық дамуының басты факторы қарым-қатынас болады. Балалар бұл кезеңде қарым-қатынасты ересек адамдармен және өз қатарластармен құра алады.

      «Қарым-қатынас» ұғымы психология, педогоика және олармен салалас ғалымдарда қарастырылады. Психологиялық ғалымдарда қарым-қатынастың құрамдас компоненттрі нақтыланған. Оларды анықтау арқылы ғана балалардың қарым-қатынас сферасына қатысты қажеттіліктер, мотивтер, тәсілдер, формалар, әрекет-актілер, жеке-дара стилдер жалпы нәтиже белгілі болады.

     6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасы жағдайдан тыс – жеке бастық формамен (М.И.Лисина бойынша) сипатталады. Бұл кезеңде балалардың басқа адамдарды, яғни әлеуметтік ортасын танып білуге белсенділігін, қарым-қатынас жасауда өзара түсінісумен әрекеттестікті қажетсінуі, вербалды емес қарым-қатынас тәсілдері дамиды. Айтылған форма негізінде балалар моральдық, адамгершілік құндылықтарын меңгереді, дискуссивті ойлана алады, эмоциялық жағымды реакциялар қалыптасады, өзін-өзі эффективті-когнитивті тұрғыдан тани алады. Мектепте оқуға мотивациялық, интеллектуалдық және коммуникативтік тұрғыдан даяр болуы тиіс. Олай болса, балалардың 6-7 жасар кезеңінде қарым –қатынасты жетілдіруге баса назар аударылуы қажет. Сонымен қатар қарым-қатынас танымдық іс-әрекетті қалыптастыратын бірден- бір критериі болды  (С.М.Жақыпов).

     Ғылыми  зерттеулерді талдай отырып 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасын дамыту үшін ең қолайлы, кезең қарым-қатынастың қажеттіліктері, мотивтері, тәсілдері, құралдары, формалары, стилдері... бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынастарын жетілдіру, коррекциялау мәселелері үшін аса мәнді деп санаймыз.

     Сондықтан 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасты қажет етуін, коммуникативтік мотивтерінің болуын, қарым-қатынас тәсілдерін меңгеруді, қарым-қатынас құралдарын (вербалды және вербалды емес) жетілдіруді, қарым-қатынастан жалпы нәтиже алуды қамтамасыз ету қажет болады. Ол үшін ересектің (оқытушы мен ата-ана) жетекшелігімен, балалардың бір-біріне әсері болатындай топтық жағдай  ұйымдастыруды  дұрыс  педагогикалық, психологиялық  әсер деп санаймыз.

      Қарым-қатынаста  әрбір баланың өзін көрсете алуы, топтық іс-әрекетті жатсынбай, белсенділік  танытуы-бір жағынан, екіншіден қандай да мәселенің әр қырын көре білу, рефлексияны дамыту үшін топтық пікірталас аса маңызды. Тренингтік тәжірибеде қатаң регламенттік, нақты тақырыпқа негізделген-құрылымдық және еркін тақырыптағы пікірталас қолданылды.

      Біздің  зерттеу мәселесінің негізі бойынша  балалардың топтасу ерекшелігін  орай ұйымдастырған дұрыс болар деп пайымдаймыз.

      Біздің  ойымызша, тренингте медитациялық, суггестивтік техникалар да қолданылуы керек. Алайда кейбір психологтар адаммен манипуляция жасайтындай терең транстық  суггестияны, басқалары эриксондық гипнозды қолданады. Біз 6-7 жастағы балалардың алғашқы сәттерде болатын

24

жасқануына, стрестік күйіне, психикалық ширығып, қысылып, жайсыздануына бағытталған, өзін-өзі реттеуіне мүмкіндік беретін жеңіл психофизиологиялық жаттығулар қолданған жөн деп санаймыз.

      Тренингтің  топты ұйымдастырып, жүргізу күрделі технологиялық процесс (Г.М.Андреева). Ал 6-7 жастағы балалармен тренингтік жұмыс тіптен де жауапты болмақ. Бұл жастағы, тіпті бастауыш, орта сынып оқушыларының қарым-қатынасын жетілдіруде болмасын, басқа психологиялық  мәселелерге қатысты болмасын тренингтік оқыту тәжірибесі, белсенді әдістердің әсері әзірше жан-жақты педогогикалық, психологиялық зерттеу кезегін күтуде.

      Біздің қолымызға түскен әдебиеттерде ӘПТ-ті ұйымдастырып, жүргізуде адамның әлеуметтану ерекшеліктері, ұлттық нормалар мен құндылықтарды ескеру мәселесі қарастырылмаған екен. Әрбір адамның қарым-қатынас сферасына айрықша рең беретін мәдени, ұлттық, әлеуметтенудегі өзгешіліктер ғой (В.С.Агеев, Т.Бромлей).

      Ал  тренингтің қай түрі болмасын қарым-қатынасқа  негізделген. Осы жағдайды ескере отырып, біз ӘПТ-ң 6-7 жастағы қазақ балаларына арнайы әдістемені құрастырып қолдандық.

      Тренингтік  жұмыс топтық ықпалға негізделеді. Тренингтік топты ұйымдастырып, жүргізудің өзіндік нормалары, принциптері  бар. Тренингтік жұмыстар теориялық негізге, жүргізушінің ғылыми позициясына өзіндік стиліне және тренинг мақсатына орай әр түрлі формада болады.

      Қарым-қатынасты  жетілдіруде әлеуметтік-психологиялық  тренинг қолданылды. ӘПТ-ң теориялық  және практикалық жақтарына арналған зерттеулер ғылыми қорда жеткілікті. Алайда балаларға арналған ӘПТ жайлы еңбектер тренинігтік жұмысты практикада кеңінен қолдану қажеттілігіне сай емес.

      ӘПТ-ті 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасын жетілдіруге қолданғанда ойын әдістері базалық болуы керек. Сонымен қатар тақырыптық пікірталас, психофизикалық жаттығулар қолдану тренинг тиімділігін арттыра түспек.

      ӘПТ-ті қолдануда жалпылаған нормалар мен  принциптер тренинг мүшелерінің  жас, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктер және ұлттық құндылықтары ескерілуі қажет. Олай болса, бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдіруде ӘПТ-ң ерекше модификацияланған варианты ғана топтық жұмыстың тиімділігін арттыра түспек деп тұжырымдаймыз.

      Қазақтың  ұлттық ойындарының көптеген түрлерінің арасында топтық ойындар, барлық вербалдылыққа бағытталған ойындар психодиагностикалық мәнділікке ие болады. Мұндай бағыттағы ойындарды ұйымдастыруда ролдік-сюжеттік және ережеге сәйкес ойындар 6-7 жастағы балалар үшін тартымдылығы әрі көкейтестілігі бойынша қолданылды.

      Балалар ойындарының қандай болмасын мәдени ұлттық орталармен мазмұндастыы мен мерзімдік жағынан әлдеқайда тұрақтылығы ойын феноменологиясын бір жағынан ғана ашады. Ал екіншіден  ойынның полифункционалдылығы  (көпфункционалдығы) балалардың психологиялық

25

құрылымдарының  қалыптасуына және педагогикалық-психологиялық диагностикаға, яғни мониторгиндік іс-әрекетке мүмкіндік береді.  Ойын әр уақытта және әр халықта болатын бірден бір балалардың негізгі іс-әрекеті. Ойын үнемі топ ішінде жүреді, топ болғаннан кейін жолдастық, достық қарым-қатынасқа әдеттенуге, тәрбиеленуге мүмкіндік береді. Ұлттық ойынның тіл дамытуда ролі ерекше. Ойын үстінде балалар тілдің ішкі иірмедерін, халықтың ойлау жүйелерін, сөйлеу дәстүрлерін, тілдік, психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп, еркін білуге мүмкіншілік алады.

      Сонымен қатар ұлттық ойынның фольклордық, рольдік-сюжеттік және ережелерге сәйкес түрлері балалардың ақыл-ойын, еске сақтауын және топ ішіндегі, ересектермен, басқа балалармен қарым-қатынасын, тілдік ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді. Ең алдымен ұлттық ойындар балалардың қарым-қатынасты қажетсінуін, мотивтерін көрсетеді, себебі ұлттық ойындар вербалды және вербалды емес топ ішіндегі қарым-қатынастың ең белсенді формаларымен ғана жүзеге асырылады, 2-шіден, ұлттық ойындар балалардың коммуникативті іс-әрекетті тиімді жүргізуге қажетті дағды, біліктері мен қарым-қатынас механизмдерінің сипатын ашады,  3-шіден ұлттық  ойындардың жанасу, сайысқа түсу жақтары басым болғандықтан, балалардың конфликтілік жағдайлардағы мінез-құлық репертуарын анықтауға мүмкіндік береді. Осы арнада қазақтың  ұлттық  ойындарының  ішінде вербалды және вербалды емес қарым-қатынасты параллель жасауға негізделген сюжеттік-рольдік ойындар мен ережеге сәйкес ойындарды қарастыру біздің зерттеу пәнімізге, мақсатымызға қатысты болады. Аталған ойын түрлерін «ойын фольклоры» деп те атайды (Ш.Ыбыраев).

      Ойындарда ежелгі заман көрністерінің молынан  сақталу себебі, олар халқымыздың  ізгі қасиеттеріне, шаруашылық кәсібіне, этикалық және статистикалық дәстүріне  тәрбиелеудің бірден –бір тиімді жолы болды.

      Ойындардың  енді бір тобында негізгі қызметті сөз атқарады. Сөзге негізделген  ойындардың басты мақсаты-балаларға  дұрыс сөйлеуді, күрделі құбылыстарды, іс-әрекеттерді түсінікті, жатық етіп сипаттауды үйретеді, сөйлегенде, шешен, тапқыр болуға тәрбиелеу.

                          
 
 
 
 
 
 
 
 

       

                                                                                                                       

           26

II – Тарау Бастауыш класс оқушыларының ұйымдастырылған қарым-қатынас тренингінің нәтижелері 

II.1 6-7 жастағы балалардың  қарым-қатынасын  зерттеу әдістері мен ұйымдастыру барысы 

      6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасын зерттеу үшін оның әр жағын анықтауға мүмкіндік беретіндей қазақтың ұлттық ойындары қолданылды.

      Ұлттық  ойындарды таңдау барысында біз:

      а) оқушылардың қызығушылығын;

      б) оқушыларға эмоциялық кенелуге жағдай жасауын;

      в) психологиялық жағынан тиімді әсері  болуын;

      г) ойын мазмұнымен берілер мәліметтің педагогикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкес болуын (оқушылардың қарым-қатынас жасауда мәнді қасиеттерін дәл және сенімді анықтай алуын) қатаң ескердік.

      Біз диагностикалық әдістер ретінде  жинақтаған, қолданған қазақ балалардың ежелгі ойын түрлерін Г.Н.Потанин /36/  А.В.Алектеров /37/ Ә.Диваев /38/,   С.Сейфулин /39/  т.б. ғалымдар мен жазушылардың еңбектеріндегі жекелеген үлгілерден, әр жылдары жарық көрген «Балаларға тарту», «Бөбек жыры», «Ауылдағы жастар, жас ұландар үшін ойын, өлең мысалдар», «Бөбек жыры», «Толқын» (Ән, өлең, инсценировка, әңгіме, халық ойындарының жинағы), «Жаңылтпаштар», «Жар-жар» еңбектерден қолдандық.

      Және  де балалар әдебиеті, газет («Қазақ әдебиеті», «Ана тілі»), журналдар («Балдырған», «Зерде» т.б.) радио-телехабар және ел аузынан жиналған материалдар іріктелініп алынды.

      Қазақтың  ұлттық ойындары ерекше сөзбен, тілмен, вербалдылықпен сипатталатындығын ескере отырып біздің зерттеу жұмысымызда ойындардың екі тобы, ойынға жетекшілік және қосалқылық рольіне қарай алынды.

      Сонымен қатар ұлттық ойындар арқылы 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасын зерттеуде екі бағытты ұстандық. Біріншіден, таңдап алынған ойынмен оқушылардың белсенді ойнауына жағдай жасалынды. Ал екіншіден, қазіргі кездегі оқушылардың ойнауындағы енжарлығын түзету мақсатымен ойындарды лайықтап, модификациялау Е.Е.Кравцова /40/ және ұлттық ойындардың аса маңыздылығы ескеріліп, ережелерге сәйкес ойындар жаңғыртылды. Біз өз зерттеуімізде қазақтың халық ертегілерін, аңыздарын, айтыс-жырларын өте көп қолдандық.

      Олардың жүзеге асырылуына ойластырылған талаптар қоя отырып, мазмұнының тартымдылығымен, қызықтылығымен ойын қызыметін атқаруға

жағдай  жасадық. Соның нәтижесінде мазмұны  байыған, диагностикалық мәні жоғары рольдік-сюжеттік және ережеге сәйкес ойындар ұйымдастырылды.

      Ойынның қандай түрі қолданылса да, 6-7 жастағы балалардың коммуникативті іс-әрекетін анықтаудың төмендегідей логикасы қатаң ұсталынды: А) Экспериментатор оқушылардың ойын әрекетін ұйымдастырушы, ол оқушылардың ересек адаммен қарым-қатынас жасау

27

қажеттілігін  қөздейді. Балаларға ойын шарттары таныстырылды. Жаңа жағдайға әрбір  баланың  бейімделуіне жағдай жасалынды. Олай болса, ең алдымен ұлттық ойындарда  зерттеу жұмысымыздың мақсатына  қатысты және оларды қолдану ерекшелігіне орай «Ересек – бала (немесе балалар тобы)» схемасы бойынша қатынас жүзеге асырылуы қажет.

      Б) Өзара қатынас жасауда экспериментатормен оқушы (немесе балалар тобы) арасындағы позиция өзгеруі керек. Балалардың ойын шартын түсінуі ересек адамды қабылдау, активиаторлық қабілет таныта алу, ересек адаммен қарым-қатынас жасаудың қажеттілігін қанағаттандыру жағдайы болды. Осылайша «бала (немесе балалар тобы) – ересек» қатынасы бойынша қарым-қатынас жасалынады.

      В) Оқушылардың  кластағы басқа балалармен байланыс (контакт) жасауына мүмкіндік болу керек. Осындай жағдайда топтағы бірлестік келісімге келушілік, құбылыстары болып, оқушылардың коммуникативті іс-әтекетті жүзеге асыру қасиеттері мәнді болды. Мұндағы қатынас «бала – бала (лар)» схемасы бойынша жүргізілді.  6-7 жастағы балалармен ойынның әр түрлерін ұйымдастыру, олардың  коммуникативті іс-әрекетін екі жақты зерттеуге бағытталды. Біріншіден, экспериментатор мен балалардың өзара қарым-қатынасы талданып алынған нәтиже «ересек – бала» жүйесіндегі өзара әрекеттестік пен қатынасқа баланды. Екіншіден, балалардың басқа балалармен қарым-қатынасы, топ ішіндегі белсенділігі «бала – бала» жүйесіндегі қарым-қатынасы ерекшелігін ашуға тиіс болды.

      Біз ойын түрлерін диагностикалық материал ретінде жинақтап, қолдауда экспериментік  жұмыстың төмендегідей міндеттерін шешуді ойластырдық:

  1. Оқушылардың қарым-қатынасты қажетсінуін;
  2. Қарым-қатынастағы таңдамалылық феноменін;
  3. Оқушылардың коммуникативті мотивтерін;
  4. Қарым-қатынас тәсілдерін;
  5. Қарым-қатынас құралдарының түрлері мен тиімді қолданылуын.

Информация о работе Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынас психологиялық тренингін ұйымдастырудың ерекшеліктері