Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынас психологиялық тренингін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 20:20, дипломная работа

Описание

Өзектілігі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманнында ағарту саласының мектеп жасына дейінгі жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру барысында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басына дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадаға даму аймағына бағыттау. Ал балалар тәрбиесіне, бастауыш сынып оқушыларының кездің ықпалы аса зор екені белгілі.
Мектеп жасындағы балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал балардың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік – балалардың қарым-қатынас саласы.

Содержание

Кіріспе .........................................................................................................................3
I – Тарау Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудің теориялық мәселелері
I.1 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасының
психологиялық негіздері ...........................................................................................6
I.2 Әлеуметтік – психологиялық тренингтің түрлері,
оны қолдану ерекшеліктері......................................................................................11
I.3 Қазақтың ұлттық ойындарының, әдептілік және мәдени
құндылықтарының оқушылар қарым-қатынасын
дамытудағы ролі .......................................................................................................16
II – Тарау Бастауыш класс оқушыларының ұйымдастырылған қарым-қатынас тренингінің нәтижелері
II.1 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасын зерттеу
әдістері мен ұйымдастыру барысы .........................................................................26
II.2 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын
зерттеу нәтижелері ...................................................................................................32
Қорытынды ............................................................................................................42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................46

Работа состоит из  1 файл

Тренинг дип. Жандос.doc

— 424.50 Кб (Скачать документ)

          1.  Қарым-қатынас қажеттілігін зерттеу.   Мұндай қарым-қатынасты қажетсінуді зерттеудің диогностикалық әдістемелері ретінде «Бір қазан сүт», «Үй артында қол ағаш», «Қалай айтуды білемін» атты қазақтың ұлттық ойындары алынды.  Бұл эксперименттік жұмыс даралай емес, топтық формада ұйымдастырылды.

      Экспериментатор тікелей ойынға қатынасып жүрді. Себебі, жинақталынып, іріктелінген ұлттық ойындардың вербалдық құрамы жоғары өлең-жыр элементтері бар да, қазіргі кезде балаларға бұл ойын түрлері беймәлім болғандақтан, ересек адамның (экспериментатордың) өзі ойынды ұйымдастыруы, ойнауға үйретіп, баулуы қажет. Сонымен қатар балалардың  әрекеттерін байқатпай жөндеп, әр уақытта тапсырмалары жайлы бағдар беріліп отырды. Сондықтан біздің зерттеуде ойын барысына орай балалардың қарым-

қатынасын байқап, кестеге салып, тіркеп отыру  үшін жүргізілген жұмыстың барысы қолданылды. Бұл ойындар барысында балалардың: 1) Басқа адамдарға  

28

экспериментаторға, басқа балаларға-зейін қоюы, еліктеу  сәттері, олардың әрекеттері мен  сөздерін өзімен-өзі болып, әдейілеп қайталауын;

         2) Басқаларға эмоциялық қатынасын, ойын барысындағы эмоциялық  көрністердің (формалардың) пайда болуын өзгерістерін.

         3) Инициативалық әрекеттері, басқалардың назарын өзіне аударуға бағытталған белсенділіктерін ;

         4)  Өзіне деген басқалардың  қатынасына сезімталдық  танытуы,  өзіндік бағаның, мінез-құлық,  жүріс-тұрыс актлерінің өзгерісін  зерттедік.

         Әрбір критерий 6-7 жастағы балалардың  ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынас қажеттілігінің «жоғары» және «төмен» деңгейде дамығандығын береді.

          Қарым-қатынас қажеттілігі «жоғары» деңгейде дамығандығын төмендегі параметрлер анықтайды:

  1. Оқушы адамдардың өтінішін бірден, толық және ең ақырына дейін    

орындап шығады.

  1. Оқушы басқаның берер мәліметін бар зейінін қойып тыңдайды, тіпті

бөгде   объектілерге мән бермей тыңдайды.

  1. Жасалған ескертулерге қатысты баланың өкпелеу сәттері болмайды.
  2. Берілген мәліметтерді, ойын шартын барынша толық сақтайды.
  3. Ойын шарты бойынша жүзеге асырылатын әрекеттерді неғұрлым жақсы     

орындауға тырысады.

  1. Оқушы басқалармен бірге өзара әрекеттестікте жағымды эмоцияларды

формаларын  көрсетеді.

       7) Оқушылар басқа барлық балалармен қарым-қатынас жасауда сергек, көңілді, белсенді болады.    

       8) Оқушылар басқалардың арасында еркін әрекет жасайды. 

       9) Оқушылар басқалардың назарын өзіне аудару мақсатымен оригиналды,     агрессия мен өкпеге негізделмеген әрекеттер, қылықтар жасайды.

       10) Оқушылар лидерлік –жетекшілік, ұйымдастырушылық қасиеттерін әдейілеп баса көрсетеді.

      11) Мақтау, мадақтау формаларының  негізінде оқушылардың белсенділігі артады.

      12) Оқушылар басқалардың назарына іліккен сөздер мен әрекеттерді қайталайды.

      13) Оқушылар вербалды еместен гөрі, диалогтік –тілдік  қарым-қатынас жасайды.

     14) Оқушылар мақтанғанда ерекше позада болып, әдеттегіден мүлде бөлек жеңісті білдіретін дыбыс шығарады.

      Оқушыларды байқап, бақылау схемасы бойынша қарым-қатынас қажеттілігінің «жоғарғы» деңгейіне тән сипаттар «төменгіден» басым болса, балалардың коммуникативті іс-әрекетте белсенді болатынын көрсетеді.

            Ал балаларға қарым-қатынас қажеттілігінің «жоғарғы» және «төменгі» деңгейлерінің сипаттары тең дәрежеде байқалса, коммуникативті іс-әрекетке балалардың әр кезде даяр бола бермейтінділігін көрсетеді. Балаларға «төменгі»

29

деңгейдегі  қарым-қатынас қажеттілігі тән  болса, оның коммуникативтік іс-әрекетке енжар болатындығы белгілі. Егер 1 мен 7 аралығындағы сипаттар 8 бен 14 аралығындағы сипаттардан басым болса оқушылар қарым-қатынасты басқаларды бағалай білу үшін, ал керісінше болғанда өз өзін білу, бағалау үшін қажетсіну болатындығы шығады. Сонымен қатар 8-14 сипаттар басым болғанда 6-7 жастағы оқушылардың қарым-қатынас қажеттілігіне тән ерекшелік көрінді. Ол оқушылардың өзін басқалардың түсінуін, өзімен бірге сезімдік күй кешуін (эмпатия), жанашырлық танытуын қажетсінуінен қарым-қатынас жасайтынын білдіреді (М.И.Лисина /10/).

  1. Қарым-қатынастағы таңдамалылық.

       6-7 жастағы оқушылардың қарым-қатынасында таңдамалылық ойын бары-сында айқын көрінеді (Х.Т.Шерьязданова/9/). 6-7 жастағы оқушылардың қарым-қатынастағы таңдамалылығы ересек адамға бауыр басу (С.В.Корницская /41/ мен басқа балалармен достасуынан көрінеді (Р.А.Смирнова /42/). Айтылғандар негізінде балалардың қарым-қатынастағы таңдамалығын анықтауға болады.

     Біздің  зерттеу «бала-бала» жүйесіндегі таңдамалылық феноменін айқындауға бағытталды.

     Диогностикалық  әдіс ретінде ежелден қазақ балалары ойнайтын «Белбеу тастау», «Қаламақ», «Сақина салмақ», «Егіз», «Мысық пен тышқан» ойындары алынды.

     Ойындар оқушылар тобымен ұйымдастырылды. Әрбір ойын 3-5 күннен кейін қайталанып, жеке топтарда 6 реттен ұйымдастырылды.

     Ойындар барысында әрбір оқушыға дара хаттама толтырылды. Оқушылардың қарым-қатынастағы таңдамалылығы шартты түрде тағайындалды. Хаттамаға негіз болатын байқауға, бақылауға арналған зерттеулерде Т.А.Репина /43/ әдістемесіне (қосымша А) арқау ете отырып былайша құрамыз:

          1. Әрбір оқушының жеке ойын барысында басқалардың әрқайсысымен              байланысы (контактісі) саналады.

      2. Әрбір оқушының жасаған байланыстарының жалпы қосындысы есептеп шығарылады.

     3. Әрбір оқушы үшін қарым-қатынастағы таңдамалылық шекарасы есептелінеді: мұндағы қарым-қатынастағы таңдамалылық шекарасы, m-байланыстардың жалпы саны, N-топтағы балалар саны.

     4. Оқушының қарым-қатынастағы таңдамалылық шекарасының мәні (p) әрбір оқушымен жасаған байланыстар санымен (m) салыстырылады. Егер болса, оқушының қарым-қатынастағы таңдамалы сипатын береді.

     3.Коммуникативтілік  мотивтерін зерттеу. Мұнда диагностиканың негізінен әдістеме алынды. Эксперименталды жұмыс мазмұны екі түрлі жағдайдағы оқушының инициативалық және белсенділік әрекеттерін анықтап,

қарым-қатынастағы  танымдық және жеке бастық мотивтерінің ара қатысын зерттеуге негізделеді. 

     30

     Бірінші жағдайда оқушылармен «Бес тас», «Үй тігу» ойындары ұйымдастырылды. Мұнда оқушы ойыншық заттар және басқалармен (экспериментаторлар және балалар тобы) өзара әрекеттестік жасауына мүмкіндік берілді. Ұсынылған ойын түрлерінде әрбір оқушыға ересек адамның немесе басқа балалардың бірлескен әрекеттестігі үшін өзара жәрдем беру қажеттілігі пайда болды. Бұл жағдай арқылы оқушының қарым-қатынастағы танымдық және іскерлік мотивтері зерттелді

     Екінші  жағдай оқушының ересектермен және басқа балалармен әңгімелесуіне негізделген. Бұл жағдай оқушының қарым-қатынаста басқаларды білуге, түсінуге бағытталуын анықтайды. Ол үшін «егер мен...», «егер сен...», «бес саусақ неге бірдей емес» метафорасы және мақал-мәтелдер қолданылды. Мұндағы жағдай таза вербалды, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға негізделген, және де әрбір оқушының қарым-қатынас жасаудағы жеке бас мотивтерінің дамуы анықталды.

     Әрбір жағдайдың ұзындығы 30 минут. Байқау, бақылау хаттамасына әрбір оқушының экспериментатордан және басқа балалардан сұрақ сұрауының саны тіркеліп, жалпыланды.

     4. Қарым-қатынас тәсілдері мен құралдарының қолданылуын зерттеу.

     Қарым-қатынас  тәсілдерінің бастысы – коммуникативті біліктілік. Сонымен қатар, коммуникативтік біліктілік құрамына қарым-қатынас құралдарын тиімді қолдану да кіреді. Сондықтан осы екі мәселені біріктіру арқылы баланың коммуникативтік біліктілігін зерттейміз. Осы мақсатпен «Ертегі айтамын...» және «Тымпи-тымпи» ойындары ұйымдастырылды. Бұл диагностикалық мәні бар ойындар негізінде оқушылардың мынадай коммуникативтік біліктері бағаланды.

     1) Оқушылардың қарым-қатынас кезінде басқаларды қызықтыратындай мәлімет беріп, оларды қолдай алуы.

     2) Оқушылардың қызығушылықпен тыңдай алуы және танымдық сипатта сұрақ беруі.

     3) Оқушылардың өз білгендерін қызықтыра, бар ниетпен басқалармен бөлісуге даярлығы және өз мәліметтеріне қызықтыра білуі.

     4) Оқушылардың басқалардың әрекетін қолдап, қоштайтындай вербалды және вербалды емес біліктерінің болуы.

     5) Оқушылардың елгезектік таныта алуы.

     6) Оқушылардың эмоционалдық жай-күйін байқап, көріп, бөлісе білуі

     7) Басқа оқушыларды қайраттандырып, жігерлендіріп, қолдай алуы және қарым-қатынасқа еліте алуы.

     8) Оқушылардың мәліметтерді толық жеткізе білуі.

     9) Оқушылардың  мәліметтерді бөлшектеп жеткізе алуы.

     Әрбір біліктілік 5 баллдық жүйемен бағаланады. Мұнда 5-өте жоғары, 4-жоғары, 3-орташа, 2-орташадан төмен, 1-төмен, 0-мүлде қалыптаспаған балалардың коммуникативтілік біліктерін сипаттайды. 

     31

     Эксперимент нәтижесінің объектілігін қамтамасыз ету мақсатымен біліктілер екі жақты: экспериментатор және педагогтар тәрбиеші тарапынан бағаланып отырды.

     Оқушылардың қарым-қатынасын зерттеуде статистикалық әдістер де қолданылды.

     1. Басты тенденциялардың өлшемі ретінде арифметикалық орташа шамасы есептелінді.

     2. Эксперимент жүргізушінің бағалауымен эксперттік бағалауды салыстырып, алынған шамалардың мәнділігі статистикалық критерийдің бірі – белгілер сериялық критериймен есептеп шығарылды.

     3. Эксперимент бойынша жасалған болжамдарды тексеруде Фишер /46/ критериі қолданылды.

     Келесі  тармақта бастауыш мектеп оқушыларының, яғни 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасты қажетсінуін қарастырамыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                                                             
 
 
 
 

32

II.2  Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын

зерттеу нәтижелері 

     Бастауыш  класс оқушыларының коммуникативтік іс-әрекетінің ерекшеліктері ең алдымен қарым-қатынас қажеттілігі арқылы белгілі болатындықтан, біз 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасты қажетсінуін қарастыралық. 6-7 жастағы балалардың ойын барысындағы қарым-қатынас қажеттілігінің ерекшелігі 1 кестеде көрсетілген. Қарым-қатынас қажеттілігінің қалыптасу деңгейін анықтайтын параметрлер 2.1 тармағында берілген.

         

      1кесте

          

     Оқушылардың қарым-қатынас қажеттілігінің қалыптасуы

     (жалпы  балалар санына %-тік қатынас бойынша) 

Қарым-қатынас  қажеттілігін анықтайтын параметрлер Экспериментке дейін уақыттағы эксперттік бағаның  %-тік көрсеткіші Эксперименттен  кейінгі жағдайы бойынша %-тік көрсеткіш Оқушылардың қарым-қатынас қажеттілігінің қалыптасуының өзгеруі
1 8,8 57 6,5
2 11,4 41,3 3,6
3 17,5 45,6 2,7
4 14,3 51 3,5
5 12,1 50,4 4,1
6 16 42,7 2,6
7 13,6 49,3 3,6
8 17,6 44,5 2,5
9 11 51,4 4,6
10 5,1 36,6 7,1
11 50,7 50 1
12 33 50,3 1,5
13 60 67,4 1,2
14 29 63,8 2,2

Информация о работе Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынас психологиялық тренингін ұйымдастырудың ерекшеліктері